ЖАСТАРДЫ  САЛАУАТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ 

 

Қасымова Р.С.,   Рамазанова С.А.

 

 

     

      Жастарды білімді, білікті, мәдениетті, салауатты маман етіп тәрбиелеу- бүгінгі егеменді, тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі.

      Халқымыздың әл-ауқатының көтерілуін білімсіз, тәрбиесіз елестету мүмкін емес. Президентіміздің де еліміздің даму деңгейі осылар арқылы бағаланатындығын білім, ғылым, тәрбиеге көп көңіл бөліп келеді. Келешектің иесі – жастар болмақ. Сондықтан, егер жастарымыз салауатты өмір сүріп, салауатты тәрбиеленсе, елімізді көркейтетіні айдан анық. Қазіргі жастар өздерінің ата- анасына қарағанда, заманына икемдірек келеді. Сондықтан заман талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу ең маңызды, ең өзекті мәселе.

      «Жақсылыққа бастайтын – жарық жұлдыз оқу. Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» -деп айтқан М.Дулатовтың сөздері еске оралады. Ендеше оқу мен тәрбие егіз. Қаншама білімдімін деп есептесең де, тәрбие болмаса, мәдени прогресті қамтамасыз ету қиындау.

      Жастарымыздың бойына өз денсаулығын сақтау мен сол бағыттағы оң көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір сүруге ынталандыру қажет.               Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша адам денсаулығына  әсер ететін факторлардың  елу пайызы ол- өмір сүру дағдысы екен. Осыған байланысты халықтың денсаулығын жақсартудың алғашқы міндеттерінің бірі- салауатты өмір сүруді қалыптастыру және жастардың өз денсаулығына деген көзқарасын өзгерту мәселелері болмақ. Себебі денсаулықты сақтау үшін әр адам, әрбір жас өз денінің сау болуы қажеттілігін түсінуі керек.

      Жастар арасында денсаулықты қорғау, нығайту және емдеу үшін санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу қажет.

Санитарлық- ағарту жұмыстары жан-жақты бағытта жүргізілсе, әсіресе радио, теледидар, кино, баспалар арқылы ол тиімді болады. Санитарлық-ағарту жұмысы жастардың болашаққа деген сенімін қалыптастырады.

Санитарлық-ағарту жұмысын төмендегіше жүргізсе:

-         ауызша  ( сөз арқылы ), үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;

-         жазбаша ( сауалнама);

-         баспасөз арқылы насихат жұмысы;

-         көрнекілік әдістер ( видео, роликті таспа, плакаттар, буклеттер);

-         мәдени іс-шаралар ( Ток-шоу, дебат, пікір талас, сұхпаттасу т.б.)

Ауызша үгіт-насихат жүргізу санитарлық -ағарту жұмысында ең тиімді әдіс, себебі бұл әдісте тыңдаушылармен тікелей қарым-қатынас жасау, сөз саптамасын өзгертіп отыруға болады. Әңгімелесуге, кеңес беруге, сұрақ-жауап кештерін ұйымдастыруға, баяндама жасауға, дәріс оқуға болады.

      Көрнекілік әдісте тыңдаушы айналадағы заттардың әсерін көз мүшесі арқылы қабылдайды. Диаграмма, плакат, буклет, нұсқау кітапшалары, муляж, макет, фотосуреттер, видеофильмдер т.б.

      Мектептерде, жоғары оқу орындарында салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты қойылымдарды оқушылар мен студенттердің өздері қойып, өздері кейіпкер болса, мұндай үгіт-насихат жүргізудің пайдасы өте зор.

      Салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру үшін мынадай кезеңдермен жұмыс жүргізілсе:

Мақсаты:

Соңғы нәтижеге жету;

Принципі:

- ұйымдастырушылық;

- дамыту;

- ұйымдастырудың түрлері.

Әдістері:

·        ұйымдастырушылық- бұйрықтық;

·         психопрофилактикалық;

Міндеттері:

·        анықтау;

·        жоспарлау;

·        ұйымдастыру;

·        реттеу, үйлестіру;

·        тіркеу;

·        бақылау, сауалнама жүргізу;

·        талдау, дәлелдеу;

·        шешім қабылдау т.б. 

      Жастарымыз салауатты өмір сүруді қалыптастырса, спорт ешуақытта өзімен-өзі шектеліп, жеке, дара өмір сүрмейді. Спортшылар ұжымда, мектепте, жоғары оқу орындарында, өндірісте, фирмада, спорт секцияларында тәрбиеленеді. Жаттықтырушы шәкіртіне темекі тарту мен ішімдік ішудің, есірткіге еліктеудің зиянды екенін айтып, айтып қана қоймай санасына құйып, осы жаман әдеттің спортпен ешқашан басы піспейтінін аса жауапкершілікпен, нақты мысалдармен ұғындыруы қажет.

      Салауатты өмір сүріп, ағзаны зиянды, кеселді дерттен таза ұстағанда ғана, сондай-ақ оқу мен жаттығуға ынталы, жауапты көзқарас қалыптастырғанда ғана спортта алға қойған елеулі табыстарға жетуге болатынына сенімін арттыру керек.

      Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде білім берумен қатар, олардың салауатты өмір сүріп, азаматтық, моралдық-психологиялық санасын көтеру, патриоттық, интернационалдық сезімін қалыптастыру міндеті алға шықты.

      Қандай да болмасын жоғары оқу орнының басты нысаны- студенттерге сапалы білім, салиқалы тәрбие беру арқылы, кәсіби маман, еңбекшіл, бәсекелесе алатын маман тәрбиелеу, осыған дейінгі жеткен жетістіктерімізге қанағаттанып қалмай, жаңа заманға сай жастарды салауатты етіп тәрбиелеу ісін негізгі міндетіміз деп санау, әлеуметтік саладағы маманның негізгі жұмыстарының бірі.

      Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастарымыз көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін үлкен абырой болмақ.

      Болашақ ұрпақ білімділігімен тәрбиелілігін  салауатты өмір сүру дағдысын өз бойларына қалыптастырса, әлемдік өркениетке жетер бағытқа кепілдік болары анық.

      Жастарымыздың ақыл-ойы, тәні, дені сау болса, парасатымыз жоғары болса, қоршаған ортаны дұрыс болжаймыз, әр жастың өмір сүру жолы нақты, жүйке жүйесі төзімді, тән сұлулығы жоғары болады.

       Салауатты өмір салты- бұл әрбір жеке адамның ұзақ өмір сүруде қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдысы.

      Біздің мол байлығымыз болашақ ұрпақ, оған алып баратын тура жол –салауатты өмір сүру, дені сау ұрпақ өрбіту, ата-анасының дені сау болса ғана, сау бала дүниеге келеді.

      «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген» әлдеқайда тиімді. Сондықтан да келешек ұрпақ өзін еліміздің болашағы екенін жадында сақтап, мемлекетіміздің мәртебесі өз қолдарында екендігін ескеріп, оны жоғарғы дәрежеге жетелей береді деген үміттеміз және салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырамыз.