Ғалы Ж.О., Ахметова И.А.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

Қазақ әдет-ғұрып құқығы және медиация

 

Медиация ағылшын тілінен аударғанда mediation – делдал болу дегенді білдіреді. Бүгінде бүкіләлемдік тәжірибеде медиация ірі бизнестерден бастап, ажырасу мен дүниені бөлісу деген сияқты мәселелерге дейін кеңінен қолданылады. Халықаралық статистикаға жүгінетін болсақ, бүкіл келіспеушіліктердің 30-40 пайызы мадиация арқылы өткізіледі, ойдағыдай нәтижеге оның 85 пайызы ие болады екен. Кеңестік дәуірден кейін медиацияны алғаш боп қылмыстық істерді шешу үшін Молдова мен Литва қолданған. Бұл елдердің соңғысы іс жүзінде мұндай тәжірибеден экономикалық тиімділікке қол жеткізген. Ал Қазақстанда билер сотының жүйесі осы медиацияның түптұлғасы боп табылады.

Медиатордың судьядан айырмашылығы – медиатор жанжалға қатысушылармен болатын келіссөздерге белсенді қатыса алады, ал судья мұны жасай алмайды, ол араласпаушылық принципін ұстануға міндетті. Медиацияға бар болғаны 30 күн уақыт беріледі, ал соттар айларға, тіпті жылдарға созылады.

Медиация тарихы өз бастауын көне заманнан алады. Әр түрлі тарихи кезеңдерде даулы мәселелерді шешудің көптеген нысандары болды. Ол нысандар, тараптардың дауларын уақытша немесе түбегейлі жоя алатын және сол нақты тарихи қоғам үшін жарамды саналған көптеген шаралар мен шешімдердің кешенін қамтыды. Дауды шешудің татуластыру тәсілдері алғашқы қауымдық қоғамда да болған. Дуды шешуге үшінші бейтарап жақты қатыстыру қажеттілігі, бірінші кезекте, аман қалу қажеттілігінен туандады. Ежелгі дәуірде бұл рәсім ең алдымен сауда жақсы дамыған аймақтарда ерекше таралып дамыды. Тарихшылар медиацияның пайда болуын, негізі теңіз саудасы болған Финикия өркениетімен және Ежелгі Вавилонмен байланыстырып жатыр.

Делдал болу институтының одан әрі дамуы Ежелгі Грекияда орын алды, ондағы медиаторла proxenetas атауымен әйгілі болды. Ежелгі Римде, Юстиниан Дигесталарынан бастап, медиаторларды жағдайын заң жүзінде бекіту жүзеге асырыла басталды. Рим құқығында олар әр түрлі атауларға ие болды: internuncius, medium, intercessor, interpolator, conciliator, interlocutor, interpres және сонымен қатар mediator. Орта ғасырларда Русьта да княздар арасындағы тартыстарды бейбіт жолмен шешу талпыныстары жасалды. Ол кездерде делдал-татуластырушылар ретінде көбінесе дін басылары шықты.

Медиация институты қазіргі түрде алғашқы рет ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды. ХХ ғасырдың басына қарай америкалық эконмикада шиеленістердің жаңа түрі пайда болды ол – кәсіп одақтар мен жұмыс берушілер арасындағы текетірес еді. Сол кезде АҚШ өкіметі дауларға қатысушыларға еңбек министірлігін бейтарап делдал ретінде пайдалануды ұсынды. 1947 жылы бұл міндетті орындау үшін аранайы федералдық орган – медиация және татуластырушы рәсімдер бойынша АҚШ федералдық қызметі (Federal Mediation Conciliation Service, FMCS) құрылды. Ол орган қазіргі таңда да қызмет етуде. Сол кезде алғашқы рет «медиация» термині қолданылды. Ол нысан дербес рәсім сипатында болмағанымен, дегенімен де, ол институттың әрі қарай дамуына негіз болды.

Медиация институтын қолдану қазақ әдет-ғұрып құқығының даму тарихында да көрініс тапты. Атап айтқанда, «Жеті жарғыда» құқық бұзушылықтың орнын құн және айып төлеу арқылы толтыру құқығы бекітілді. Медиаторлар рөлін билер атқарды. Билер сотының тарихи маңызы оның әділдіктің үлгісі ретінде болғандықта. Көшпенді демократияның қажетті шарты ретіндегі жариялылық, ежелгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптық құқықтың нормаларына сәйкес келетін қоғамдық пікір, сондай-ақ, кез келген заңнан жоғары тұратын, әділдік қағидасының берік бекітілуі, - осының барлығы, жұрттың барлығы сенім артқан билер сотын қамтамасыз етіп отырған кепілдіктер болып табылады.

Сот жарысы, адамдар даудың шешімін табу мақсатында келген жерде басталатын болды. Ал олар өздері сенген билерге ғана барды. Олар, халық даналығы мен руханилығының қоймасы саналған, халықтың нағыз беткеұстарлары болды.

Бітмгершілік және делдалдық Қазақстанда тарихи қалыптасқан институттар болып табылады. Қазақстандық зерттеушілер Зиманов С.З., Кенжалиев З.Ж., Алимжан К., Культелеев Т.М. және тағы басқалары қазақ қоғамында сот билігі ежелден, сол кездегі қоғамның даулы мәселелерді реттеуге қажеттіліктерін қанағаттандырған, билер сотымен жүзеге асырылғанын айтқан болатын.

