Ережепова Нургул Есенбековна

Қазақстан. Сәтбаев қаласы. №1 мектеп-гимназиясы

Отбасындағы  адамгершілік  тәрбиесінің  ерекшеліктері.

Отбасы- тұрақты  жүйе,  олардың тұрақтылығы  мен заман  ырқына  орай өзгеріп  отырады.  Отбасының  адамгершілік тәрбиесінің бірінші  ерекшелігі  неке – материалдық  тәуелділіктен тыс  қалыптасуы қажет.  Отбасының  қоғамдық  қасиетті мен  құны  дәулет  пен  меншікке,  мұрагерлікке байланысты емес, жеке  адамдардың  жүрек  қалауына,  ырқына  байланысты  болуы өте қажет.  Екінші ерекшелігі-отбасының  мәні  мен құндылығы оның  атқаратын  қызметі  арқылы  анықталады. Әрбір  халықтың  ең  бір  қасиетті  дәулеті  мен қазынасы  сананың  көптілігінде.  Қазіргі  кезеңде  аз балалы отбасылар көбеюде. Үшінші ерекшелігі -  отбасының  нығаюы  ерлі-зайыптылардың ауқыттылығына берекелі  тіршілік  ете  білуіне тікелей  байланысты.

Отбасылық  меншікті қорландыру  әр отбасы мүшелерінің  ортақ  игілігі  болмақ.  Әрбір  халықтың  тым  ертеден  келе  жатқан көптеген  әдет- ғұрыптары  бар. Бұл әдет- ғұрыптар  жазылмай қалыптасқан  заң  сияқты тым  тамырлы.  Ал қазақ халқының  меймандостық, той-томалақ  түрлеренің  көптілігі отбасы  іргесі  нығайта түседі  және  жауапкершілігін  арттырады.

Отбасыны нығайту- қоғамның  әлеуметтік  саясатының негізгі  мақсаты,  қоғам  оған  тікелей  мүдделі : экономакалық ,  әлеуметтік, рухани  дағдарыс  отбасы  дағдарысын да туғызады.  Ал оның  тұрақтылығы  отбасы  мазмұнын  байытып , атқаратын  қызметін  іске  асыруға  да  жағдай жасайды.  Отбасы  адамгершілік  тәрбиесіндегі  ерекшеліктердің  негізгі  факторлар : а) Ерлі – зайыптылардың  тату – тәттілігі  бала тәрбиесінің алтын  бесігі  көрген халық  алыстан орағытын,  алдын  ала  абайлауға  шақырады; б) отбасы ынтымағы  жарасса, ұрпақ  тәлімінеде  өнегелі  арнада  болары аян;

в) отбасында  әдептілік көргенділік, сыпайылық, бияздық  сипат болуы   уәзипа; г) «Жақсы  қыз ел-жұрттың сақтар салтын» деген!  Жақсы қасиеттерді мойындау; д) ата-бабалардың адамгершілік дәстүрін  жалғастырады.

Отбасындағы  басты  роль «шаңырақтың  шуағы - әйел »  Әйел  қанша  жерден  жұлдыз, танымал  болсын,  өз отбасына, шаңырағына  келгенде, ол  сол үйдің отанасы, сол үйдің әйелі, балалардың  анасы,  күйеуінің жары. Соны  ұмытпау  парыз. Әйел ерлерден  гөрі  мықты. Әйелдің  міндеті – отбасына  жылу  шашу, шаңырақтың  шуағы - әйел. Отбасы  адамгершілігінің  басты  тәрбиесі  өмірдің  өзегі,  тіршіліктің  тірегі - әйел  ана. Балаға  ұлттық  тәлім – тәрбиесін  дер  кезінде  беру, меңгерту  бірінші  ана,  екінші  ұстаздың  басты  міндеті. Адамгершілік  тәрбиенің  отбасының  бастапқы  ерекшелігі -ұлттық  педогогикалық  қайнар  көзі.  Ата – бабамыз   балаларын  батырлыққа, шешендік  пен  шеберлікке, табандылық  пен  төзімділікке  баулыды. Әже-аналарымыз  қыздарын  мейірімділікке, әдептілік  пен бауырмандыққа  тәрбиеледі. Білім  ұясында  әрбір отбасының  салт – дәстүрін  ескеріп, баланың үйренгіштік дағдысына ауытқымай, психологиялық  тежелуге  ұшырамауы ескерілуі шарт.  «Баланы  жастан» деген  қазақ  ойның  нағыз  мәнін  осы  тұрғыда  пайдалану  керек.  Ал тәрбиелік жағынан  алсақ – қазақ  халқының  бала  тәрбиелеудегі  мұрасына  көз  жіберсек,  отбасына  байланысты  тұнып  тұрған  дәстүрдің бар  екенін көреміз.  Отбасында   ата- ана, мектепте  мұғалім  бала  тәрбиесіне  үлгі  етіп, шешендік  сөздерден  мысалдар  келтіріп, баланы  әңгімеге тартып, оның  ақыл – ойын  қалыптастырып , ойлау, сөйлеу қабілетін ояту.

