#Ермекова  Гульнура ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАУІПСІЗДІКТІ  ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУДЕГІ   ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚҰҚЫҚ  СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ   АТҚАРАТЫН  ФУНКЦИЯЛАРАНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАУІПСІЗДІКТІ  ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУДЕГІ   ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚҰҚЫҚ  СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ   АТҚАРАТЫН  ФУНКЦИЯЛАРАНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Ермекова Гульнура

 

М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университеті,  Тараз  қ.,

 

Халықаралық  қауіпсіздік  - бұл әлемдік тәртіп, яғни халықаралық құқық   субьектілерінің және мемлекеттердің  еркін дамуы  үшін халықаралық шаралардың жасалуы. Халықаралық қауіпсіздік шараларының негізінде әрбір мемлекет өзінің саясатын жақсы жағдайда жүзеге асыру үшін, халықтардың   материалдық деңгейін көтеру  мен тұлғалардың еркін дамуы үшін, адамдардың және азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын толық көлемде қамтамасыз ету болып табылады. Халықаралық қауіпсіздік кең мағынада қауіпсіздіктің саяси, экономикалық, гуманитарлық, ақпараттық, экологиялық жәнеөзге де аспектілерді қамтитын кешеннен тұрады. Ал, тар мағынада жалғау әскери- саяси аспектілерді құрайды.

Жаңа  дәуірдегі  халықаралық  қауіпсіздікке  нұқсан  келтіретін  мәселелер:

·        Халықаралық  терроризм;

·        Жаппай  қырып – жоятын  қаруларды  тарату;

·        Ішкі  қарулы  қақтығыстар;

·        Ядролық  қаруларды  тарату;

·        Химиялық  қаруларды  тарату;

·        Бактерологиялық  қаруларды  тарату;

Халықаралық қауіпсіздік құқығы- халықаралық құқықтың саласы, және ол халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамсыз ету мақсатында мемлекеттердің әскери-саяси қатынастарын реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесін қамтиды. Оның негізін қазіргі кезеңдегі халықаралық құқық жалпы  жұрт таныған қағидалары танылады. Оның ішінде: күш қолдану немесе күш қолдану туралы қорқыту, мемлекеттердің территориялық мызғымастығы, шекаралардың бөлінбестігі, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау дауларды бейбіт жолдармен шешу, мемлекетаралық ынтымақтастықтың Халықаалық құқықтың қағидаларынан бөлек  халықаралық қауіпсіздік құқығы саласы өзінің салалық қағидаларын да иемденеді:

·        Халықаралық қауіпсіздіктің бөлінбестігі қағидасы- яғни жердің бөлінбеуі және ондағы мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы танылады.

·        Өзге мемлекеттердің қауіпсіздігіне залал келтірмеу қағидасы- яғни әрбір мемлекет тек өзінің ғана қауіпсіздігін ескермей, сонымен қатар өзге де мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

·        Тең және біркелкі қауіпсіздік қағидасы- яғни әрбір мемлекет өзінің қауіпсіздігін сақтай отырып, өзге мемлекеттермен ынтымақтасуда болуын көрсетеді.

Халықаралық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері әртүрлі. Оларға халықаралық   даулар мен қақтығыстарды  бейбіт жолмен шешу, қарусыздану қағидасы, аймақтық және сенім шаралары жатады. Халықаралық құқықта Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты тәсілдер жасалған. Оларға: ұжымдық қауіпсіздік, қарусыздану, дауларды бейбіт жолмен шешу, қарулану жарыстары мен қиыншылықтарды төмендету шаралары, ядролық соғыстарды алдын-алу, бейтараптылық және қосылмау, агрессия актілерін жоқтату, өзін-өзі қорғау; жеке территориялардың бейтараптылығы мен демилитаризациялануы, шетелдік әскери базаларының ликвидациясы, мемлекеттер арасындағы өзара сенім шаралары.

