Утешова Гүлжан Амангелдиевна
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Орал қаласының №45 орта мектебі, Қазақстан
Тіл үйретуде мақал-мәтелдерді қолданудың
әдістемелік негізі
Қазіргі
уақыт, жаңа заман мен қоғам, жоғары технологиялар
заманы жан-жақты терең білім мен тәжірибені, іскерлік пен
шеберлікті қажет етуде. Осыған орай, бүгінгі ұрпақ тек бір тілді меңгерумен
ғана шектеліп қалмай, ана тіліне қоса бір, кейде тіпті
бірнеше шет тілді қатар үйреніп, заман талабына жауап берерліктей
деңгейде білім алуға ұмтылуда.
Тілді
білу ұлтаралық қарым-қатынасты, мәдениетті
жақсартады. Әрбір халықтың ғасырлар бойы
жасаған мәдениетін, оның озық үлгілерін таныту
арқылы баланы сол ұлтқа құрметпен
қарауға ғана тәрбиелеп қоймай, баланың
тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға әсер етеді. Тілді
білу - өмірді үйрену деген сөз.
Біздің
елімізде мемлекеттік тілдің өркендеуіне ерекше назар аударылып,
басқа ұлт тілдерінің дамуына да қолайлы жағдай
жасалған. Сондай көптеген адамдар үшін екінші тіл ретінде ерекше қарқынмен үйретіліп жатқан
қазақ тілі болып табылады.
Қазақ
тіінде білім беретін мектептерде оқушы тілін дамытумен бірге екітілді
оқыту жағдайында мақал-мәтелдердің оқыту
құралы ретіндегі рөлі де аса зор екендігі белгілі.
Тілді
оқыту барысында мақал-мәтелдер маңызды рөл
атқарып, тілді терең меңгерту мақсатында оқыту
процесінде жиі қолданылады.
Кез
келген халықтың тілін үйрету барысында оның тарихын,
салт-дәстүрін, өткені мен бүгінгісін де таныту
қатар жүргізіледі. Ал, мақал-мәтелдер
халықтың тарихымен де, дәстүрімен және
ұлттық дүниетанымымен тікелей байланысты екендігі бізге
мәлім.
Мақал-мәтелдер
тілді оқыту барысында көбіне тіл дамыту мақсатында,
нақты үйретіліп жатқан тілде еркін және көркем
сөйлеуге дағдыландыру үшін қолданылады. Оқушының тілдік қорын
байытып отыру – тіл дамытудағы негізгі мәселе. Себебі сөздік
қоры бай адамның өз ойын анық жеткізу мүмкіндігі
мол болады. Өз ойын жеткізуде ең керек сөзді таңдап,
талғап қолдана алады. Тауып сөйлеу, ойын анық жеткізу
қажетті сөзді қолданумен тікелей байланысты. Сондықтан
да кез келген тілді оқыту үшін сөздік қорды
байытуға ерекше назар аударылады. Тілдің байлығын,
көркемдігін көрсететін бірден бір үлгі –
мақал-мәтелдер. Олай болса, оқушының сөздік
қорын байытудың тиімді жолының бірі –
мақал-мәтелдерді меңгерту. Ал оны жүзеге асырудың
тиімді әдістерінің бірі -
мақал-мәтелдер сөздігін жасату. Оқушыға мақал-мәтелдердің
сөздігін жасату өте пайдалы. Мұғалім оқушыны
үйренген мақал-мәтелдерін жеке дәптерге жазып
отыруға дағдыландыру керек. Оқушы мақал-мәтел
сөздігін сабақтан тыс уақытта естіген, оқыған
мақал-мәтелдермен толықтырып отыруы керек. Ол сөздікті
күніне бір рет оқып отырса, ұмытпайды, жадында
тұрақтандырады.
Бұл оқушының үйреніп
жатқан тілінде көркем сөйлеуіне, жазбаша жұмысты
(мазмұндама, шығарма) көркем тілмен, сауатты жазуына
әсер етеді. Үйренген мақал-мәтелін жаттату, екінші
тілдегі мағынасын таныту, аударма жасау, оларды қатыстырып
сөйлемдер құрастыру, білген мақал-мәтелдерін
үнемі қолданып отыру сияқты жұмыстар
оқушының тілді үйренуіне ғана емес, жетік
меңгеріп, көркем сөйлеуіне ықпал етеді.
