СТУДЕНТТЕРДЕ АЗАМАТТЫҚ
САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗДЕРІ
Халдарбекова Л.Н. Тараз
қаласы №11
Мырзагельдиева Д.М. – студент
Тараз
Инновациялық-Гуманитарлық Университеті
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 11 қараша 2014
жылғы «Нұрлы жол -
болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына
Жолдауында Қазақстан дамуының жаңа экономикалық
стратегиясын белгілей келе «Білім берудің сапасын жаңарту мен әлемдік
білім стандартына сәйкес ұлттық білім беру жүйесін
құру екендігі қажет» –
деп атап көрсетті [1].
XXI ғасыр білімі мен
тәрбиесі бізден тез өзгеретін әлем жағдайына
бейімделуге мүмкіндік беретін, кәсіби қызметте өзін
шығармашылық тұрғыда жүзеге асыратын тиімді
өзгерістерді талап етеді.
Н.Ә.Назарбаев «білім мен ғылымды өз
дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың
алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және
ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға
қоюымыз керек» деп міндеттейді. Сонымен қатар Отанымыздың Мәңгілік Елге
– ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманына жетуді
көздеді. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас
құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын
Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты,
түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды
ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің
іргетасын қаладық» деп көрсетті. Осы Мәңгілік
Елдің әлемдегі мемлекеттермен терезесі тең болуы үшін
жастарымызда азаматтық сананы қалыптастыру, өз Отанының
нағыз азаматы етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің басты
талабы [2].
Азаматтық сананы қалыптастыру
үшін ең бастысы азаматтық тәрбие беруіміз қажет,
ал азаматтық тәрбие дегеніміз не?
Бұл - азаматтықты адамға өзін-өзі заңды, әлеуметтік, ізгі және
саяси әрекетке қабілетті
сезіну мүмкіндігін беретін тұлғалық интегративтік қасиет ретінде
қалыптастыру. Азаматтықтың негізгі элементтеріне мыналар
жатады: ар-намыс сезімінде, тұлғалық ішкі еркіндікте, тәртіптілікте,
басқа адамдарға және мемлекеттікбилікке құрмет және сенім білдіруде, өзінің міндеттерін орындау,
патриоттық, ұлттық және ұлтаралық
сезімдерін үйлесімді қиюластыру қабілетінде көрінетін адамгершілік, құқықтық және
саяси мәдениет.
Азаматтық тәрбие негізгі
мақсаты - адамда қоғамдық ізгі мұраттарды,
отансүйгіштік сезімін бейбітшілікке ұмтылысын,
қоғам игілігіне еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу.[1]
Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы"
Заңының 8-бабында былай деп
көрсетілген: "Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты
өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке
басының дамуы үшін жағдай арқылы интеллектін
байыту..." және 62-бабында
"Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері
мен қаржының
мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психологиялық, адамгершілік және рухани
жағынан дамуына қажетті
өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі
жауапкершілікте болады" деп
айтылған [3].
Қазақстан Республикасы - бай тарихи
дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі таңда
еліміз үшін азаматтарымыз бойындағы өзіндік қасиеттерге
нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті
және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы
жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға
әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық
мәдениет аясында, рухани-адамгершілік негіздерін қалыптастыру
мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана
оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға
бағытталған жұмыс нәтижесінде студенттердің белсенді
өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, олардың
азаматтық міндеттерінің және өз бетінше жұмыс
жасау дағдыларын көтеруге болады.
Оқу-тәрбие
барысында адамгершілікке, патриоттық, азаматтыққа
тәрбиелейтін пәндердің ең бастысы -ана тілі, тарихи
оқиғалар. Ол шәкірттерде отансүйгіштік,
ұлтжандылық, идеалдық сенімдерін қалыптастырады.