Сот төрелігі қазақтарда негізінен құқық қолдану институты емес, бітімгершілік институты ретінде көрініс тапқан болатын. Шешімді жүзеге асыру механизмінің болмауы да тараптардың арасында келісімнің орнауын қажет еткен болатын, себебі тек билікке ғана негізделген сот шешімі орындалмай қалуы мүмкін еді. Ру арасында туындаған дауларды шешуге ру аттарынан айыптаушы билер мен қорғаушы билер қатысатын болған, сотта іс қарау «кеңес» және «жүгініс» сияқты мекемелерде қабылданған қағидалардың негізінде жүзеге асырылды. Бірақ сотта істі қарау және іс бойынша дәлелдемелерді зерттеу басталғанша сот дәстүр бойынша келесі жағдайларды ұсынуға міндетті болды: 1) тараптарға бейбіт келісімнің шарттарын - «бітім», «береке»; 2) кешірім жасау, істі ұмыт қалдыруға, және сол арқылы істі сотта қараусыз бейбіт шешу мүмкіндігін – «мәжіліс». Л. Баллюзек келесідей айтқан болатын: «соттың алдында міндетті түрде басқалар, яғни дауласушылар үшін бейтарап және беделді тұлғалар арқылы сендіру болу керек, дауласушылар «қазақ» атты бір ұлттық отбасының ұлдары болғандықтан араларында айтыс-тартысқа жол бермеуі үшін...» [2, 165 б.]. Егер тараптар дауды бейбіт шешуге келіспесе онда кезек сотқа берілді.

Кейінірек ресми билер соты өздерінің қызметінде қолданған татуластыру шаралары да кейбір авторлардың жоғары бағасын алды. И. Козлов билер соттарының «дауласушы тараптардың ар-ұяттарына және бітімшілік рухына» үндеуі билердің әрбір істі қарауларында басшылыққа алатынын айтқан болатын [3, 306 б.]. Қазақтардың әдет-ғұрыптық іс жүргізу құқығы және ежелгінің беделді билерінің сот тәжірибесі, басты мақсаты тараптарды бітімнің қажеттігін түсінуге мәжбүрлеу, көндіру, сендіру болған, , дауласушы тараптардың бейбіт келісімдерінің әр түрлері болған - «бітім», «жарасу», «тоқтам» сияқты әдіс-тәсілдерді белген. Оларға сонымен қатар билердің келесі амалдары мен тәсілдері жатады: 1) Көп жағдайларда маңызды емес істерде ғана емес, сонымен қатар үлкен дауларда: қылмыстық істер мен рулық даулар «қарындас» амалымен шешілген. Қарындас келісімінің басты мақсаты бір рулас және ағайын адамдарды сот алдына апармай татуластыру 2) Дауды шешудің тағы бір тәсілі «жартылай» немесе «жарып алу» - егер іс бойынша сенімді дәлелдер мен айғақтар болмаса қолданылған. 3) Егер би немес жауапкер жағынан ант берген адам жауапкердің кінәсіз екеніне сенімсіз болса және оның мүддесін қорғауға қажетті негіздерді таппаса, онда олар талапкерге (оның келсімі бойынша) «тарту» жасап істі бейбіт аяқтауға  кеңес беруге құқылы болды [4, 225-226 б.].  

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» - яғни көп сөзді даулы мәселе қысқа шешіммен аяқталу керек. Бірақ ол шешім дәледі және сендіре алатындай болу керек, ол туралы биге келесі тезистер ескертіп отырған: «Тілмен түйгенді, тicпен шеше алмас». Билер стының қаулысы тек сондай болуы тиісті. Ең бастысы, қазақтардың ортағасырлық көшпенді қоғамының басты идеологиясы бойынша, билердің әділ сотының басты мақсаты, олардың қарым-қатынастарының күрдклілігі мен шиеленіскендігіне қарамастан, сотқа қатысушы тараптардың татуласуы болды. «Даудың түбі біту» нұсқаушы нормасы болған [5, 94-95 б.].

Қазақ қоғамының құрылымы (билер соты, сұлтандар билігі) 1869 жылы Александр II – нің дала өлкесін басқару туралы «Уақытша ережелерге» қол қойып, ресейлік заңнаманың тарала бастағанға дейін, өзінің бұрынғы мәнін жоғалтқан жоқ еді. Ал ол ереже қабылданғаннан кейін билер сотының қарауына тек неке-отбасы істері, ұсақ талаптар мен даулар ғана жатты [6, 84 б.]. Билер сотынан басқа Қазақстанда, қылмыстық-құқықтық және азаматтық-құқықтық деликттерге ажыратусыз, құқықтық даулар мен талап арыздарды шешудің дербес түрі ретінде аралық соттар да XVIII ғасырдың аяғынан XX ғасырдың басына дейін қызмет етті.

Татуластыру рәсімдерінің тарихи-теориялық негіздері әдет-ғұрып құқығында орналасқан, және қазіргі таңда оларды, қазіргі таңдағы құқықтық материяға үйлесімді біріктіре отырып, жаңа сапалық деңгейде қолдануға уақыт келді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Медиация туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңы

2.     Баллюзек Л.Ф. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой Киргизской орде силу закона. Материалы по казахскому обычному праву. Сб.- Алма-Ата, 1948, с.228.

3.     Козлов И.А. Обычное право киргизов. Материалы по казахскому обычному праву. Сб. Алма-Ата, 1948. с. 306.

4.     Изразцов Н. Обычное право «адат» киргизов Семереченской области. // Этнографические обозрение. 1897, № 4.

5.     Зиманов С.З. Казахский суд биев – уникальная судебная система. – Алматы : Атамура, 2008. С. 406

6.     Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. – Алма-Ата, 1955. С. 180.