Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясындағы
толымды, толымсыз теңеулердің семантика- стилистикалық
қызметі.
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік
университеті
ф.ғ.магистрі Қ.Ж.Балапанова
Теңеу – тіл
мен ойлау проблемасының ауқымындағы өте күрделі
құбылыс. Бұны логика пәні таным құралы
ретінде зерттесе [5], философияда оны эстетикалық категория ретінде
қарастырады [6], ал
әдебиеттану ғылымы теңеуді көркемдеу, бейнелеу
тәсілдерінің қатарында тексереді де, тіл білімі оны
лингвистикалық категориялардың санатына қосады.
Сондай-ақ теңеу мәселесіне немқұрайды қарай
алмайтын стилистика ілімі және бар. Байқасаңыз,
сырт қарағанда, «болымсыз» нәрсе болып көрінетін
теңеу категориясының тіл мен ойлау проблемаларының
қатарынан алатын орны ерекше. Сол себепті әрқилы ғылыми
пәндер зерттеп, оның сыртқы формасы мен ішкі мәнінде,
оның логикалық, эстетикалық жне лингвистикалық
категориялармен қарым-қатынасына үңіледі.
«Теңеу дегеніміз не?» деген
сұраққа жауап беру үстінде біздің
сүйенеріміз-әдебиетшілер мен тілшілердің пікірлері.
Теңеу жөнінде, оның образдылық негізі туралы,
көркемдік сипаты жайлы ең көп, ең жан-жақты пікір
айтушылар әрине,әдебиетшілер.
Енді Жұмалиевтің
пікіріне қайта оралайық. Ол:
«Аузы бейне шалғы орақ» пен
«аузы шалғы орақтай» тең мағына бермейді,- деген еді.
Бұл дұрыс. Бұлардың тең мағынабермеуі
әбден заңды. Себебі мағына тудырып тұрған
тәсілдер әр түрлі. Егер бұлар тең мағына
берген болса, онда оның (тәсілдің) біреуі жойылып кеткен
болар еді. Бұл- жоғарыдағы тәсілдердің
мағыналық жағы. Ендіолардың структуралық жағына көңіл
аударайық. Анық теңеулік мағына тудырып
тұрған «аузы шалғы орақтай» констркуциясының
предметі-аузы, образы-шалғы орақтай. Мұнда үшінші
элемент (белгі) түсіп қалған. Алайда ол ап-айқын
сезіліп тұр. Ол белгі-өткір. Ал көмескі теңеулік
мағына тудырып тұрған «аузы бейне шалғы орақ»
конструкциясының предметі-аузы, образы-шалғы орақ.
Мұның да үшіншіэлементі түсіп қалған. Солай
бола тұра мағынасы-түп-түсінікті. Мұныкі
де-өткір. Демек, структуралық жағынан бұл
екеуінің бір-бірінен ешбір айырмасы жоқ екен. «Аузы шалғы
орақтай» конструкциясының да, «аузы бейне шалғы орақ»
конструкциясыныңда предметтері е, образдары да өздерінің тура
мағыналарында жұмсалған («арыстан еді-ау, Исатай»
конструкциясы сияқты емес). Сонымен бұлардың семантикалары да
бірпдей болады. Олай болса, бейне және тең сөздерінің
көмегіменг жасалған образдар, сөз жоқ, теңеулік
образдар болып табылады. Бұған толық көз жеткізу
үшін, тағы да бірнеше мысалдар келтірейік.
Би әлпеті толық келген екі
адамтіпті еңселері еденгежеткенше , бейне бір сәжде
қылған жандардай еңкейіп қалды [2-т, 237 б.].
Ертеңгі шақ демге
қандай жеңіл-ауыр болатын кәрі аяқ та жерге тиер-тимес,
адам бейне салмақсыз үкі тәрізденіп кетеді [303 б].
Осындағы «екі адам» бейне бір
сәжде қылған жандарпдай, «адам бейне салмақсыз
үкі тәрізденіп кетеді» констркуциялары өздерінің
структуралық құрылымы жағынан теңеуге қойылатын
шарттарға толық сәйкес келеді. Мысалы:
Би әлпетті екі адам-премет,
сәжде қылған жандардай-образ, еңкейіп қалды-
белгі (қасиет). Ол болса, бейне сөзі, Қ.Жұмалиев
дәлелдегендей, метафора жасайтын әдіс емес, ол-теңеу тудыратын
тәсілдердің бірі деп Т.Қоңыров дәлелдейді.
