ҚР
ІІМ Б.Бейсенов атындағы
Қарағанды академиясы
Тілдік
дайындық кафедрасының
оқытушысы,
ф.ғ.к.,
полиция аға лейтенанты
Ф.М. Ашимханова
Еліміз
егемендікке ие болып, өркениетті құқықтық
мемлекет құруға шындап бет бұрған қазіргі таңда
әрбір азаматтың құқықтық
мәдениеті жоғары деңгейде болуы шарт.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің
сөздерін мәнді етіп
көпшілік алдында көлденең тарту үшін олар іс
материалдарын жан-жақты талдап, тексеріп қана қоймай,
заң кодекстерін ғана емес, сондай-ақ психологияны,
педагогиканы, этика мен логиканы жетік білетін жоғары білікті
мәдениетті адам болулары керек.
Соттағы айтылар сөздер
қазақстандық азаматтар үшін тәрбиелік мәні
бар конституциялық принциптерді сақтауда үлкен орын алады. Құқық
қорғау органы қызметкерінің сөздерін талдау үстінде
сөйлеу сапасына әсер ететін мына жайттарды анықтадық:
шешеннің биіктен көсем ойлылығы, жалпы эрудициясы мен
кәсіби шеберлігі; алқалы топ алдында ұтымды сөйлей алу
қасиеті; сөйлеуге алдын ала тыңғылықты
дайындықпен келуі тиіс.
Көпшілік алдында
сөз сөйлеуге дайындалу шешендік өнердегі маңызды да
жауапты кезең. Д. Карнеги: «Сөйлейтін сөзін алдын ала
дайындамай, көп адам түзелмес қате жібереді»,- дейді. Сондықтан
да, көпшілік алдында сөйлеудің алдыңғы
алғашқы шарттарын есте сақтап алған дұрыс
«Көпшіліқ
алдындағы сөздің басқалармен байланыс орнату,
тындаушының назарын аудару, сыпайылық таныту,
тыңдаушының көңілін аулау, т. б. тәрізді
функциялары бар». Ендеше, қазіргі сот шешендігіне қатысты тілге басты
мәселе — заңгерлердің сот процесінде болсын немесе
көпшілік алдында болсын сөйлер сөздің
түрлі-түрлі ерекшеліктері, сөз мәтіндерін
құру ережелері. Сөйлеу мәтіні бойынша жұмысты
немесе сөйлеуге дайындық процесін риторика ғылымында бірнеше
кезеңге бөліп қарау бар:
-
бірінші кезең — бұл,
ең басты тақырып пен оның мақсатын анықтап алу,
-
екінші кезеңге —аудитория ерекшеліктерін ескеру,
-
үшінші — ой
жүйелілігі үшін мәтінге жоспар құру және
дәйектемелік, теориялық материалдармен қарулану,
-
төртінші — мәтіннің
толық үлгісін жазып шығу,
-
бесінші — мәтінді
дауыстап оқу, немесе оқу
өнерін меңгеру,
алтыншы —алдын
ала қоятын сұрақтарға дайындалу оған жауаптарды
дайындап қою,
-
жетінші —бәсекелік пікірталасын
ұйымдастыра алу, сөйлеп болғаннан соң, мәтінге
толыққанды талдау жасау кезеңдері жатады.
Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындықтың классикалық үлгісіне
жататын бұл кезеңдердің көздеген мақсаттарды
анықтау.Көпшілік алдында сөз сөйлеугедайындық кезеңдері:
- 1) Сөйлеу тақырыбы. Сот процесінде тақырып
жасалған қылмыс материалдары, ҚР ҚК, ҚІЖК, АІЖК,
ӘҚБТК баптары негізінде айқындалады. Мұны
жоғарыда сөз еттік. Ал көпшілік алдында сөйленер
сөздің мәтінін жазудың негізгі арқауы ой
қай мәселенің төңірегінде
құрылатынымен тікелей байланысты. Дәлірек айтқанда,
бірінші кезекте күн тәртібінде тұрған көкейкесті
мәселені таңдап алу мәселесі тұрады. Оны сөйлеушінің
өзі белгілейді. Мұндағы қойылатын бірден-бір талап —
тақырып сотқа қатысушы тараптар, яғңи тындарман
қауым жете түсінетіндей ҚК-нің баптарына сүйенген
қарапайым, ұғынықты болумен бірге, көптің
ықылас, ынта, зейінін өзіне аударып, елітіп алып кететіндей
ерекшеленуі тиіс. Яғни сөйленер сөздің идеясын,
проблемасын, қылмыстық істің мазмұнын терең
түсініп алу керек.