Адамгершілік тәрбиенің тағы бір  бастаулары: а) ізеттілікке, кішіпейілдікке , қайырымдылыққа  тәрбиелеу ; б) « Сөз анасы – сәлем», деген аталы  сөздерді  баланы  инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелейді. Психологиялық  тұрғыдан  бір  ерекшелігі – олар  өз айналасындағы  адамдардың  бәрімен  бауырмалдылықпен  қарым – қатынас  жасайды. Қазақ  халқының  туысқандық, бауырмалдық  қасиеті оның  жеті  атасын  білуді талап  етеді. «Жеті атасын  білген  ұл, жеті  рулы  елді біледі», - деген  халықтың  дана  сөзі  бар. Сондай «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы  қазақпыз» - деген аталы сөз де ежелдіктің, бірліктің, бауырмалдықтың  белгісін  біл-діреді. 

Отбасы  адамгершілік  тәрбиесінің  ерекшелігінде  басты назар – бала  тәрбиесіне  тоқталатын  болсақ : Біріншіден, ата- ана мен  жұртшылықтың  бүгінгі  таңда негізгі нысаналы  мақсаттарының  бірі  ұрпақ  тәрбиесі  десек, бұл  жұмыс  баланың  білімге құштарлығын, еңбекке  ынталығын  арттыру  жастайынан  саналыққа  баулу арқылы  жүзеге  асырылатын  сөзсіз. Оларға  жан – жақты  білім  беруге, мінез- құлқын  заман  талабына сай  қалыптастыру  мектептен  басталғанымен  бала  көп уақытын  үйде  жанұя  ортасында өткізеді.  Осы  екі  ортадағы  тәрбие  сәйкес  келіп, бірін – бірі  толықтырып  тұрса жақсы нәтижеге  жету мүмкін емес. Қай ата – ана  болмасын өз балаларына  қолдан келген жақсылықтарын  аямайды. Әрбір ата-ана  балаға  өнеге  екенін  ұмытпау  керек.

Сондықтан, олар барлық  іс- әрекетіне, сөзіне, жүріс – тұрысына да өте сақ болып өздеріне  еліктейтін  жан  барын  бір  сәтте  естен  шығарған  абзал. Балалық  табиғи  қасиеттеріне,  жан  дүниесіне  үңіліп, зер  салып, жас ерекшелігіне  қарай  тәрбие  әдіс  тәсілдерін  шеңберлікпен қолдана білген жөн.

Баланы  адамгершілікпен  сүйе білу нәтижесінде тәрбиелеу  өмірідегі  ең  маңызды нәрсеге үйрету  деген  сөз. Баланы  өмірге  бейімделуде  мектеп, мұғалім, ал  ата-ананың орны  бөлек.  Мысалы  отбасы  төмен  балаларға  заман  талабына  сай  білім  алып, тәрбиеленуде. Өмір  сүруге  құштарлығының   аянуы,  өзін қоршаған  ортасына, мұғалімге, ата -  ана,  достарына  күнделікті  іс - әрекетіне  тағы  басқа қасиеттеріне байланысты.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.     Әбжанов Ә., Нысанбаев. “Ой. Ақыл. Адамгершілік”. Алматы-94

2.     Бозханова к., Жұмаханов Ә., Айтманбетова Б. “Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері”. Алматы “Мектеп” 1985ж.