ӘОЖ 37.001
1Бектемирова Г.Н., 2Мырзаханова
И.А.,
1Казахская национальная академия искусств имени Т. К. Жургенова
2Казахский национальный
педагогический университет имени Абая
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ
ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ
Халықтың
ғасырлар бойғы әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін,
ұлттық құндылығын жетілдіре отырып, халқымыздың
дамуына ықпал ететін ұлттық идеология болмаса онда сол
халық қазіргі аузын арандай ашқан жаһанданудың
аранына түсіп кетеді. Сондықтан қандай мемлекет болмасын
өз халқын ұлтсызданудан қорғау үшін
ең алдымен ұлттық идеологиясын басты орынға қоюы
тиіс. Ал, егемендік алған жиырма жылдың ішінде біздің
ұлттық идеологиямыз қандай деңгейге жетті?
Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі
құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген
халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді
шешуді жүктейді. Сонымен қатар, тәуелсіздік алған жылдардан кейін еліміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі – жаңа заман талабына жауап бере алатын мемлекеттің ұлттық идеясын жасау мәселесімен қатар, қазіргі модернизациялану жағдайында қоғам өміріндегі ұлттық идеяның алатын орнын анықтап, рухани жетілу, адамгершілікті дамыту, идеологиялық біріктіру қызметтерін кеңейту мүмкіндіктерін іздестіру қажеттілігі туды.
Ұлттық
идея этникалық сезімдердің негізінде пайда болады. Ал идеология
қоғамдық сананың жоғарғы сатысы болып
табылады. Егер ол ұлттық идеяға негізделсе, оның
құндылықтарымен толықтырылса, күшке ие болады. Идеялардың
маңызды топтастырушысы болып табылатын идеология стихиялы түрде
пайда болмайды, оны адамдар қалыптастырады және оның
өзіндік мақсаты мен қызметі болады. Қазақстан
сияқты тәуелсіздігін жаңа алған жас елге идеология
керек және ең алдымен, ол мемлекеттің ұлттық
сипатына, тәуелсіздігіне қызмет етуге тиіс. Ұлттық
идеология дегеніміз-халықтың, бүкіл елдің
әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, санасын ғасырлар
бойы дамытып, жетілдіру арқылы
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ережесі, ол сол
халықтың тілін, ділін, мемлекетін қалыптастыруға
қызмет етеді. Әр халықтың өзіне тән,
қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мысалы,
Қазақстанның ұлан-байтақ жерді алып
жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың
бойындағы, батырлық, ерлік дәстүрді тудырған. Отанын
сүю, елін қорғау ер азаматтардың міндетіне кірген. Ауыз
әдебиетіндегі батырлар бейнесі осылай туған. Осыны болашақ
ұрпақтың бойына сіңіре отырып, ұлттық
идеология қалыптастырған. Сондықтан да халқымызды
азаматтыққа, батырлыққа, шешендікке, көрегендікке
тәрбиелеу де ұлттық идеологияның міндеті. Біздің
билеріміз, жырауларымыз жырлап, үлгі тұтқан әділеттілік
те халықтың шынайы қасиеті. Қазақ –
ұлттық дәстүр дегенге ерекше мән беретін
халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі
салтымыз. Дәстүр-халықтың ұзақ
өмірінде қалыптасып, сұрыпталған жақсы
қасиеттердің тұтас бітімі, көзқарасы, түсінігі,
шындықты тану өрнегі. Дәстүрге халықтың
әдет-салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы,
адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы
– бәрі де кіреді. Олар жинақтала келіп, ұлттық
белгілерді анықтайды, ұлттық сипатты танытады. Соған
байланысты ой-сана, ұғым-түсінік, талғам
жаңарады. Жаңарып, өзгеріп жатқан қоғам,
қоғамдық қатынастар дәстүрге белгілі
дәрежеде әсер етеді. Оны өзгертуге, әлемдік
көз-қарастардың ырқына бағындыруға тырысады.
