#Жүрсіналина Г. Қ.,
Ысқақова Ш.Қ. Көркем
мәтіндегі ойталқы мәселесі
Жүрсіналина Құрмашқызы
А.Байтұрсынов
атындағы ҚМУ, филология
ғылымдарының
кандидаты,
Ысқақова Шырай Қабдрахманқызы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институтының аға оқытушысы,
гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Қазақстан Республикасы
КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ОЙТАЛҚЫ
МӘСЕЛЕСІ
Қазіргі
қазақ тіл білімінде көркем мәтін мәселесі
кұрылымдық тұрғыдан ғана
емес, антропоцентристік тұрғыдан кең түрде зерттеле
бастады. Мәтін антропологиялық
лингвистика негізге алатын қоғам, ұлт, мәдениет, психология,
физиология, гносеология мәселелерінің басын біріктіретін
этнолингвистика, психолингвистика, гендерлік лингвистика, когнитивтік
лингвистика аясында жан-жақты қарастырылуда.
Ғалым А. Байтұрсынұлы мәтінді шығарма
сөз деп атайды және оның
ауызша да, жазбаша да болатындығын айтып, мәтінді
сөйлеудің бірлігіне жатқызады: «Сөз
өнерінен жасалып шығатын нәрсенің бәрі жалпы шығарма
сөз, ол аты қысқартылып шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған
сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма
болады» [1,344]
Көркем мәтін төңірегінде сұрақтар мен негізгі мәселелер
Қ.Ә. Жаманбаева, Г. Қосымова, Ш.М. Елемесова, Ж.Б. Саткенова, Ә.Ж.
Айтпаеваның және т.б. көптеген ғалымдардың
зерттеулерінде антропологиялық парадигмалық контексте
қарастырылып жүр. Алайда бұл бағытта жалпы көркем
мәтіннің тілдік-стилистикалық
табиғаты қарастырылғанмен, ойталқы мәтіні
әлі арнайы зерттелген жоқ.
Көркем мәтіннің
мазмұны мен тұрпатының кұрылымдық,
эстетикалық табиғаты, тілдік болмысының арнайы зерттеу
нысанына айналуы тілші, әдебиетшілердің
де көп уақыттан бері назарынан түспей келеді. А.Байтұрсынұлы зерттеулері Қ.Жұбанов,
М.Балақаев, I. Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев,
Р.Сыздык, Б.Шалабай, М.Серғалиев, Г.Смағұлова,
Н.Уәлиев, О.Бүркітов, 3. Қабдолов,
З.Ахметов, Т.Рақымжанов, К.Еңсебаева, Г.Сәрсеке,
Д.Әлкебаева, А.З.Салихова, Г.Әбікенова т.б.
көптеген ғалымдардың
зерттеулерінде заңды жалғасын тауып, көркем
әдебиеттің тілдік фактілері сараланды,
қазақ көркем мәтініндегі сөздің
эстетикалық қызметі көрсетілді.
Аталған зерттеулердің басым көпшілігіне тән басты ерекшелік – көркем мәтінді талдауда дара стиль категориясын
басшылыққа алуы және оны жалпы
стилистикалық жүйеде алып қарауы.
Мәтін бірліктері ол ең алдымен, сөйлем –
айтылымдардың жиынтығы, сөйлем
– айтылымдардың мағыналық-құрылымдық
байланысы нәтижесінде біріккен күрделі синтаксистік
тұтастықтардың (фразадан жоғары тұтастық, фразалық тұтастық т.б.)
үзіндіге, шығармаға ұласуы тұрғысынан түсіндіріледі [2].
Мәтіннің ең кішкене
бірлігі ретінде ғалымдар сөйлемді алады. Мәтін бірліктері мыналардан тұрады:
1.
Айтылым
(сөйлем деңгейіндегі сөйлесім)
2. Фразалар тұтастығы (межфразовое единство, сверхфразовое единство
ФЖТ) немесе күрделі
синтаксистік бірлік (КСБ) (өзара бірнеше айтылымның –
мағыналық және
синтаксистік тұрғыдан
бірлігі)
3.Үзінді-блоктар
(фрагменты-блоки - жарыспалы және қатарлас байланысқан
күрделі синтаксистік
бірліктердің тұтастығы)
Ғылыми
зерттеулерде мәтін
бірліктері шығарманың өсіңкілік касиетіне сүйене
отырып, бірнеше деңгейлерге бөлініп көрсетіледі:
1.
Сөйлем
2.
КСТ
3.
Үзінді
4.
Тарау
5.
Бөлім
6.
Шығарма
(аяқталған тұтас шығарма)
Айтылым – ол сөйлеушінің
қатысымдық мақсат-міндетіне сай ұйымдасқан
сөйлеу бірлігі (тілде ол сөйлемге сәйкес келеді). Кез келген айтылым сөйлем бола алады, бірақ кез келген
сөйлем айтылым бола алмайды. Бір сөйлемнің өзі айтылымда
бірнеше мағыналық реңк алуы мүмкін.
Мәтін бірліктері семантикалық,
грамматикалық және композициялық тұтастыққа біріккенде оның стильдік және
стилистистикалық ерекшелІктері жасалады.
Қай мәтін болмасын белгілі бір функционалдық-стильдік белгілерді бойына жинақтап ұйымдасады және онда автордың
да өзіндік дара стилі орын алады.
Мәтінді құраушы
бірліктердің шығарма контексіндегі қолданымдық қызметі туралы В.В.Одинцовтың,
Г.Я.Солганиктің Н.С.Валгинаның зерттеулерінде сөз болды. Аталған
мәтін бірліктерінің әңгімелеу мәтіндеріндегі көрінісі туралы ғалымдардың
көзқарасы мынадай түйінді тұжырым жасайды: әңгімелеу
мәтіні суреттеу, ойталқы мәтіндерінен
өзіндік кұрылымдық,
мағыналык, композициялык, тілдік ұйымдасуы жағынан ерекшеленетін сөйлеудің
композициялық - сөйлеу формасы болып табылады.
Қай мәтіннің
болсын ұйымдасуына тірек болатын синтаксистік байланыс, синтаксистік байланыстырушы кұралдар мен
осының нәтижесінде туындайтын
синтаксистік қатынас пен тәсіл, мағыналық ерекшелік әңгімелеу мәтіндерінде басқаша сипат алады. [2].
Әңгімелеу,
суреттеу, ойталқы мәтіндерінің арасындайы айырмашылық «өзара типтес
информациялық
сигналдардың жиынтығынан» көрінетіндігін дәлелдей келе О.Н. Гришина мәтіндерінде берілген фактуалды
ақпараттың ерекшелігіне қарай оны үшке бөледі:
1) әңгімелеу
типіндегі ақпарат, ол динамикалы болады да, мынадай екі
түрге бөлінеді:
а) сюжетті-динамикалы(сюжетно-динамический);
ә) бейнелеуішті - динамикалы
(изобразительно-динамический);
2) суреттеу типіндегі ақпарат, ол статикалы мазмұнды
ақпаратты
жеткізеді де, мынадай үш түрге бөлінеді:
а) бейнелеуіштік-статикалы (изобразительно-статичесикй);
ә)
бағалауыштық-түсіндірмелі (оценочно-комментирующий);
б) кіріспе-таныстыру (вводно-ознокомительный)
3) ойталқы типіндегі ақпаратқа уақыттан тыс,
жалпыланған-дерексіз
сипат тән болады да, оның бір ғана
түрі болады – жалпыланған-теориялық
ақпарат [3, 177б].
Бұл топтастырудан мәтіннің қатысымдық қасиетін басты ұстанымға алғандығы
байқалады.
Тіл білімінде
ойталқыға түрлі сипаттама берілумен қатар, оның
мәртебесі бір жақты анықтамаға ие бола алмай
отыр.”Ойталқы” ұғымына әр түрлі анықтама
берудің, оны сипаттағанда әр түрлі негіздерді айырып,
алдыңғы қатарға қоюдың
қиындығы, оны тілдік құбылыс ретінде танудың
күрделігі қиыншылық келтіреді. Ойталқыға берілген
анықтамалардың басым көпшілігі шешендік өнерден бастау
алатын ойталқы туралы дәстүрлі көзқарастардан
бастау алып отыр. Негізгі мақсаттарының бірі – дұрыс,
әрі ықшам сөйлеуге үйрететін шешендік өнер
аясында, ойталқы
ғылыми трактаттар мен
саяси сөздер материалы тұрғысынан қарастырылды.
Ойталкыны қазіргі кезең зерттеушілерінің көпшілігі
ғылыми және саяси
мәтіндер материялы негізінде де зерттеуге ден қоюы, сонымен
қатар, еңбектерінің мол болуы да осыны айғақтайды
Стилистикаға арналған зерттеулерде
ойталқының әр түрлі функционалды стильдер
аясындағы мәтіндер материалдары негізінде, соның ішінде
көркем әдеби мәтін негізінде қарастырады.
Сондықтан ойталқыны стилистикалық тұрғыдан
қарастыру оны кеңірек түсінуге әкеледі.
