Слепцов И.В.,
з.ғ.к.
Танатаров
С.М., 2 курс магистранты
Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясы
Қазақстан
Республикасының қолданыстағы
қылмыстық-атқару заңнамасын бас бостандығынан
айыру жазасын атқарудың прогрессивтік жүйесімен салыстырмалы
талдау
Қазақстанның қолданыстағы
қылмыстық-атқару заңнамасын қарапайым
прорессивтік жүйесімен салыстырмалы талдау жүргізу барысында,
бірінші кезекте, оның түпнегізін, яғни бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаларды атқарудың
прогрессивтік жүйесінің алғашқы идеяларын
қарастыру керек.
Сотталғандардың
тәртібіне байланысты жазаның прогрессивті өтеу идеясы
алғаш рет ағылшын капитаны Мэконочимен (1787-1860) шығарылып,
XIX ғасырдың 40 жылдарындағы жүргізілген тәжірибе
нәтижесінде Австралия жағалауынан мың шақырым
қашықтықтағы Норфольк аралында орналасқан
ағылшын колонияларының біріне енгізілді. Мэконочимен
дайындалған "түзеу бағдарламасы" келесі ережелерді
өзіне енгізді:
1)
сотталғанмен орындалған жұмысына байланысты мерзімді
үкімді жою;
2)
сотталғанның тәртібі, еңбекке
құштарлығы мен орындалған жұмысы
бағаланатын баға-марка жүйесін;
3)
әрбірі өз септігін енгізу қажет сотталғанның
есебінен барлық шығындардың орнын толтыру (оның
өмір сүруінің барлық шығындары баға-марка
түрінде жалпы "қарызға" қосылады);
4)
сотталғандарды кішкентай топтарға бөлу (6-7 адам) және
шеңберлі кепілдік жүйесін енгізу (барлық топ әрбір
мүшесінің тәртібі мен еңбегіне жауап береді);
5) жартылай
бос режимге ауыстыру жолымен қамалғанның түрмедегі
соңғы кезеңінде ұстау жағдайын жұмсарту
[1].
Кейін Англияда
Австралияға жер аударуды тоқтатумен, 1853 және 1857 жж.
Заңдарымен жалғыз қамау, жалпы каторгалық жұмыс
және айрықша билеттер бойынша шартты демалыстардан тұратын
"прогрессивті жүйе" енгізілді [2].
Аталған жүйеде "көлденең
біліктілік" бар, барлық қамалғандар үш
санатқа бөлінді.
1 санат – «жұлдыздар». Бұнда бұрын
сотталмағандар алынады.
2 санат – ауыспалы санат. Бұл санатта бұрын
онша ауыр емес қылмысын жасағаны үшін сотталғандар
ұсталады.
3 санат: а) рецидивисттер санаты. Бұл санатта
рецидивистер, сонымен қатар ауыр қылмыстары үшін
сотталғандар; б) бас бостандығынан айыру жазасынан шартты
түрде мерзімінен бұрын босату талаптарын бұзған
сотталғандар ұсталады.
Сонымен бірге "тігінен біліктілік" деген де
болды, бас бостандығынан айыру үш деңгей (дәреже)
бойынша өтелді:
1-деңгей – жалғыз қамау. Бас
бостандығынан айырудың екінші деңгейі
сотталғандардың түнгі уақытта бөлек және
күндізгі уақытта жұмыс орындарында бірге ұстауынан
тұрады. Осы деңгейде жаза өтеудің бес тобы бекітілген.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату бас
бостандығынан айырудың үшінші деңгейі болып табылады.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату
құқықтық шектеулермен ұласқан және
бас бостандығынан шектеу болып табылады.
Шартты түрде мерзімінен бұрын
босатылғандар міндеттер тізімін орындауы көрсетілген айрықша
жіберу куәлігін алды [3; 16-17].
Мэконочидың маркалық жүйесін ескере
отырып, XIX ғасырдың 50 жылдарында Ирландияда капитан Вальтер
Кронфортпен сатылы жүйе енгізілді ("дәстүрлі"
дамушылық түрмелік жүйе, кейін келе әртүрлі
елдерде тарады) [1].
Негізгі айырмашылығы жаза өтеуден шартты
түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі бар ауыспалы
түрмеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын
өтеудің екінші деңгейін енгізуінде.
Түрмелік жүйеде сотталғандар
санаттарға бөлінбеді.