Әр халықтың бойында жаңаны қабылдау
қасиетімен бірге кертартпалық та болады. Осы кертартпалық,
ең алдымен, дәстүрге қатысты. Біз жаңаны
қабылдай тұрып, ескі әдетті, мінез-құлықты,
яғни дәстүрді сақтауға тырысамыз. Ұлттың
ұлттылығын сақтау үшін дәстүрдің
озық үлгілерін тұрақтандырып, ол үшін
күресу қажеттігі де осыдан туады. Қазақ
мемлекетінің ұлттық идеологиясы да, халқымыздың
осындай жолмен қалыптасқан әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтап дамытуға, осы жолда
жаңа заман ұсынып отырған қажеттіктерді өз
сараптауымыздан өткізе отырып, қабылдауға құрылуы
керек. Дәстүр әр халықтың өмірі мен сол
қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде
қалыптасады. Ол да дәстүрге кіреді. Қазақ
халқы адам санының аздығына қарамастан, Еуразияның
дәл орталығында ұлан-байтақ жерді иемденген.
Осының негізінде отаншылдық, елін қорғау
жолындағы ерлік істері жатыр. Кең даланы мекендеген халық
жауласса – найза ұстайтын батыр, дауласса – сөзден
жеңілмейтін шешен болған. Халықтың осы мінезін заманы,
өмір сүрген ортасы туғызған, ол жақсы
дәстүрге айналып жалғасқан. Сол кең байтақ
даланы мекендеген халықта бір тіл, бір әдет-салт,
бауырмалдық, қонақжайлылық қалыптасқан. Билердің ерлігі әйгілі батырларлар көрсеткен ерлігінен кем емес болып, мемлекет саясатының барысын анықтаған еді. Осылай, Қазыбек бидің ақылы мен күшінің арқасында қалмақ пен қазақ халықтары арасында тыныштық орнатылған, Қазыбек би Жоңғар әміршісіне былай депті: «Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса — хан ордасын таптай білген елміз. Атадан
ұл туса — құл боламын
деп тумайды, анадан қыз туса — күң боламын
деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен
темір болсаң, біз көмірміз — еріткелі келгенбіз,
қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең — шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан — алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең — жөніңді айт, бермесең — тұрысатын жеріңді айт!»
Дәстүрлер
халықтың идеологиясының негізі болып табылады. Ендеше,
қазақтың ғасырлар бойы жинақтаған осы
жақсы дәстүрлерін сақтау керек. Оны жаңарта
отырып, негізін бекіту қажет. Ғасырлар бойы қазақ
жерінде орыс тілінің үстем болуы, біздің ой-санамыздың
соларға табынуы әлі де жалғасын тауып келе жатыр. Сана
тәуелсіз болмай ешқандай ұлт бостандыққа
жетпейді. Империяны құлату оңай. Ал оның сеуіп кеткен
психологиялық басыбайлылығын жеңу қиын. Мысалға алатын болсақ,
Ленинизмнің санаға кіріп кеткенінің бір дәйегі мынадай:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қайраткері болып отырған кеңсесінің төрінде
құлаған империя көсемінің бейнесі үш
жылға дейін ілулі тұрды. Бұл жөнінен алғанда
Лениннен гөрі Николай патшаның тұзы жеңіл боп
шықты. Мәселе – Ленин мен Николайдың суретінде емес
басыбайлылық психологиясында. Әңгіме Монтеньнің
«билеушіні тақтан құлатуын құлатасың-ау,
бірақ адамдардың басына сіңіп қалған
басыбайлылықтан қалай құтыларсың» деген емеуріні
туралы. Абайдың:
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз
ырқың, -деген пікірінің
астары да соны аңғартады.