Әдетте сөйлеу
тақырыбы алдында тындаушыға белгілі бір өзекті мәселеден
мағлұмат беріп, ой-санасына түрткі салу, руахни байытып,
таным-түсінігін кеңейту, тереңдету сипатты келесі
мақсаттар қойылады. Мәселен, сот ісінде белгілі бір
адамның іс-әрекетін заң аясында ақтап шығу, т. б.
с. с.
Сөйлеу
тақырыбының көтерер мәселесі, мақсатына
сәйкес сөйленер сөздің көлемі де
әртүрлі болады.
- 2) Тыңдармандар
құрамын таңдау — сот процесіндегі сөз
сөйлеуге дайындықтың келесі кезеңі. Айыптаушы да, қорғаушы
да сот процесіне қатысушы тұлғалармен, тындарман
көпшілікпен, ал зангер-шешен аудиториямен тікелей байланысты
болғандықтан тындаушылардың әлеуметтік
құрамын алдымен біліп алудың еш артықтығы
жоқ. Шешендік өнердің бір шарты — сөйлеушінің тыңдармандар
туралы алдын ала жан-жақты мағлұматтар жинап, хабардар болуын
талап етеді: олардың жас ерекшеліктерін, қызметін, біліктілік
деңгейін, білім саласын, біртектілігін, әртектілігін, сөз
болатын мәселеге олардың алыс-жақын
қарастырылған, наным-сенімін есепке алмай болмайды. Тіпті сөз
сөйлеудің өтетін жерін де, онда трибунаның,
микрофонның бар екендігі, мезгіл-уақыты, кімнен кейін шығып
сөйлейтінін қадағалап отырмай болмайды. Бұлардың
бәрі-бәрі шешеннің назарынан тыс қалмауға тиіс.
3) Жоспар құру.
Дәлелдемелік, дәйектемелік, теориялық материалдармен
жұмыс. Айыптаушы мен
қорғаушының сөздері, үлкенді-кішілі жазу
жұмысының қандайы да жоспарсыз жазылмайтыны анық. Кейде
алдын ала күні бұрын құрылған жұмыс жоспары
дәйектемелік-дәлелдемелік материалдардың жинақталу
ыңғайына қарай әуелгі қалпынан мүлдем
танымастай өзгеріп кетуі де әбден ықтимал. Бір анығы
сотқа қатысушы қауымның ақиқатка
көзін жеткізу үшін, оларды иландыру, сендіру, мойындату
мақсатындағы сот процесі барысында қорғап не айыптай
сөйлеу көптеген дәлелдемелік дерек-айғақтар
келтіруді қажет етсе, ал мерейтойда, дастарқан басында
сөйленер сөздің табиғаты мүлдем басқаша,
онда эмоциялық көңіл-күй реңктерін білдіретін
сөздер басым келеді, той иесінің жеке басына, мереке күніне
қатысты жайттар қана мысал ретінде пайдаланылады.
- 4. Сөз мәтінінің
толық нұсқасын жазу қажеттігі. Сөйленер сөз
мәтінін толық жазу керек пе деген мәселе туындауы да
мүмкін. Кейбір шешендер мәтінді толық жазғанды
үзілді-кесілді жақтайды. Мәтінді толық жазбай,
конспектілемей, жүйелі жоспар жазумен шектелу, шын мәнінде, ілуде
бір майталман шешендердің ғана талайына біткен өнер.
Мәселен, көп алдына жиі-жиі шығып, сөйлеуге тура
келгендіктен А. В. Луначарский өзіне ғана түсінікті майда
жазумен қойын дәптеріне қажетті ой өзегін түртіп алып,
сол жүйе бойынша сөйлеуге ысылып, дағдыланып үйренген.
Бұлай сөйлеу әрине, шешеннің тәжірибелілігі мен
біліктілігіне байланысты.
- 5. Сөйлеп жаттығу
кезеңі. Сөйленер
сөздің мәтінін толық немесе қысқаша
тезистік түрде жазып шыққаннан кейін, оның қанша
уақыт алатынын білу қажеттілігін сөйлеу нормасына
сәйкес мәтінді алдын ала оқып шыққан абзал. Оқудың
екі түрі бар сыртқы
монологты(дауыстап оқу) және ішкі
монологты (іштен оқу).
Жазба жұмысты көз жүгіртіп іштен оқумен
дауыстап, нақышына келтіріп оқып, жаттығудың
нәтижелі тыңдаушыға ықпалы мен әсері бірдей
болмайды. Дауыстап мәнерімен оқығанда жазылғанның
мазмұны мен идеясы, көркемдік ерекшеліктері, қажетті дауыс кідірісі
мен интонациясы, тиісті ырғақ, дауыс күші мен
созылыңқылығы, дауыс әуені мен жылдамдығы
арқылы ажарлана, көріктене түссе, сәтіне қарай
иінді жерде шешеннің қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы,
яғни өзін-өзі ұстауы да сөзді нақтылата,
шынайылата түседі. Шешеннің мәнерлеп оқуы немесе айтып
түсіндіруі оның дауыс ырғағымен тікелей байланысты,
өйткені дауыс ырғағының сан түрлі
құбылысы адам көңілінің айнасы, соның
тікелей көрінісі. Кейде сөзбен жеткізе алмаған ойды
дауыстың сан түрлі құбылыстары арқылы
түсіндіру әлдеқайда жеңіл болып тұрады.
Керісінше, мазмұнды көркем жазылған мәтін тиісті дауыс
ырғағымен айтылмаса, немесе оқылмаса, өзінің
құнын жоғалтып, алтын пікір мысқа айналады.
Мазмұнға лайықты дауыс ырғағымен
оқығанда мәтінге жан біткендей болады. Демек, сөйлеген
сөздің де, оқылатын мәтіннің де әсерлі
құлаққа жағымды, көңілге
қонымды болуы — оның өз мәнерімен оқылуына,
айтылуына байланысты.
Көпшілік алдында шебер сөйлей білу – тынымсыз, толассыз
жаттығудан, жалықпай еңбектенуден, ізгілік пен кісіліктен, сыршылдық
пен ойшылдықтан туады. Ал сөз сөйлеуге дайындық -
күрделі шығармашылық процесс, әр дайындық
шеберлігіңді шыңдай түседі.
Сотта
жақсы сөйлеу дегеніміз – істің түбегейлі түбірін
тереңдеу танып білу, көзді жеткізіп сөйлеу
құқық нормаларына сүйену, әдеби тілмен
сөйлеу деген сөз соттағы шешеннің сөзі
қазыны да, қараушыны да, халықты да өзіне қаратып
сендіре алса, көздеген мақсатқа жеткенін айтамыз. Ал,
аудиторияны меңгеріні сөздің жетуіне байланысты екені
анық.
Әдебиеттер
тізімі:
1. С. Негимов. Шешендік
өнер. Алматы ,1997, 21б.
2. Халықов
Қ.Х.,Серімов Е.Е Сот шешендігі. Оқу құралы.
Қарағанды Болашақ - Баспа 2006, 82 б.
3. Сыздық
Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары. // Р.Сыздық //
Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001. – 230 б
4. Кунапьянова
А.Д., Аубакирова Л.Р. Тіл мәдениетінің өлшемдері және
оған қойылатын талаптар.//«С.Аманжолов оқулары – 2004»:
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.
– Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004. – 464 б.