Магистр юриспруденции Кыдралинова А.К.

Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар, Қазақстан

Инкорпорация және оның түрлері

 

Заңнаманы жүйелеудің түрлерінің бірі – инкорпорацияға ерекше тоқталып өту қажет. Инкорпорация ұғымының түсініктемесі туралы ғалым-заңгерлермен айтылған пікірлер бір-біріне сәйкес келмейтіндіктен, және нақ осы немесе басқа автордың ұсынылған шешімі  жалғыз ғана дұрыс болып табылады деп бекітуге мүмкіндік беретін деңгейге заңнаманы жүйелеу проблемаларын әзірлеу әлі жеткен жоқ.

Инкорпорация - (лат. in соrроrе) бұл белгілі деңгейдегі норматитвік актілер толығымен немесе ішінара белгілі тәртіпте (хронологиялық, алфавиттік, жүйелі-пәндік) әр текті жинақтарға немесе жиналымдарға бірігетін жүйелеудің сондай нысаны. Инкорпорация заңнаманы қолданыстағы (бақылаушы) күйде ұстау, оның жетімдігі мен көз жетерлігін қамтамасыз ету, қолданыстағы редакциясындағы заңдар мен басқа нормативтік актілер туралы анық ақпараттыпен ең кең тұлғалар шеңберін жабдықтау мақсатымен мемлекеттік және басқа органдардың тұрақты қызметі.

Инкорпорацияның ерекшеліктері келесілерден құралады, әдетте жинақа орналастырылатын актілердің мазмұнына қандай да бір өзгертулер енгізілмейді және құқықтыққ ретеудің мазмұны өзінің мәні жағынан өзгермейді. Инкорпорацияның нақ осы нормативтік реттеудің мазмұнын өзөгеріссіз сақтау қасиеті – оны кодификация мен консолидациядан ерекшелендіреді.

Инкорпорацияның әдебиеттегі бар анықтамаларын жалпылап, оның маңызды белгілерін тұжырымдауға болады:

1) жүйелеу түрлерінің бірі ретінде инкорпорацияның қасиеті болып нормативтік актілерді реттеу болып табылады;

2) инкорпорация заң шығарушымен қандай да бір жүйемен шығарылған норматитік актілерін публикацияның бір қайнар көзге келтіру;

3) ұндай актілердің мазмұны өзгермейтіндігі;

4) актілердің сыртқы редакциялық-техникалық өңделуі;

5) келесі барлық ресми өзгерістерді енгізу, лауазымды тұлғалардың қолдарын жою, уакқытша нормативтік емес, күшін жойған бөліктерді  алып тастау және т.б.

Инкорпорация — қалыпты актілердің белгілі бір жүйе бойынша заң шығарушының баспа бетінде жариялаған мәліметтері. Зандарды ретке келтіру тәжірибесінде олардың түрлері көп әрі түрлі сыныптық негіздерге бөлінеді. Заңдарды инкорпорациялау материалдардың орналасу реті; қалыпты материалдарды іріктеу мен өндеудің күрделілік дәрежесі бойынша түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.

Қалыпты материалдарды қамту келемі жөнінен инкорпорация жалпылама және жекеленген болып бөлінеді.

Жалпылама инкорпорация деп мәні мен зандық күші бойынша біртекті қалыпты — құқықтық актілерді ретке келтіруді айтамыз. Бұл белгілі бір құқық шығарушы органның күллі құқықтық актісін (мысалы, барлық заңдық актілер, бір министрліктің, мемлекеттік комитеттің, ведомствоның актілері) немесе ресми қолданыстағы барша республикалық занды не бүкіл жалпыға міндетті ведомстволық актіні және т.б. бір жинаққа кұрастыру болып табылады. Жалпы инкорпорациялау нәтижесінде қолданылып жүрген зандардың көп томдық жинағы, зандардың жиынтығы, заң шығарушы органдар, жекелеген министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар және т.б. актілерінің толық жинағы пайда болды.

Жекеленген инкорпорация қоғамдық қатынастардың әлдебір жеке саласын (не бірнеше саласын) реттейтін актілерді белгілі бір жүйеге келтірумен байланысты. Сырт кейпінде ол белгілі бір мәселеге арналған құқықтық актілердің тақырыптық жинақтары (мысалы, «Тұрғын үй зандары», «Ауыл шаруашылығы жөніндегі актілер жинағы», т.б.) түрінде көрінеді. Мұндай жинақтарға оның мақсаты мен сипатына қарай көбінесе зандық күші әр түрлі зандар мен ведомстволық актілерге дейін енгізіле береді.

