Туткышева
Ғ.Т., Ахметова И.А., Абдрашева Б.Ж., Нурланова С.С.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Қоғамдағы миграциялық жүйелердің
рөлі және теориялық мәселелері
Көші-қон
мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Әлеуметтік - демографиялық құрылымды
талдау – қазақстандық ғалымдардың толық
кешенді маңызды тапсырмасы.
Қазіргі
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және
саяси дамуы әлі зерттелмеген немесе тарих ғылымдарында орын
алмаған көптеген нақты тарихи мәселелерді тапты.
Бұл ішкі республикалық көші-қон және басқа
да ТМД едеріндегі көші-қонның өсуі, денсаулық
сақтаудағы жағымсыз жағдайлар, халықтың
біліміне қатысты жағымсыз жағдайлар, жұмыссыздық,
Сонымен, ғалымдардың алдында тезірек шешілуі керек мәселелер
қатары қалыптасты [1].
Демек,
мемлекеттердегі көші-қон үрдістерін, жалпы жаңадан
пайда болған қоғамдардағы көші-қонның
аяқ алысы мен даму ерекшеліктерін зерттеу ісі, бірінші кезекте,
бірқатар осы заманғы батыс ғалымдарының
еңбектерінде көрініс тапқаны белгілі. Шетелдік саяси ой
шеңберінде көші-қон, демография сияқты әлеуметтік
феномен мен саясат арасындағы байланысқа алғаш рет ден
қойған Т. Мальтус және У. Петти сияқты ғалымдар
еді. Олардан басқа көші-қон феноменінің
қауіпсіздік мәселесімен байланысын жүйелік талдаудан
өткізген Е.Ротшилд, С. Линкольн, С. Гиртс, ал көші-қон
меселесінің әдістемелік астарын ашқан Л. Анри, А. Блюм сынды
зерттеушілерді алға тартуға болады.
Сонымен бірге
көші-қон мәселесінің концептуалды түрде
негізделуіне ресейлік ғалымдардың да қосқан үлесі
аз емес. Бұл Ресейдің ұлан-ғайыр территориясында,
оның геосаяси ерекшелігі арқасында орын алған
көші-қон үрдістерінің күрделілігімен байланысты
болса керек. Бұл ретте Л.Н. Гумилев, Л.В. Андриченко, В.А. Ионцев
және басқа да ғалымдар мен зерттеушілердің
еңбектерін алға тартқан жөн [2].
Шын мәнінде Ресей
ғалымдарының көпшілігі көші-қон мәселесін
этноәлеуметтік феномен ауқымында қарастырады. Мәселен,
С.Панарин, О.Г. Буховец, Ж.А. Зайончковская сынды зерттеушілердің
еңбектерінде көші-қон үрдісінің әлеуметтік
астары қамтылса, Н.В. Алисов, О.И. Брусина, О.Д. Воробьевалардың
зерттеулерінде оның этносаяси аспектілері қарастырылған.
Ал енді
отандық саяси ой саласына келер болсақ, көші-қон,
демография мәселелерінің маңызды мәнге біз
ойлағаннан көп бұрын ие болғанын көреміз.
Бұл ретте Қазақстанда алғаш рет көші-қон
мәселесіне орай арнайы зерттеулер жүргізгендер Ә. Бөкейханов
пен М.Тынышпаев деп айтуға толық негіз бар. Олардың
еңбектерінен қазақ ұлтының демографиялық
хал-ахуалына деген көзқарастар мен оны түзету туралы
ұсыныстарды көруге болады.
Қалай десек
те, осы заманғы отандық саяси ғылым шеңберінде
көші-қон, демография саласын зерттеудің негізін
қалаушылар болып М.Б.Тәтімов, Н.В.Алексеенко, Ә.Б. Ғали
аталады.
Сонымен қатар,
Қазақстандағы заңсыз көші-қон
үрдістері туралы зерттеуші Е.Ю. Садовскаяның,
көші-қонның ұлттық, этникалық астарын
ашатын Б.Әбдіғалиевтің, ішкі миграция, яғни
Қазақстандағы ауыл мен қала арасындағы
көші-қон меселесіне арналған А.Забированың
еңбектерін атап өткен жөн. Бұдан басқа көші-қон
меселесін тиімді жүргізудің ұлттық идеяны
қалыптастырудағы маңызы туралы С.Мұсатаевтың, тіл
саясатын қалыптастырудағы ролі туралы Г.А.Базарбаеваның,
маргинализмнің Қазақстанның әлеуметтік-саяси
жаңғыруындағы орны туралы, А.А.Әмірованың, ТМД
елдерінен кеткен интеллектуалды мигранттар туралы А.М.Садықовтың,
көшпенділік феноменін талдаған Б.А.Тлеповтың
диссертациялық жұмыстарында қарастырылғандығын
атап өткен жөн [3].
Ал енді жалпылай
алғанда, отандық ғылым өкілдерінен аталмыш мәселе
Қазақстанның белгілі ғалымдары мен зерттеушілері
Р.Б.Абсаттаровтың, Е.М.Ишмұхамедовтың,
Қ.Е.Нарматовтың, Н.В.Романованың, Т.С.Садықовтың,
И.С.Сәрсенбаевтың, К.Л.Сыроежкиннің еңбектерінде қарастырылады.
Кеңес
Одағы кезінде еліміздің халқының орналасуының
мәселелері туралы ең бірінші еңбек деп Л.Дубровскийдің
«Кеңес Одағы халқының орналасуы»
(бүкілодақтық 1939 жылғы халық санағы
бойынша) брошюрасын жатқызуға болады. Халықтың
орналасуы жөніндегі ғылыми әдебиеттер соңғы
қырық жылда едәуір көбейді. Бұл А.Исуповтың
«КСРО халқының ұлттық құрамы»,
А.И.Гозлувтың, М.Г.Григорянцтың «КСРО халқының
орналасуы» (тығыздықтың, санның, құрамның
статистикалық зерттелуі), В.И.Козловтың «КСРО-ның
ұлттылығы», «Этнодемографиялық бейнелеу», «Этникалық
демография», С.И.Бруктың «КСРО-дағы этнографиялық
процесстер», А.С.Московскийдің, В.А.Юсуповтың «Сібір
қалалаындағы халықтың құрылуы», онда
Қазақстан халқының ұлттық
құрамы және санының динамикасы туралы
статистикалық мағлұматтар берілген.
Екінші топқа
халықтың орналасуы бойынша қазақстандық
ғалымдар жатады. Алғашқы жұмыс ретінде 1926
жылдағы аймақтың халық санағымен шектелген
А.Доничтің «Қазақстан тұрғындары» атты
мақаласы жатады. Осы мақаладан кейін 70 жылдарға дейін
аймақтың тарихи әдебиетінде бұл мәселе талқыланбады.
1961 жылы Г.Макимовтың халықтың орналасуының
мәселесін өңдеуді кеңестік ғалымдар аз
қарастырған.
70-80 жылдары
Қазақстанның революцияға дейінгі демография
мәселелерін қарастырған жұмыстар тізбесі пайда болды.
Н.Е.Бекмахановтың «Қазақстандағы және
Солтүстік Қырғызстандағы көпұлтты
халықтың құрылуы (XVIII ғасырдың 60 жылдары
– XIX ғасырдың басы)», «Капитализм эпохасындағы
Қазақстан мен Қырғызстанның көпұлтты
халқы (ХІХғ. 60 – 1917 ж.)», Н.В.Алексеенконың
«Революцияға дейінгі Қазақстанның халқы (1830-1914
жж. саны, құрамы, құрылымы)», А.Ғалиевтің
«Қайтақұрылым» кезеңінің соңында
Қазақстан тұрғындары: саны, ұлттық
және әлеуметтік-кәсіби құралы» атты
Декларациясында, 1926 жылғы тұрғындардың
Бүкілодақтық санағының материалдарының
негізінде, мұрағатты және әдеби қайнар
көздермен халықтың құрамы үш аспектіде
қарастырылады: этнографиялық, тұрғындардың
мінездемесі және әлеуметтік-кәсіби деңгейі. Автордың
айтуынша, Қазақстан тұрғындарының динамикасы
тарих, шаруашылық-тұрмыстық, табиғи-климаттық,
этно-демографиялық, әлеуметтік-кәсіби және тағы
басқа факторлардың өзара әрекеттесуі мен қиын
саяси және экономикалық жағдайд қалыптасқан.
А.Ғалиев басты назарын қазақ және орыс
тұрғындарының жастық-жыныстық
құылымын зерттеуге бөледі. Қазақтардың
отбасы құрылымына, тұрғындардың географиясына,
әлеуметтік құрылымына және кәсіби
құрамына талдау жасаған.
Қазақстан
Республикасында көші-қон және демография мәселелеріне
қызығушылық танытатын ғалымдар қатары
төмендегідей: Ж.Н.Асылбекова, И.С.Қуандықова,
С.Б.Ғалиев, А.Ш.Айтаев, М.Б.Тәтімов, Ю.И.Романов, Т.С.Кулаев.
Миграциялық
белсендiлiк факторлары экономикалық, саяси, мәдени, т.б. факторлар
болып бөлiнедi. Сол себептен, тұрғын
халықтың
миграциялық белсендiлiгiнiң деңгейi туралы
ақпарат алу үшін елдің әлеуметтiк-экономикалық,
саяси және мәдени дамуын және осы факторлардың әр
түрлi әлеуметтік адамдар санасында қалай бейнелетiнiн
қарастыру керек.
Соңғы
кездері елiмiздiң демографиялық даму үдiстерiн зерттеуге,
көшi-қон үрдiстерiнiң барысы мен салдарын
талдауға көп көңiл бөлiнiп жүр. Себебi
ұлттық еркiндiктi сақтап қалу, тәуелсіздік
тұғырын нығайту үшiн ең нәзiк те
маңызды мәселелер қолға алынуда. ХХ
ғасырдың соңына қарай еліміздегі көші-қон,
әлеуметтік-демографиялық мәселелер мемлекеттік дәрежеде
қарастырыла бастады. [4].
Жалпы жоғарыда
айтылғандарды қысқаша қорытындылай келе, көші
қон саясатын реттеудің заңнамалық астарын жетілдіру
керек деген тұжырымға келеміз. Бұл қадам бірінші
кезекте, еліміздің миграциялық потенциалын тиімді пайдаланып, оны
өркениетті даму жолында маңызды құралға
айналдыруға септігін тигізері анық.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
Елмұрзаева Р.С. Қазақстанның
демографиялық және миграциялық үрдістері.// Казахская
цивилизация. 2008. №1. – 30-35 б.
2.
Жағанова А. Көші-қон: бүгін
және ертең. //Үкімет Жаршысы. А., 2010 ж. № 5. 19-24 б
3.
Жолдыбалина Г.Ә. – Қазақстандағы
көші-қонның әлеуметтік дамуға әсері.
Вестник 2009 №3 105-107 б
4.
Миграция
делает Казахстан совсем иной страной. // Мегаполис- 23 мая 2014 г.