Филологические науки/Методика преподавания языка и
литературы
Филолог-мамандардың мәдени-тілдік
құзыреттілігін қалыптастырудың кейбір мәселелері.
Мынбаева А.П.
Докторант, Республика Казахстан.
Резюме. Мақалада
«құзыреттілік» сөзінің қазіргі кездегі
қолданылу шеңбері мен түсініктемесі беріледі. Сонымен
қатар жоғары оқу орынан кейінгі филолог-мамандардың
мәдени-тілдік біліктілігін қалыптастырудың кейбір жолдары
қарастырылады.
Аңдатпа. «Құзыреттілік» сөзі
«құзырлық» сөзінен алынған туынды сөз
екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі
терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде:
«құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір
тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау»
деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық –
өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны
білдіреді. Біздің қарастырып отырғанымыз «мәдени-тілдік
құзыреттілік» - қалыптасқан жеке
жұлғаның білім мен дағдыны игере отырып, логикалы ойлау
қабілеті мен ми қыртысы жұмысына келіп түсетін
сигналдардың дер кезінде жұмыс жасап, мәтін арқылы
мәдениетті сөйлеу тілін дамыту.
Аннотация. Обращаем внимание на то что
слово «компетентность» происходит от слова «компетенция». Компетенция –
способность выполнения какого-либо задания или умение сделать что-либо. В
переводе с латынского, слово компетентность – это фундаментальные и глубокие
знания в области своей профессии и профессиональный опыт. Мы рассматриваем
культурно-языковую компетентность - развитие культуры речи через текст
овладение знаниями и навыками, способность логического мышления и своевременное
поступление сиганала в кору головного мозга.
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра
қарап, туған тілдің тұғырын биіктету
қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып
қалды. «Қазақстан
Республикасындағы тіл
саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан
Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты
стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге
келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның
ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани
байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің
өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да
бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды -
қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне
үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл
мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану
мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан
Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті
бағыттарының бірі», сондай-ақ «Мемлекеттік тілді
оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек»
делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның
болашағы қазақ тілінде»- деп тұжырымдайды.
Қазіргі жастарымыз
өз ойларын дұрыс,
түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық
бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі
орысша
сөздерді қосып, араластыра
сөйлесе, бірі жаргонмен
диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе
туралы көптеп айтылып та, жазылып та
жатыр.
Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру туралы Заңына сәйкес бұл үзіліссіз білім
беруде қалыптасқан жеке тұлғаның
мәдени-тілдік, кәсіби, ақпараттық, менеджменттік құзыреттілігін
қалыптастыру жалғаса бермек. Себебі, қазіргі таңда
бакалавриат-аяқталмаған жоғары білім саналуына сәйкес
бәсекеге қабілетті маман даярлауда құзыреттіліктер
қалыптасады. ЖОО-нан кейінгі білім беру процесі дамыған және
дамушы мемлекеттердің барлығында жүзеге асып келеді. Біз
қай мәселені қарастырсақ та антропоөзектілік
бағытымен жүргіземіз. Себебі көне дәуірден басталатын
лингвистика болмасын, қай ғылым
саласы адамның айналасында, қоршаған орта адам қоршаған орта бағытында жүзеге
асырылып келеді.
![]()
Мәдени
құзыреттілікке мынадай жағдайларды жатқызуымызға
болады: а) жеке мәдени әлемдік көзқарасты түсіну;
ә) мәдени ерекшеліктермен қарым-қатынас; б)жеке
тұлғаның мәдени түсініктері;
Уақыт өткен сайын заман өзгерісіне сай
сөйлеу мәдениетіне деген талап та күшейгендей.
Сөйлеу мәдениеті туралы мәселе әлі күнге дейін
толастаған емес. Тіл халықпен бірге жасасқан сияқты
мәдени сөйлеу де қоғаммен бірге өмір
сүреді, сонымен қатар әр түрлі ой-пікірлер де
қалыптасқан.
«Мәдениет» -
белгілі бір нормаға сәйкес заңдылықтарды ескеру дегенге
саясады. Ал сөз мәдениеті норманы сақтау әдебі.
Сөз мәдениеті – тіл түзулігі, тіл тазалығы. «Сөз
мәдениеті» деген көп мағыналы ұғым. Л.И.Скворцов
«Культура речи владение нормами устного и письменного литературного языка
правилами произношения, ударения, грамматики, словоупотребления и др.), а также умения испльзовать выразительные
языковые средства в разных условиях отношения в соответствии с целями и
содержаниями речи». Сөз мәдениетін дамытып, оны қалыптастыру үшін
халық, ел, ұлт, мемлекет тарапынан қандай бір іс-шаралар маңызды
орын алады.
Н.Уәлиев
сөз мәдениетінің тілдік қабаттарының нормаларымен
қатар айтушының ойын тыңдаушыға жүрекке жылы
тиетіндеі әсерлі етіп беруін де қамту керектігін жазған
болатын. [1, 4б]
В.А.Сухомлинский
адамның сөйлеу мәдениетін оның рухани мәдениетінің
айнасы және оның ойлары мен сезімінің алмасуында
маңызды құрал деп атады.