Рухани
Бостандыққа жету – рухани басыбайлылықтан,
психологиялық тәуелділіктен толықтай құтылу деген
сөз емес. Мысалы: осыдан мың жыл бұрын жат елге тәуелді
болған елдің танымында, салт-дәстүрінде басқыншы
жұрттың бір белгісі сөзсіз қалады. Дәл бүгін туған нәрестенің
түсінігіне өзгеріс кіру, кірмеу екіталай. Себебі, оның
әкесінің санасы, танымы, тәрбиесі психологиялық
тәуелділіктен арылған жоқ. Ол нәресте
телеэкрандағы «мултик» торайды әр күн сайын асыға
күтеді. Енді оған торайдан сүйкімді жануар жоқ. Демек,
оның санасы толық таза тәуелсіз сана деуге болмайды. Әлемдегі отарлау
жүйесінің негізін қалаған испандар мен
ағылшындар, жапондар неге өзінің корольдары мен
императорларын әлі күнге дейін сақтап отыр. Себебі: “Баланы ұлша
тәрбиелесең – ұл болмақшы. Құлша
тәрбиелесең – құл болмақшы” (А.Байтұрсынов).
Түрік ұланы:
“Сен дүниеге түрік болып туғаның үшін
бақыттысың!” –деген Ата Түріктің сөзіне арқаланып,
өзін-өзі ер ұстап өсті. Американдықтар
болса: “Сен – дүниедегі ең қуатты, еркін ойлы, ең
озық елдің азаматысың. Сенің Америка Президенті
болуға толық қақың бар және президент
боласың!” – деп тәрбиелейді баласын. “Сенің ұятың – Жапонияның
ұяты. Жапонияның ұяты – император!” деп үйретеді
ұл-қызын жапондықтар. “Болашақ Индия – сенсің!
Сен қандай керемет болсаң – Индия сондай ғажайып болады!” –
деп ұран тастады Джавахарлал Неру.
Ал біз қалай
тәрбиелендік және қалай тәрбие
береміз?
Біз, қазақ ұлтының ұлдары, “кеше сауатсыз,
қараңғы жұрт едік. Орыстар кеп шырақ жақты.
Көзіңді ашты. Сол үшін балаңның баласына
өсиет ет: аға халықтың алдында иіліп өтсін. Онсыз
күнің жоқ!” – деген басыбайлылық рухында еңсеміз
езіліп, беліміз бүгіліп өстік.
Бұл
қазақ тілінің аясының тарылуына, дәстүр мен
ұлттық тәрбиенің өзгерісіне әкеліп отыр.
Қазіргі тәрбиенің барлығы да болашақ
ұрпақты ұлттық салт-санаға, дәстүрге
қиғаш жолдарды ұстануға құрылған.
Сөйтіп, өркениетті елдердің жасығына еліктеп,
қазақ халқының ғасырлар бойы
қалыптасқан әдет-ғұрпына қауіп төндіріп
отырмыз. Кейбір саясаткер азаматтарымыз қазақтың
әдет-ғұрпының мағынасына, мәнісіне бара
бермей, ұлт тәрбиесінің негізін түсінбей, оны
ғаламдық тәрбиеге үйлестіруді ойлайды.
Бұл-қазақ халқының қалыптасқан
ұлттық тәрбиесінің негізін әлсіретті. Идеология
қай қоғамда болсын, оны бекітуге қызмет етеді.
Социалистік идеология кешегі коммунистік режимді қалай көтергенін,
дүние жүзін тітіркеткен алып империяның негізін бекіткенін
жақсы білеміз. Сталин өлгеннен кейін Брежнев сияқты басшылар
өндіріс өркендесе, астық болса, идеология шешуші рөл
атқармайды деп санап, мемлекетті әлсіретіп алды. Сондықтан
жас мемлекетті идеологиялық жағынан да өркендету әбден
қажет.
Экономика
болса, қалғандары өзі құралады деп қарау
жетімсіз. Оның үстіне бізді қазір жаһандық
өзгерістер жан-жақтан қоршап жатыр. Бір жағынан,
әлемдік дамудың шеңберінен шығып қалмау, екінші
жағынан оның ұлттық сипатымызға жасап
жатқан қысымынан өзімізді арашалау – екі жақты
үлкен міндет. Жаһандану өзгерісіне бой алдыратындар ең
алдымен, жастар. Олар ұлттық дәстүр дегенге онша
мән бере бермейді. Сөйтіп, қазақы мінезден біртіндеп
алыстап бара жатыр. Ұлттық идеямызды қалыптастыру үшін
алдымен бала тәрбиесіне, ұлттық тілімізге,
мәдениетімізге және көгілдір экранда көрсетіліп
жатқан ұлттық телеарналарға мән беруіміз керек.
Ұлттық
идея дегеніміз– ұлт өз арманындағы құрғысы
келген мемлекет, ол идеал, бәрі осы идеалға тартылады, сол идеяның
төңірегінде
жиналады, сенеді. Сондықтан ұлттық идея біріктіруші болу
керек. Мемлекет үшін
пайдасы зор, біріншіден
мемлекетте
тұрақтылық орнайды,
егер ол мемлекеттің тұрып жатқан азаматтарының қалауларына және заманға сай
болса. Екіншіден, бәрі бірігіп жұмыс жасаған жағдайда,
мемлекет көркейеді. Ұлттық
идеяны жоғарыдан түсіріп, халық санасына енгізуге
болмайды, ондай идея уақыт өте келе өзінің өміршеңдігін
жояды.
Жалпы қатып
қалатын
ұлттық идеялар жоқ,
өйткені
ұлттық идея үнемі
заманға сай өзгеріп отыруы
маңызды.
Қоғам
қаншалықты
дамиды, соншалықты идея
өзгеруі қажет.
Ұлттық идея бір,
екі немесе үш
жалғасушы
ұрпаққа
түсінікті болуы абзал,
өйткені қоғам немесе адамның барлығы тарихи масштаб
бойынша ойлауға қабілетті емес. Жарияланған идея тым
жаһанды болса, онда
ол абстракты болып
кетіп, барлығымен қабылданбау мүмкін, ал
тым қысқа мерзімге
бағытталса, онда ол
халықтың
өзінің
қысқалығына
және ұзақ еместігіне байланысты
қызығушылығына
бөленбейді. Ұлттық идеяның ұлтты
біріктірудегі мерзімді де ескерген жөн екенін
көруімізге болады. Егер де
көрші
Қытайдың
ұлтық идеясына қарайтын болсақ, олар фашистік
Германия секілді агрессивті соғыс жүргізіп
әлемді жаулауға тырыспайды,
дегенмен әлемді жаулау олардың басты идеясы болып
табылады. Былай айтқанда, Қытай агрессивті соғыс
жүргізіп емес, керісінше экономикалық экспансияны
көздейді. Қытай әлемдік экономикада көшбасшы
рөлге қашан ие
болатынында белгілеп қойған. Қытайдың экономикалық экспансия саясаты
Цзян Цзэминмен белгіленген
болатын.
Қытайдың мемлекеттік
идеологиясы оның ата-заңында белгіленген.
Қазіргі Қытайда социализм
доктринасы ұлттық
ерекшеліктеріне сай болып
табылады.
Қытайлық
социализмнің
ерекшелігі Мао кезеңінде-ақ белгіленген
болатын, бірақ Мао
кезінде негізгі басымдықты ұлттық ерекшеліктерге емес, социалистік доктринаға берген болатын. Маолық «Мәдени революция» - ол
Қытайдың
ғасырлап
қалыптасқан
дәстүрлермен
байланысты үзу болып табылатын.
Мао негізгі басымдықты конфуциандық
мәдениетке емес, легистердің заң басымдығы
идеясын алға тартты.
