Орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары.

Дуйсенбиева Г.Ә.

 

Тіл аса маңызды қатынас құралы. Білімнің, ғылымның қай саласы болса да, ол тіл арқылы дамыды. Оқу орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын молайту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп отырады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдері балаларына үйрету – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің басты міндеті.Тіл дамыту жұмыстарын оңтайлы жүргізу үшін мұғалімнен тек лингвистика саласынан терең білімі емес, сонымен қатар психологиялық және педагогикалық саласынан да терең білімді қажет етеді. Оқушының әдемі сөйлеуіне, ойын анық жеткізуіне, қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы ерекшеліктеріне де көп көңіл бөлу қажет.

Қазақ тілі сабағында тек қана мәтінді оқып, аударып, мазмұнын түсіндірумен шектеліп қоймай, сөйлесім жұмыстарымен де көп жұмыс жүргізу қажет. Бірден-бір көмекші құрал – сөйлесім (диалог) жұмыстары.

  Мұғалім оны күнделікті әр тақырыпқа байланысты жүргізіп отырады. Күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра таңдалып алынған сөйлесім жұмыстарын пайдаланған жөн.

Тілашарлар – оқушының бір-бірімен қарым-қатынасын байытады, тілді жаттықтырады, ой-өрісін кеңейтеді, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Сабақта тілашарларды қолдану үлгісіне тоқталайық. Мысалы, 5-сынып оқулығы бойынша берілген «Айдын» тарауында келесі сөйлесу мен жұмыс жүргізу үлгісін пайдалануға болады.

-         Айдын сенің інің нешінші сыныпта оқиды?

-         Інім Жарқын бесінші сыныпта оқиды.

-         Жарқын жақсы оқушы ма?

-          Иә,інім-жақсы оқушы.Өзі жақсы оқиды және достарына көмектеседі.

-          Жарқын үй шаруасына көмектесе ме?

-          Әрине, ол үй шаруасына көмектеседі, айтқан тілді алады.

-           Ол өзі көп ойнай ма?

-          Жоқ,ол мезгілімен ойнап,сабағын оқиды.

-          Сабағына мұқият дайындала ма?   

-         Иә, мұқият дайындалады.Кейде оған мен көмектесемінмен.Ол жақсы оқуға тырысады. Ол бірінші тоқсанды жақсы аяқтады.  

6 сыныпта өтілетін VI модуль «Астана» тақырыбы бойынша сөйлесуді төмендегі үлгіні сабақта қолдануға болады.

-          Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

-          Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы.

-          Бұған дейін Қазақстан тарихында қанша астана болды?

-          Қазақстан тарихында төрт астана болды.

Бірінші астанасы – орынбор қаласы, екінші астанасы – Қызылорда қаласы, үшінші астанасы – Алматы қаласы, төртінші астанасы – Астана қаласы. 

-          Қай жылдан бастап Астана қаласы деп аталады?

-          1998 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады.

-          Астана қаласы қай жерде орналасқан?

-          Астана қаласы Есіл өзенінің бойында, қасиетті Сарыарқа жерінде орналасқан.

-          Сен Астанада болдың ба?

-          Астана қаласы ұнай ма?

Әр тақырып бойынша осылай сөйлесу жұмыстары әр сабақта жүргізіліп отырса, баланың сөйлеу дағдысы қалыптасады, әрі с өздің мағынасын түсініп отырады.

Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, әр топқа тақырыптарын беріп, өздері осы тақырып бойынша сөйлесу құрастыру тапсырмаларын да беруге болады. Қорыта келгенде, неғұрлым тіл байлығына көп көңіл бөлсе, баланың тіл байлығы дамиды.