Абдрахманова
Г.З.
Қарағанды облысы білім
басқармасының «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға
арналңан балалар үйі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қайнар» жасөспірімдер үйі
Жасөспірімдер үйінің
тәрбиеленушілерін болашақ өмірге тәрбиелеу
«Адамға көбінесе
үш алуан мінез жұғады:
Біріншісі – ата-анадан, екіншісі
– ұстазынан,
үшіншісі -
құрбысынан» деген екен.
Ұлы ақын Абай.
Ел Президентiнiң
«Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «...бiздiң жас
мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен
немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын
жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты
өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн
сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика
жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...»,- дейді [1].
Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін
әр уақытта өзекті болып келген. Өскелең
ұрпақты тәрбиелеу міндетін мемлекеттің
ұлттық қауіпсіздігін, сондай-ақ бүкіл
әлемнің де қауіпсізідігін қамтамасыз етудегі
маңызды істердің бірі ретінде ұғыну қажет.
Әлеуметтік жетімдік елеулі проблема болып
отырғандықтан оны шешу мемлекеттік деңгейде
қарастырылады. 2007 жылы желтоқсан айында қабылданған
«Қазақстан балалары» бағдарламасы балаларды мемлекеттік
қолдаудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру мен жетім
балалар мен ата аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға өмір-тіршіліктің оңтайлы
ортасын жасау бойынша шаралар өткізуді көздейді. Жетім балалалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларда
аса маңызды әлеуметтік құрылым – отбасының
ықпалы жетіспейді. Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі –
уақытша болатын жер, оқу аяқталғаннан соң балалар
өздігінен өмір сүру үшін ашық әлеуметтік
ортаға шығарылады. Тәрбиеленушілердің өмір жолдарының
ойдағыдай болуы оларды балалар үйінің дербес өмірге
қаншалықты дайындағанына байланысты. Жеткілікті өмірлік
тәжірибесі жоқ, әдеттегі қамқорлық пен
өмір салтынан айырылған бұрынғы тәрбиеленушілер
дербес өмірге кірісуге дайын емес болып шығады.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде
балаларды күтудің, қадағалаудың,
бағудың, тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың
ортақ міндеттері бар. Балалар үйі балаға отбасын қандай
да бір мөлшерде алмастыруды көздейтін мемлекеттік әлеуметтік
құрылым болып табылады. Отбасын алмастыратын әлеуметтік
құрылым ретіндегі балалар үйі орындауы тиіс қызметтерді
анықтау үшін отбасы орындайтын қызметтерді
қарастырайық.
Социолог А.Г. Харчев [2] отбасының мынадай әлеуметтік
қызметтерін бөліп көрсетеді:
• қалпына келтірушілік – жеке
тұлғалық тұрғыда балалардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру, биологиялық
қалпына келтіру;
• тәрбиелік – жас
ұрпақты тәрбиелеп, әлеуметтендіру;
• шаруашылық-тұрмыстық
– қоғам мүшелерінің тән саулығын
қолдау, отбасындағы балалар мен қартаң мүшелерді
күту;
• экономикалық-кәмелет
жасына толмағандар мен отбасының еңбекке қабілетсіз
мүшелеріне қаржылық қолдау жасау;
• бастапқы әлеуметтік
бақылау – өмірлік қызметтің әр түрлі
салаларында отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын
моральдық жағынан реттеу, сондай-ақ жұбайлардың,
ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастағы
жауапкершіліктер мен міндеттемелерді реттеу;
• рухани қарым-қатынас –
отбасы мүшелері жеке тұлғаларының дамуы, рухани
жағынан өзара байытылу;
• әлеуметтік-мәртебелік
– отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе беру;
қоғамның әлеуметтік құрылымын
қабылдау;
• бос уақыттық – бос
уақытты ұтымды ұйымдастыру,
қызығушылықтардың өзара байытылуы;
• эмоциялық-психологиялық
қорғанысқа, эмоциялық қолдауға ие болу.