Әсіресе қазіргі кезде қазақ халқының
тарихын қайта жазуда, хандарымыз бен билерімізді, шешендеріміз бен
жырауларымызды тірілтіп дәріптеуде қазақ халқы
тарихының орны бөлек. Тәуке, Жәнібек, Абылай, Кенесары
сынды хандарымыз, Қабанбай, Бөгенбай, Сәмен, Рысбек,
Қойгелді, Райымбектей қолбасшыларымыз,
Аңырақайдағы шайқас (Ол – қазақтың
Бородиносы. Бұл 300 жылдық соғысты Ұлы Отан
соғысы деп тегін айтпайды), Төле би, Қазыбек би, Айтеке би тағы
басқалар туралы тарихи деректер жастарымыздың рухани байлығын
кеңейтіп, қоғамдағы орнын түсінуге
көмектеседі. Күреспен, құрбандықпен және
бабаларымыздың батырлығының арқасында еріскен
жетістіктердің бәріне, өскелең ұрпақта,
оларға құрмет пен қарауға жәнеде ізгі тілек- ниетттерін оятады.
Тарих пен әдебиеттен
басқа пәндер әсіресе, қазақтың
ұлттық педагогикасы, географиясы, тағы басқалар
жастарды адамгершілік тәрбиеге үйретеді. Осы пәндер
арқылы жастардың бойына еңбексүйгіштік,
тәртіптілік, ұқыптылық, дәлдік сияқты
моральдық қасиеттерді сіңіруге болады.
Студенттерді тек
пәндер арқылы емес, басқада оқудан тыс, үйірме
жұмыстарында да адамгершілік тәрбиеге баулуға болады.
Оған бірінші курс студенттерінің, аудиториядан тыс кураторлары
және тәрбие жұмысы бойынша проректор басқада
жетекшілердің этикалық әңгімесі,
моральды-этикалық жиындар, пікір-сайыстар тағы басқалар
жатады.
Жастардың адамгершілік
тәрбиесінің мазмұны университеттегі пәндер,
аудиториядан тыс өткізетін іс-шаралар арқылы қалыптасады. Осы
өткізілетін сабақтар, іс-шаралар неғұрылым
маңызды, студенттердің көзқарастарына, қазіргі
заман талаптарына сәйкес қонымды болса, олар соғұрлым
жастарды адамгершіліке тәрбиелеуге зор ықпал жасайды. Адамгершілік тәрбиенің
өзіне тән міндеттері бар. Олар:
-Шәкірттерді өмір талабына сай
қоғамдық моральдық нормасын орындауға
қатыстыру;
-Шәкірттердің адамгершілік тәжрибесін
қалыптастыру;
-Шәкірттердің санасына және мінезіне
ұстаздық ықпал жасау, ұлттық қасиеттерді
дарыту;
-Республика, оның Президентіне, Әнұранына,
Рәміздеріне шәкірттердің сүйіспеншілік сезімін
тәрбиелеу.
Егеменді
демократиялық-азаматтық қоғамды құру
барысында Қазақстан Республикасы өзінің
тәуелсіздігін жариялап, өркениетке
бағыт алған кезден бастап ақ болашақ жас
ұрпақты мәдениетті,
білімді, рухани интеллектуалдылығы жағынан жоғары етіп тәрбиелеудің мазмұнын
түбегейлі жаңартуды көздеді. Осы айтылғандардың ішінде қазіргі
жоғарғы оқу орындарының, қалаберсе жалпы білім
беру мектептерінің алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі - адамгершілік
тәрбиесі арқылы жастардың бойында азаматтық сананы,
азаматтық айқындамасын қалыптастыру. Азаматтық тәрбиесі қай заманда болсын адамзат алдындағы
ізгі қасиеттердің бірі болып
табылады. Кезінде орыстың ұлы жазушысы Н.А. Некрасов
өзінің «Поэт и гражданин» еңбегінде былай деген еді:
«Ақын болмауың мүмкін, бірақ азамат болуға
тиіссің». Бұл жағдай
өзінің ісін, өмірін жалғастыратын ұрпағын салауатты, саналы
адамгершілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеуді қазіргі
жаңа демократиялық-азаматтық қоғамды
құру кезеңінде өте маңызды, әрі қажетті, шешуді күттірмейтін
мәселе болып отыр. Себебі адамгершілік
тәрбиесі азаматтық сананы қалыптастыруда өзінің
педагогикалық, психологиялық мәнділігімен ерекшеленеді. Оны қазақ
педагогикалық энциклопедия
сөздігінде адамгершілік тәрбиесі ұғымына берілген сипаттамадан көруге болады. Атап
айтқанда, адамгершілік тәрбиесі
- болашақ жас ұрпақты белгілі бір мақсатқа
негізделген көзқарасты,
сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға
және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты
дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты
тиімді пайдалануға бағытталган жалпы азаматтық тәрбиенің құрамдас бір
бөлігі. Ал қазіргі нарық билеген мына заманда жоғарыда көрсетілген
адамгершілік қасиеттердің қоғамда көрініс алмауы, керісінше, қоғамға
жат теріс мінездердің көптеген
белең ала бастағанына біздер куә болып отырмыз. Алайда, қазіргі орын алып отырған
келеңсіз жағдайлар (кейбір
үкімет басшыларының сыбайлас жемқор болып кетулері,
тұрмыстық қайшылықтар, күн сайын туындап
отырған қымбатшылық,
жұмыссыздық, нашақорлық т.б. жастарға ықпал етпей тұрмайды, алайда, осындай
жағдайлар жат қылықтардың
(адамға деген қатыгездік, мейірімсіздік, зұлымдық, күншілдік, құбылмалы мінезділік,
өзіне-өзі сын мінезбен қарамаушылық
т.б.)жастардың бойында қалыптасуына себеп болып отыр.
Сондықтан
бүгінгі таңда білімнің Мемлекеттік стандартына сәйкес
Республика мектеп және жоғарғы оқу орындарында білім
беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі
жаңарту керек. Осыған орай қазіргі мектептегі
білім беру жүйесіндегі тәрбиенің мақсаты оқушыларды
рухани бай, саналы, жан-жақты мәдениетті, ілтипатты
болуға, нағыз азамат патриот, еңбекқорлыққа
икемді және бәсекелестікке бейім тұлғаны
тәрбиелеп қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.
Адамгершілік тәрбиені
беретіндер ата-ана және мұғалімдер
болғандықтан бүгінгі қоғамның
сұранысына сай олардың бойында адамның ең ізгі
қасиеттерінің болуын қалыптастыру - бүгінгі
мектептің міндеті. Мұндай жағдайда адамгершілік
тәрбиесінің тиімділігін арттыру мақсатында, әсіресе бастауыш
сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес,
оқулықтардың сапасын, олар үйренетін
құндылықтарды ата-бабаларымыз тарихынан алсақ,
қалаберсе, өз дініміздің адамгершілік тәрбиелік маңызға
ие жақтарында оқулықтарға енгізсе болатын заманға
келіп жеттік. Өйткені жастарымыз діннен сауатсыз
болғандықтан әр түрлі секталарға кіріп,
«экстремизм», «Вхаббизм» сияқты ағымдарда адасып
жүргендерінің өзі дінді ғылыми тұрғыдан
үйреніп, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру
бүгінгі күннің талабы. Өз заманында Әбу Наср
Әл Фараби айтқандай:
«Ғалым болудан алдын адам бол» деген пікірі қазіргі күнде де
өте құнды.
Тәуелсіз еліміздің білім беру
жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер
қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін
жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие
үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық
ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің
осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі – ойын.
Баланың
танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да,
балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін
қалыптастыратын да – ойын әрекеті болып саналады.
Ойынның мақсаты бағдарламада
анықталған білім, білік, дағдылар жайлы түсінік беру,
оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе
тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың
қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында
іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Оқытудың түпкі мақсаты –
оның сапалы, яғни сабақтың түрлері мен
әдістерін, мазмұнын жетілдіруге әдіскерлік, танымдық,
білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге
көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен
практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды.
Сабақта ойын түрін пайдалану – сабақтың әдістерін
жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны.
