Педагогические науки
А.Б.
Даникеева С., Самарханова
Тараз
инновациялық гуманитарлық университеті, Казақстан
МІНЕЗ -
ҚҰЛҚЫНДА
АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІН -
ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі кезде мiнез-құлықтарында
ауытқушылығы бар жасөспірімдердің тұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің
назарын аудартуда.
Болашақ ұрпақтың әсiресе
мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар
жасөспірімдердің терiс жолға түспеуiн,
адемгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және
iзгi ниеттi азамат болуына, олардың тұлғасының
дұрыс қалыптасуы, яғни өзiн-өзi бағалауы
маңызды болып табылады.
Бұлай болу себебі қазіргі таңда отбасы жағдайына,
заман талабына сай, әр
түрлі зиянды заттардың арқасында ешқандай кінәсіз
толық қарым – қатынасқа түспейтін, мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар
жасөспірімдер көбеюде.Көптеген ғылыми
зерттеулерде мiнез-құлықтарында
ауытқушылығы бар жасөспірімдердің тұлғалық сипаттамалары бейнеленген. Бұл тұжырымдағы төменгі қарапайым
немесе табиғи психикалық үрдістері
жоғары, мәдени үрдістерге
айналдыру даму үрдістерін түсінудегі
негізгі сәт болып
табылады. Л.С.Выготскийдің
айтуы бойынша, адамның тұлғасы
өзінің
қарым-қатынасы, мінез–құлқының т.б.
әсерінің
нәтижесінде дамиды.
Кейбір зерттеушілердің эксперименттік
зерттеулерінде мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар
жасөспірімдердің даму
ерекшеліктерінің кейбір
жақтары қамтылған.Авторлардың жалпы
зерттеушілердің
нәтижесінде, мiнез-құлықтарында
ауытқушылығы бар жасөспірімдерді оқыту және
тәрбиелеу барысында айтарлықтай өзгеруін
көрсетеді.Сонымен қатар негізгі
мәселе олардың өзін-өзі бағалауы.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар
жасөспірімдердің мұғалімдермен, ата-аналарымен,
жолдастары арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа
келтіру маңызды болып табылады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар
жасөспірімдердің қалыпты тұрғыда
қалыптасуы, болашақта
олардың парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып,
еліміздің мәртебелі азаматы болуына үлкен әсерін
тигізері сөзсіз.Тұлғаның қалыптасуы адамның
мінездемесi үшiн маңызды орын алады, яғни оның
мiнез-құлық пен iс-әрекетiнiң жоғары саналы
формаларын қамтамасыз етiп, оның ақиқатқа
байланысты барлық қарым-қатынастырының бiрлiгiн
құрайды Б.Г. Ананьев, А.Н.
Леонтьев өз еңбектерiнде объективтi өмiрдi бейнелеу процесінде, белсендi
тұлға, қоршаған әлеуметтiк өмiр танымы,
сана сезiмiмен бiрлестiкте iске енетiн - тұтастай субъект ретiнде
көрiнiс бередi деп дәрiптеледi
Ал Божовичтің балалар тұлғасының психологиялық
зерттеу мiндетiнде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын
бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын
жағдайларды анықтауы көзделедi.Қазақстанда
тұлға мәселесi Ж.И. Намазбаеваның
жетекшiлiгiмен және оның шәкiрттерiнiң, яғни Л.О. Сарсенбаева, Р.Ш. Сабирова Л.В.
Пилипчук С.Ж. Омирбекова және т.б. ғылыми зерттеу
еңбектерiнде белсендi түрде дамуда әрі жан-жақты
зерттелуде.
Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады
және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен
тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады. Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез - құлықтары психикалық дамуы уақытша
тежелген, баяулаған, тез
ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде
психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін,
кәмелетке жасы толмаған
құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен
балалар жатады. Басқаша
айтсақ
жағымсыз дау жанжал шығаратындар. Мінез-құлқында
ауытқушылығы бар
жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды
өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне
аударады.
Мінез-құлық
ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер
қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті
мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын
күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге
ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер,
айыптылықтар. Девиантты
мінез-құлық дегеніміз – қоғамда
қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл
ұғым өте кең, оған делинквентті
мінез-құлық және т.б. мінез-құлық
ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті
мінез-құлыққа дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы»
ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың
жеткіліксіздігі» ұғымдарынан айыра білу керек.
Баланың жоғарғы дәрежедегі
мінез-құлқындағы психологиялық қызмет
деңгейінің де түрліше болатындығын ескеру керек. Мінез-құлық бірден пайда
болмайды, өсе келе пайда болады. Алайда осы мінез-
құықтарды байқағанда кемістігін аңғарып қалғандай
болсақ, ондай олқылықтарды қалайша
толықтыруға болады және сол кемістіктерді бұдан,
былайғы даму кезеңдерін де жоюды, жандандырудың
әдіс-тәсілдерін іздестіру керек.
Мінез-құлқында ауытқушылығы
бар балаларға тән ойлау іс-әрекетінің реттеуші қызметінің
әлсіздігі, жиі жағдайда өзінің және
өзгелердің әрекеттері мен қылықтарына сын
көзбен қарай алмауын қамтамасыз
етеді. Сана сезім деңгейінің төмендігі көп
жағдайда, олардың әрекетті
орындар алдында емес, орындалғаннан кейін ойлануға алып
келеді.
Әдебиеттер
1 Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.- 290 с.
2 Омирбекова С.Ж. Особенности самооценки детей подросткового и раннего юношеского возраста. Автореф. ... канд. психол. наук: 27.10.99. Алматы, 1999, 25с.
3. Бабаев С. «Жалпы психология»Алматы
“Дарын” 2003ж.