Тең сөзі де
Қ.Жұмалиевтің айтуынша, метафора тудыратын әдіс болып
табылады. Ал, шыныына келсек, бұл сөздің
табиғатының жоғарыда талдап өткен бейне сөзінен
айырмасы шамалы. Мұның да лексикалық мағынасы,
семантикалық аясы, стильдік мүмкіндігі бейне сөзімен бірдей
деуге болады. Сол себепті бейне сөзі сияқты тең сөзі де
теңеу жасайтын тсілдердің қатарына жатады. Мысалы:
Әйел адам гүлмен тең,
дымды сүймек,
Көзінен жасы шықса, бойына
ем.
(Абай).
Ердің көңілі
күнмен тең,
Ездің көңілі
түнмен тең
(Ә.Тәжібаев).
Қайғың болар шермен
тең,
Қара көңлің
жермен ең.
(Абай)
Бұл мысалдардағы тең
сөзімен келегн конструкциялардың брі де теңеулер болып табылады.
Мұнда бейне сөзіндегідей структуралық белгі көзге
ұрып тұрған жоқ. Яғни тең
сөзінің көмегімен жасалатын
теңеулердетеңеудің үш элементі қатар жүре
бермейді. Көп жағдайда предмет пен образды дәнекерлеуші
иэлемент («белгі») айтылмайды. Сош себепті тең сөзінің
теңеу жасайтын тсіл екенін анықтайтын критерий семантикалық
белгі болып табылады. Бұл метафора болған болса, онда олардың
«образдары» келтірінді мағынада жұмсалған болар еді. Ал
жоғарыдағы мысалдардың барлығында да олар «образдар» өздерінің тура
мағыналарында жұмсалған. Бұл айтқанымыз-
тең сөзінің теңеулік тәсіл екенін
көрсететін бірінші дәлел. Екінші дәлеліміз: «Әйел адам
игүлмен тең, дымды сүймек» теңеуінің үш
элементі түгелдей айтылған. Мұнда предмет-әйел адам,
образ-гүл, белгі-дымды сүю.
Бұл айтқанымызды
айқындай түссек, былай болады: гүл-нзік өсімдік, ол
ерекше күтімді қажет етеді, яғни ол ылғи да суарып
тұруды керексінеді; әйел адамның жаны да нәзік, ол
қуаныш, қайғы, махаббат, жауыздық тәрізді
нәрселерді жанымен ұғынып, жүрегімен қабылдайды;
оларға өзгеше тебіреніп, ерекше елтиді, осы күшті сезіма
оның көзінен жас болып тамшылайды; демек, көз жасы әйел
адамға тән сезім көрінестерінің айныиас атрибуты болып
табылады. Сонымен гүлге су керек, әйел адамға көз жасы
тән. Олай болса, гүл де, әйел адам да «дымды сүйеді»,
ендеше талданып отырған теңеудегі «дымды сүймек»- осы
теңеудің елгісі (қасиеті).
Қорыта айтқанда, бейне мен
тең сөздері метафора жасайтын әдістер емес ,бұлар
теңеу тудыратын тәсілдер болып табылады.
Қазақ тілінде дәл
бүгінгі күнге шейін шет қақпай қалып,
өгейсіреп жүрген тағы бір дәл осындай тәсіл бар.
Ол-шығыс септігінің жалғаулары арқылы теңеулік
обракз жасайтын тәсіл. Мәселен, ауызекі тілде қазақтар
«қойдан жуас», «алтыннан ардақты, күмістен салмақты»
деген тәріздес сөз тіркестерін мейлінше мол қолданады.
Мұндай тіркестер бір нәрсенің екінші бір нәрседен
иартық, яки кем екенін
көрсету үшін өздері «сұранып тұрады». Бұл
тәсілдің көмегімен сапалық ұғымдар
бір-бірімен салыстырылып, сол салыстырудың неәтижесінде
теңеулік образ жасалады. Қараңыз:
Белі нәзік талып тұр,
Тартқан сымнан жіңішке,
Үзіліп кетпей неғып
тұр?!
(Батырлар жыры).
Ақылы жақсы адамның
дариядан мол,
Мені іздеп ертіп кепсізжеті жүз
қол
(Батырлар жыры )
Осы мысалдардың
қай-қайсынан болса да таза теңеулік мағына
«аңқып» тұр. Және барлық мысалдардың
брінеде теңеуге тән үш элемент түгелдей
сақталған. Бұл мысалдардағы Жібектің белі,
жақсы адамның ақылы-предметтер, сым, дария-образдар,
жіңішке, мол-образ бен предметті байланыстырушы, соларға
ортақ болып тұрған белгілер.
Бұл теңеулерді
дүниеге келтіріп тұрған нәрсе- сапалық
ұғымар.