Ағылшын жүйесінен айырмашылығы
барлық сотталғандар жасалған қылмыстың
сипаттамасы мен соттылығының барына байланыссыз тоғыз айдан
кем емес уақытқа жалғыз қамауды бірінші
деңгейінде өтеу қажет.
Екінші деңгей негізгі сипатта бас
бостандығынан айыру жазасын орындаудың ағылшын дамушы
жүйесіне ұқсас.
Қамалғандар екінші деңгейдің
бесінші тобынан негіздердің болуымен ауыспалы түрмеге ауыстырылады.
Бұл түрмеде сотталғандар жалдамалы жұмыстарды орындау
немесе түрме қызығушылықтары үшін күзетсіз
қарапайым киіммен күндізгі уақытта түрмеден
күндізгі шығуға құқықтары бар.
Жасалған жұмыс үшін сотталғандарға жұмыс
сапасы мен тәртібіне байланысты еңбекақы беріледі. Бір
бөлігімен сотталған өзі иелік етеді.
Қатаң режимді ережелер ұстаудың
екінші деңгейіне қайтару мүмкіндігін қарастырған.
Ауыспалы түрмені құру идеясы
жақсы нәтижеге алып келді. Онда сотталғандарды
бостандыққа бірте-бірте үйрену жағдайларын
құрады [3; 20-21]. Ауыспалы түрме сотталғандар
өз-өздерін басқару мүмкіндігін дамытады [4; 128].
Ауыспалы
түрменің негізгі идеясы сәйкес күзет пен режимі
жоқ бас бостандығынан айыру мекемесі болып табылатын
түзетушілік-еңбек қоныс колонияларын құру кезінде
ұлттық заңнамамен (Қазақстан КСРО
құрамында болғанда) қабылданды.
1924 ж. 16
қазанында ВЦИК қаулысымен РКСФР Еңбектік-түзеу кодексі
қабылданды (келесіде – 1924 ж. РКСФР ЕТК) [5; 99]. Бұл
ағылшын-ирландық ілгерінді жүйесінің элементтері
нақты көрсетілген кеңес кезіндегі алғашқы
нормативті-құқықтық акт. 1924 ж. РКСФР ЕТК 7 б.
әртүрлі режимнің әсеріне тап болатын ілгерінді жүйе
бойынша түзетушілік-еңбектік мекемелерде әлеуметтік
қорғау шараларын қолдану көрсетілген [6; 53].
Жаза өтеудің екі жүйесін салыстыра
отырып, Қазақстан Республикасының қазіргі
таңдағы қылмыстық-атқару заңнамасы
ирландық жүйеге жақын:
- Мекемелерге
келген сотталғандар он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге карантин
бөлiмшесіне орналастырылады. (ҚР
ҚАК 93 б. 2 т.)
- Жазаны орындау кезеңінде
оны даралау мақсатында сотталған адамның
мінез-құлқы дәрежесін айқындау арқылы
оның мінез-құлқын бағалау жүзеге асырылады.
(ҚР ҚАК 95 б. 1 т.)
- Сотталған адамның
мінез-құлық дәрежесі ол жазасын өтеп жүрген
мекеме түрін өзгерту; оның мекемеде жазасын өтеу
жағдайларын өзгерту үшін негіз болып табылады. (ҚР ҚАК 95
б. 2 т.)
- жазаны өтеудің
жеңiлдетiлген және жеңілдікті жағдайларындағы
сотталғандар онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс
үшiн жаза мерзiмiн өтегеннен кейін – орташа қауіпсіз немесе
қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден қауіпсіздігі барынша
төмен мекемелерге өзгерту туралы өтінішхат беруге
құқылы. (ҚР
ҚАК 96 б. 1 т. 2 тт.)
- қауіпсіздігі барынша
төмен мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар
күзетсiз, бiрақ мекеме әкiмшiлiгiнiң бақылауымен
және қадағалауымен ұсталады.
Мекеме әкiмшiлiгiнiң
рұқсатымен, eгep бұл олардың орындайтын
жұмысының сипаты бойынша, оқуына байланысты, бiрiншi кезекте
қажетті заттарды сатып алу, моншаға немесе шаштаразға бару
үшін қажет болса, мекемеге iргелес жатқан
аумақтың шекарасы шегiнде қадағалаусыз жүрiп-тұруға;
Азаматтық
киім киюге;
Өзімен
ақша мен бағалы заттар, ақшамен шексіз қолдануға
құқығы бар. (ҚР ҚАК 143 б.)
