Құдайбергенова
Марзия Ясиновна
«Қазақ
тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы
Талдықорған
агро-техникалық колледжі, Қазақстан
Байлықтың,
сән-салтанаттың да белгісі – жылқы
Азандағы мал үні – атамыздың гимні...
Қадыр
Мырза–Әли
Қазақ
халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мал кезінде алты
алаштың жесе-асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі, жапанда-серігі
болған. Біз ежелден малға жақын халықпыз. Кезінде ата
бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең
даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт
түлікті ерекше құрметтеген
төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста
қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ
болған, терісінен, жүнінен арқан жіптер, киіз үй
жабдықтары, киім-кешек, алаша, кілем тоқып т.б. әр
түрлі бұйымдар жасаған. Төрт түлік малдың
сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат
сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ»
деп атаған.
Есен –
саулығын «мал –жан аман ба» деп бастайтын қазақ үшін
төрт түліктің орны бөлек. Төрт
құбыласы сай болғанын қалайтын әр
қазақтың тұрмысы ежелден – ақ төрт түлікпен тығыз
байланысты болған. Малдың сүтін ішіп, етін жеп, терісіне тон
илеп, жүнінен киім тоқыған қазақтарда төрт
түлік туралы атаулар жетіп –
артылады. Алайда арада заман алмасып, уақыт өткен сайын
бүгінгі жас буын осынау төл атауларды ұмытып,
жаңылыстыратын болып жүр. Тірлігі малмен біте қайнасқан
қазақ үшін бұл жараспас. Осы себепті біздер кейінгі жас буын осынау төл
атауларды ұмытып, жаңылыстыратын болып жүрміз. Тірлігі малмен
біте қайнасқан қазақ үшін бұл жараспас. Осы
себепті біздер, кейінгі жас буын біле
жүрейік деген мақсатпен осы «Төрт түлік» туралы
мәліметтерді жинау қажеттілігін түсіндік.
Төрт
түлік малдың ішінде қай халықтың болса да
құрмет тұтатындарының бірі- жылқы малы.
«Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны
өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең
ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір қазақ
жанұясын біз көре алмаймыз.Тарихи деректер бойынша адам баласы жылқыны
біздің жыл санауымыздан 3 – 4мың жыл бұрын қолға
үйреткен. Негізгі отаны Шығыс Еуропаның далалы аймағы,
Орталық Азия және Қазақстан алқабы деп есептеледі.
Қазақта «Ер қанаты – ат», «Жылқы – төрт
түлік малдың төресі», «Аттың сырын мінген біледі,
жолдың сырын жүрген біледі», «Аттың сынын атбегі біледі,
құстың сынын құсбегі біледі», «Атың шабандаса
бабына қара, досың жамандаса ағына қара» деген
мақал-мәтелдердің арасында ат тақырыбы туралы мың
бес жүзден астам мақал-мәтел айтылады екен. Осыған
қарағанда, қазақ халқы атқа, ат
шаруашылығына еш уақытта енжар қарамаған, нағыз
атқұмар, атбегі халық екенін
түсінуге болады.

Ауылдың
тұла ту сыртын жатаған үнсіз жоталар қоршап жататын.
Сол жон-жоталардың әрбір сайынан арудың мөлдір
көзіндей тұп-тұнық болып ақ бұлақтар
сыңқ-сыңқ күліп, сылдырап ағып жататын. Ол
жер төрт түліктің шұрайлы мекені еді.
Төрт
түліктің ішіндегі ең таза мал – жылқы. Оның
тазалығы соншалық – суды да кешіп барып, таза жерден ішеді. Ол
өте сезімтал мал. Қолға тез үйренеді. Бір ғажабы
жылқыда өт болмайды.Төрт түліктің ішінде
жылқыны өсіру жеңіл. Себебі жылқыны бағуда
артық шығын кетпейді.Жылқы-жеті қазынаның бірі.
Ол сезімтал, талғампаз жануар.
Қазақ
халқыүшін жылқы қасиетті мал. Оның еті мен
сүті өте шипалы. Еті
жесең қорытуға жеңіл,
сіңуі тез, өте пайдалы.Жылқы етінің басты
қасиеті : жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек
жұмысын жақсартуға ,
буын сүйектерді жібітуге т.б. қолданылады. Сондай ақ ірі қара малдың
асқазаны ауырғанда, балапандар
мен тауықтардың ащы шегінде қабыну белгілері
байқалғанда қолдануға болады.Міне бұл
кеңестерді үнемі жаныңызға жинап,
қажетіңізге жаратуға болады.
Биенің сүтінен
қымыз ашытады. Қымыз ауырған адамға ем, ал сау
адамға қуат береді. Бие сүтінде қант көп
болады.Жаңа сауған сүтттің дәмін татып көрсеңіз
байқайсыз. Құрамында
«С» дәрумені көп болады.Қымыздың емдік
қасиеттері әсіресе туберкулез ауруын емдеу үшін пайдалы. Қымыз
қазақ халқының сүйіп ішетін сусыны. Биеден
күніне 10-12, кейбіреулерінен 15-17 литрге дейін сүт сауылады.
Жылқы біздің ұлттық мәдениетіміз, тарихымыз.
«Ер қанаты - ат» деген қанатты сөзді халық
жадында сақтап келеді. Осы қағиданы берік ұстаған
бабаларымыз жылқы өсіруге ерекше ден қойған.
Жылқы еркіндіктің, тұрақтылықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының елтаңбасында бейнеленген
алтын қанатты тұлпар аттар еркіндікке, бостандыққа
ұмтылған құлшыныстың белгісі болып біздерді
жарқын болашаққа жетелейді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қ.Бозымов « Жылқы және түйе
шаруашылығы» Алматы
«Қайнар» 1993ж.
2. К.Мырзалиев «Қызыл кітап» Алматы «Жалпы» 1983ж.
3. Қазақстанның
экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін
мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т.
Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. -
Алматы: Атамұра, 2009
4. Қ. Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә. Хасенов «Қымыз»
Алматы «Қайнар» 1968ж.
5. Қазақ Энциклопедиясы, 8 том 6. Интернет ресурстары