Халықаралық құқықта қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бекітілген тәсілдері бар топтар құрайды:

1)     Мазмұнына байланысты (бейбіт тәсілдер мен мәжбүрлеулер);

2)     Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рөліне байланысты;

3)     Қолдану аясына байланысты(мемлекет шегінде, аймақ немесе әлемдік деңгейде);

Халықаралық қауіпсіздіктің жүйесі- халықаралық қауіпсіздікті сақтаулуын қамтамасыз ететін әдістедің және тәсілдердің жиынтығы, онда екі жол бар: ұжымдық шаралар- кең көлемдегі халықаралық ынымақтастық және жеке дипломатия- бейбітшілікке төнетін қатерлердің алдын-алу және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу.

Экономиканың ашықтығы ол ұлттық экономикалық қауіпсіздікке де қауіп төндіруі мүмкін. Ол ұлттық экономиканы қамтамасыз ететін факторлар мен шаралардың жиынтығынан тұрады. Мұндай жағдайда мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы қамтамасыз етіліп, қоғамдық мүдделер қанағаттанырылады, басқарудың жоғары- сапалығы мен халықаралық және ұлттық деңгейде экономикалық мүдделер қорғалады.

Экономикалық қауіпсіздікке төнетін қатерлер:

1)     Импорттық тәуелділіктің күшеюі;

2)     Мемлекеттердің табиғи ресурстардың экспорттар неттосына айналуы;

3)     Валюталық ресурстардың ағымы;

4)     Мемлекет тауарларының төмен бәсекелесітігі;

5)     Демографиялық мәселелер;

Халықаралық қауіпсіздіктің екі түрін анықтауға болады: әмбебап әне аймақтық. Екі түрі де ұжымдық қауіпсіздікке кіреді. Яғни тек ұжымдық деңгейде барлық мемлекеттердің не аймақтардың күшімен қамтамасыз етіледі. Әмбебап қауіпсіздік жер бетінде толық құрылады. Ол Халықаралық шарттар жүйесіне негізделеді және барлық субьектілер үшін міндетті болады. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әмбебап жүйесі БҰҰ-ң аясында құрасытырылған. Мұндай қамтамасыз етудің басты органы БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесі танылады. Бұл орган әлемдегі барлық туындайтын агрессия қауіпін алдын-алатын орган әне оны алдын-алу шараларын жүргізетін орган болып табылады.

Қауіпсіздік мәселесі- бұл бейбітшілік жүйесіндегі Вестфалдық саяси мәселелер. Әрбір мемлекет туындаған сәтінен бастап өзінің егемендігін сақтауды мақсат етеді, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздігін де сақтайды(national security). Осыған байланысты ұлттық мүдделерді жүзеге асыру және олардың Халықаралық жадайға әсері, мемлекет саясатын анықтаумен көзделеді. Қазіргі таңда әлемдік қауіпсіздік мәселелері;

1)             Әскери-саяси факторлар

2)             Әлеуметтік- экономикалық

3)             Экологиялық

4)              Ақпараттық- технологиялық салаларын қамтиды. Сонымен қатар осы саналар теоритикалық сипатта да көрініс табады, яғни аймақтық, халықаралық және жаһандық қауіпсідік мәселелерінің арақатынасы сипатында болуы. Ұлттық мүдделер топтарының көбі мемлекеттер үшін түрлі аймақтық, халықаралық одақтарды құрады, яғни белгілі бір дауларды шешу мақсатында мемлекеттер ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарына бірігіде. Осыған байланысты халықаралық және ұйымдармен тығыз байланысты. Қазіргі кезеңде институттар арасында БҰҰ-ын айтуға болады. Маңызды рөлді халықаралық қауіпсіздікті және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ЕҚЫҰ және НАТО, (Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы) иеленеді. Алдыңғы қатардағы мәселер болып БҰҰ-ң әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етуде оны реформалау болып табылады. Ал, қалған халықаралық ұйымдардың Жарғылық құжаттарында нақты қызметтерін толық анықтау болып табылады. 

Халықаралық  қауіпсіздік – бұл  мемлекеттер арасындағы   саяси тұрақтылық, ішкі   қауіпсіздіктің    жай – күйін   сақтаудың  негізі.

Қазіргі  таңдағы  халықаралық ұйымдар бірнеше бағыт бойынша қызмет  атқарады.  Халықаралық   ұйымдарды  классификациялаудың бір түрі болып, олардың құрылымдарын салыстыру және институттардың құзыреттілігін өзара теңестіру  қызметі  болып табылады.