Егер отбасының бұл функцияларын балалар үйіне түсіретін
болсақ, онда балалар үйі баланың әлеуметтік
өмірге араласуының аса маңызды функциясын орындауы тиіс.
Бұл функцияның басымдығына балалар үйінде
тәрбиеленетін жетім балаларда аса маңызды әлеуметтік
құрылым – отбасының ықпалы жоқтығы
жағдай жасайды. Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі
уақытша болатын жер, оқу аяқталған соң балалар
өздігінен өмір сүру үшін ашық әлеуметтік
ортаға шығарылады. Балалар үйінің
тәрбиеленушілерді бұл дербес өмірге қаншалықты
дайындағаны олардың одан кейінгі өмір жолдарының
ойдағыдай болуына жағдай жасайды.
Оқыту мен тәрбие мәселелері өзара
тығыз байланысты, себебі екеуі де адамға тұтастай
бағытталған. Іс жүзінде адам дамуына – оның
эмоцияларына, еркіне, мінез-құлқына, мотивациясына,
құндылықты бағдарлары мен ақыл-ойына -
тәрбиелік әсерлердің үзілді-кесілді ықпал ету
сфераларын бөліп көрсету қиынға соғады. Кезінде
Платон былай деген: «...оқытуда ең маңыздысы ретінде
тәрбиелеуді мойындаймыз». Алайда, оқыту мен тәрбиелеу үдерістерін
ғылыми тұрғыдан түсіну мен ұйымдастырудың
өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан біздің тараптан осы үдерістерді
бөлектеу олардың мәнін ашып түсіндіру мақсатында
жасалып отыр.
Тәрбиенің
мәні тәрбиешінің тәрбиеленушіге: «адам
немен және қалай адам болуы мүмкін және қажет»
(К. Д. Ушинский) деген пиғылмен әсер етуінде жатыр. Яғни тәрбие
адамды немесе адамдар тобын түрлендіруге бағытталған
іс-әрекеттердің біріне жатады. Бұл
тәрбиеленушінің психикалық (психологиялық) ахуалына,
дүниетанымы мен санасына, білімі мен қайраткерлік тәсіліне,
тұлғасына және құндылықты бағдарларын
өзгертуге бағытталған
іс-жүзінде түрлендіргіш іс-әрекет болып табылады.
Тәрбиелеу өзінің спецификасын тәрбиелеушінің
тәрбиеленушіге қатысты алғанда белгілеген мақсаттары
мен ұстанымдарынан табады [3]. Сонымен қатар тәрбиелеуші
тәрбиеленушінің табиғи, генетикалық,
психологиялық және әлеуметтік мәндерінің
тұтастығын, сондай-ақ жасы мен өмір сүру жағдайын
ескереді. Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
– əлеуметтік мағынада – бұл аға буын
жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне
өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму
барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға
белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері,
құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар; –
педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал
жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет,
тұлға қалыптастыруға бағытталған
мақсатты үдерісс. Тəрбие қоғамдық
талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам
құқықтық демократиялық мемлекет
құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік,
азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары
рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық
құндылықтар қалыптастырудың
маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның
кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал
жасайтынын естен шығармаған жөн.
Сонымен, тəрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру
барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты
əрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған
тəрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға
қалыптастыру болған əлеуметтік үдерісс.
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі:
1.
Даналардан
шыққан сөз: Нақылдар жинағы. /Жинап,
құраст., ауд. Ұ.Асылов. – Алматы: Мектеп, 2007. - 383 б.
2.
Харчев А.Г. Воспитание и жизнедеятельность
личность. – М.: Наука, 2005.
3.
Құрсабаев М. Қ. Тәуелсіз
Қазақстандағы балалар ұйымдарының тарихы
һәм ұлттық тәрбие: Ғылыми-әдістемелік
құрал. – Көкшетау, 2006. - 77 б.