Оралов Н. М., Тойынбетова М.Б., Демеубаева А.О.

 

Қазақстан Республикасында банк банкингінің даму тенденцияларын талдау

 

Банк операцияларын жүзеге асыру банктiң қызметi болып табылады. Банк қызметiн клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi орындау деп сипаттауға болады. Кез келген банк өкiмiнiң негiзiнде клиенттiң қандай да болмасын қажеттiгiн қанағаттандыруы жатады.

         Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру және оларды капиталға айналдыру функциясын орындай отырып, банктер ақшалай табыстар мен жинақтарды салымдар түрiнде шоғырландырады. Салымдарда топталған жинақтарды ссуда капиталына айналдыру үшiн банктер қарыз алушыларға несие бередi. Қарыз алушылар қаржыларды өндiрiстi ұлғайтуға, тауар сатып алуға жұмсайды. Сонымен, коммерциялық банктердiң көмегiмен салымдар капиталға айналады.

         Ақшаларды тиiмдi орналастыру мақсатында салымдарға (депозиттерге) тартудағы банктердiң қызметiн депозиттiк операциялар деп атайды. Депозиттiк операциялар негiзiнде коммерциялық банктердiң несие ресурстрының басым бөлiгi құралады.

          Коммерциялық банктердiң екiншi негiзгi дәстүрлi функциясы – экономика мен тұрғын халықты несиелеу болып табылады. Бұл функция банк қызметiнiң маңызды бөлiгi болуымен бiрге активтi операцияларға жатады.

Банктiк қызметтердi ең алдымен спецификалық және спецификалық емес қызметтер деп ажыратуға болады. Ерекше кәсiпорын ретiнде, банк iс-әрекетiнiң спецификасынан шығатынның барлығы спецификалық қызметтерi болып табылады. Спецификалық қызметтерге олармен жасалатын операциялардың үш тұрi жатады: депозиттiк операциялар, несиелiк операциялар, есеп айырысу операциялар.

Депозиттiк операциялар клиенттердiң банкке ақша қаражаттарын салым ретiнде орналастырумен байланысты (депозиттер). Берiлген операцияның тарихи тұрi сақтау операциясы болған, ол кезде адамдар өздерiнiң бағалылықтарын банктерге сақтайтын, олар жинақтардың қауiпсiздiгiн және сенiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн. Соңынан ақша құралдарын сақтау, құнсызданудан сақтауға өсе бастады. Адамдар өздерiнiң ақша ресурстарын банкке тек өте қолайлы, қауiпсiз орынға орналыстыруға ғана емес, сонымен қатар табыс алу, оларды құнсызданудан, инфляциядан сақтау мақсатымен де қоя бастады. Банк клиенттерi депозитке ақша салғаны үшiн ссудалық процент алады.

Несиелiк операция банктiң негiзгi операциясы болып табылады. Кейде банктi iрi несиелiк мекеме деп атауы бекерден емес қой. Және бұл шын мәнiнде салай: банк активтерiнiң жалпы сомасынан негiзгi бөлiгiн несиелiк операциялар құрайды. Көбiнесе клиенттердi несиелеу есебiнен банк табыстың үлкен бөлiгiн де алады. Бiрақ қазiргi заманғы банктiк операциялар құрылымында несиелiк операция негiзгi болып табылмайды. Инфляция, экономикалық тоқырау және өте жоғары тәуекелге байланысты коммерциялық банктер тек несиелеумен ғана емес, сонымен қатар басқа да табысты өте көп әкелетiн және тәуекелi аз операциялармен жұмыс жасау ұйғарады (мысалы, валюталық операциялармен).

Банк орындайтын есеп айырысу операциялары нақты және нақтысыз формада жүзеге асырылады. Клиент тапсырысы бойынша банктер товарлы-материалдың құндылықтарды сатумен немесе сатып алумен, жалақыны  төлеумен салықтарды аударумен, жинаумен және басқа да маңызды төлемдердi жасаумен байланысты әр тұрлi шоттар ашуы мүмкiн. Есеп айырысу кезiнде банк сатушылар мен сатып алушылар арасында кәсiпорындармен салық органдары, тұрғындар, бюджет арасында делдал болып көрiнедi. Есеп айырысуды орындауда банктер тез арада байланысуды және банкке түсетiн құжаттарды техникалық өңдеудi қамтамасыз ететiн әр түрлi Қазiргi заманғы жабдыңтарды қолдалады.

