Педагогические
науки/
5.Современные методы преподавания
Жаркенова С.Ә.
КМ № 40 негізгі мектеп, Қарағанды
қаласы, Қазақстан
Бастауыш
мектептегі дамыта оқыту әдістері
Дамыта оқыту әдісінің теориясы И.Г Песталоцци, К.Д.Ушинский
т.б. еңбектерінен бастау алады. XX 30-шы жылдарында Л.С.Выготский
дамудың алдында жүретін оқыту идеясын ұсынған
болатын және бұл идеяның негізі мақсаты баланы
дамытуға бағдарланған болатын. Ғалымның болжамына
сәйкес, білім оқытудың түпкі мақсаты емес, тек
оқушыны дамытудың
құралы [1].
Бұл идеяны жүзеге асыруға талпыныс жасаған
Л.В.Занков болды, ол 50-60-шы жылдары бастауыш мектепке арналған баланы
жан-жақты интенсивті түрде дамытудың жүйесін жасады.
Дәл осылайша, 60-шы жылдары Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов та бастауыш сыныптардағы дамыта
оқытудың әдістерін жасап, тәжірибе жүзінде
мектептерге енгізе бастады. Олардың технологиясында негізінен
баланың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға баса назар
аударылды.
Жалпы «дамыта оқыту» терминін теория мен практикаға енгізген В.В.Давыдов болды. Дамыта оқыту туралы айтқанда
түсіндіру-иллюстративтік әдісті алмастыратын
белсенді-әрекеттік әдісті қолдану туралы сөз
болады. Яғни бұл әдіс
есте сақтауды ғана емес, ойлау механизмдерін
қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар ойлау
операцияларын меңгеруі тиіс, соның көмегімен жаңа
білімдерді меңгеріп, оларды практикада пайдалана білуіге үйренуі
керек. Дамыта оқыту дегеніміз – баланың даму
заңдылықтарына сүйене отырып оқытудың
мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін таңдау, оқытуды ұйымдастыру.
Бала – айнала
қоршаған ортамен өз бетімен қарым-қатынас жасай
алатын субъект.
Бұл қарым-қатынас іс-әрекеттің барлық
кезеңдерін қамтиды: мақсат қою, жоспарлау мен
ұйымдастыру, мақсатты жүзеге асыру мен іс-әрекет
нәтижесін талдау. Сөйтіп, оқушы педагогикалық
ықпал жасалатын объектіден танымдық әрекетті өзі
жүзеге асыратын субъектіге айналады.
Оқу үдерісі барысында оқушы жоғарыда аталған циклге толықтай енеді.
Дамыта оқытудың қағидалары:
-
бастауыш
оқытудағы теориялық білімдердің жетекші ролі
қағидасы;
-
жоғары
күрделілік деңгейінде оқыту қағидасы;
-
жылдам
қарқында оқыту қағидасы;
-
оқушының
оқу үдерісіне саналы түрде қатысуы
қағидасы;
барлық оқушылардың жалпы
дамуына бағытталған мақсатты және жүйелі
жұмысты жүзеге асыру қағидасы [2].
Ал Л.В.Занковтың дамыта оқыту
жүйесіне келетін болсақ, оның өзіндік ерекшеліктері
бар.
Оқу әрекетінің негізгі түрткісі танымдық
қызығушылық болып табылады. Әдістемеге рационалды
және эмоционалды аспектілер, ұжымдық және жеке,
ақпараттық және проблемалық, түсіндірме және ізденіс әдістері енеді. Әдістеме
оқушыларды әртүрлі іс-әрекет түрлеріне
қатыстыруды, оқытуда қиял, ойлау, есте сақтау
және сөйлеу қабілеттерін дамытатын дидактикалық
ойындарды, дискуссияларды қолдануды көздейді.
Сабаққа қойылатын міндетті талаптар: оқушы мен
мұғалімнің өзара қызметтестігі;
сабақтың мақсаты тек білім, білік дағдыларын
қалыптастыру ғана емес, жеке тұлғаны жан-жақты
дамыту; сабақта оқушының танымдық
қызығушылығын туғызатын жағдайлармен
қамтамасыз ету.
