Нурланова С.С., Абдрашева Б.Ж., Ахметова И.А., Туткышева Г.Т.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

Асыраушысынан айырылған отбасыларды әлеуметтік-құқықтық қорғау

      Отбасы- бұл мүшелері ортақ тұрмыспен, өзара моральдік жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан, некеде немесе туыстық қатынаста негізделген шағын топ; онда ерлі-зайыптылар арасында, ата-аналар мен балалар арасында, балалардың арасындағы өзара әрекеттестігін реттейтін қағидалар, тыйымдар және тәртіп үлгілерінің жиынтығы туындайды.

Заманауи кезеңде туыстық қатынас құрылымына байланысты отбасының түрлі типтері ерекшеленеді. Оның ішінде ең көп таралғаны, балалары бар некеге тұрмаған ерлі-зайыпты жұптардан тұратын қарапайым отбасы. Егер кейбір балалары некеде болса, онда басқа түрі кеңейтілген, немесе күрделі отбасы құрылады. Ол құрамына бірге тұрып бір шаруамен байланыста болатын үш және одан да көп буынды енгізеді. Отбасының өзегін құрайтын жұбайлардың екеуінің де болуы отбасының типін ерекшелеу үшін маңызды негіз болып табылады. Осыған байланысты, құрамы толық отбасын және құрамында отбасы мүшесінің біреуі жоқ толық емес отбасын ерекшелейді[1].

Отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында және өсіп келе жатқан ұрпақтың дамуына қажетті жағдай жасау үшін ана мен баланы қолдаудың ұлттық үлгісі құрылды. Отбасын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін қарауға бағытталған өзге де шаралар қабылдануда.

Қазіргі заман  отбасыларының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік жағдай ретінде, яғни олардың өмір сүруіне жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік,  материалдық және рухани ресурстардың  жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті өмірде осы жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша қалыптасқан аз қамтылған отбасы және отбасы мүшелерінің, сонымен қатар осы отбасыдан шыққан балалары да ішімдікпен, нашақорлықпен,  ассоциалдық  мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде.  Баланың  жаны мен  психикасына жағымсыз әсер ететін  толық емес, аз қамтылған, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік депривацияға түсуде. Қазіргі таңда сапалы  білім алу тікелей отбасының материалдық жағдайына байланысты болып отыр. Әлеуметтік қатынаста депривациялық фактор әлеуметтік жіктелудің күннен күнге тереңдеуіне және қала мен ауыл арасындағы айырмашылыққа байланысты болып отыр.

Әлеуметтік депривацияның көрінісінің бірі ретінде еліміздегі аз қамтылған тұрмысы қолайсыз отбасылар санының көтерілуінде. Бұл барлық мемлекеттерде бар мәселе екені сөзсіз. Алайда бұл асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекет тарапынан жыл сайын атаулы көмектер көрсетілуі тиіс[2].

Қазақстан қоғамының жоспарлы экономикадан нарықтық, тоталитарлық  жүйеден демократиялық жүйеге ауысуы ескі проблемалардың шиеленісуіне жаңа проблемалардың соның ішінде отбасының да пайдалануына әкеліп соғуда. Отбасы мен отбасы мүшелерінің әлеуметтік проблемалары- халық арасындағы ерекше әлеуметтік –демографикалық тобының өздері және қоғам үшін маңызды салаларындағы проблемалары.  Бұл проблеманы шешу үшін өскелең ұрпақтың және оны  әлеуметтендіру институтының белсенділігін ғана емес, мемлекет пен қоғам  тарапынан арнайы саясатты қажет етеді.

Өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі үшін олардың тұлғалық дамуы үшін, қоғам мүддесі үшін инновациялық қызметі үшін жағдай жасалынуы тиіс. Соған байланысты тұлғаны әлеуметтік қорғаудың өзектілігі артып отыр.

 Әлеуметтік қорғау – отбасының тұлғалық дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік факторлардың жағымсыз әсерлерін ескере отырып,  ол  әсерлерді жоюға жолын іздеуге, олардың өзін-өзі анықтауына, өмірден өз орнын таба білуге бағытталған мемлекеттің мақсатты қызметі. Әлеуметтік қорғау- бұл әлеуметтік – экономикалық, құқықтық категория  ғылыми әдебиеттерде ол мәселе кең мағынада қарастырылады.

