Педагогические науки/ 5.Современные методы преподавания

Аманжолова А.Ж.

КМҚМ  «Айсұлу» балабақшасы, Қарағанды қаласы, Қазақстан

Балабақшадағы тифлопедагогикалық түзету жұмысының бағыттары

Бала дүниеге келген соң айқын бояулар мен түстер, дыбыстар мен иістер, қимыл-қозғалыстар мен тактильдік әсерлер әлеміне тап болады. Бұл сезімдер оның өсіп-дамуының негізін қалайды. Қоршаған орта туралы мағлұматтарды бала үш жасқа дейін қабылдайды және оның 90 пайызы көру арқылы жүзеге асады. Сондықтан балалардың көру қабілеттерін дамыту мен сақтау маңызды мәселелердің бірі.

Мектеп жасына дейінгі балалар көру сезіміне шағымданбайды, себебі, олар өзінің көру қабілетінің қандай болуы керектігі туралы білмейді. Сондықтан, әдетте, нашар көру немесе басқа да кемшіліктер тек мектепке келген соң ғана анықталады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың көру қабілеттерін сақтау үшін, ең алдымен, көзге шамадан тыс күш түсірмеген жөн: сурет салғанда, суреттер қарағанда көзге тым жақын ұстамау; ерте жастан әріп танытуға тырыспау; қағазбен жұмысты 10-15 минуттан артық орындамауын қадағалау [1].

Сол сияқты, көзбен жұмыс жасаған кезде міндетті түрде демалыс беріп отыру: 1-2 минут көзді жұмып отыру. Баланың отырғандағы денесінің дұрыс орналасуына көңіл бөлу; столға тым қатты еңкеюге әдеттендірмеу; жұмыс столына жарықтың дұрыс түсуін қадағалау; оқитын немесе жазатын, қарайтын кітаптары мен жұмыс дәптерлерінің түсі ашық, суреттері немесе әріптері анық, ірі болуы шарт.

Үш жасқа дейінгі балаларға телебағдарламаларды қарауға 15-20 минут уақыт беріледі және теледидардың арақашықтығы 2,5-3 м кем болмағаны дұрыс. Компьютерде отыруға аптасына 2 рет рұқсат беріледі және  кешкі 9 кеш болмағаны жөн. Монитрмен арақашықтық 50 см кем емес, себебі экрандағы анық бояулар мен дауыстар баланы шаршатады [1].

Бұл айтылғандармен қатар  баланың дұрыс тамақтануын да ұмытпған жөн. Рационға міндетті түрде көкөністер мен жемістер, май-сүт өнімдері, ет пен балық сияқты баланың дұрыс өсіп-дамуына қажетті дәрумендер мен пайдалы микроэлементтердің көздері енгізілуі тиіс.

Өкінішке орай, мектеп жасын дейінгі балаларда туа біткен немесе жүре пайда болған көру кемшіліктері жиі кезедеседі. Көру арқылы қабылдау қабілетінің бұзылуын түзетуде тифлопедагог маманның арнайы түзетушілік-дамытушылық көмегі қажет.

Тифлопедагогтың ең басты міндеті – бала арнайы балабақшаға келген соң бірден оны тұрмыстық және әлеуметтік жағдаяттарға бейімдеу және балалар ұжымына үйренуіне қолдау көрсету. Бала балабақшаға келген соң бірден түзету жұмыстары басталады, әрі бұл бала үшін де, педагог үшін де күрделі кезең. Себебі балалар бұл кезде көзілдірікке немесе окклюзияға үйрене бастайды.

Тікелей окклюзия әдісі нашар көретін көздің көру өткірлігін қалпына келтіретін негізгі әдістердің бірі, жақсы көретін көз көру актісіне қатыспаған кезде нашар көретін көзге күш түседі де ол белсенділене бастайды.

Осындай бейімделу кезеңінде тифлопедагогқа алғашқы диагностикалық тексеру жұмысын жүргізу қажет емес, себебі, бұл тексерудің нәтижелері анық болмайды. Тексеру жұмысын қыркүйекте емес тек желтоқсан және сәуір айларында ғана жүргізген жөн [2].

Түзету-дамыту жұмысындағы тағы бір маңызды нәрсе – жүргізілетін сабақтардың түрлері. Тифлопедагог тәрбиешімен бірге фронтальды сабақтар жүргізеді. Түзету жұмысында  қолданылатын негізгі сабақтың түрі – даярлық сабақтары. Мұнда Н. Орлова кестелерінің суреттерімен таныстыратын арнайы ойындар мен жаттығулар енеді. Оған қосымша ретінде  топтардың тәрбиешілеріне арналған әдістемелік нұсқаулар беріледі.