Инкорпорациянын, аталған түрлерге бөлінуін дара инкорпорация деген атау қойып, үшінші түрмен толықтыруға болады. Ретке келтірудің бұл түріне белгілі бір дара қалыпты актілерді тәртіпке келтіруді (оның мәтініне ресми өзгерістерді енгізуді) не белгілі бір мәселені реттеуші бөлек-бөлек қалыптарды мәніне өзгеріс жасамай бір жерге жинауды жатқызған жөн.

Қалыпты материалды бөлудің келесі негізі — оның орналасуының сипаты. Ол зандардың хронологиялық (тізбектік) және жүйелік бөлудің барлық түрінің негізі болып табылады.

Хронологиялық инкорпорация кезінде жинақтардағы күллі акт зандық күші немесе дәрежесіне қарамай, оларды бекіткен күндер бойынша орналастырылады. Айталық, Қазақ КСР-нің Хронологиялық жинағына 1920 жылдан 1970 жылдарға дейінгі кезең ішіндегі республикада қолданылып жүрген зандар мен үкіметтік актілер енді. Жинаққа біріктірілген актілердің бастапқы мәтіні емес, ескірген, қарама-қайшы қалыптардан (баптардан), сондай-ақ әлдебір себептермен енгізу қажет емес деп табылған баптардан (қалыптардан) басқа барлық өзгерісі мен толықтыруы жасалып, өңделген мәтіндер енгізілді.

Хронологиялық жинақ кітапша томдар түрінде шығарылды. Оның ішінде қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу кодекстері, сондай-ақ тарихи маңызы бар Қазақ автономиялық республикасының заң актілері (1920—1936 жылдар) жеке томдар болып жарық көрді. Небәрі 22 том шықты, оның соңғы екеуі («Ежегодник») деген атаумен басылды. Сөйтіп, хронологиялық жинақты әзірлеу және басып шығару ғана республикалық қолданыстағы зандардың жай-күйі туралы нақты түсінік алуға 1966 жылдан бастап мүмкіндік берді. Әрине, хронологиялық жинақтың барлық томдарын қарап шығу (ал Қазақстанда олар 20-дан астам) тіпті әліпби-пәндік көрсеткіші болғанның өзінде көп уақыт пен күш-жігерді алады және керекті мәселе жөніндегі қалыпты нұсқаулар туралы толық мәлімет бере алмайды. Дегенмен, кеңес уақытындағы, сондай-ақ талай шетелдердегі заңдарды жүйелеу тәжірибесі зандарды тәртіпке келтіру үрдісінде хронологиялық инкорпорация көп колданғандығын көрсетіп берді (мысалы, алпысыншы жылдары Қазақ КСР заңдарының хронологиялық жинағын басып шығару) және қолданылып жүрген заңдар туралы мәліметтердің анық көзі ретінде қазіргі кезендегі оның іс жүзіндегі мән-маңызына елеулі дәлел болады.

Жүйелі инкорпорация кезінде барлық акт бөлімдерге, тарауларға, параграфтарға, тармақтар мен тармақшаларға және жекелеген мәселелерге пәндік белгілері бойынша орналасады. Мұндай жіктеудің мақсаты — оларды пайдалануға ыңғайлы ету. Актілер жинағы ішкі құрылымдық бөлшектену кезінде тақырыпты мақсатты дамытуды қамтамасыз ететіндей ретпен орналасады. Алайда, бұл актілерді қисыны бойынша жалпыдан жалқыға қарай рет-ретімен орналастыру мүмкін болмаған жағдайда белгілі бір шектерде хронологиялық тәртіпті қолдануды теріске шығармайды. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда актілердің «аралас» қағидатпен орналасуы да мүмкін. Айталық, жыл сайынғы қосымша жинақ томдарда қалыпты актілер бөлімнің ішінде алдымен хронология бойынша орналасады (бірінші бөлік), сонан соң екінші бөлікте алдыңғы бөлікте орналасқан актілерге сілтеме жасалады, бұл орайда ол сілтемелер жинақтың схемасы бойынша жүйелік тәртіпте орналасады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Голунский С.А., Строгович М.С. Теория государства и права - М.: Юридическая литература, 1992.

2.     Тихомиров Ю.А. Как готовить законы (научно-практическое пособие). - М.: Наука, 2003.

3.     Табанов С.А. Қазақстан Республикасында заңнаманы жетілдіру: теория және тәжірбие. - А.: Жеты Жарғы, 2009.

4.     Сапарғалиев Г.С. Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңдарының арақатынасы проблемасы. - А.: ҚазМЗУ, 1997.