Таубаева
Ғ.З., п.ғ.к.,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
доценті
Ныязбекова
К.С., п.ғ.к., Абай
атындағы ҚазҰПУ-дың доценті
Kulyanda2009@mail.ru famous-scientists.ru /11624/
Құзыреттілік – білім беру негіздерінің бірі
Аңдатпа
Бұл мақалада
бәсекеге қабілетті дамыған мемлекеттің сауатты,
кәсіби тұрғыдан жан-жақты, рухани
дүниесі бай шығармашыл тұлғасын қалыптастыру
үшін білім жүйесіндегі қазіргі
заманғы жоғары білімнің мақсаты мен басты
стратегиялық бағдары айтылған, онда білімге
бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни
нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру
қажеттілігі көрсетілген.
Кілт сөздер: шығармашылық
тұлға, дүниежүзілік білім беру кеңістігі, педагогикалық
үрдіс, функционалдық сауаттылық, нәтижеге
бағытталған іс-әрекет
Аннотация
В данной статье рассматриваются некоторые аспекты формирования
компетентности студентов вуза в контексте модернизации высшей школы.
Раскрываются основные составляющие данного понятия, которое связано с
личностным образованием будущих специалистов, обладающих широким кругозором,
специальными компетенциями и рациональным стилем информационной и
коммуникационной деятельности. В статье анализируются сопряженные понятия
«компетентность», «коммуникационная компетентность»,
«информационно-коммуникационная компетентность». Практическая реализация
формирования данной компетентности представляет собой один из актуальных
вопросов образовательной практики высшей школы, поскольку ее результаты
углубляют, расширяют и конкретизируют современные представления об
информационных и коммуникационных возможностях познавательной деятельности
студенческой молодежи.
Summary
In the present article discusses some
aspects of the formation of competence of university students in the context of
the modernization of higher education. The authors reveal the basic components
of this concept, which is associated with personal education of future
specialists, open-minded, special competencies and management style information
and communication activities. The article analyzes the associated concept of
"competence", "communication competence", the author
proposed a definition of "information and communication competence".
Practical implementation of the formation of this competence is one of the
pressing issues of educational practice high school, since its results deepen,
extend and concretize the idea of modern information and
communication capabilities of the cognitive activity of students .
Бүкіл дүниежүзілік білім беру
кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде
білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл
үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жұмысында өзгерістер енгізумен бірге, елімізде
болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне
жаңаша қарауды, студенттердің шығармашылық
қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды
талап етеді.
Сондықтан оқытудың дәстүрлі
жүйесінде білікті мамандар даярлайтын жалпы оқу орындарының
қазіргі мақсаты – әлемдік білім кеңістігіне ене отырып
бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік
шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін
қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның
шығармашылық, рухани және күш-қуат
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту
үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап
көрсетілген. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін
оқытудың жаңа технологияларын енгізу және оны тиімді пайдалану керек. Аталған
жолдар арқылы оқытушыға білім сапасын арттыру,
оның мазмұнын байыту,
оқу үрдісін жетілдіру және жан-жақты дамыған,
рухани дүниесі бай шығармашыл тұлға қалыптастыру
мәселесін қойып отыр. Осындай тұлғаны
қалыптастыру, дамыту, яғни Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай
қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе
де мұғалімнің қолында» деген сөзі
ұстазға үлкен жауапкершілік арттырса, ал ғылыми
педагогиканың негізін салушы Ы.Алтынсарин мұғалімнің
қоғам алдында ролін қарапайым айта келіп, кезінде «...Салып жатқан үйдің
жақсы болуы, оның іргесін берік және мықты
қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің
қолға алып отыратын ісіміз де, қазақ
мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі
басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы
оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат
көремін», – деген пікірі де мұғалімге қоятын талабы
ретінде естіледі. Олай болса, қазіргі
кезеңдегі оқытушының міндеті – оқытудың
шығармашылық сипатын күшейту және мақсатты білім беру.
Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен
дүниеде даралануы тек білімді, жігерлі, сапалы білім алған,
құзыретті, бәсекелестіктің небір мықты істеріне
төтеп бере алатын жас
ұрпақ арқылы
жүзеге асады.