Қарастырылған банктiк операциялардың үш түрін дәстүрлi банктiк операциялар деп атайды. Дәстүрлiлiктiң белгiсi ұзақ уақыт мерзiмiнде ұрпақтан ұрпаққа мұра ретiнде өте бередi. Бұл операцияларды ең ежелгi деп айтуға да облады: оларды «ескi банкiлiк үйлер орындаған, Қазiргi заманғы үлкен және кiшi мұнда ғана емес. Берiлген операциялар дәстүрлiлiк белгiсiн банк статусын сақтауға мүмкiндiк беру арқылы алады. Банктер болып салым қабылдайтын, несие беретiн немесе әртұрлi жеке және заңды тұлғалар арасында есеп айырысуды жүргiзетiн сол немесе басқа да кәсiпорындар немесе ұйымдартабылады. Тәжiрибе жүзiнде салымдарды белгiлi мерзiмге және белгiлi процентке алатын қорларды жиi кездестiруге болады, бiрақ бұдан олар банк бола алмайды. Мысалы, несиелер сауда ұйымдармен бар берiле алады, жалпы бос Қаржылары бар барлық субъектiлермен де берiле алатыны белгiлi, бiрақ сол сияқты одан олар банкке айналмайды, ол өзiнiң негiзгi статусын (жағдайын) сақтайды. Почта клиент тапсырысы бойынша төлемдер жүргiзедi, бiрақ ол жүргiзетiн есеп айырысу операцияларына қарамастан, ол почта болып қала бередi, банкке айналмайды.

Берiлген операциялар өзiнiң жиынтығымен банк деп аталатынды құрады. Заңды банк-бұл қарастырылған барлық үш операцияларды бiр мезгiлде орындайтын кәсiпорын. Егер үш таза банктiк операциялардың iшiнен бiреуiн, қандай да бiр үйым орындамаса, онда ол заң бойынша банк болып есептелмейдi, басқа Қаржылық институт қатарына өтедi. 1995 31 тамыздан олар «басқа несиелiк мекемең атағын алған Қазақстан Республикасының «Банктер және банктiк қызмет туралық заңында.

Банктiк операциялардың дәстүрлi қатарына кассалық операцияларды да жатқызуға болады. Қазiргi заманғы заңдылықта олар банк құрылатын базалық операциялар қатарына кiргiзiлмеген, бiрақ өзiндiк ерекшелiгi бойынша олар банктiк қызметтiң мәнiн көрсетедi. Депозитпен айналысатын банк, несиелендiрудi және есеп айырысуды жүргiзе отырып, кассалық операцияларды жүргiзбейдi дегендi ұсыну қиын. Дәстүрлi және дәстүрлi емес операциялар арасында аралық жағдайды қосымша операциялар алады. Олардың құрамына валюталық операциялар, бағалы қағаздармен операциялар, алтынмен жасалатын операциялар, қымбат металлдармен және құймалармен жасалатын операциялар кiредi. Бұл операцияларды банктер орындалуын мүмкiн.

Банктер бос қаржыларды жинақтайтын болғандыңтан және оларды қайта бөлiтiндiктен, қажет ететiн шарашылық ұйымдарға қайтару негiзiнде жiбередi, банктiк қызметтер пассивтi және активтi операциялар түрінде жүзеге асырылуы мүмкiн. Пассивтi операциялар көмегiмен банктер өзiнiң ресурстарын құрады (мысалы депозит, сертификаттарды сату, басқа банктерден алған, несиелер есебiнен және т.б.).

Активтi операцияларды орындай отырып банктер өздерiнiң және тартылган ресурстарын әртұрлi шаруашылық ұйымдардың және тұрғындардың қажеттiлiктерiне орналастырады.

Материалдың өнiмнiң қозгалысына байланысты банктiк қызметтер екi түрге бөлiнедi: оның қозғалысымен байланысты қызметтер, таза қызметтер.

Негiзiнен банктер өзiнiң ақшалай операциялармен материалдың өнiмнiң қозғалысына қызмет көрсететiн болғандыңтан, олардың негiзгi бөлiгi алғашқы қызметтер түріне жатады. Берiлген банк қызметтерi тауарлардың қозғалысына әсер ете отырып, жаңа қосымша құнды құрайды (мысалы, транспорт кәсiпорына, байланыс, сауда кәсiпорындарына қызметтер).

Таза қызметтер материалдың өндiрiспен айналысатын ұйымдарға, сонымен қатар жеке азаматтарға өздерiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ұсынылады.

Бұрын аталғандай, банк өнiмi болып, әртұрлi қызметтер табылады. Мысалы, өнеркәсiптiк кәсiпорынның өнiмiне қарағанда, банктiк өнiм материалдың, заттың болып көрiнбейдi. Несиелер және есеп айырысулар шаттар бойынша жазулар тәртiбiнде, нақтысыз ақшалай формада жасалады. Сондыңтан, өнiм нақты товарлық тұрде болатын, материалдың өндiрiс саласына қарағанда, банктiк өнiмдi артығымен өндiруге, жинақтап қоюға болмайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.     Банковское дело.  В.И.Колесникова. Л.П.Кроливецкая  М.Финансы и статистика 2006 г.

2.   Банковское дело. Справочное пособие лод редакцией Ю.А.Бабичевой М.Экономика 2003 г.

3.     Долан Э.Дж., Кемпбелл К.Д.Д. Банковское дело и денежно-кредитная политика М.-Л.2011 г.