Теңеу жасаудың дәл
осындай тәсілі орыс тілінде де бар [13,210 ].Теңеу жасайтын
сегізінші тәсіл параллелизм тәсілі деп аталады. Стилистикалық
фигураның бұл түрінің бейнелеу, көркемдеу
қызметінің теңеуге ұқсайтыны әдебиет
зерттеушілері талай рет атап көрсеткен болатын. Мұнда екі
нәрсе қатар алынады да, олар бірн-бірімен салыстырылады. Бұл
саолыстыру сол қатар алыңған екі немесе одан да көп
заттың ұқсастығына негізділеді немесе екіұдай
нәрсені параллельдік салыстырудың нәтиждесіне олардың
ұқсастық белгі ашылады [8, 193-195].
Паралеллизм тәсілінің
мәнісі мынада. Бір-біріне салыстырылатын нрселердің образымен
предметі салалас құрмалас сөйлемнен
құралған салалас құрмаластың
алғашқы жай сөйлемі (бірінші компоненті) теңеудің
образы қызметін атқарады аң соңғы жай
сөйлемі (екінші компоненті) теңеуің предметі болып
жұмсалады. Және бұл екі жай сөйлемге ортақ
баянжауыштар болаы. Сол ортақ баяндауыштардың біріншісі
бір-ақ айтылып, екіншісі екі рет қайталанады. Осы ортақ
баяндауыштар образ бен предметтің арасында дәнекер болып
қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, теңеулік
мағына осы баяндауыштардың мағыналарынан анық сезіліп
тұр. Теңеудің параллелизмдік тәсілінің
классикалық үлгілері, әсіресе, ауыз әдебиетінде
кеңінен тараған. Соның бірі-«Ер Тарғын» жырындағы
Ақ Жүністің монологы.
Бұқар барсаң,
қолаң бар,
Қолыңды көр де, шашым
көр.
Зергер барсаң қасыңда
Алтыннан соққан түйме
бар,
Түймені көр де, басым
көр.
Теңеудің параллелизмдік
тәсілінде теңеудің белгісі айтылмайды. Өзінің
«Өлең сөздің теориясы» деген кітабында профессор
З.Ахметов те «Ақ Жүніс монолгындағы» суреттеу әдісі
бастан-аяқ бір-біріне жалғасып тұрған теңеулерге
негізделгендігін айрықша атап көрсеткен. Демек, поэтикалық
параллелизм әдісі теңеулік тәсілдердің бірі болып
табылады.
Тоғызыншы тәсіл аралас
тәсіл деп аталады,Мұның мәнісі мынада. Мұнда
жоғарыдағы тәсілдердің екеуі, не үшеуі бірігіп
келіп, теңеулік ораз жасайды. Бұл жағдайда теңеудің
мағынасы күшейіп, образы мейлінше айқындала
түседің.
Дәл бейне ерте шыққан
бүлдіргенше,
Суық соғып бүрісер,
дәмі енгенше
(Абай)
Шайдоллалар томар сықылды да, ал,
отағасы, сен бейне бір дәу терек секілдісің.(Х.Е.).
Жоғарыдағы мысалдардан
көрініп отырғандай, бұл аралас тәсілдің
морфологиялық құрамы мынадай болады:
а) бейне, -ша,-ше;
ә) бейне, секілді (сықылды,
иәрізді, сияқты).
Сонымен қазақ тіліндегі
теңеулердің жасалуының жоғарыдағыдай тоғыз
түрлі тәсілі бар екен. Рас, бұлардың теңеу
жасаудағы үлес салмағы бірдей емес. Олай болуы
мүмкін де емес.
Бұлардың ішіндегі ең пәрмендісі –дай, -дей, -тай,
-тей,- дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнағының
көмегімен жасалатын тәсіл. Бүкіл қазақ
теңеулерінің 70 пайыздан астамы осы тәсіл арқылы
дүниеге келеді. Екінші орынды сияқты, сықылды, секілді,
тәрізді тәсілі алады. Бұларға теңеулерің
0-15 пайызға жуық үлесі тиеді. Үшінші орынды –ша, -ше
жұрнағы арқылы жасалатын тәсіл, бесінші орынды бейне
сөзі тәсілі, алтыншы орынды
–нан, -нен, дан,-ден, тан, -тен жалғауы тәсілі, жетінші
орынды аралас тәсіл, ал сегізінші орынды тең сөзі
тәсілі алады. Бұл айтылған сегіз тәсіл-
қазақ тілінде теңеу жасаудың ең негізгісі,
ең басты тәсілдері.
Толымды теңеулер
Толымды теңек деген ұғымды алғаш рет
кіргізушілердің бірі-В.В.Томашевский. Оның ойынша, толымды
теңеу болу үшіне, теңеулік констирукцияның үш
элементі де (предмет, образ, белгі) түгелдей болуы қажет [3,208].
