Қосыбаева
У.А., Оразбекова Р.А.
ШЖҚ РМК академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.,
Қазақстан
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ
ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ МАТЕМАТИКАДАН АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ
ҚОЛДАНУ
Білім беру жүйесінің басты – міндеті
ұлттық және адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру. Міне осындай маңызды мәселелерді шешуде жас
ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде
математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика
ғылымының өте кең, жан-жақты тараған
кезеңі болғандықтан да үрдістен қалыс
қалмайтындай, талапқа сай математикалық
мәдениеттіліктің деңгейін көтеру басты
мәселелердің бірі.
Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы
мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру ол теориялық,
ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге
сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін
қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен жаңа
оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке,
елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке,
имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болып
табылады. Инновациялық әдістерді баланың білім
деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу
үрдісінде пайдалану негізгі міндет.
Осы тақырыпта жүргізілген ғылыми
зерттеу жұмысының мақсаты ол Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында көрсетілгендей еңбек
нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық
даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін
қанағаттандыратын және білім беру саласындағы
үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін
жоғары білім сапасының озық деңгейіне қол
жеткізуге үлес қосатын математика пәні мұғалімдерінің
әдістемесін қалыптасқан үрдісті сақтай отыра,
инновациялық технологиялар мен компьютерлік бағдарламаларды
қолданып жетілдіру болды.
Білім берудің негізгі мақсаты – білім
мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың
әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты
жүзеге асыруда инновациялық технологиялар мен компьютерлік
бағдарламаларды пайдалану әдісі үлкен рөл
атқарады. «Инновациялық
технологиялар және Flash бағдарламасы мен HTML тілі
интеграциясы арқылы математика пәні
мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру»
тақырыбындағы ғылыми жұмыс математика
пәні мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру
мақсатында жасалған және «Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламаның» қойған «Экономиканың
орнықты дамуы үшін сапалы білімнің
қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту,
білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» мақсаты мен «оқу процесін
автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін
жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету» міндеттеріне қол жеткізуге ықпал етеді.
Инновациялық
технологиялар және Flash бағдарламасы мен HTML тілі
интеграциясы арқылы математика пәні
мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру жүйесін
жасауда екі бағыт ұсталды:
- алғашқысы 5B010900 Математика мамандығының студенттері болашақта
математика пәні мұғалімі болып қызмет атқаратын
болғандықтан да олардың инновациялық технологияларды
оқу үрдісінде қолдануына, компьютерлік бағдарламалармен
жұмыс істей алуына жоғары оқу орнында оқып жүрген
кезінде үйрету.
- екінші бағытта жұмыс жалпы білім беретін орта мектептердегі
математика пәні мұғалімдерімен жүргізілді.
Ғылыми жұмыс аясында математика пәні
мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру,
мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету
мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
· Қазақстан мектептеріндегі математика
пәнінің мұғалімдері арасында өзара
тәжірибе алмасып, байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз ету,
математика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік
көмек көрсету мақсатында құрылған арнайы
сайт www.matematik.kz арқылы жүзеге асырылды.
· Электронды лекциялар дайындалып, www.ksu.kz сайты арқылы кез-келген
қолданушыға қол жетімді болды.
· Электронды оқу
құралдары жасалды.
Қазақ тілінде баспаға
шыққан арнайы оқулықтардың аздығын ескере
отыра Flash технологиясы бойынша
дайындалған қазақ тіліндегі электронды нұсқадағы
теориялық материалдар мен аталған технологияны практикалық
тұрғыда игеруге бағытталған тапсырмалар,
жаттығулар мен арнайы зертханалық жұмыстар
мұғалімнің осы технологияны игеруіне үлкен
мүмкіндік ашады да, мектеп оқушылары үшін игеруге
қиындық туғызып жататын функциялар мен олардың
графиктері, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тақырыптарында
үлкен көмек етеді.
Қазіргі
замаңдағы техника мен технологияның шапшан дамуы
болашақ математика мамандарынан жаңа технология мен идеяларды тез
меңгеруді талап етеді. Сондықтан жоғары білікті мамандарды
дайындау жалпы және арнайы білім деңгейіне, олардың
дұрыс үйлесуіне байланысты болады.
Жоғары
мектепте теңдеулерді, теңдеулер жүйесін әр түрлі
жүйелік кластарды оқып білу барысында жалпы және универсалды
шешімдер мен зерттеу тәсілдерінің ролі айқындала
түсуде. Ондай тәсілдерді үш топқа бөлуге болады.
Бірінші
топқа логикалық әдіс арқылы шешімге келу болып
табылады. Бұл әдістер арқылы алғашқы
теңдеуден, және жүйеден жаңа тәсілге ауысады.
Ондай ауысулар белгілі кластарға қатысты тапсырмалар
орындалғанша жүргізіледі.
Екінші
топ есептеуіш тәсілдерден тұрады, бұлардың
көмегімен теңдеу немесе жүйенің бір бөлігін
жеңілдету арқылы жүргізіледі, сонымен қатар
белгісіздің орнына түрлі аралық есептеулерді қою
арқылы табылған түбірлерді тексеру арқылы өтеді.
Есептеуіш тәсілдердің ролі теңдеудің түбіріне
жақын мәнді табудағы тапсырманы орындағанда
байқалады. Сандық есептеулерді жүргізу мүмкіндіктері
есептегіш құралдарды пайдалану барысында үдей түседі.
Үшінші топқа көрнекі-графикалық
тәсіл жатады. Осы тәсілдердің көбін координаталық
түзу немесе координаталық жазықтықтың негізінде
пайдаланады.Жacaлғaн
тaлдaуларға сүйене отыра математикадан орындалатын
жұмыстардың нәтижесін арттыру үшін ықпалы аса зор
болатын мұғалімнің әдістемесін жетілдіру бұл
әрдайым маңыздылығын жоғалтпауы тиіс. Ол үшін:
- ақпараттық технологиялардың оқу
үрдісіне енгізілуінен математика пәні мұғалімі тыс
қалмауы тиіс;
- қолданысқа енгізілген арнайы
бағдарламаларды игеру немесе игерту шаралары тұрақты
жүргізілуі тиіс;
- әртүрлі біліктілікті арттыру курстарына
қатысып тұру қажет;
- математика пәнінің жоғары санатты
мұғалімдері өткізетін ашық сабақтар
тұрақты түрде ұйымдастырылуы тиіс;
- әдістемені жетілдіру мәселесіне
арналған арнайы семинарлар, дөңгелек столдар, пікір алмасу шараларына
үнемі қатысу қажет;
- мүмкіндік болған жағдайда
бүгінде маңызды мәселеге айналып, практикаға енгізіліп
келе жатқан бағыттар бойынша шетел мектептерімен тәжірибе
алмасу орынды.
Қорыта
айтқанда заман талабына сай болу үшін асқан
жылдамдықпен дамып келе жатқан инновациялық
технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үрдісінде
қолдана отыра, оқушылардың бойында біліммен қатар
тәрбие үрдісін қатар алып жүруде мұғалімге
әрине көмек қажет. Себебі мұғалім сол
инновациялық технолгияны өзі толық игергенде ғана оның
бар мүмкіндіктерін қолдана отыра оқу үрдісін тиімді ете
алатындығы анық.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы//
http://www.inform.kz/kaz/article/2518877
2. Бидосов Э. Математиканы оқыту методикасы. Алматы:
Мектеп, 1989. – 235 б.
3. Энди Андерсон Macromedia Flash MX.- М.: Наука, 2004. – 217 с.
4. Алленова Н. Учебник по HTML для
чайников. Алматы: Мектеп, 1999. – 235 с.