Сол сияқты отбасылармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде отандық ерекшеліктерге бейімдей отырып шетелдік озық технологияларды пайдаланудың еш артықтығы жоқ екендігін жадымызда ұстаған жөн. Отбасыларға арналған ақпарат орталығы, тұрмысы қолайсыз отбасыларды қайта әлеуметтендіру орталығы, отбасы мен отбасы мүшелеріне арналған консультациялық орталық және аз қамтылған отбасы ұйымдарына арналған ресурстық орталықтар секілді мекемелер қатарын көбейтіп, бюджеттен бөлінетін мақсатты қаражатты осындай нәтижелі істерге жұмсаған дұрыс.

Отбасы саясатының басты басымдылықтарын іске асыру үшін келесі мақсаттар бөлініп көрсетілді:

● отбасылардың қоғами және рухани дамуын қамтамасыз ету;

● отбасылардың еңбек, білім және денсаулығын сақтау саласында әлеуметтік құқықтарын қорғау;

●отбасылардың әлеуметтік–экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау;

● отбасылардың рухани және материалдық дамуы үшін жағдайлар жасау;

● отбасылардың қоғамдағы инициативаларын ынталандыру және қолдау.

Жалпы ойды қорытындылай келгенде қазіргі отбасы саясаты мен ондағы тәрбие мәселесін шешуде мынадай ой-түйін айтуға болады:

1.Әлеуметтік-экономикалық күйзелісті бастан кешіріп отырған қоғам өміріне кірген отбасыларды қалыптастыру  үшін, оның болашақтағы мүмкіндіктерін кеңейту үшін не істеу керек? Мұндағы негізгі ой, қоғамды қылмыстан және т.б. келеңсіз құбылыстардан құқықтық тұрғыда қорғай отырып әлеуметтендіру мен тәрбиеге қол жеткізу.

2. Қоғамдағы асыраушысынан айырылған отбасының өзін-өзі дамыту мен өсіп-өркендеуін қалай қамтамасыз ету керек? Бұл жерде Қазақстан  қоғамы –отбасылардың өсіп-өркендеуінің басты өмірлік потенциалы екендігін ұмытпағаны абзал[3].

Әлеуметтік жұмыстарды салыстыру шаруашылық жүргізудің нарықтық немесе жоспарлы нысандарын игеру есебінен іске асырылуы мүмкін. Осы жағдайда тегін білім беру, медициналық қызмет көрсету, демалыс және т.б. қамтамасыз ету үшін қолданылатын, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуде қоғамдық тұтыну қорлары барынша маңызды орын алатын қазіргі қолданыстағы және бұрынғы тәжірбиелер ерекше маңызды. Жүйелі әдіс әлеуметтік жұмыстардың объект, субъект, мазмұн, құрал, басқару, әлеуметтік жұмыстардың қызметі мен мақсаты сияқты элементтерін өзіне қоса отырып, тұтас жүйе ретінде әлеуметтік жұмысты тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді. Осы жағдайда жалпы жекелеген елдердің  әлеуметтік қорғалу жүйесі және олардың жекелеген маңызды компоненттері ретінде салыстырмалы талдау қажет.

Асыраушысынан айырылған отбасыларды әлеуметтік және құқықтық қорғау негізінде отбасындағы өсіп келе жатқан жасөспірімдердің болашаққа деген сенімдерін арттыру арқылы өмірге талпындыру. Асыраушысынан айырылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету жөніндегі жалпы ұлттық қорлардың санын және сапасын жоғарылату қажет.

 

 

 

Әдебиеттер:

1.Баймұқанова М.Т. Отбасымен әлеуметтік–педагогикалық жұмыс. – Астана: Парасат Әлемі, 2005ж.

2.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері – Алматы: Жеті жарғы, 2004ж.

     3. Холмогарова А.Б. Интерперсональное отношение поддержка из социальной неблогополучной семьей //Дефектология. - 2007.- №4