Мысалдар келтірейік Мәмбет жардан тік көтеріліп, қыр басында
қазықтай шаншылып қалды [3-т, 344 б.].
Ол қыл елі
шегінбей сарқасқа шегірткедей қаптаған жалаң
аяқ мұжықтарды өртте қалғандай етті [273
б]. Сырым шыққан обаға іліккенде өреге жайған
құрттай боп, кешкі ала көлеңкеде жыпырлаған
қалың жылқы кездесті [259 б].
Теңеу жасауға
қатысушы элементтердің түгел яки кем екені
тұрғысынан қарағанда, жоғарыдағы
теңеулердің барлығы а толымды теңеулер боып табылады.
Себебі, жоғарыдағы теңіеулік конструкциялардың
бәрінде де теңеудің .ш элементі (предмет, образ, елгі)
түгел қатысқан. Бірінші мысалдав- Мәмбет
қазықтай шаншылып қалды. Предметі- Мәмбет, образы-
қазықтай, белгісі- күркірейді т.с.с.
Теңеулердің толымды
толымсыз болып бөлінуі қазақ тіліндегі барлық
теңеулік конструкцияларға тән қасиет болады. Бұл
еережеге бағынбайтын бір ғана теңеулік конструкция бар.
Ол -нан, -нен формалы констркуция.
Аталмыш конструкцияның бір элементіболмаса, онда ол теңеу болудан
қалады.
Толымсыз теңеулер
Толымсыз теңеулер-
теңеулерге қарама-қарсы құбылыс.
Мұның атынан да көрініп тұрғандай, толымсыз
теңеу де бір мүше айьылмайды.Бұл түсіп
қалған мүше міндетті түрде белгі болады. Беогідкен
басқа мүше түсірілмейді, егер түсіріле қалса,
теңеу ретінде өмір сүруден қалады. Сонымен, бір
мүшесі (белгісі) түсіріліп айтылған, бірақ ол
түсіп қалғанмен, оның қандай екені белгілі болып
тұратын теңеудің толымсыз теңеулер дейміз. Мысалы,
Қаздай мойнын созып келген бура
сені жалтара қоймас [229 б].
Кебежедей бүйірленіп
теңките, ұзын аяқтарын серейте созып, көлбеп жатып
алады. [1-т, 252].
Жоғарыда атап өткеніміздей,
бұл теңеулердің әрінің де белгілері
айтылмаған. Солай болатұра олардың қандай екендігін
аңғаруға болады. Мысалы: «қаздай мойнын», «кебежедей
бүйірлерін»- теңеулероінің белгілері-бұлардың
үлкендік, ірілік қасиеттері. Жоғарыдағы
теңеулердің басқаларының да белгілерін осылайша
табуға болады. Сонымен,... ойға қатысты мүшелері
түгел айтылмаған олқы сөйлемдер толымсыз болады.
Толымсыз сөйлемде тұрлаулы және тұрлаусыз
мүшелердің бірі не
бірнешеуі айтылуы мүмкін. Бірақ сол түсірілген
мүшенің қай сөз екені алдыңғы
сөйлемнен, толымсыз сөйлемдегі басқа мүшелердің
жалғауларынан, сөйлемдердің, сөздердің өзара
қатынасынан белгі болып тұрады. [2, 189] деген қағиданы
толымсыз теңеуге де қолдануға болады. Өйткені толымсыз
теңеудің табиғаты толымсыз сөйлемдердің
табиғатына өте ұқсайды. Рас, толымсыз сөйлемде
тұрлаулы, сонымен қатар біркелкі тұрлаусыз мүшелері
түсіріліп, айтылады. Дәл қайсысының түсірілетіні
белгісіз. Яғни не бастауышы, не баяндауышы, сондай-ақ
тұрлаусыз мүшелерінің кейбіреулері айтылмайды. Бұл
жағынан толымсыз сөйлемдер стандартты емес. Ал толымсыз
теңеудің әр уақытта белгісі түсіп қалады
да, бұл жағынан ол стандартты болады. Бұл жағдай-
олардың бір-бірінен басты айырмашылығы. Демек, толымсыз теңеу
жалпы теңеу категориясының ішіне кіретін және оның
табиғатына тән ұзақ категориялардың бірі болып
табылаы.
Пайдалынылған әдебиеттер
тізімі:
1.Балақаев.М.,
Жампейсов.М., Манасбаев.Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974.
2.Томашевский.Б.
Стилистика стихосложение. Москва, 1974.
3. Ахметов.З.
Өлең сөздің теориясы.Алматы,1973.
4.Ысқақов.А.
Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1974.
5.Х.Есенжанов.
Ақ Жайық. Алматы, 1972.