- Дәрежесі үшінші теріс
мінез-құлықты және жазаны өтеудің
белгіленген тәртібін бұзушылық жасаған
сотталғандарға қатысты сотқа қауіпсіздігі барынша
төмен мекемеден - түрі бұрын сот үкімімен
айқындаған мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі. (ҚР
ҚАК 96 б. 3 т. 1 тт.)
- Бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты
түрде мерзімінен бұрын босату институты. (ҚР ҚК 72 б.,
ҚР ҚАК 161 б. 1 т. 3 тт.)
Сонымен қоса ұлттық
қылмыстық-атқару заңнамасы ирландық жүйеден
басқа ағылшын ілгерінді жүйесінің кейбір ережелерін
өзіне енгізді:
- Бас
бостандығынан айыруды:
1) абайсызда
жасаған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға
сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс
жасағаны үшiн бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш
рет сотталған адамдарға – колония-қоныстарда; (ҚР
ҚК 46 б. 5 т. 1 т.т.)
2)
қасақана онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа
қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бiр
жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет
сотталған адамдарға және айыппұл, түзеу
жұмыстары, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан
айыруға ауыстырылған адамдарға – жалпы режимдегi түзеу
колонияларында; (ҚР ҚК 46 б. 5 т. 2 т.т.)
3) аса ауыр
қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға
алғаш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ егер
сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген
болса, қылмыстардың қайталануы кезінде және
әйелдерге қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде
– қатаң режимдегi түзеу колонияларында; (ҚР ҚК 46
б. 5 т. 3 т.т.)
4)
қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде,
сондай-ақ өмiр бойына бас бостандығынан айыруға
сотталған адамдарға – ерекше режимдегi түзеу колонияларында;
(ҚР ҚК 46 б. 5 т. 4 т.т.)
5) аса ауыр
қылмыстар жасағаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас
бостандығынан айыруға сотталған адамдарға,
сондай-ақ қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде
жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн, бiрақ бес жылдан аспайтын
мерзiмді түрмеде өтеу тағайындалады.
(ҚР ҚК 46 б. 6 т.)
- Сотталғандарға
ұзақтығы екі сағат қысқа мерзiмдi, мекеме
аумағында ұзақтығы екі тәулiк ұзақ
мерзімді кездесулер берiледі. (ҚР ҚАК 106 б. 1 т.)
- Сотталғандар
хаттар мен жеделхаттар алуға және оларды ақшаны уақытша
орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау
шоттарындағы қаражаты есебінен саны шектеусіз жіберуге
құқылы. (ҚР ҚАК 108 б. 1 т.)
- Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны
өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған
тұлғаларға қатысты пробациялық бақылау
жүзеге асырылады. (ҚР ҚК 72 б. 2 т., ҚР ҚАК 19 б.
1 т. 3 тт.)
Өзіне
қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам:
1) сот үкімі
немесе қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап он
тәулік ішінде есепке қою үшін пробация қызметіне
келуге; (ҚР ҚАК 21 б. 2 т. 1 тт.)
2) белгіленген
жазаны және өзге де
қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шараларын өтеу шарттары мен тәртібін сақтауға; (ҚР
ҚК 44 б. 2 т., ҚР ҚАК 21 б. 2 т. 2 тт.)
3) жұмыс
орнының және (немесе) тұрғылықты жерінің
өзгергені туралы пробация қызметіне жазбаша хабар беруге міндетті.
(ҚР ҚАК 21 б. 2 т. 4 тт.)
- Адам пробациялық
бақылау шарттарын сақтамаған жағдайда, пробация
қызметі жазбаша ескертуден кейін сотқа ұсыну жібереді.
(ҚР ҚАК 23 б.)
Әдибиеттер тізімі:
2. Пенитенциарная система
// http://www.penitensiar.justice.gov.az/.
3. Ткачевский Ю.М. Прогрессивная система исполнения
уголовных наказаний. – М., 1997.
4. Познышев С.В. Уголовное право. – М., 1910.
5. Советское
исправительно-трудовое право. Общая часть / Под ред. М.П. Меленьтева, Н.А.
Стручкова, И.В. Шмарова. – Рязань, 1987.
6. Уголовно-исполнительное право. Общая часть /Под общ.
ред. Ю.И. Калинина. – М., 2006.
7. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі: Қазақстан Республикасының
Кодексі 2014 жылғы 3 шілдедегі.
8. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару кодексі: Қазақстан
Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі.