#Әбдіқалық К.С.,Акбота Н.Т.
Ш.МҰРТАЗАНЫҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ
ӘҢГІМЕЛЕРІ
Әбдіқалық
Күнімжан Сәдірқызы
ҚазмемқызПУ-дің
доценті, ф.ғ.к., Қазақстан
М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ШОЛПАН» ЖИНАҒЫНА ЕНГЕН
ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЕЛ ТАҒДЫРЫ
«Оян,
қазақ!» (1909) пен «Маса» (1911) жинағынан кейін іле-шала
шыққан Мағжанның «Шолпаны» (1912) да ел санасын оятуда
үлкен маңызға ие болды. Ақынның осы
алғашқы жинағында отаршылдық езгіге наразылық,
сондай-ақ халықты қараңғылықтан
құтқарудың жолын іздеп, оқу-білімге
шақырған біршама өлеңдері жарияланды. Солардың
қатарындағы «Жатыр», «Сорлы
қазақ», «Туған жерім
– Сасықкөл», «Қазағым», «Осы күнгі күй»
сияқты өлеңдерінде ел тағдыры басым жырланған.
Осы жинақтан бұрын «Айқап»
журналының 1911 жылғы 2-санында
жарияланып үлгірген ақынның «Жатыр»
өлеңінде отаршылдықтың озбырлығына
жаншылған елінің жай-күйі толық ашылып
көрсетіледі. Алдымен ілгері
озық елмен өз жұртын салыстыра келіп, олардан қалыспау үшін
қазағына ең бірінші өнер, білім керек екенін
ұқтырғысы келеді. Одан әрі
Кең жері күннен-күнге құрып
жатыр,
Сұр жылан қанын-сөлін сорып жатыр,–
деп елін жерінен айырып, қанап жатқан орыс
патшалығын сұр жыланға теңеген ақын
халқының қамсыз ұйқыда жатқанына налиды. Ел
ішіндегі келеңсіздіктерді сынға алып қана қоймай,
«Кешегі шешек жарған қазақ гүлі Сарғайып, бір су
тимей солып жатыр» деген өкінішін де білдіреді.
Мінекей, қазақ солай бітіп
жатыр,
Күн сайын артқа қарай
кетіп жатыр.
Сезінбей өзгенікін, өзінікін
Аты өшкір оқығандар
нетіп жатыр?–
деп ең ақырында күйінген ақын
жұртының алға жылжуын ойлап, қазақ
оқыған азаматтарының күш біріктіруін қалайды.
«Сорлы
қазақ» өлеңінде ақын:
Сорлы қазақ жан
алқымға тығылып,
Қара күн кеп,
тіккен туы жығылып,
Алға баспай, біткен
ісі кер кетіп,
Нәр тата алмай,
күнсіз, әлсіз бүгіліп,–
деп өзге елге бодан болған
халқының жай-күйін осылайша сипаттай келе, «Пып-пыр
ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр» деп жұртының
жайбарақаттығына алаңдайды. Ең бастысы мұнда
сорлылықтан арылу үшін елінің оқу-білімге ұмтылу
керектігі баса айтылады.
«Туған жерiм – Сасықкөл» өлеңіне келсек,
бұл туындысы туралы алғаш пікір білдірген Ж.Аймауытовтың «Мағжанның
ұлтшылдық, түрiкшiлдiк өлеңдерi “Ғалияда”
шәкiрт болып жүрген кезiнен басталады.
Сол күнде-ақ «Туған жерiм –
Сасықкөл» деген өлеңiнде де патшаның
отаршылдық саясатына қарсы жаза бастайды.
Айдын көл ата қоныс, құт
болған көл,
Сусын
боп, сұрағанға от болған көл.
Кеше
бiрлiк, ынтымақ түгел шақта,
Бейне
бiр сенiң басың сүт болған көл.
Бiлмеймiн
не боларын қайран көлiм!
Жарайды
тең болмаса күн мен түнiң,
Итиiп
қарашекпен келiп қонса,
Басыңнан
құсың ұшып кетер сенiң, –
деп туған
жерiнiң зарын зарлайды» дегенінде
Мағжанның бар қайғысы ел мұңы екені
айқын көрсетіліп отыр.
Расымен де осы ата қонысына «итиiп қарашекпен келiп
қонса...» жұртының күні не болмақ?
Өлең астарынан ақынның сол уақыттағы
аграрлық реформалар, нақтырақ айтқанда 1911 жылы 29
мамырда қабылданған «Жерге орналастыру туралы» заңнан
хабардар етіп отырғаны да байқалады. Жалпы,
қарашекпенділердің шұбырып қазақ жеріне
қоныс аударуы жалғыз Мағжанның ғана емес, сол
тұстағы барлық қазақ ақындарының
жанына батқаны белгілі.
«Қазағым» өлеңінде де ақын алдымен
қазақтың бар байлығы – жері кеткенін еске салады.
Қазағым, таянды ғой
қылта мойын,
Жер, мал кетіп, бос қалды
біздің қойын.
Отаршылдықтың сұрқия саясатын түсіндіруге
күш салған ақын «Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа
бекер» деп ұрандап қана қоймай,
Бар жерді күннен-күнге алып
жатыр,
Хохолдар алып қала салып жатыр.
Қырылысып өзді-өзімен
қазақ сорлы,
Жерінен аузын ашып қалып жатыр,–
деп патша үкіметінің аграрлық реформаларынан бейхабар көпшілікке
өз жерінің қайда кетіп жатқанын айтып, ой тастайды.
Сөйтіп, «Кел, қазақ, қолдағыдан құр
қалмайық...» дей келе, өз жұртын қайдағы
келімсектерге желінбей, ертеңгі күнді ойлауға шақырады.
Мағжанның «Осы күнгі күй» өлеңіне
келсек, мұнда да қазақтың ауыр халі барынша
сипатталған.
Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу,
жүрген жалғыз.
Көрінбес көзге түртсе
қараңғыда,
Япырм-ай, қалдық па екен тіпті таңсыз?!
Азаттықты аңсап, жұртының тағдырына алаңдаған ақын
«Тақаулы тамағында өткір пышақ, Тек жатыр тұяқ
серіппей сонда да аңсыз» дегенді де ескертеді.
Жер кетті, жаның кетті, қам жамедің,
Құл болдың қара табан енді
малсыз,–
деп елінің қамсыздығына күйінген ақын бір
сәт ащы шындықты жайып салса, бір сәт «Қазағым,
арыстаным, қайратты ерім» деп жұртына рух береді.
Тығырықтан шығатын жолды осындай азаматтар көрсетсе
екен деген тілекпен қоса, «Сандалдың алдың – боран,
артың – тұман» деп елінің мұңын жоқтайды.
Жалпы,
Мағжанның патша үкіметінің тұсында-ақ
қаймықпай жазған осы алғашқы
өлеңдерінде отаршылдық саясат мейілінше сыналып, жұрт
санасын оятуға батыл ұмтылыс жасалған.
Әдебиет:
1. Жұмабаев М.
Көп томдық шығармалар жинағы. Бірінші том.– Алматы:
Жазушы, 2008.
Резюме
Настоящая
статья посвящена изучению национального вопроса в творчестве М.Жумабаева.
Resume
This article is devoted to the study of
the national question in the works M.Zhumabayev.