Бұл Қытай тарихында
өзінің
мәдениетімен байланысты үзуге тырысқан екінші диктатор болып
табылатын. Біріншісі- Цинь Ши
Хуанди. Бүгінгі Қытайдың идеясы
түбегейлі жаңа деу
қиын, дегенмен, қазіргі қытайлықтар
негізгі мақсаты
коммунистік
қоғамды
құру емес,
«Ұлы Қытай ұлтының жаңғыруы» болып табылады. Қытайлықтарға
енді социализм мақсат ретінде
қабылданбайды, енді ол
тек ұлттың жаңғыруына жеткізетін
құрал ретінде қаралады[2].
Қазақстанның жаңа
ұлттық идея ретінде «Мәңгілік ел» идеясын
сенімді жариялауға әлі болмайды. Дегенмен,
осы идеяға сенуге,
үміттенуге шақыруға болады.
Қазақстан азаматтары
үшін
ұлттық идея санаты
әрқашан бос болатын,
енді оны толтыратын
уақыт келді.
Бұл
азаматтардың
санасының дайын екенінің белгісі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа
дәстүрлі жолдауында: Мәңгілік Ел–
ата-бабаларымыздың сан мың
жылдан бергі асыл арманы. Ол арман– әлем елдерімен терезесі тең
қатынас құратын, әлем
картасынан ойып тұрып
орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман– тұрмысы бақуатты, түтіні
түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз
армандарды
ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің
іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық
идеясы қандай болуы
керек?» деген сауал
жиі талқыға түсетінін көріп
жүрмін. Біз үшін
болашағымызға
бағдар ететін, ұлтты
ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін
идея бар. Ол–
Мәңгілік Ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі– Мәңгілік
Елордамызды
тұрғыздық.
Қазақтың
Мәңгілік
Ғұмыры
ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ– Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің
Ұлттық Идеясы– Мәңгілік Ел!», - деген болатын .
Мәңгілік ел
идеясын іске асыру
үшін және оның
өміршеңдігін
қамтамасыз ету үшін жоғары да
атап кеткенімдей қоғамның санасының да дайын болуы
да маңызды. Бұл негізінен халықтың рухының жоғары болуына және
саяси
мәдениетінің
қалыптасуымен тығыз
байланысты. Осы мәселелер патриотизмді
қалыптастырады. Саяси мәдениеттің, сонымен қатар
патриотизмнің
қалыптасуына
үлкен әсер ететін
мемлекеттік идеология болып табылады.
Идеология ол мемлекеттік
саясатты жүзеге асырушы
механизм ретінде қарастыру керек.
Мемлекеттің негізгі мақсаты– тұрақтылық
және
экономиканың дамуы.
Дәл осы мақсаттардың
тек идеологиялық машинаның дұрыс
бағытта жұмыс жасауы арқасында ғана
жетуге болады. Ұлттық идеяны жүзеге асыру
үшін идеология бірнеше бағытты қамту
керек, саяси салада–
патриотизмді
қалыптастыру, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;
экономикалық салада– ресурстардың әділетті
бөлінуін,
экономикалық даму;
әлеуметтік салада– орта
тапты қалыптастыру, тегін
білім алуды және
денсаулық сақтау
мекемелеріне тегін қаралуды қамтамасыз
ету,
қоғамның
әлеуметтік әлсіз қабаттарын қолдау, рухани
құндылықтардың
басымдығы және сақталуы, барлық этностардың
дәстүрлі
мәдениеттерін
сақтау. Сонымен қатар,
алыс орналасқан ауылдықтың және
үлкен қала азаматтарының ойларының бір бағытқа
қалай
қалыптастырады?