Ойластырылған және логикалық рәсімделген оймен
сипатталатын ойталқымен
қатар, ойлау процесінің
қалыптасуы алдыңғы шепке қойылатын ойталқы
түрлері (әр түрлі ойталқылар, құдайға
құлшылық ету, ішкі монологтар, аутодиалогтар және с.с)
ажыратылды.
Мәтін лингвистикасында ойталқы және
басқа да композициялық
сөйлеу формаларының статусын айқындау мәтін
классификациясы мәселесінің шешілуіне қарай жүзеге
асырылады. Коммуникативтік сөйлеу формасына деген екі түрлі:
логикалық-мағыналық және
коммуникативтік-семантикалық көзқарастар
ойталқының типологиялық мәртебесін әр түрлі анықтайды.
Жалпы, қазақ тіл білімінде ойталқы мәселесі туралы ең алғаш пікір
айтқан ғалым , тіл білімінің негізін қалаған А.
Байтұрсынов болған. Қазақ
тіл білімінің ғылыми негізін
салушылар – А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов
еңбектерінен мәтін туралы алғашқы ойларды
кездестіреміз. Ғалымдардың мәтін туралы ой - пікірлері тілдің
күнделікті қолданысындағы, қызметіндегі ерекшеліктерін байқаудан туындаған
болса керек. Өйткені, ғалымдар бұл кезеңдерде мәтінді, оның сипатын, белгілерін
арнайы зерттеу нысаны ретінде
қарастыруды мақсат етпеген. Әйтсе де қазақ тілі
мен әдебиетін зерттеуші және сол тілді иеленуші ретінде
мәтін лингвистикасына катысты
құнды пікірлерін білдірген. Адамзаттың тілі дамып жетілгеннен бері
қарым-қатынастың ауызша және жазбаша сөйлеу
арқылы жүзеге асқаны мәлім. Сондықтан
ғалымдардың тілдің ойлау
арқылы сөйлеу нәтижесінде туындайтын мәтіндерге катысты
ой-пікірлерді айтуы заңды.
А.Байтұрсынұлы
мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал
мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден,
яғни: аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын
және айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын, сондықтан ойды өзгелер
қиналмай түсінетіндей қылып
жеткізу керектігін сөз етеді [1, 349].
Ғалымның мәтін тақырыбымен
байланысты «Әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол
нәрсе шығарманың тақырыбы болады.
...Әңгімедегі пікір не туралы екенін күн ілгері білдіру
үшін, шығарманың такырыбы басынан қойылады.
«Айман-Шолпан», «Бақытсыз Жамал»,
«Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» деген сөздер шығарманың тақырыбы болады.
...Әңгіме басында тұрған «Айман-Шолпан» яки «Бақытсыз Жамал» деген сөздерді
көріп, кім туралы екенін бірден
білеміз. Бірақ шығарма сөздің бәрінің де
басына тақырыбы қойыла бермейді... Тақырыбы басына
қойылмаған сөздер, мәселен,
өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен аталады» [1, 347] деген ойлары –
қазіргі мәтін лингвистикасында қалыптасып
орныққан пікірлер.
Шындығында, тақырыпсыз мәтін болмайды. Мәтіндегі құрылымдық элементтер сол
тақырып негізінде өрбіп, тақырыпты ашу үшін қолданысқа түседі.
Соңдықтан мәтін тақырыбынсыз оның түзілуін сөз етудің өзі артық.
Ғалым
Қ. Жұбанов мәтінді сөз бұйымы (сөз) деп
атайды. Мәтінді қарым-қатынасты
жүзеге асырудың бірден-бір құралы деп түсініп, ғалым оның ауызша және жазбаша
түрлерін бөліп көрсетеді және олардың айырмашылықтарына да ден
қояды. Сондай-ақ әр мәтіннің өзіндік
жасалу жолдарының болатындығын тілге тиек етеді [4,148]. Бұдан
біздер ғалымның мәтінді тұтасым, байласым сипаты бар жүйелі
құбылыс деп танығанын көреміз.
Осы орайда мәтін саласы бойынша А. Жұбановтың
«Қазақ тілінің статистикасы», «Қолданбалы лингвистика:
формалды модельдер» атты еңбектері де қазіргі
кезде тілдік ғылыми ой-сананың дамуында бірімен бірі тығыз байланысты бірнеше үрдістің
қалыптасқандығын байқатады. Олар: экспансионизм (бірнеше ғылымдардың
тоғысуы арқылы жаңа «қосарланған» ғылымдардың
пайда болуы), антропоцентризм («тілдегі адамды» жан-жақты тануға бағытталған), функционализм
(тілдің қолданысын, қолданыс барысындағы
мағынасын зерттеуге бағытталған) және
экспланатарлық үрдіс негіздері болып отыр.
Мәтін көп қырлы күрделі
тілдік құбылыс болса ойталқы мәтіннің ажырамас
бірлігі, белді мүшесі – оны танып білу
мүмкіндігі сан түрлі зерттеу бағыттарын қажет етеді. Көркем мәтінді
зерттеудің, талдаудың әдістері
мен ұстанымдарының, қырларының күрделілігі
әрі әр түрлілігі және қажеттілігі
әдебиеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Сондай
айрықша көңіл
бөлетін жай - көркем баяндау
типтері туралы 20 - жылдардың
өзінде - ақ А. Байтұр-
сынұлының айтқандары болды. Ғалым
«Әдебиет танытқышта» шығарманың басқа да компоненттері
қатарында мазмұнның берілу жолдары туралы былай дейді: «Шығарманын
мазмұнында байқалатын негіздік түрлері үшеу: 1) әуезе;
2) әліптеу, 3) пайымдау. Дүниадағы нәрсенің қайсысы туралы
сөз тілесек, тек бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сөз
қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылуға алсақ, не ол
адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз, я болмаса ол адамның
істеген істерінің, өзінің жақсы, жаман болғанының мәнісін,
себебін тексере, пайымдап сөйлейміз. Осыған қарай сөйлеген сөзіміздің
түрі не әуезе, не әліптеме, не пайымдама болып
шығады ».
« Көбінесе
- ақ, әуезе, әліптеме, пайымдама шығарма ішінде аралас келіп отырады..» [6,147].
Жоғарыдағы әуезе, әліптеме, пайымдама деп
ғалымның сипаттама бергендері – осы
күнгі әңгімелеу (повествование), суреттеу (описание),
пайымдама, «ойталқы» (рассуждение) деп аталып
жүрген баяндау түрлері болып
табылады. Көркем
прозаның композициялық - тілдік құрылым жүйесін
ашуда көркем баяндау қабатын анықтап, оның типтерін
зерттеудін мәні ерекше. [7,124].
Бұдан шығатын қорытынды мынада: сол
кездердің өзінде де бұл мәселе өзекті болып
тұрды, бірақ нақтылы зерттеу объектісі ретінде жеке дара алып
қарастырылмады деуге болады. Кейінірек осы мәселе
төңірегінде осыған жақын, көркем әдебиет
тілін зерттеудің толық және барлық мүмкіндіктері
туа бастады. Қазақ тілінің стилистика саласы, көркем
әдебиет тілін зерттеудің бүгінгі аяқ алысы мен
қазіргі тіл ғылымы саласына жаңадан қосылып ,бір саласы
ретінде терезесі тең түсіп, дамудың сара жолына бет
алған «мәтін лингвистикасы» пәні – міне, осы еңбектердің жемісі,
соның айғағы деуге болады. Ол еңбек, әрине,
қазақ тіл білімі саласына талмай үлес қосқан
зерттеуші ғалымдарымыздың сол салаға арналған
ғылыми зерттеу жұмыстарының құнарлы да құнды еңбектерінің нәтижесі болып табылады.
Ғалым С. Аманжоловтың «Қазақ
әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде
«сөйлемнен де ірі түзілістердің
бар екеніне » [5, 97] көңіл аударғандығы
байқалады. Аталған еңбекте
сөйлегенде аяқталған ойдың бір сөйлеммен емес,
тәртіппен орналасқан
сөйлемдердің тізбегінен - тұратындығы және
әрбір сөйлемді өз
алдына емес, өзге сөйлемдермен байланыстыра
қарастырғанда нәтижеге
жетуге болатыны, сонымен бірге сөйлемдердің бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста
тұратындығы айтылады.
Қазақ тіл білімінде 1960-70 жылдарда
Т. Қордабаев пен Р.
Сыздықованың еңбектерінде мәтін лингвистикасының
нысаны – мәтіннің
тұлға - бірлігі күрделі синтаксистік тұтастық
мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Ғалым Р. Сыздықова 1970 жылы жарық көрген «Абай
өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» атты
еңбегінің бір бөлімін «Күрделі синтаксистік
тұтастық туралы ұғым» деп алып, онда мәтін лингвистикасындағы негізгі
мәселелердің бірі сөйлемдердің күрделі синтаксистік
тұтастыққа ұйымдасуын сөз етеді.
Көркем
әдебиет тілін зерттеудің қыры мен сырын жете түсіндіре
бағыт, бағдар бере шәкірттерін баулып, ғылыми зерттеу жұмыстарының
ұйтқысы бола білген, бірнеше ғылыми еңбектердің
авторы,профессор Б.Шалабай.