Сабақтың ерекшелігі:
- сабақ құрылымының
икемділігі;
- білуге талпыныстың оқушыдан
басталуы;
- оқушыны бақылауға, салыстыруға,
топтастыруға, жіктеуге, қорытынды жасауға баулу. Демек,
оқушылар тек тапсырманы орындап қана қоймай, өз әрекеттерін жоспарлауға,
ұйымдастыруға үйренуі керек.
- оқушы тарапынан өз бетімен
әрекеттену, шығармашылығын жүзеге асыруға
итермелеу;
- әр оқуға инициатива
көрсетуге мүмкіндік беру және оның жұмыс
түрін таңдау мүмкіндігін шектемеу.
Оқушының жалпы дамуына бақылау
жасау үшін Л.В.Занков
бақылағыштық, дерексіз ойлау
– анализ, синтез, абстракциялау, қорыту және
практиклық дағдыларды бағалау қажеттігін көрсетті
[4,5].
Келесі бір дамыта оқыту жүйесі -
Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
Мұның негізінде жатқан ғылыми болжам - интеллектіні немесе зиятты
қалыптастырудағы жетекші рольді теориялық білімдер
атқаратындығы. Д.Б.Эльконин
– В.В.Давыдов технологиясы іс-әркетті орындаудағы танымдық
ынта мен түрткіге сүйенеді, сондықтан баланың
бастауыштағы дамуында ең
жақсы нәтижелер бере алады [6].
Маңызды жақтары: балада ішкі танымдық ынтаның болуы; саналы түрде білім алуға
ұмтылуы; баланың іс-әрекетті өзі орындайтын
толыққанды субъект болуы; білім, білік, дағдыларды
меңгеруге деген бағыттылық; оқушының
ізденуші-зерттеуші ретіндегі позициясы; өз әрекетіне рефлексия
жасай білуі [3,7].
Дамыта оқытуда мұғалім
оқушылардың ізденгіштік - зерттеушілік
іс – әрекетін жетілдіреді: оқушы алдына іздену
мақсатын қояды; жаңаша түсінуді талап ететін оқу
міндеттерін қояды; осы міндеттерді
шешуді, яғни іздену іс - әрекетін ұйымдастырады.
Мұнда мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай,
шын мәніндегі қатынасушы болу керек және оларға
дұрыс шешім көрсету керек. Ал оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған
шешімді бағалап, оның басқа міндеттерді шешу үшін
қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.
Дамыта оқытуда мұғалімнің
басты міндеті - оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде
көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс- әрекетті
ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді
түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру
арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай
қолданатындығын көрсету.
Сондай-ақ, оқушының оқу
әрекетін қалыптастыру, айнала қоршаған дүниемен
белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым -
қатынасқа дайындау, дара адамгершілік тұлғасын
қалыптастыру. Оқу барысында баланы жан-жақты
дамытуды дағдыға айналдыру. Демек, барлық
психикалық дамуын қамтмасыз ету, әрі оның жеке
тұлға ретінде дамуына көңіл бөлу [7].
Оқушылардың танымдық әрекеті
білім алу қажеттілігімен ұштасады. Осыған орай,
олардың белсенділігі
өз бетімен әрекет ете алуына байланысты. Оқушылардың
өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады.
Бастауыш мектепте дамыта
оқыту оқушының қызығушылығын арттырып,
өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденуін,
байқағыштығын дамытуды талап етеді.
Дамыта оқыту үшін
оқытудың жаңа технология түрлерін пайдаланып,
оқушының белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін
басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты
өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын
қоршаған орта құбылыстарымен байланыстыру -оқыту
үрдісінің ең негізгі мақсаты.
Әдебиетттер:
1. Выготский Л.С. Педагогическая
психология. М., 1996.
2. Давыдов В.В. Проблемы
развивающего обучения: Опыт теоретического и экспериментального
психологического исследования. М., 1986.
3. Давыдов В.В.
Теория развивающего обучения. М., 1996.
4. Занков Л.В.
Избранные педагогические труды. М., 1990.
5. Обучаем по
системе Л.В. Занкова: 3 кл.: Кн. для учителя/ И.И. Аргинская и др. М., 1994.
7. Эльконин Д.Б.
Психология развития: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. М., 2001.