Қазіргі таңда осы
мәселелерге
нақты жауап беру
қиын, дегенмен,
бәрімізді
біріктіретін мәселе жалпы
тарих, дәстүр, ортақ
отанымыз. Осы негізгі түрткілер «Патриоттық актте»
көрініс табады деген
үміттемін. «Мәңгілік
ел» идеясы жауаптардан гөрі
сұрақтар
көп тудырды, сондықтан Президент
Нұрсұлтан Назарбаев «патриоттық актті»
Қазақстан
халықтар ассамблеясына, «
Қазақстан-2050» жалпы ұлттық
қозғлысымен және өзінің администрациясына біріге
отыра қолға алуды
тапсырды. Қандай құндылықтар осы
актіде көрініс табатыны
белгілі секілді.
«Мәңгілік ел»
дегеніміз- біздің еліміз саяси
аренада мәңгі өмір
сүруі емес пе,
ал мәңгі өмір сүру үшін бірінші
кезекте қоғам бәсекеге қабілетті болу керек. Алдында
аталып келе жатқан мемлекеттің шақырулары осы актте көрініс табады деуге болады.
Ол мысалға «50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіру», «еңбек қоғамы»,
«көп этносты қоғам»
және де басқа
да идеялар. Патриоттық актінің
негізгі мақсаты осы
аталған
мақсаттарды
жүзеге асыру механизмін жасау. Бірақ ең
негізгісі, идеяның шынымен жұмыс
жасауы үшін, бірінші
кезекте заңның басымдығын
орнату керек. Заң басымдығы
орнаған мемлекетте барлық идеялардың жүзеге асуына мүмкіншілік туады, заңды
сыйлайтын мемлекетте халқы да мемлекетке деген сеніммен қарайды.
Саяси, рухани, экономикалық элита бірінші кезекте өз мемлекетінің
патриоты болу керек, бірінші элита осы аталған құндылықтарды
өз бойынан тауып, халыққа патриоттықты көрсету
керек.
Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында көтерілген
«Мәңгілік Ел» идеясы арықарай насихатталып, әрбір азаматтың
мемлекетінің тұрақты дамуы, бірлігі, жетістігі, табысы
секілді түсініктермен тығыз байланыстырылатын ой ретінде санасында қалыптасуы
керек. Әрбір азамат мәңгі ел болып сақталып қалу
үшін оның үлесі зор екенін осы идея аясында түсіну
керек. «Мәңгілік Ел» идеясы астарында
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде мәңгі
өмір сүруі, мемлекетке тұрақтылық сыйлайтын құндылықтардың
сақталуы, мемлекетіміздің қуатының символына
айналған көркем қала– Астана, сонымен қатар,
қоғамда орнаған ұлттық бірлік, бейбітшілік
және түсіністік жатыр. Аталған мәселелерге Президент
Нұрсұлтан Назарбаев атап кеткен ұлттық идеяның
негізгі тіреуші төрт күшін атап кеткім келіп отыр: біріншісі ол–
ұлттық бірлік, екіншісі– бәсекеге қабілетті мықты
экономика, үшіншісі– қоғамның интеллектуалды біріктіруші
күші және төртінші негізі ол- әлем сыйлайтын мемлекет құру.
Жоғарыда атап кеткенімдей, ұлттық идеяның біріктіруші
күші болу керек. Ол Қазақстанда тұрып жатқан
әрбір азамат санасында мемлекетке деген патриоттық сезімін оятып,
әрбір азаматтың мүддесіне қайшы келмеу керек. Идея аясында
әрбір Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын
тұлғаларға ортақ болып келетін кең байтақ
мемлекетіміздің тарихының негізгі кезеңдері,
құндылықтары және ортақ болашағы ескерілуі
керек. Егер де аталған мәселелер ескерілетін болса,
ұлттық идеяның халық санасына сіңісуі уақыт
мәселесіне айналады.
Кеңес Одағының ыдырауы
қазақ елі үшін
көптеген проблемалар туындатқаны бәрімізге мәлім, сондықтан
қазіргі таңда Қазақстан үшін
ұлттық идеяның ауадай қажеттілігін саяси элита
түсінуде. Өз тәуелсіздігін сақтап қалам деуші
ұлт, бірінші кезекте өзінің
өміршеңдігін
қамтамасыз ету керек.