Ал ұрпақ тәрбиелеуде
студенттерді бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы
басты мақсат:
жан-жақты жетілген, өз тарихының өткеніне көз
жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға
бере алатын ұлтжанды, патриот азаматын қалыптастыру.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім
және кәсіби машық – заманауи білім беру
жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі
бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін
біз сауаттылығы жоғары елге
айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу
қажет», – деп атап көрсетті. Сондықтан білім берудің
мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды
кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру мәселесі
бүгінде күн тәртібіне
қойылып отырғанын көріп отырмыз. Бүгінгі
күні «құзыреттілік»
ұғымы оқыту үдерісінде білімді қолданудың
негізгі нәтижесі ретінде қарастырылуда.
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді
дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында» қазіргі заманғы жоғары
білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары
айтылған,онда білімге
бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни
нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру
қажеттілігі көрсетілген.
«Құзыреттілік»
ұғымы бүгінгі
күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде
қарастырылуда. Оқыту үрдісінде «құзыреттілік»
ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін,
дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы
болып табылады.
«Құзыреттілік»
терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым
Н.Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік
қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген
түсінік берді.
Құзыреттілік –
студенттердің іс-әрекетін
меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім
мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат болып табылады. Басты
мақсаттың бірі – білім игеру кезінде күтілетін нәтижеге
қол жеткізу. Негізгі бағыт оқытушы жеке
тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға
бұрын білімді қабылдаушы рөлін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен
білім алушы, үйренуші ретінде
танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін
бүгінгі заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру
стратегиясын «құзыретті білім беру» деп те атап жүр.
Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен
тәжірибесіне қатысты нәрсе. Студенттердің кәсіби
құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер отандық
және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде
көрініс табуда. Оқыту үрдісіндегі
құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі
анықтамалар берген.
Айталық, ғалым С.М.Вешниякованың
«Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латын
сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада.
Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің,
білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің
мөлшері» деген анықтама берілген болса, А.В.Баранниковтің
айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын
қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне,
өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына
негізделеді». Ал ғалым Дж. Равен «құзыреттілік» терминіне
жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын
ұғым деген анықтама береді. Ғалымдардың пікірлерін
басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік»
ұғымына – оқушылардың жеке тұлғалық
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін,
дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік
іскерлігін өмірде дұрыс
қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен
біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір
практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана
алу қабілеттілігін айтады. Сонымен, оқытудағы
құзыреттілік тәсіл
білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді,
ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге
асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас
жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және
«құзыреттілік» ұғымдарын педагогикалық
үдеріске енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін
өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Аталған «құзыреттілік», «құзыр»
ұғымдарының қолданыстағы білім, білік,
дағдыдан айырмасы бар. Мысалы:
Ø
білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық
сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде
байқалады;
Ø
дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра,
құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен
пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет;
Ø
біліктіліктен айырмасы – бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы
қызмет негіздерін сезіну.
Қоғам талабына қарай оқытушының білім берудегі
міндеті нәтижеге бағытталған іс-әрекетті
құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру. Қазіргі
уақытта оқытушымен бірге, студенттердің алдына қойылатын талаптар да
өсуде. Талап студенттердің бойында түйінді
құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Құзыреттілік
тәсіл бірінші орынға:
Ø
нақты құбылыстарды
танып білу мен түсіндіруде;
Ø
қазіргі заманғы техника
мен технологияны игеруде;
Ø
практикалық өмірде
мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім
алуға дайындығын бағалауда;
Ø
еңбек нарығын
бағдарлау қажет болғанда өмірден өз орнын
анықтауға;
Ø
өмір салтын, кикілжіңдерді
шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу
қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар
мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Құзыреттілік ең алдымен студенттердің ақпараттық сауаттылығы
мен кез-келген мәселені
дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Сыртқы ортадан ақпарат алу,
оны өңдеу оқушы мінезін қалыптастырудың
қайнар көзі болып табылады. Ақпараттарды өз бетімен
алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету
ақпаратық құзыреттілікті қалыптастыруға
негіз болады. Мұнда студенттердің өз бетімен жұмысына
көп мән беріледі. Студенттер өз беттерінше жаңа
ақпараттық технологиялардың көмегімен
ғаламтордан, түсіндірме сөздіктерден, түрлі тарихи
ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Бұл
құзыреттілік студенттің оқу пәндеріндегі
және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған
дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын
қамтамасыз етсе, ал оқытушының мақсаты – студентке білімді өздігінен игеру амалдары
мен тәсілдерін үйретіп, оның өзіндік дүниетанымын
қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және
бағыт-бағдар беру.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін
нәтижелер:
Ø
студенттерді өз бетінше
талдауға;
Ø
өз қызметіне мақсат
қоюға;
Ø
жоспарлауға,
жинақтауға;
Ø
қорытындылауға, салыстыра
дәлелдеуге;
Ø
өзін-өзі
бағалауға;
Ø
өз әрекетінің
әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге;
Ø
нені меңгергенін, нені
меңгермегенін анықтауға.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму
кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту
үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытушылар білім беру
жүйесінде жаңа оқу технологияларын және интерактивті әдістерін
қолдану арқылы
оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына мүмкіндік береді. Ол
оқытушының ізденісі, жан-жақтылығы
құзыреттілік арқылы
айқындалады.
