ХоджаниязоваЖ.Т, УмирзаковаН.Т., ЖуанышеваБ.К.

Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика және Қазақстан

      Қазіргі кезде Қазақстанда нарық қатынастарының негіздері қалыптастырылып, өндіріс салыстырмалы деңгейде тұрақтанды. Әлемдік экономикада Қазақстанның үлесі өте аз: халқы жағынан 0,25 пайыздай, ЖІӨ, экспорт пен импорт бойынша 0,1 пайыздай. Сондықтан, ол кейбір шикізат тауарларынан б Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы тұрақты сипатта болып отыр. Мамандардың айтуы бойынша еліміз өтпелі кезеңнен өтіп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. АҚШ үкіметі Қазақстанды нарықтық экономикалы ел деп таныды. Қазақстан экономикасы ТМД елдері бойынша алдыңғы қатарда. Бірақ бұл орайда біздің елде шешілмеген бірқатар мәселелер бар екенін айта кеткен жөн.

            Қазақстанда қалыптасқан экспортқа бағытталушы шикізат моделі - ішкі сұранысты жанар-май энергетикалық ресурстардың қызметі қамтамасыз етуіне әкелді. Бұл бағыт экономиканы әлемдік нарық коньюнктурасына тәуелді етіп қана қоймай, елімізді экономикалық прогрестен алшақтатты. Экономиканың өңдеуші салалары артта қалып, өндірісте диспропорциялар қалыптасты. Сол себепті республикада импортығыстыру саясатын қолданудың объективті қажеттілігі туындады. Ғаламдану және интеграция жағдайында Қазақстан әлемдік аренада өз орнын табуы үшін экономиканы басқа сарынға бұруы қажет. Яғни негізгі салалар арасында байланысты қалпына келтіріп, тиімді экономикалық модель бойынша даму бағытын таңдау. Ал бұл өз кезегінде импортығыстыру арқылы экспортқа бағытталған экономикалық модельмен даму жолы.  Мүмкін ХХІ ғасырдың бірінші жартысында ондай тауар көп қоры бар шикі мұнай болатын шығар деп топшылаймын. Қазіргі кезде Қазақстанның ірі сауда серіктестері Ресей (оның үлесінде экспорттың 34 пайызы, импорттың 46 пайызы), Украина, Өзбекстан болып табылады. ТМД шекараларынан тыс Қазақстан Ұлыбритания, Германия, Қытай, Италия, Түркия мен Оңтүстік Кореямен елеулі сауда-экономикалық байланыстары бар. Әлеуметтік-экономикалық үрдістердің интернационализациясы және әлемдік экономиканың глобализациясы жағдайында экономикалық өсуді тек экспортқа бағыттап әлемдік шаруашылыққа интеграциялану арқылы ғана жетуге болады. Глобализация артықшылықтарын пайдалана білген елдер ғана экономикасын дамыта алады. Алайда глобализация үрдістеріне қосылу дамитын және дамыған, экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің арасындағы экономикалық алшақтықтықты көбейтеді. Экономикалық және технологиялық жағынан ел неғұрлым бай болған сайын, ол глобализациядан көп артықшылықтарды алады. Ғылыми-техникалық, өңделген өнімді экспорттап шикізатты импорттай отырып, дамыған елдер әлемдік шаруашылықта жасалған қосылған құнның көп бөлігін иемденеді. Планетамыздың ең бай 20% халқына әлемдік табыстың 83%-ті келеді, қалған 80% халыққа 17% табыс, ең кедей бөлігіне 1,4 % табыстың үлесі тиеді екен. Ең бай 20% елдер мен ең кедей 20% елдердің арасындағы алшақтық 1960 жылы 30:1, 1990 жылы 60:1, ал 2000 жылы 100:1 болды.

        Алайда дамушы елдер тиімді интеграциялық топтар құрып, үлгі көрсетіп отырған жоқ. Ұлттық экономикалардың өзара интеграциялануға қабілеті олардың құрылымды түрде бір-бірін толықтыра алатындығымен байланысты. Дамушы елдердің құрылымдары ұқсас болғандықтан олар толықтырушы емес бәсекелес сипатта болып табылады. Экспорттық ресурстардың шектеулілігі, төмен сапалылық өзара сауданы шектейді. Көбіне дамушы елдер интеграциясы формальді болып келеді. Мұндай жағдай посткеңестік кеңістікте байқалады. Формальді түрде қол қойылған көптеген келісімдер ТМД елдерінде өндірілген тауарлардың бірегей салық салу тәртібінің құрылуына, капитал мен қызмет және жұмысшы күшінің еркін қозғалуына әкелмеді.

 

 

 

Кесте 1. 2015 ж. Елдер топтары бойынша жалпы әлемдік өнімнің бөлінуі

 

    Көрсеткіштер

Барлығы

Табысы жоғары елдерде

жоғары

орташа

төмен

Жалпы әлемдік өнім, трлн. доллар,%

24

100

19,2

80

3,6

15

1,2

5

Елдер саны

132

24

63

45

Халық,%

100

13,5

31,5

55

Жан басына шаққандағы ЖІӨ, доллар

4300

23200

200

324

Бір жұмысбастыға шаққандағы ЖІӨ, доллар

9700

51318

5714

836

Жан басына шаққандағы тұтыну, доллар

2714

14800

1440

236

Жан басына шаққандағы жалпы инвестициялар, доллар

1470

3650

520

84

Жан басына шаққандағы экспорт көлемі, доллар

700

3600

410

50

Жан басына шаққандағы ИИК, доллар

450

2350

250

32

 

           Кесте 1 мәліметтері көрсетіп тұрғандай 24 дамыған елге ЖІӨ-нің көп көлемі, тұтыну, инвестициялардың, экспорттың маңызды бөлігі келіп отыр.

         Постиндустриалды елдерде табыстың 1/5 бөлігі экспортқа тәуелді болса, дамушы елдерде 1/3 бөлігі тәуелді. Дамыған елдерде экспорттық квота 5-8%, ал Бразилияда 18%; Мексикада 23,5%; Қытайда 21,9%; Индонезияда 21,9%; Оңтүстік Кореяда 26,8%; Сингапурде 132,9%. Дамушы елдер дамыған елдерге қарағанда үлкен экспорттық квотаға ие бола тұра, постиндустриалды елдерге қарағанда төмен табыс алады. Мысалы Қытай экспортының құны Бельгиядан төмен.

Екіншіден, интернационализация және глобализация тұрғысында аймақтану үрдісі жүріп, әр түрлі әлемдік нарықтан тәуелсіз интеграциондық топтар құрылып жатыр.

Глобализация мен аймақтану бір үрдістің нәтижесі болса да жиі-жиі бір-біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген елдер соңғы жылдары топтанып ішінара экономикалық ареалдар құрып жатыр. Интеграциялық топтың мүддесін қорғау қалған әлемдік шаруашылық мүддесінен маңызды болып отыр. Мұндай топтар ӘСҰ, БҰҰ сияқты ұйымдардың нұсқауларын қабылдамауы да мүмкін.

 

Әдебиеттер тізімі

1.      ВТО в системе мирохозяйственных связей. // Евразийское сообщество № 3 (31) 2000 Салимбаева Р.

2.      Данные института экономических исследований Министерства индустрии и торговли РК

3.      Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996.

4.      Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Алматы, 1997.