Тәуелсіздігі
кепілделінген халық деп
тек тәуелсіздігіне
өзгелер қол сұқпаушылығын ғана
емес, сонымен қатар
қазақ
ұлтына тіптен тиісуді жоспарламайтындай қылу керек. Осы
мақсатты қалай жүзеге асыруға болады?
Егер де
қазақ
ұлты өзге ұлттардың алдында
құнды
болған жағдайда, егер
де өзге ұлттар қазақ халқының осы
әлемде орны бөлек
екені түсінгенде, қазақ халқы
өзге
ұлттарға керек құндылықтарды жасап
жатқанды
көргенде бұл мақсат мүмкін.
Нарық тілімен айтсам, «ерекше сауда- саттық ұсынысқа» ие
болу. Бірақ ерекше
болу аз, сонымен
қатар қажет болу
керек. Егер де Қазақстан аталған құндылықтарына
ие болмайтын болса,
онда не біз, не
көршілер, ешкім әлемде бізді
сақтауға тырыспайды. Сондықтан да өзіміздің мәдениетіміздің
жаңғыруын қамтамасыз ету керекпіз. Қазіргі таңда «Стратегия- 2030», одан
кейінгі«Стратегия- 2050», «50
дамыған мемлекеттің
қатарына кіру» секілді
ұзақ мерзімді идеялар
қаншалықты
біздің қоғамда
актуалды? Қаншалықты қарапайым халық таныс осы
құжаттармен?
Қаншалықты көтерілген
мәселелер
шынайлыққа
жанасады және іске
асырылады? Осы сұрақтарға жауап бермей,
бұл идеялар халықпен қабылданбайды,
тіптен қабылдануы да
мүмкін, дегенмен
халық
қаншалықты
сенеді осы бағдарламаларға... Ұлттық идея
қысқа және нақты болу
керек. « Мәңгілік
ел», «Бостандық», «Тең
мүмкіндіктер», «Американы
қуып жетіп озу», «Дала қасқырлары». Әрине, осымен
қатар
мемлекеттің де саясаты
идеямен
қоғамға
қарсы болмау керек.
«Мәңгілік ел» -
онда мәңгілік елді
сақтап қалу үшін
демократияны орнату және
мықты экономика, « бостандық» - онда орталықсыздандыру, цензураны
жою, «тең мүмкіндіктер–
онда ұлтына, руына, қалта жағдайына қарамай тең
мүмкіндіктер тудыру ж.т.с.с. Ұлттық идея дегеніміз
қоғамның қуаты, егер де бір идеяны жариялап, оны іс
жүзінде жасамаса, онда қоғам жарылады. Жалпы барлық революциялар солай боладығой, төмендегілер істей
алмайды-
жоғарыдағылар
істегісі келмейді. Қазақстан үшін
ұлттық идея мәселесі өте маңызды
және ауыр. Маңыздылығы және ауыртпалығы да сонда,
ұлттық идеяның
әлі де толыққанды қалыптаспағандықтан. Халықтың алдында
біріктіруші идея болмағандықтан, жол
көрсетуші
жарықтың болмауынан алауыздық пайда болады. Қоғам алдында барлығы мойындайтын
біріктіруші идея болған жағдайда
ғана
қоғам энергиясын сол
идеяны жүзеге асыруына жібереді. АҚШ– тең
мүмкіндіктер
қоғамы.
Өздерін
конституциялық
деңгейде теңбіз деп жариялаған олар
тек 40 жыл бұрын
расизмнен
құтылды. Дегенмен, менталитетінде әлі де қалдықтары бар.