Педагогика
ғылымдарының докторы, профессор А.Жапбаров тіл
мәдениетінің жоғары болуына мынадай талаптар кояды:
-сөздің жүйелі, анық, түсінікті болуы;
- сөздің
тілдегі орфоэпиялық, грамматикалық, лексикалық
нормаларға сай дұрыс құрылуы;
-сөздердің
қажет еткенде бейнелі, көркем, эмоциялы болуы;
- сөздердің тыңдаушы немесе оқушының
жағдайына, ортаның қажеттілігіне сай болуы. [2,139б.]
Модернизация шарттарының бірі және оның
қорытындысы халықаралық стандартына сәйкес болатын құзыреттілік
ұғымы Қазақстан
білім үдерісімен тығыз
байланысты педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылып
келеді. Бір-бірімен синонимдік
қатарда жиі көрініс табатын «құзырет» және
«құзыреттілік» ұғымдарын ажырата алуымыз керек:
Құзырет жеке тұлғаның
бойындағы совокупность сапаларын қамтиды. (білімі, істей алу
қабілеті), яғни заттың анықталған ортасының
қатысына қарай және сапалы өнімді
іс-әрекетінің қатысына қарай.
Құзыреттілік – тұлғалық қатынасына
және іс-әрекетінің қатысына қарай,
құзырына сәйкес адамдарды басқару, жаулап алу. «Основы педагогического
мастерства» Л.В. Занина и Н.П. Меньшикова [3.100-115б]
Құзыреттілік формадан мағынаға емес,
мағынадан формаға қарай ойысатын тұжырым. Демек, құзіретті
тұлға барлық нәрседен хабардар ғана емес,
өмірден өз орнын таба білуде, нақты құбылыстарды
танып білуде, қандай мәселеде болмасын түйінін шеше алуда
білгір біліктілігін көрсете
алады.
ЖОО-нан кейінгі білім беруде мәдени-тілдік
құзыреттілігін стильдік түрлеріне қарай мәтін
арқылы қалыптастыруымызға болады. Мәтін талдаудың
өзіндік теориялық аспектілері бойынша әр категорияға
байланысты болашақ мамандарды дағдыландырып,
құзыреттілік дағдысын арттырамыз. Мұның өзі
жеке мәселе болмақ.
Тілдік мәдениет мойындалған іс-әрекетердің
біріктірілген және елдің дамуы, сонымен қатар негізгі
фунционалды білімділіктің құзыреттіліктің жоғары
деңгейімен қамтамасыз етеді және үздіксіз білім
берудің табыстылығы, әрбір адамның жеке
тұлға және кәсіби маман болып қалыптасуы
үшін платформасы болады.
Қазіргі таңда қазақ қоғамында
туған тілді білудің төмен деңгейі қолданылса
халықты сауатсыздыққа, білімсіздікке, енжарлыққа
алып келді. Тілдік
мәдениеттің төменгі деңгейі сауатсыздықтың
көрсеткіші сияқты экономикаға да, демократияға да тікелей кері әсерін тигізеді.
Бұл контексте мамандардың тілдік мәдениетін дамыту және
қалыптастыру мемлекеттік мағынада қолданылады. Сол себепті
ЖОО-нан кейінгі білім беру жүйесінде филолог-мамандардың
мәдени тілдік құзыреттілігі мемлекеттік деңгейде
ойландыратын мәселе. Филолог-мамандарды даярлауда сөздердің
дұрыс қолданылуы, жеке тұлғаның қалыптасуы,
тұлғаның жан-жақты өсіп жетілуі, заман
ағымына қарай өзін-өзі дамытуы, болашақ – жас ұрпақты
тәрбиелеуі екі жақты құбылыстың, яғни
мәдени-тілдік құзыреттілікті қалыптастырудың
маңызы ерекше. Ал, осы мәселені дамыту, қалыптастыру
үшін мәтінді қарастырдық. Осыған орай
Мәтіннің лингвистикалық, педагогикалық,
психогиялық негіздерін, тәрбиелік мәнін қарастырдық.
Құзыреттілік адамның іс-әрекетін және
оның жеке тұлғалық шекараларын, мотивациясын,
әлеуметтік, мақсаттық сияқты ұғымдарды
қамтиды. Құзыреттілікті қалыптастыру дегеннің
өзі жеке тұлғаның шығармашылық
қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың аксиомасына жету,
болашақ педагог маман ретінде кейінгіге білім берудің еркіндігі
және тереңдігіне бағытталған нәтижелердің
жемісі болмақ. Рухани, мәдени біліммен қаруланған,
таным процесі дамыған, логикалық ойлауы жетілген, яғни жеке
тұлға болып қалыптасуына бағытталған
құзырлылық.
Жоғарыда атап
көрсетілген құзыреттілік негізінде қалыптасқан
адам баласы ғана қоғамның экономикалық,
әлеуметтік және мәдени өркендеуінің
көшбасшысы бола алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Н.Уәлиев. Сөз мәдениеті. Алматы «Мектеп», 1984ж., 117б,
4-б
2. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын
оқыту негіздері.- Алматы:
Қазақ университеті, 1991.-156б.
3. Занина, Л.В.
Компетентностный подход к рассмотрению деятельности преподавателя педколледжа /
Л.В. Занина, Н.П. Меньшикова //Основы педагогического мастерства/Серия
«Учебники, учебные пособия». - Ростов н/Д.: Феникс, 2008.-С.110-115.