ҚҰЛЖАЕВА РАЙКҮЛ АХМЕТХАНҚЫЗЫ

№ 30 ОРТА МЕКТЕБІ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ, ҚАЗАҚСТАН

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

 

Қазіргі  заман ағымына қарай ғылымының дамуы, әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктер жас жеткіншектің салауатты, саналы, білікті, білімді болуын талап етеді.

Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасаты, өресі биік, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеудегі басты тұлға – мұғалім. Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ болып қалыптасқан.

Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал,  дидактикалық мақсат – мұғалімнің алға қойған жоспарын көрсетеді. Қазіргі оқыту технологияларының негізгі мақсаты  - оқушының білімін, біліктілігін және дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуы болып табылады.

Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне  тән. Адамның ақыл – ой мәдениетін қалыптастыра отырып, дамыту осы жеке тұлғаны дамытудың ең негізгісі болып табылады.

Әр мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту. Бұл міндеттерді жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты деп ойлаймын. Егер сабақ қызықты, тартымды болса, оқушы да  қызыға қатысып, терең және берік білім алады. Мен осы мақалада өзімнің тәжірбиемде қолданып жүрген  М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша құрылған сабақтарымның бір модулін ұсынып отырмын.    Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының білім алу арқылы дамуы қолдау болып отыр. Мұнда оқу материалын ірі блокпен беріп, сөйлесу бөлімінде теориялық материал тиянақты практика арқылы оқушы санасына бекітіледі.  Модульдің сөйлесу бөлімінде ұйымдастырылған сабақтарда әр оқушы өзінің  немен шұғылдануы тиіс, сабақ үстінде не істеу керек екенін біледі.

Төменде 7  - сынып «Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері» тақырыбы  бойынша модуль берілген. Бұл тақырыпқа бағдарлама бойынша төрт сағат бөлінген. Модуль бойынша дайындалған сабақ әзірлемелері толық берілген.

Тақырып: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Мақсаты:

1.                            Оқушыларды дәреже, дәреженің  негізі мен дәреже көрсеткіші ұғымымен таныстыру, жазу үлгісін қөрсетіп,  оқуға үйрету.

2.                            Оқушылардың есте сақтау, ойлану, өз бетінше қорытынды жасау қасиеттерін дамыту.

3.                            Еңбектенуге, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сағат саны: 4 сағат.

Модуль құрылысы:

Модуль құрылымы

Сабақ реті

Сабақ мазмұны, түрі

Уақыт

Күні

Кіріспе бөлімі

І - сабақ

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Модуль құрылымымен таныстыру

3. Мақстаттары мен міндеттерін анықтау

4. Дәріс арқылы жаңа сабақ оқыту

2 мин

 

5 мин

38 мин

 

Сөйлесу бөлімі

ІІ-сабақ

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Модуль құрылымына оралу

3. Мақстаттары мен міндеттерін анықтау

4. «Қарлы кесек» ойыны

2  мин

 

5 мин

38 мин

 

ІІІ - сабақ

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Модуль құрылымына оралу

3. Мақстаттары мен міндеттерін анықтау

4. Жеке – топтық жұмыс (деңгейлік тапсырмалар орындау

2  мин

 

5 мин

38 мин

 

Қорытынды бөлімі

ІV - сабақ

«Брейн – ринг» ойыны

       45 мин

 

 

Оқу бағдарламасы бойынша оқушының біліміне қойылатын талаптар:

1. Дәреженің анықтамасын білу керек;

2. Дәреже негізі мен көрсеткішін ажырата білу керек;

3. Теріс санның жұп және тақ көрсеткішті дәрежесінің таңбасын анықтай білу керек;

4. Дәрежеге шығару амалын білу керек;

5. Дәреже қасиеттерін білу керек.

Оқу бағдарламасы бойынша оқушының біліктілігіне қойылатын талаптар:

№ 1 сабақ. Дәріс сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақ оқыту.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ.

Оқу құралдары: кесте, тірек конспект.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу, жоқтарының себептерін анықтау.

2. Оқу модулімен таныстыру.

3. Мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

ІІ. Ой -түрткі кезеңі

(қосу амалын көбейту амалымен алмастыру)

 (- түріндегі амалмен алмастыру)

ІІІ. Дәріс

Жаңа тақырыпты оқыту келесі жоспар бойынша жүргізіледі:

1. «3 санының төрт дәрежесі деп оқылады»

Жалпы түрде:

Анықтама: Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндіні дәреже деп атайды. - өрнегіндегі  (қайталанатын көбейткіш) – дәреженің негізі,  (көбейткіштің неше рет қайталанатынын көрсететін сан) – дәреженің көрсеткіші деп аталады.

2. Дәрежелерді оқы: (интерактивті тақта)    

3. Тұжырымдамалар:

1)

2)

3)  және  натурал сан болса, онда

4) және  жұп сан болса, онда

5)   және  тақ сан болса, онда

4. Дәреженің мәнін табу дәрежеге шығару амалы деп аталады. Мысалы:

5. Кез  келген 10-нан үлкен санды түрінде жазуға болады, мұндағы   және  натурал сан.

6. Дәреженің қасиеттері (интерактивті тақта).

ІV. Үйге: №4, 5 дәрісті оқып келу.

 

№ 2 сабақ. «Қарлы кесек» оқыта үйрену ойыны

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты өз бетімен игеру кезеңі.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Оқу құралдары: топтарға берілген үлестірме тапсырмалар, бағдар парақтар, төсбелгілер.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу, жоқтарының себептерін анықтау.

2. Модуль құрылымына оралу.

3. Мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

4. Оқушыларды топтарға бөліп отырғызу.

ІІ. Жаңа тақырыпты өз бетімен игеру кезеңі

«Қарлы кесек» ойыны жүргізіледі. Сынып 4 топқа бөлінеді. Әр оқушыға отырған тобына сәйкес тапсырма беріледі. Бұл сабақта үлестірменің бірінші тапсырмалары орындалып, бағдар парақтар бойынша ойынның 1,2, 3 турлары жүргізіледі.

А тобының тапсырмасы:

1.Оқулықтағы § 1- дің мәтінін оқып, мына сұрақтарға жауабын дайында:

а) Дәреже деген не?

ә) Дәреже негізі мен көрсеткішін қалай анықтаймыз?

б) Мысал келтір.

2. № 6  есептерді орында.

Б тобының тапсырмасы:

1.Оқулықтағы § 1- дің мәтінін оқып, мына сұрақтарға жауабын дайында:

а) Тұжырымдамаларды айт.

ә) Дәрежеге шығару амалы деген не?

б) Мысал келтір.

2. № 7, 9  есептерді орында.

В тобының тапсырмасы:

1.Оқулықтағы § 1- дің мәтінін оқып, мына сұрақтарға жауабын дайында:

а)  Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту ережесі.

ә)  Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу ережесі.

2. № 10, 14  есептерді орында.

Г тобының тапсырмасы:

1.Оқулықтағы § 1- дің мәтінін оқып, мына сұрақтарға жауабын дайында:

а) Дәрежені дәрежеге шығару ережесі.

ә)  Көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесі.

2. № 15 есепті орында.

ІІІ. Үйге: № 13, 16 есеп, дәрісті оқып келу.

ІV. Бағалау. Бағалау парақ бойынша ең көп ұпай жинаған оқушылар бағаланады.

 

№ 3 сабақ. Жеке топтық жұмыс (деңгейлік тапсырмаларды орындау)

Сабақтың типі: білімді бекіту.

Сабақтың түрі:  жұптық жұмыс.

Оқу құралдары: топтарға берілген үлестірме тапсырмалар, бағдар парақтар, төсбелгілер, жауап үлгісі, интерактивті тақта.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу, жоқтарының себептерін анықтау.

2. Модуль құрылымына оралу.

3. Мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

4. Оқушыларды топтарға бөліп отырғызу.

ІІ. Есептер шығару кезеңі

 Әр оқушының алдына үш деңгейлі тапсырма беріледі. Тапсырма деңгейін таңдау үшін 1 минут уақыт бөлінеді. Уақыт біткен соң 1 – деңгейді таңдаған оқушы 1 – нұсқаға отырады, 2 – деңгейді таңдаған оқушы 2 – нұсқаға отырады, 3 – деңгейді таңдаған оқушы 3 – нұсқаға отырады.

ІІІ. 1- деңгей

1. Дәреже түрінде жаз: а)     ә)

2. Бөліндіні дәреже түрінде жаз: а)   ә)

2- деңгей

Өрнекті түрлендіріңдер: Кестедегі жауаптардың астына оларға сәйкес әріптерді қойсақ, біздің заманға дейінгі 6 ғасырда өмір сүрген ұлы математиктің аты шығады.

а) _________________

ә) ______________________П;

б) _______________Г;

в) _________________ Р;

г) __________________________ И;

д) _________________________Ф;

е) _______________________ А;

 

 

 

 

 

 

 

 

3- деңгей

1. Сандарды салыстырыңдар: а) және ;  ә) және ;  б) және ;  в) және ; 

2. Есептеңдер: а)     ә)

 ІV. Үйге: № 19, 20 есеп, дәрісті оқып келу.

V. Бағалау. Әр үлестірме орындалып болған соң, дайын жауап үлгісі бойынша 1  және 2 деңгейді орындаған оқушылар бір – бірін тексереді. 3  деңгейді орындаған оқушылар жұмысын мұғалім тексереді.

 

№ 4 сабақ. «Брейн – ринг» оқыта үйрену ойыны

Сабақтың типі: білімді тексеру.

Сабақтың түрі:  ойын сабақ.

Оқу құралдары: топтарға берілген үлестірме тапсырмалар, бағдар парақтар, төсбелгілер, жауап үлгісі, сектор.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу, жоқтарының себептерін анықтау.

2. Модуль құрылымына оралу.

3. Мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

4. Оқушыларды топтарға бөліп отырғызу.

ІІ. Ой – түрткі  кезеңі

 Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады

Жауабы: Дәреже

ІІІ.  Ойынға қажетті үлестірмелер

1. Сынып 4 топқа бөлінеді, әр топта 5 оқушыдан болу керек.

2. Ойынға 4 секторға  бөлінген дөңгелек керек.

3. Үлестірмелер әр секторға бірінің үстіне бірі келесі тәртіппен қойылады: ең астында 3 – деңгей, ортада 2 - деңгей,  ең үстінде 1 - деңгей.

Тәртібі: Әр оқушының өз нөмірі болады. 1 - турда кезектесіп өз нөмірі бойынша үлестірмені алып, бірден жауап береу қажет. 2 - турда бәрі бір уақытта үлестірмені алып, уақыт беріледі. Ойында топ басшысы жүргізеді. Топтар бір-біріне тәуелді болмайды.

І. Блиц тур. № 1 Дәреже негізі мен көрсеткішін қалай анықтаймыз.

І. Блиц тур. № 2 Дәреже түрінде жазылуына мысал келтіру.

І. Блиц тур. № 3 Санның стандарт түрін жазып көрсет.

І. Блиц тур. № 4 Дәрежеге шығару амалына мысал келтір.

ІІ. Тур. № 1 Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту ережесі.

ІІ. Тур. № 2 Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу ережесі.

ІІ. Тур. № 3 Дәрежені дәрежеге шығару ережесі. 

ІІ. Тур. № 4 Көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесі.

ІІІ. Тур. № 1 Дәреже түрінде жаз: а)       ә)   

ІІІ. Тур. № 2 Көбейтіндіні дәреже түрінде жаз: а)      ә)

ІІІ. Тур. № 3 Амалды орындаңдар: а)       ә)

ІІІ. Тур. № 4 Ықшамдаңдар:

ІV. Үйге: № 24, 26 есептерді орындау.

            Бұл модульдік технологияның әр бөлімінде оқушының белсенділігі, ойлау икемділігі, есте сақтау қабілеті жүйелі түрде дамиды.