Наполеон Еуропаға либерализм
және
буржуазиялық
бостандықтарды әкеле жатып, өз елінде80% газетті жауып
тастады. Әрине
бәрімізге
түсінікті,
ұлттық саясат маңызды, бірақ
жоғарыда атап кеткендей ұлттық саясат
және
ұлттық идея бір-бірінен
ажырамастай болуы қажет. Ұлттық саясат
биліктің өзі жариялаған идеясына қайшы келмеу
керек. Ұлттық идея
бірінші кезекте сенім, үміт
тудыру керек, ал
бұл сезімдерсіз ұлттық идеяның
өміршеңдік
мәселесі бұлыңғыр болады. «Мәңгілік
ел» идеясы өзінің өміршеңдігін
дәлелдеу үшін біріншіден халықта осы
сезімдерді тудыру керек,
екіншіден, шынайы іс-әрекеттермен халықтың ұялатқан сезімдерін
тек сезімдер дәрежесінде емес, соларды іске
асыру керек, тек
сонда уақыт сынағына шыдайды.
Жалпы
ұлттық идеяны халық санасына сіңдіру механизмі
қарапайым ол– ұлттық міндетті
білу, ұлттық идеяны дұрыс түсіну– ұлттық
стратегияны жасау.
Қорыта
келгенде, бүгінгі таңдағы адамның еркіндігі,
бостандығы мен құқының сақталуы мен
қауіпсіздігі басты құндылық болып саналады.
Қазақстандық қоғам өзінің
ерекшеліктеріне қарай, гуманизм, патриотизм, төзімділік,
адамгершілік, ұлтаралық сыйластық пен ашықтықты
ұстанымдарын алға қояды. Бұл
құндылықтар Қазақстандағы барлық
ұлттар мен этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз
бола алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстан
халқына Жолдауы. Астана,
Ақорда, 2014 жыл.
2.«Қазақ»
газеті / Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы».
Бас редакциясы, 1998. -560 б.
3.
Ақиқат, 2011. №1.
4. Бейсенова, Ә. Дәстүр мен ұрпақ тәрбиесі - ұлттық иделогияның негізі Егемен Қазақстан . - 2006.-19 сәуір
5. Қожахметов М., Бізге ұлттық идеология керек.
Қазақстан Жастар конгресінің
құрылғандағы мақсаты не? // Астана . - 2006. - №
2. - б. 53-54
6. Тебегенов Т.С. Қазақ мемлекеттігі-мәңгілік
дамудың тарихи негізі // Ұлттық тәрбие журналы № 6,
2014 ж. 23-30 б.б.
7. Иманбаева С.Т., Сансызбаева А.Р. Ақселеу Сейдімбектің
«Қазақ әлемі» атты еңбегінің «Қазақ
елі – Мәңгілік ел» идеясын іске асырудағы тарихи
маңыздылығы // Ұлттық тәрбие журналы № 6, 2014 ж.
34-37 б.б.
8. Иманбаева С.Т., Абдулла О.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» – жаңа Қазақстандық
патриотизмді қалыптастырудың кепілі // Ұлттық
тәрбие журналы № 6, 2014 ж.45-49 б.б.
9. Садыкова А.Е., Сағиева Б.Ж. Отбасындағы қыз бала
тəрбиесі // Ұлттық тәрбие журналы № 3, 2014 ж.32-35 б.б.
10. Ұлттық тəрбие (ұлттық тəрбиенің этика-эстетикалық негіздері):
оқу құралы.
Құрастырушылар:
Пралиев С.Ж., Нуриев
М.А., Якупова А.Н.,
Сейсенбаева Ж.А., Аганина
Қ.Ж. – Алматы, 2010. – 224б.
11. Ұлттық тəрбие (салт-дəстүр,
əдет-ғұрып негізінде): оқу құралы.
Құрастырушылар: Пралиев
С.Ж., Нуриев М.А.,
СейсенбаеваЖ.А.,
Оразымбетқызы Ə.
– Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011. – 164б.