Дидактикалық ойындар барлық топтарда
қолданылады. Демек, ойын деген аты ғана, ал, шынында, ол
сабақтың, еңбектің жиынтығы. Ойын
түрлерінен тәрбиенің түп мақсатын табуға
болады. Ойын барысында студенттер бірін-бірі сыйлауды, үлкендерді
құрметтеуді, қоғам мүлкін, табиғатты
қадырлеуді үйретеді. Барлық пән сабақтарында
дидактикалық ойындарды пайдалану студенттердің білім, іскерлік,
дағды сапасына тиімді әсер етеді.
Өндірістік
қатынастар дамыған заманда,
жастарды тәрбиелеу жүйесін ары қарай дамыта түсу
педагогтардың міндеті.
Орыс педагогы
В.А.Сухомлинский: “Ойын баланың
алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық
қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы
мүмкін емес,” - десе [8.23-б],
ғалым Е.А.Покровский
өзінің балалардың ойынына арнаған еңбегінде
әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді [9.98-б]. Мысалы: ежелгі гректерде “Ойын” түсінігі балалардың
қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында
қуаныш шаттық сезімдерін сипаттайды – деп, барлық
халықтың ойын түсінігінің түп - тамырының сабақтасып жатқандығы
туралы тұжырым жасайды [9.69-б].
Ойын – таным процесін дамытудың
негізі болғандықтан әрбір педагог-мұғалім
оқыту мен тәрбие берудің мазмұны үнемі ойын
элементтерімен толықтырып отыру керек.
Шығыстың
ұлы ойшылы Әбу Насыр Әль Фараби өзінің
“Бақыт жолында” атты философиялық
шығармасында адамның танымын дамыту арқалы ғана
оны бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқталса [4.105-б],
ұлы Абай өзінің 43 қара сөзінде баланың
танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, оның өзі
із-түссіз жоғалып кететінің айтады [16.300-б]. Ағартушы
ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде
таным әрекетінің негізі – оқу, білім деп тұжырымдайыды
[5.6.7].
Жастардың
танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да,
оларда оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін
қалыптастыратын да – үлгі өнеге болып саналады.
Қай ғалымды
алмайық өздерінің тәрбие туралы
еңбектерінде:”үлкендердің үлгі өнеге болуы
ғана жастарға әсер етеді” деген сипаттама өмірлік
тәжрибеге дәл келеді,
жастар үлкендердің айтқанынан көре істеген
іс-әрекеттерін амалда қайталайды, сондықтан мейлі ол педагог
болсын, әлде ата-ана олар көркем мінез үлгісі бола алуы
тиіс [5.58-б].
Ұстаз
ойынға тек қана студенттерді қызықтырып, уақыт
өткізудің құралы деп қарамай, оларға
берілетін танымның, білім мен тәрбиенің құнды
негізі деп қараса үлкен жетістіктерге қол жеткізіп,
мақсатына жете алады .
Бұдан
шығаратын қорытынды мақсаты дұрыс таңдалып,
сауатты түрде ұйымдастырылған ойын ғана бала
танымының дамуына, дұрыс тәрбие алуына жағдай жасайды.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына
Жолдауы // Егемен Қазақстан жалпыұлттық
республикалық газеті. №221 (28444), 12 қараша, 2014 жыл.
2.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050 - Бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы // Егемен
Қазақстан жалпыұлттық республикалық газеті. 17
қаңтар 2014 жыл. №25 (28444).
Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңы // Егемен Қазақстан.
– 2007, 15 тамыз. - 5-8 б.
3.А. Көбесов. Әл-Фараби.
–Алматы:Білім,2006.-241 б. 3-басылым.
Ы. Алтынсарин.
Шығармалар жинағы 3 томдық.
1-том. –Алматы:РБК, 2005.-287 б. 4-басылым.
4.Ы.Алтынсарин .
Шығармалар жинағы 3 томдық.
2-том. –Алматы, 2006. -302 б.
5.Ы.Алтынсарин .
Шығармалар жинағы 3 томдық.
3-том. –Алматы, 2007. -321 б.
В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы.
–Алматы: РБК, 2006,-193 б.
6.Ткаченко Н.Ю. Гражданское
сознание воспитываем делом. // Интерактивное образование. Электронная газета.
выпуск 20, декабрь 2008.