Құзыретті
студент даярлау мақсатында
ғылыми міндеттерді шешудің тиімді жолы – модульдік технологияны қолдану
негізінде тарих, қазақ тілі пәндерін проблемалық оқыту арқылы
студенттердің ой-өрісін, өз бетімен іздену, логикалық
ойлау қабілетін, шығармашылық әрекеті мен
икемділіктерін дамыту, білетіні және білмейтінінің арасындағы
қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттерді шешу
жолдарын жүзеге асыруға болады. Олай болса, модульдік технология
арқылы тарих, қазақ тілі сабақтарын проблемалық
оқытудағы басты міндет –
студенттердің ойлау жүйесін
өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы
игерген білім қорын одан әрі тереңдету және түрлі
проблемаларды шеше білетін білімді студент тұлғасын
қалыптастыру болып табылады. Студентке нәтижеге
бағытталған білім беруде күтілетін тұлға
құзыретілігін төмендегіше сипаттауға болады:
Ø
өзінің даралығын
сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;
Ø
өзінің қызметін
бағалай білуі;
Ø
негізгі мәселені шешудің
ең тиімді жолдарын таба білуі;
Ø
өз алдына мақсат коя білуі
және оны жүзеге асыра білуі;
Ø
өз әрекетінің
нәтижелерін бағалай білуі;
Ø
өз бетінше алынған
ақпаратты таңдай білуі;
Ø
түрлі өмірлік
жағдайларында тиімді шешім
қабылдай білуі.
Жаңа
тұрпаттағы кәсіби мамандарды
оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті
құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі
міндет болса,құзырлылық – студент іс-әрекетінің
сапасынан көрінетін білім нәтижесі болып табылады.
Қазіргі
заманғы білімдендірудің
мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау. Өйткені
қоғамда «орындаушы»
адамнан гөрі «шығармашыл»
адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі
өмір дәлелдеп отыр.
Шығармашылық
дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Ұлы ақын
Абай атамыздың мына дана сөзі ойға оралады:
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар». Бұл жерде
студенттің өзіне деген сенімін туғызу, өзінен
шығармашылық қабілетін іздете білу, өмірде өз
орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екенін түсіндіру.
Шығармашылыққа баулу оқушы бойындағы талант көзін ашып, тілдік қорын
байытып, ойлау, іздену сияқты психологиялық категорияларын қалыптастырып, оқушының
дамуына өзіндік әсерін тигізеді.
Сонымен, студент
құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр ұстаз
өзіне тиімді әдіс-тәсіл мен технологияны қолдана алады.
Ол Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы»,
М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», не
М.Махмутовтың «Проблемалық оқыту технологиясы» болуы
мүмкін, бірақ ең бастысы студент қойылған
проблеманың шешімін өзі тауып, әрекет жасай білуі керек.
Студенттің жеке тұлға ретінде дербес өзіндік
әлеміне жеткізу арқылы өзін-өзі дамытуға,
өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға бағыттайтын әрбір оқытушы
өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Алматы – 2008.
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
3. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауы.
4.
Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің
шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында
дамыту: теория және тәжірибе. – Aлматы, 2005.
5. Ныязбекова К.С., Турашбеков Е.А.
Компетентностный подход в ВУЗ-е.// Сборник материалов XII Международной
научно-практической конференции. Психология и педагогика: методика и проблемы практического
применения. Часть 2., 14 апреля 2010 г. Новосибирск. – 176-181 с.