ТӘРБИЕ ҮРДІСІНІҢ ӘДІСТЕРІН ТАҢДАП АЛУ ШАРТТАРЫ
А.А. Мусабекова
«Білім беру жұйесінің басты міндеті -
ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті
жағдайлар жасау» - деп Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңында, білім беру саласының алдына үлкен
міндеттерді жүктейді. Бүгінгі күні
қоғамдағы тәрбие берудің мақсаты әрбір
тұлғаға жан-жақты тәрбие беруді қамтамасыз
етумен шектелмейді. Бұл саладағы бағдар беру туралы ҚР
Заңында көрсетілген, онда әрбір тұлға білімдік
денгейіне сәйкес өз бетінше еңбек жолына түсуі
көзделген. Тәрбие берудегі мақсат нақтылықтан
сырт мейлінше саясаттандырылған ұғымдардан айықтырып,
өмірге жақындатып, тұлғаның прагматикалық
негізде дамуына бағыт бағдар белгіленіп отыр. Педагогикалық
үрдістің мәнін анықтау үшін тәрбие
әдістерінің төмендегідей шарттарын басты категорияға
саналатын негізгілері деп есептесе де болады:
• Тәрбиелеу;
• Білім беру;
• Оқыту;
• Тұлғаны дамыту;
• Педагогикалық үрдіс;
• Педагогикалық заңдылықтар мен
принциптер.
Аталып отырған категориялардың
арасындағы өзара іштесіп жатқан байланыстарды білу мен
ұғыну әдіснамалық мәселеге жатады. Ал
педагогикалық үрдіс деп отырғанымыз педагогикалық
жүйенің талаптары тұрғысынан берілетін білім мен
тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы ересектер мен
балалардың арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру
мен бағдарын белгілеудегі іс-әрекет. Басқаша айтқанда
«педагогикалық үрдістің» мәні - оқу, тәрбие
жұмыстарын жүзеге асырудағы мұғалім мен оқушылардың
бірлескен әрекетінің дамуындағы жол - жосық. Бұл
әрекет сабақта да, сыныптан тыс жұмыстарда тиісті
деңгейде өркендей береді.
Оқу орындарындағы тәрбие ұстаз
бен шәкірттің саналы түрде жүзеге асыратын,
ұйымдастырылатын үрдіс. Тәрбиеленуші шәкірттен алдын
ала жобаланған әлеуметтік, рухани тәжірибелерді,
тәлімдік құндылықтарды менгеріп, оны бойына дарытуы
үшін белсенді түрде ынталанып әрекеттенуі талап етіледі. Ал
іс-әрекеттің жүзеге асуы жөніндегі педагогикалық
теория тұлғаға біржақты емес, жан-жақты
әсер етуді қуаттайды. Осы орайдан келгенде қазіргі
тәрбие теориясы бала тәрбиесінің өркендеп жетілуі
педагогтың жобалаған жоспарының тұлғаға
әсерлі ықпал етерліктей болуы - оның сапалы да саналы болуын
қаматамасыз етеді деп қарайды.
Тәрбие үрдісіне әсерлі ықпал
ететін факторлар өте көп те жан-жақты. Олардың
бастылары мыналар: тұлғаның дамуына алдымен ықпал
ететін отбасы- семья, мектеп, өмір сүріп отырған айналасы,
қоғамдық ұйымдар, көпшілік
бұқаралық ақпарат, өнер,
әлеуметтік-экономикалық жадайлар, маныңдағы жеке
адамдардың тәлімі, т.б.Әрине, тәрбие бір сәттік,
немесе бір күндік, бір жылдық іс емес, тоқтаусыз жүріп
отыратын, ұзаққа созылатын құбылыс болумен
қатар оның тірелетін жері тұлғаның
өзін-өзі тәрбиелеу. Сондай-ақ тәрбиенің
нәтижесі де барлық адамға бірдей емес, уақыт
жағынан қарағанда белгіленген бір мезгілде әсер етеді
деп қарауға келмейді. Айталық, педагогтардың
жүргізген сыныптағы тәрбие жұмыстары
оқушыға бірден әсер етпей, оның мән
-мазмұнын шәкірт мектеп бітіргеннен кейін ойына алып, сондағы
іс-әрекетін, немесе жіберген ағаттығы үшін өкініш
білдіруі мүмкін.