Халықаралық ұйымдардың типалогиясының құрылымына көбіне институционалдық  құрылыс элементтер ерекше әсер етеді:

1.                  Ұйымның бір топ мүшелері немесе ұйымның бір мүшесіне қатысты мүдделерінің баланысын жасау үшін жасалаған ұйым жарғысы;

2.                   Ұйым институттары арасындағы құзіреттілікті бөлу;

3.                   Ұйым құрамындағы институттардың мүмкіншіліктері және мүше мемлекеттердің арасындағы күштің балансы;

4.                   Ұйым институттарының ішіндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес өкілдердің балансы.

Көптеген  халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттары мен олардың  қызметінің  тәжірбиесі, мемлекеттер үшін маңызды шешім шығаратын  тұрақты  өкілдікті қамтамасыз етеді.

БҰҰ-ң тұрақты мүшелерінің орыны ядролық державаларға тиесілі таңдағы Қауіпсіздік Кеңесінің басты функциясы әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

             Халықаралық ұйымдардың функциялары  олардың  жарғылық  құжаттарында  бекітілгедей,  негізгі   мәселелерімен  толық  айналысады,  соынме  қатар,  олардың  қазіргі  кездегі   әлемдік  қауіпсіздікті  сақтаудағы  рөлі  анықталады.

            Қауіпсіздік – тұлға,  адам,   қоғам,  ұлт, билік, мемлекет,  әлемдік  даму,  әлемдік  тәртіп  сияқты  құныдылықтармен  бірге   негізгі   құндылықтарға  жататын   құныдылықтарға  жатады. Ол  негізгі  ерекеше  өзекті   мемлекеттік   және  әлемдік   талқыланатын  сұрақтарға  жатады.

            Қауіпсіздікке   қатысты  сұрақтардың  мәселелері   қоғамдағы  маңызды  даулардың  брі  болып  табылады. Оның  дамуы   басты  екі  дүниежүзілік  соғыс  пен   «суық  соғыс»  және  локальді  даулар  мен   қақтығыстар  өз  әсерлерін  тизгізді. 

Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мәселелері -   бұл  мемлекеттер  арасындағы  қатынастардың теңдігі  мәселесімен  тура келеді, яғни  нәтижесінде  қауіпсіздікті   қамтамасыз  етуде  институционалды   құрылым  мен  механизмдері  реттелмеді.  Бұл  әркеттер  әлемдік  қауымдастықтың  әрекетін  ұйымдасыруға  көмектесті.

Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету   тәжірибесі   әлемдегі   жетекші  мемлекеттердің  сыртқы саясатындағы   маңыздылық  пен  жауапкершілікті  анықтап берді.  Ұлттық және  халықаралық  қауіпсіздікті сақтаудағы  тапсырмалардың  өзектілігі  және оларды  шешудің мәселелері  XIX – аяғы мен   XX- басындағы постбиполярлық  әлемде  күрт  дамыды.

Халықаралық    қауіпсіздік   түсінігімен  қатар  политологиялы   талқылауларда   осы  сөздің  аналогы  күреседі,  яғни  әлемдік  қауіпсіздік  және  «жаһандық  қауіпсіздік».

            Көріп  отырғандай   социологияның   тәуекелінің  жаңа  бағытына   сай  бұл  қауіпсіздіктің    мәселесін  шешуде  қиыншылықты  туғызды,  яғни  қауіпсіздіктің   жағдайын  бағалауда   анықталмағандыққа  элемент  қосады.  Танылғандай, XXI – гасырдың   жаңа  қауіп  - қатерлері  халықаралық  қауіпсіздікте  тиімді  статегияны  қажет  етеді. Бұл  мәселе  2005 ж. Біріккен  Ұлттар  Ұйымының   Хатшысының «Үлкен  бостандық  шарасы  негізінде -  қауіпсіздікке,  дамуға   және  жалпыға  бірдей адам  құқықтарын  қамтамасыз  етуге» деген  баяндамасында  сөз болды.  Барлық  мемлекеттердің  әлемдік  процесске  араласуы,  саяси,  әлеуметтік  қатынастардың  дамуымен,  осы  жолдағы  қиыншылықтардың   туындауымен  көрсетіледі. Қазіргі  таңдағы  халықаралық  қауіпсіздіктің   мәселелері  мынандай  тапсырмаларды  алға  қояды:

