Төлепбергенов А., т.ғ.к.,
Орынбаева Ұ.А., Phd, Оңлабекова А.Т., Жанай С.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті
ҰЙЫМ
ҚЫЗМЕТІН ҮЗДІКСІЗ ЖАҚСАРТУ
ӘДІСТЕМЕСІ
Ұйымның
өнімінің бәсекеге қабілеттілігін, отандық
өнімнің қауіпсіздігін, қазақстандық
өнімнің шетел рыногына шығаруды кеңейтуді
қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешуде өнім
сапасын жоғары деңгейге жеткізуге бағытталған
ұйым қызметін үздіксіз жақсарту өзекті болып
табылады.
Ұйымның қызметін үздіксіз жақсарту
бойынша сұрақтарды зерттеу барысында бес сатыдан тұратын келесі
қадамдық әдістемесін
қолдануды ұсынамыз:
1 саты
-Мониторинг жасалынатын процестерді анықтау; 2 саты - Әрбір процесс
үшін негізгі сипаттамаларды анықтау; 3 саты - Әрбір
процесс үшін Шухарт бақылау картасын құрастыру; 4 саты
- Шухарттың бақылау картасы негізінде процестерді басқару; 5
саты - Процестердің нәтижелігін бағалау.
Бұл
әдістеме – ұйымды басқарудың әрбір
деңгейлерінде қолдануға болатын әмбебап
құрал. Әзірленген әдістеме жүнді
алғашқы өңдеу кәсіпорнында жүзеге асырылды.
Осы жұмыста ұйымды басқарудың үш деңгейі
қарастырылады: I – стратегиялық (басқару процестері
деңгейі, жоғары басшылықпен орындалады), II –
тактикалық (өнімнің тіршілік циклы процестерінің
деңгейі, орташа буындағы жетекшілермен орындалады), III – оперативті деңгей (өндіріс
персоналы орындайтын операцияларды орындау деңгейі).
I
деңгейде жоғары басшылықпен әдістеменің
барлық 5 сатысы орындалады; II деңгейде орта буын жетекшілері 2-ден
5-ші сатыларды жүзеге асырады; III деңгейде өндіріс персоналы 3-ші және 4-ші
сатыларды орындайды.
1 саты - Мониторинг жасалынатын
процестерді анықтау. Бірінші сатыда ұйымның барлық
процестері және бұл процестердің өзара байланыстары
анықталды. Әрбір процес үшін процестің нәтижелілік
критерийлері орнатылды, яғни процес шығыстарының сапасын
бағалауға мүмкіндік беретін сипаттамалар
анықталды.
2 саты - Әрбір процесс үшін
негізгі сипаттамаларды анықтау
Процестердің
жалпы тізімінен ұйымның стартегиялық мақсаттарына
және сапа облысындағы Саясатына сәйкес процестер және
осы процестерге мониторинг жүргізу үшіне қажетті сипаттамалар
іріктелінді.
3 саты - Әрбір процесс үшін Шухарт бақылау
картасын құрастыру
Бекітілген
көрсеткіштер бойынша Шухарттың бақылау картасын
тұрғызу және процестердің
тұрақтылығын және қайта жаңғырылуын
бағаланды .
Бағалау
бөлімшелерде ай сайын, тоқсан сайын жоғары басшылықпен
жүргізілді. Мониторинг нәтижесі бойынша көрсеткіштердің
бақылау шегінен ауытқу себептері анықталып, түзету және
алдын алу шаралары жүргізілді.
Жылдық нәтиже бойынша сол сияқты мақсаттық
көрсеткіштер қайта қарастырылды.
4 саты - Шухарттың бақылау
картасы негізінде процестерді басқару.
Негізгі
маңызды көрсеткіштердің бірі болып өндірістік
бөлімшелер жұмысын жоспарлау дәлдігі табылады. Топс
өндіру цехының жұмыстарын
жоспарлау көрсеткіштері бойынша жеке орта мәндері және
құлаштары 1–суретте көрсетілген. 1–суретте орта сызықтан бірден жеті нүкте
төмен орналасқаны көрінеді және де мұнда екі
нүкте төменгі шекте орналасқан, бұл жағдайда
процесс нормалы емес болып есептелінеді, сондықтан талдауды және
процес барысына араласуды талап етеді. Жоғары басшылық осы процеске ерекше көңіл
бөлуі қажет. Бұл жағдайда жақсарту облыстарын
табуға болады. Бұл мәселе процестің
статистикалық басқарылу жағдайынан шықпас бұрын
кәсіпорынның жоғары басшылығымен шешілуі қажет.
картасы
LCL=1016 Х0=5000 UCL=11016

ˍR картасы
Х0=3200 UCL=10454

1 –сурет - ТОПС цехының жұмысын жоспарлаудың
бақылау картасы
Төмендегі 2 -суретте жуу
цехындағы сәйкес емес өнімдердің үлесін
көрсететін мәліметтер келтірілген.
Сәйкес емес өнімді талдау келесілерді көрсетті: процес
тұрақты, бірақ
өнімнің сәйкессіздік үлесінің
төмендеуі байқалады, оны осы
мәліметтер бойынша сызылған сызықтың
бағыты көрсетіп тұр.
картасы
UCL=1,766 LCL=0,484 Х0=1,125

R картасы
Х0=0,341 UCL=1,114

2 - сурет - Сәйкес емес өнімді талдау
Кәсіпорында III деңгей
бойынша өндірістің жуу цехының жұмысшы орындарында
жүн құрымындағы қоспалардың болуын талдау
бойынша бақылау парақтары толтырылады. Бақылау
парақтарының мәліметтері бойынша жұмысшы дербес
түрде процесті түзету туралы шешім қабылдайды.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде
кәсіпорында
«Құрылымдық бөлімшелер туралы Ереже» қайта
қарастырылып, «Нәтижелілікті талдау. Мониторинг және
өлшеулер» тарауы енгізілді.
Сонымен, қорыта
айтқанда ұсынылған әдістеме кәсіпорында
процестерге араласудың деңгейін және мақсаттарын
нақты анықтауға мүмкіндік береді, бұл
түзетуші және алдын-алу әрекеттерін және
кәсіпорынның процестерін жақсартуды орындау кезінде
материалдық және уақыт шығындарын
қысқартады.
Берілген әдістемені
тәжірибелік қолдану негізінде мыналарға қол жеткізуге
болады:
- өндірістік процестер
кезінде туындайтын мәселелер мен тенденцияларды жылдам түрде
анықтауды, және дер кезінде түзетуші және алдын-алу
әрекеттерін жүзеге асыру;
- жүйелік
тұрғыға сәйкес жетілдіру мақсттарын бекітуге;
- өндірістің
көптеген бағыттары бойынша бір мезетте жақсартулар енгізуге.
Әдебиет:
1. Адлер
Ю.П., Шпер B.JI.. Контрольные карты Шухарта в действии.//
Методы менеджмента качества. - 2004, - №2.
2. Жулинский
С.Ф., Новиков Е.С., Поспелов В.Я. Статистические методы в современном
менеджменте качества. - М.: Фонд «Новое тысячелетие», 2001.-208 с.
3. ҚР СТ ГОСТ Р 50779.42-2003 Статистикалық
әдістер. Шухарттың бақылау карталары
4. ҚР СТ ГОСТ Р 50779.43-2003 Статистикалық
әдістер. Қабылдау
бақылау карталары
5. ҚР СТ ГОСТ Р 50779.51-2003 Статистикалық
әдістер. Балама белгі бойынша сапаға үздіксіз қабылдау
бақылауы