Тәрбие үрдісінің тиімділігі
қандайлық дәрежеде болғандығын айқындау
педагогикалық талдау арқылы жүзеге асырылады. Мұнда
бақылау, әңгімелесу әдістері қолданылады.
Тәрбие үрдісінің тиімділігін айқындау қол жетуге
тиісті нәтиженің қалай болғандығы және ол
қандай іс-әрекет арқылы орындалғанын білуге
мүмкіндік береді. Сондықтан мұндағы іс-әрекетті
шартты түрде екі жүйеге бөліп қарауға тиістіміз.
Бірінші, қол жеткен нәтиже
қойылған мақсатпен неғұрлым үйлесімді
болса, соғұрлым тиімді болды деп саналады. Мұнда
оқушының тәрбие-тәлімі денгейінің
нәтижесіндегі басты көрсеткіш -мінез-құлқы,
саналылығы. Оның басты сипаты ұжым мен жеке адамдардың
қарым-қатынасында, әлеуметтік белсенділігінде, адамгершілік-имандылық
түсінігінде, эстетикалық танымында, білім мен біліктілігі
іс-әрекет барысында көрінеді. Бұл оқушының
меңгерген тәрбиесінің айғағы,
үрдістің тиімділік нәтижесі болып саналады.
Екінші, мұғалімнің алдын ала
жобалаған тәрбие жоспарын іске асырудағы белгілеген
мақсаты, таңдаған әдіс-тәсілдері мен формалары
және мазмұнның тиісті әрекетке үйлесімі
тәрбие үрдісінің тиімділігі тұрғысынан
қаралады. Сондай-ақ оның жүзеге асуы тиімді
шартқа саналады, әрине, мұнда психологиялық ахуал да
ескеріледі. Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу - оқыту
және тәрбие мен жүйесіндегі негізгі принциптерінің
бірі. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі
тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының
кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және
тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады.
Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие
жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзіне асырылады.
Оқу және тәрбие жұмыстарының барысында
балалардың жас кезеңдерінде еске алу қажетті шарттардың
бірі.. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас
сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам
жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық
жетілу шақтары. Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың
орта мектеп зор рөл атқарады, өйткені оларда барлық
жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады,
өмірге жолдама алады. Аталған оқу орнының мақсаты
- жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың
жоғары құлықтық, азаматтық
көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат
кешеңділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік
тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең
мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның
үйлесімді жан-жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік
функцияларды еңбек, таным, қоғам, үйелмен және
бос уақытты пайдалану т.б.орындау үшін жастарды ойдағыдай
даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын
таңдап алу үшін, өз тағдырын шешу үшін
жастарға жағдай жасау; тұлғаның
өзін-өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны
өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау. Қазіргі
педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы
әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл
жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені
байқалуда. Бұған көптеген авторлардың
тәрбие әдісіне берген анықтамалары бар.
Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша — бұл педагогикалық
жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие
мақсатына жету. И.С. Марьенконың анықтамасы бойынша,
тәрбие әдісі - бұл жеке адамға тікелей және жанама
түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін
тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің
өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.Тәрбие
әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара
байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған
педагогикалық жұмыс тәсілдері. Тәрбие
жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына,
принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және
дербес ерекшеліктерін, олардың тәрбиелік дәрежесіне
байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының
мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат
әдістің бас критерийі.
Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес
қосқан педагогтар Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова, И.Т.Огородников,
Н.И.Болдырев. И.С.Марынко. Г.И.Щукина. В.А.Сластенин.т.б. Қазіргі кезде
тәрбие әдістерін жіктеудің 11 - ден астам түрлері бар.
Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина және В.А.Сластенин
жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік
байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді. Герцен
атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық
институтының ғалымдары (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина) жасаған
тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа белінеді:
Бірінші
топ - тәрбиеленушілердің
іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынастардағы,
мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені
қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету,
жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация. Талап - мінез -
құлық нормасының көрінісі, балаларды
әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынтыландыру
және тежелеу функциялары бар. Ынтыландыру функциясы - бұл
жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу- басқа
адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.
Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі - бұл
қоғамдық пікір, ұжымның еркі және
күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педагогтың тірегі.
Үйрету. жаттықтыру -бұл мінез- құлық
нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға,
әдетке төселдіру. Жаттықтыру әдісінің
ұжымының мүлдесімен, талаптарымен қабысуы қажет.
Үйрету және жаттықтыру әдістерінің
тәсілдері: нұскау көрсету, машықтандыру, тапсырма. Екінші топ. Жеке адамның санасын
қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту,
баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси.,
этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас,
лекциялар, өнеге. Бұл әдістердің балалар санасына
ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан
балаларды өмірдің, еңбектің қоғамдық
нормасына қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы нормалар
жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл
жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни
көзқарасын сипаттайды. Әңгіме - бұл
балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі.
Пікірталас- бұл жоғары сынып оқушыларыныңбайымдауын
(пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі,
оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен
күресуге үйретеді.
Үшінші
топ - мадақтау және жазалау әдістері.
Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және
тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің
әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда
мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау
тәрбиеленушіні іс-әрекетінде және
мінез-құлқында белсенділікке ынталандырады, бұл
баланың жағымды мінез-кұлқын ынталандыру
құралы. Жазалау - баланы өзінің теріс мінездері
үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді,
бұл балаға қоғамдық талап қою, оның
мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды
тежеу тәсілдері. Қолданылатын әдістің бір түрі
-жарыс. Бұл әдіс оқушылардың белсенділігін арттырады,
жауапкершілігін, ұжымшылдығын дамытады.
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап
алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір
тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді.
Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар
тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы
балаларды мектепке, үйелменде әр түрлі іс-әрекетіне
дағдыландыруға болады. Тәрбие жұмысында әр
баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жең. Сонымен,
біріншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен
оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері
ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады,
олардың адамгершілік тәжірибесі баийды; екіншіден, тәрбие
әдістерінің көмегімен оқушылардын дүниеге
көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық
өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік
мақсаты іске асырылады. Барлық тәрбие әдістері
бір-бірін толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие
жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін
және дағдысын тереңдетеді: қоғамдық
өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады;
жалпы мәдениетін, ой-өрісін кенейтеді. Зерттеулер мен озат
тәжірибелердің арқасында педагогикалық ғылымда
оқушылар арасында тәрбие жүйесі орын алғанда ғана
тәрбие нәтижесі маңызды.
Мектептерде тәрбие жүйелері
ұжымдық шығармашылық жұмыстар,
қоғамдық-пайдалы және өндірістік еңбек,
жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі формаларын енгізу
(түрлі орталықтар, театрлар, т.б.), ұлттық
салт-дәстүрлер, оқыту процесін ұйымдастыру негізінде
қалыптасатын. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар
жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде
ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған
ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Кез келген
тәрбие жүйесі негізінде бүтіндей ұжымның
тәрбие мақсаттарын белгілеуі, танымдық іс-әрекет,
өзара қатынастар, оқушылардың өзін -өзі
басқаруы, ұлттық салт-дәстүрлерге сүйену,
әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық
шығармашылық істің әдісін пайдалану.
Қазіргі заманғы ізденістер бойынша
тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында
жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш
нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі,
өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік
мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға
сүйенеді. Тәрбиенің мақсатын тек өз
халқының ұлттық мәдениетінің негізінде
ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік
ұлттық құндылықтарды игеру арқылы
ғана анықтау.