Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
№6 орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің
1 ілгері деңгей мұғалімі
«Lesson Study» әдісін өз тәжірибемде
қолдану
«Мұғалімдерді
деңгейлеп оқыту» бағдарламасы бойынша білім беру
жүйесін жаңғыртуға арналып
жасалған бағдарлама бойынша Көкшетау қаласындағы
№6 орта мектебінде екі жыл ішінде 20 мұғалім курстан өтіп ,біліктілігін арттырып, шеберліктерін
шыңдап келді.Бірінші ілгері
деңгейді-7, екінші негізгі деңгейді -7,үшінші базалық деңгейді
-6 мұғалім аяқтады. Бұл игі бастама білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы аясында жүзеге асуда . Кембридж университетінің
бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан
мұғалімдерді деңгейлеп оқыту шарасының ең
басты ұстанымы-ұстаздар біліктілігін тексеру немесе бағалау
емес,мұғалімдерге қолдау көрсетіп,табысқа жетуіне
жәрдемдесу болып табылады.Біздің мектеп Назарбаев зияткерлік
мектебінің тірек мектебі болғандықтан аталмыш мектептің
ұжымымен тығыз қарым қатынаста жұмыс
жүргізудеміз.Оқу үдерісін ұйымдастыру мен жетістікке
жету үшін тренерлермен қала,облыстық мектептің педагогтарымен белсенді
қарым-қатынас орнатудамыз.
Қазіргі
заман талабы жаңашылдық болғандықтан дәстүрлі
сабаққа деген
көзқарас
өзгеріп, сабақ беру тәсілін жаңа
бағытқа бұра бастадық .Осыған орай бірінші ілгері деңгей курсын
аяқтап келген мұғалімдер коучинг сессия барысында Lesson
Study әдісіне тоқталып,
мұғалімдерді осы
әдістің қыр –сырымен таныстырдық. Ақпан айы бойы
мұғалімдер осы әдіспен қалай жұмыс істеу
керектігін үйренді. Алғашқы
сабағын өткізу үшін белгілі бір сыныпты таңдап алдық.Lesson Study
сыныпты зерттеу нысандарының бірі сондықтан бұл мұғалімдерді
оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы
ынтымақтастық тәсіл болып табылады .
Lesson Study-де ең
бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу»
үдерісі болғандықтан Lesson
Study сабағы тәжірибені
жақсартудың демократиялық жолы болып табылады.
Мұғалім зерттеу барысында жинақтаған
білімімен әріптестерімен кеңінен бөлісе алады.
Lesson Study топтары
сондай-ақ әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді
оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының
аспектілерін модельдейді.
Lesson Study тәсілін іске асыру барысында: Lesson Study тәсілінің бастапқы кезеңінде оны бірлесіп егжей-тегжейлі
жоспарлауды көздейді. Одан соң топтың 3 мүшесі зерттеу
сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері қадағалайды. Зерттеу
сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері
бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты
аралық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін
Lesson Study-дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету
үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке
ала отырып, келесі сабақты қайта жоспарлайды.Топ
зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргізеді.Lesson
Study топтамасынан кейін топ
оқыту тәсілі мен оқу бағдарламаларына енгізілетін
және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келісе отырып
анықтады. Сыныпты таңдап алу кезінде сабақ беретін
мұғалімдердің бәрі сол сыныпта жұмыс істеп,
оқушыларды толық танитыны ескерілді. Белгілі бір тақырып
таңдап алынып, сол проблема аясында зерттеу жүргізу көзделді.
Мысалы; «Топтық жұмыстың белсенділігін қалай арттыруға
болады? » деген тақырып алып,
мұғалімдер өз
сабақтарында осы проблема төңірегінде жұмыс жүргізді.Лессон стади
тәсілі мұғалімдер орыс тілінің мұғалімі, ағылшын
тілінің мұғалімі және қазақ тілі
пәнінің мұғалімі. Коучинг кезінде топтың
мұғалімдері сабақ жоспарымен таныстырылды.Сабақ
жоспарын пән мұғалімі өзі тыңғылықты
жасап әкелгендіктен сабақ жоспарына шамалы өзгеріс енгізілді.Зерттеуге сыныптан жоғары ,орташа, төмен
деңгейдегі оқушылар таңдап алынды.Бақылауға арналған
оқушылардың жетістіктері
мен кемшіліктері сабақ барысында арнайы жасалынған сызба кестелерге толтырып отырылды. Мысалы жоғары деңгейдегі
оқушы сабақта белсенділік көрсетіп отырды.Сабақ
барысында берілген тапсырмаларға тобымен бірге жылдам жауап беріп,
үнемі алда болды. Сабақ барысында пән мұғалімі
сабақтың мақсатына жете білді. Жоспарланған тапсырмалар
орындалды.Әр тапсырмаға
берілген уақыт тиімді пайдаланылды. Оқушылар сабақ кезінде
жақсы көңіл күйде болды.
Мұғалімдердің көп болғандығына
қарамастан оқушылар берілген тапсырманы дұрыс орындап отырды. Пән мұғалімі сабақ
барысында барлық оқушыларды сабаққа
жұмылдыруға тырысып тапсырма бойынша берген сұрақтарына
тиянақты жауап алып
отырды.Лессон стади сабағынан кейін бақылаушы
мұғалімдер мен зерттеуші мұғалімдер бірлесіп,
өткен сабаққа талдау жасалды . Сабақ беруші
мұғалім сабақ талдаған кезде өз ойын ортаға
салып, сабақтың сәтті кезеңдері мен осал тұстарын
ашық айтуға тырысты. Уақытты
тиімді пайдалана ала білді ме,сабақта мақсатына жетті ме
осы сауалдарға жауап алынды. Сабақ беруші
мұғалім мен бақылауға арналған оқушылардан
сабақ соңында кері байланыс ретінде сұхбат алынды..Бұл
сабақтар тізбесін өткізген кезде мұғалімдер бір-бірімен
тығыз қарым-қатынаста болып, тәжірибе алмасты..Әр
түрлі әдіс-тәсілдер үйренді.Тәжірибе
молайды.Кәсіби біліктіліктері артты.Оқушыларға да осы
үлгідегі сабақтар ұнады.