Әдістемелік нұсқаулар таңдалып алынатын ойындар мен жаттығулардың көру арқылы қабылдау мен кеңістікті бағдарлау, сипап сезу мен ұсақ моториканы дамыту сияқты аспектілерді қамтуды қамтамасыз етеді.

Түзету жұмысының алғашқы кезеңінде тифлопедагог балаларды ойыншыққа немесе затқа жанарларын тігуге, оларды басқа заттардан бөліп алуға, өзге заттар арасынан тани білуге, олардың қимыл-қозғалысын көзбен бағуға, олардың негізгі сыртқы белгілерін (түсі, пішіні, шамасы) ажырата білуге үйретеді.  

Біртіндеп балалардың көру мүмкіндіктері ұлғайған кезде түзетушілік-дамытушылық жұмыстың міндеттері күрделене түседі. Балалар негізгі түстер мен пішіндерді танып, оларды атайды; заттар мен суреттерді түсіне немесе пішініне қарай сәйкестендіруді және түстер мен пішіндерді, шамаларды салыстыруды үйренеді [3].  

 Сонымен қатар тифлопедагог көру қабілетін дамытуда амблиопиялы көзді белсенділендіруге септігін тигізетін жаттығуларды қарастырады. Бұған контурды баса сызу, калькамен сурет салу, нүктелерді қосу, штрихтау, мозаикамен жұмыс т.б. қолданады.

Кеңістікті бағдарлауға үйрету жұмысы балаларды бөлмелермен, ондағы заттардың, жиһаздардың орналасуымен таныстырудан басталады. Заттардың, есік-терезелердің баланың өзіне қатысты және бір-біріне қатысты орналасуын анықтау, айналасындағы заттардың орналасуын дұрыс атау т.б.

Монокулярлық көру жағдайында көру арқылы қабылдау тек біржақты жүзеге асады. Сондықтан мұндай жағдайда балалар кеңістікті бағдарлауда қиындықтарға ұшырасады. Үлкен және кіші кеңістіктерді бағдарлауда далада ойналатын әртүрлі ойындар мен жаттығулар таңдалып алынады.

Сипап сезу және қолдың ұсақ моторикасын дамыту бағытындағы түзету-дамыту жұмыстарында  әртүрлі саусақ тимнастикалары, саусақ жаттығулары мен саусақ ойындары, саусақтардың аттарынмен таныстыру т.б. пайдаланылады. Қимыл-қозғалыстарға әрбір саусақты белсенді қатыстыру міндеттеледі. Көзбен қабылдау қабілетін қатыстырмай, тек саусақпен тексеріп,-анықтау, сипап сезіну, сипап ажырату тапсырмалары саусақтың белсенділігін жоғарылатады.  Мысалы, әртүрлі шамадағы моншақтарды жіпке немесе сымға  тізу, әртүрлі жармалармен (күріш, бидай, қарақұмық т.б.) сурет салу, конструктормен құрастыру, түсті қағаз қиындыларымен аппликация жапсыру,қысқыштар мен түймелерді пайдалану т.с.с. Көру арқылы бақылау дағдыларын дамыту мақсатында балалар өз әрекеттерін сөзбен айтуға да үйренуі керек.

Балалардың жеке ерекшеліктері де назардан тыс қалмауы тиіс. Нашар көретін балаларға  ірілеу заттар ұсынылса, тәуірлеу көретін балалар одан гөрі ұсақтау заттармен жұмыс жасайды [3].

Мектеп жасына дейінгі баллардың кез келгшен жұмысқа қызығушылықтарын арттыру үшін міндетті түрде музыка пайдаланылады, іс-әрекеттер ойынға, саяхатқа айналдырылады немесе ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен орындалады. Мұның барлығы тек көру қабілетін арттыруға емес, сонымен бірге өзге де психикалық қабілеттерді дамытады, баланың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қызығушылыған туғызады және шығармашалық қабілеттерін дамытады.

Кез келген түзету-дамыту жұмысы нәтижелі болуы үшін мамандар  өзара тығыз байланыста болуы қажет. Мысалы, тәрбиеші мен тифлопедаог, тәрбиеші мен ата-ана, ата-мен тифлопедагог арасында қызметтестік, өзар қолдау мен көмек атмосферасы орнығуы тиіс. Сонда ғана олардың жұмысында сабақтастық пайда болады, ал бұл өз кезегінде түзету жұмысының нәтижелілілігін арттырады.

Әдебиеттер:

1.                 Обучение и коррекция развития дошкольников с нарушением зрения. Методическое пособие. - СПб.,1995.

2.                 Охраняем и развиваем зрение.Г.В.Никулина,Л.В.Фомичева. - СПб., 2002.

3.                 Программы специальных (коррекционных) образовательных учреждений IV вида (для детей с нарушением зрения). //Под ред. Л.И.Плаксиной.- М., 2003.