Б. Шалабай
мәтін мәселесіне байланысты бірнеше ғылыми мақалаларын
арнады (солардың ең алғашқысы - 1975 жылы жарык көрген
«Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік
тұтастық» атты мақаласы). Ғалым
«Қатысым синтаксисі» (1998ж.) атты еңбегінде мәтінді
сөзді сыртқа шығарудың яғни тілді
қолданудың жемісі деп қарастырып, сөйлеу
процесінің тіл жүйесімен тығыз байланыстылығын сипаттайды.
Б.Шалабай: баяндаудың
өзге де түрлері туралы тоқталып, талдау жасай келе
ойталқы туралы былай дейді: «Ойталқы түріндегі
баяндау формасының заттық мазмұнын ойдың немесе белгілі
бір күрделі тақырып – мәселенің логикалық дамуы
құрайды.Ал, оның құрылымдық формасына
логикалық ізбе - ізділік жатады» деп
анықтама береді [6,53].
Сондай -ақ, қазақ көркем
прозасындағы баяндау формасының басқа түрлеріне де
тоқталып, көркем әдебиет тілін зерттеудің ғылыми
- теориялық негіздерін қалыптастыруға қатысты
көптеген маңызды әдістемелік мағлұматтар
ұсынған , талдау жасалған.
Сонымен,
ойталқы дегеніміз – КСФ -
ның, яғни (композициялық сөйлеу формасы) бір түрі, көркем
шығарманың ажырамас негізгі бөлшегі, тілдік ерекшеліктерін
ашу барысында көркем баяндау қабатын анықтайтын
әңгімелеу, суреттеу сияқты өзіндік динамикалы форма
әрі мәтінге қатысты оқиғаның кеңістік
пен уақытқа, адамзатқа байланысты ой тізбегінің жалпы,
мәтін мазмұнына қатысты негізгі тірек сөйлемдер
логикасын бойына жинақтайтын және қосалқы тірек бола
алатын сөйлемдер жиынтығы арқылы мәтінге арқау
болып тұратын мәтіннің ең маңызды бөлігін
айтамыз.
Ойталқы мәтіндеріндегі ақпаратты жеткізудің
кішкене бірлігі сөйлем болып табылады. Себебі, көбінесе
мәтіндердің предикаттық
мәні басым болып, негізінен ойталқыға құрылады.
Әңгімелеу, суреттеу, ойталқы мәтіндерінің
әрқайсысы – нақты, өзіне тән информациялык сигналдардың жиынтығы
болып табылады. Олар көркем мәтінде
араласа қолданылып, шығарманың контекстік - вариативтік мүшеленуіне әкеледі. Ал, ол өз
кезегінде мәтінді қабылдауды жеңілдетеді және
тұтас шығарманың стилистикалық тонына әсер етеді.
[9, 53].
Сөзімізді қортындылай келе әңгімелеу,
суреттеу, ойталқының бір-біріне өзара тәуелділігі
олардың араласып, кезектесіп, бір-бірімен тұтаса отыруы, немесе
біреуінің мағаналық жағынан басым түсіп жатуы- мәтіннің
табиғатына , адамның таным көкжиегі арқылы
қабылданған мәліметтері мен құбылыстарды
түрліше бейнеленуіне және сөйлеу туындысын дүниеге
әкелген автордың жеке
қолтаңбасына тікелей байланысты деп танимыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А.
Шығармалары ( Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер ) -А.,
1989. – 134б.
2. Брандес
М.П. О роли композиционно – речевых форм в системе
тексте Лингвистические проблемы текста:
Сб.науч.тр.МГПИИЯ им. М Тореза. – М.,
1980. – Вып.158.
3.Гришина
О.Н. Соотношение повествования, описания и рассуждения в художественном тексте:
Дис. ... канд.филол. Наук. – М., 1982.
– 177б.
4. Жұбанов Қ
.Қазақ тілі туралы зерттеулер .А., 1999. –148б.
5. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі
синтаксисінің қысқаша курсы.А.,1980.
6. Шалабай Б.
Қазақ көркем
прозасының тілін зерттеудің
ғылыми –теориялық негіздері. Алматы, Ғылым, 1997.
7. Шалабай Б. Көркем әдебиет тілін
зерттеудің теориясы мен тәжірибесі. Алматы, 2007.
8. Сыздықова Р. Шалабаев Б. Көркем тексті
лингвистикалық талдау. Алматы, Мектеп, 1989.
9. Ахметова К. Мәтін лингвистикасы . Орал, 2008. – 53б.