Мақал-мәтелдер
ізгі қасиеттерге үндеу, жақсылыққа баулу, игі
қасиеттерге тәрбиелеу мәнінде болатыны белгілі. Ал ол
өмір шындығынан қорытылған. Өмір шындығы халықтардың
бәріне ортақ болғандықтан,
мақал-мәтелдердің халықтарда көбіне
ұқсас, тіпті кейбірінің бірдей болып келетіндігі белгілі.
Сондықтан мақал-мәтелдерді оқытуда оның
оқушы ана тіліндегі баламасымен түсіндіріп кетудің
маңызы зор. Екітілді оқытуда көбіне осындай әдіс-тәсіл
жиі қолданылады.
Тілдерді оқытуда оқытудың әдістемелік жақтарының
келесі бағыттарының маңызы зор:
1.
Сөйлесуге үйрену: ауызекі
сөйлесудің, түсінудің мүмкіншіліктерін және
өз ойларын еркін жеткізе білулерін арттыру.
2.
Айтар ойын ауызша жеткізіп қана қоймай,
дұрыс жаза білуі.
3.
Газет-жорнал, баспа беттерінен қажет материалдарды
оқи алу.
4.
Көлемді, шағын мәтіндермен,
сөздіктермен жұмыс істей білу.
5.
Іс-қағаздарды толтырып, жаза білу.
6.
Классикалық шығармаларды
түпнұсқадан оқып, түсіне білу.
Аталған әдістемелік
талаптарға жетуде мақал-мәтелдердің өзіндік
атқарар рөлі, нәтижеге қол жеткізуде тигізер
әсері бар екені даусыз.
Әсіресе олардың оқушының ауызша, жазбаша тілін дамыту
мен көркем сөйлеуге дағдыландырудағы орны ерекше.
Кез
келген тілді оқыту барысында ойын элементтерін қолдана білу
мұғалім үшін өте қажет. Грамматикалық
ойындар оқушы қызығушылығын арттырады, әрі
материалды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Осындай ойын
түрлерін ұйымдастыруда мақал-мәтелдерді кеңінен
қолдануға болады. Мысалы қазақ тіліне ғана
тән дыбыстарды үйретуді мынадай мақалдарды үйрету
арқылы ұштастыра жүргізген тиімді.
«Көз –
қорқақ, қол – батыр», «Көп сөз –
көмір, аз сөз алтын», «Білім сандығы – кітап» т.б. Алдын ала
беріліп, жатталған, оқушылар қолданып жүрген
мақалдарға байланысты «Кім жылдам?» немесе «Ойлан, тап!», «Кім
тапқыр?» деген ойындарды ұйымдастыру тілді үйренуде өте
маңызды болып саналады. Бұл ойын түрлері оқушыларды
жылдамдыққа дағдыландырады, есте сақтау
қабілеттерінің жетілуіне, ең бастысы
мақал-мәтелдерді жаттап, ұмытпай қолдануларына
әсерін тигізеді. Бұл ойынның шартын әртүрлі етіп
беруге болады. Мысалы, берілген мақалдардың сыңарын табу:
Еңбек ет те, ....... (нан тап)
Еңбек етсең ерінбей,
.......(тояды қарның тіленбей)
Ит тойған жеріне, .........
(ер туған жеріне)
Сыныпты екі топқа бөліп
мақал-мәтелдер айтудан сайыс ұйымдастыруға да болады.
Алдын ала дайындалған тақырыптарды ұсыну арқылы
қай топ тоқталмай мақалды көп айтса, сол топ
жеңімпаз аталады. Сондай-ақ мақал-мәтелдердің
мағынасын түсіндіру шартын да
ұсынуға болады. Бұл оқушының тек
жалаң жаттауға ұрынбай, мақал сөздің
мән-мағынасын ұғынып, сөз құдіретін
түсінуіне, көркем сөйлеуге
дағдыландырады.
Екітілді оқытуда
мақалдардың екі тілдегі баламаларын табу сияқты ойын
элементін де тиімді жүзеге асыруға болады. Бұл оқушының қос
тілді қатар меңгеруіне, екі тілдегі мақалдардың
ұқсастығын түсінуі мен қатар қабылдауына
өз әсерін тигізері сөзсіз.
Сөз
мәйегі болып табылатын мақал мен мәтелді оқыту
барысында ұтымды қолдана білу – тілді меңгерту мен тіл
байлығын молайтудың тиімді
жолы.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Оралбаева
Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ
тілін
оқыту әдістемесі. Алматы,
1996
2.
Оразбаева
Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Ы.Алтынсарин
атындағы Қазақ
білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2000
3.
Жүкішева
К. Тілді оқытудағы тұжырымдама. Қазақ тілі мен
әдебиеті орыс мектебінде, №4, 2006