·        Халықаралық  қауіпсіздіктің   түсінігін  анықтау;

·        Халықаралық  және  ұлттық  қауіпсіздік  өзара  байланысын  анықтау;

·        Әлеуметтік  соғыстардағы  халықаралық  қауіпсіздіктерге   анализ  ажасау;

·        Қазіргі  кездегі  қауіпсіздік  мәселелерін  анықтау;

·        Қауіпсіздік   мәселелеріне  жаңа  заманғы  теоретикалық  түсініктер  беріп,  аумақтық  қауіпсіздіктің  шекараларын  қарастыру;

·        Әлемдік  қауіпсіздікке  қадағалау  жасауды  қарастыру;

Қауіпсіздікті  түсінуге  әлемдегі  адамдардың  ойлары  әртүрлі  болады. 

            Ұзақ  мерзімнің  ішінде  бұл  категорияға  философиялық – этикалық  және  діни  көзқарастар   ұқсас келеді. Арисротель  мен  Платонның  ойларынша,  индивидтердің  қауіпсіздігі  мемлекеттермен  қамтамасыз  етіледі деп  есептеді. Ол  жалпы  қоғамдық  әділеттілікті  орнатуға  өз  үлесін  қосты.

«Қауіпсіздік» түсінігі ҚР-ң заңында мемлекетке төнетін немесе төнейін деп «адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің   қарқынды  дамуын, күшейуін  қамтамасыз ететін  мемлекеттің  ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi», – деп түсіндірілді.

Қауіпсіздік Феноменінің туындауы қауіп-қатердің туындауымен, жасалуымен байланысты фактілермен тура келедеі. Бұл  адамзатқа қасы қатерлер, олардың қоғамда дамуын тежелейтін әрекеттермен сипатталады. Осы түсініктердің негізінде отандық және шетелдік авторлар  қауіпсіздік саласындағы негізгі түсініктерді анықтауға әрекет жасады.

Негізгі анықтауда «қауіпсіздік» түсінігі адамзаттың мүдделеріне, құндылықтарына, мақсаттарына қарсы қауіп-қатерлер мен даулардыңболуы. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша, «қауіпсіздік» түсінігі обьектілердің  тұрақты қауіп-қатерлерден қорғалуы деп түсіндіреді. Сонғы кездері, қоғамдық қауіпсіздік – «бұл мемлекеттің қауіп пен қатерден, қоғам мен тұлғалардың әлеуметтік мүдделерінің қорғалуы жатады». Осыған орай мызғымастық, өзімен-өзіндік, тұрақтылық және өмірсүргіштік субьектілердің негізгі мүдделері болады және олар «конститутциялық құрылыстың тұрақтылығы», «егемендік», «территориялық мызғымастық» түсініктерімен анықталады. Сонымен  қатар, «ақпараттық  қауіпсіздік»  те  мемлекеттің  тікелей  ұлттық  қауіпсіздігіне  әсер  етеді. «Ақпараттық  инфрақұрылым» мен  «ақпараттық  кеңістік» деген  ұғымдар  да  жаңадан  шыққан,  олар  қоғам  мен  мемлекеттің  дамуымен  тікелей  байланысты. Осы  терминдермен  тікелей  байланыста  қосымша, «ұлттық  мүдделер»  де  тікелей  қолданылады. Себебі,  мемлекет  қауіпсіздігін   қамтамасыз   етуде  ұлттық  мүдделерді  қамтамасыз  етуге   тырысады. Ұлттық  мүдделердің  қатарына:

1) адамдардың құқықтарын, еркіндіктерін  және  бостандықтарын қамтамасыз ету;

2)  халықаралық  және  ұлттық  құқық  нормаларының    тура   және   бiркелкi орындалуын  қадағалау;

3) мемлекеттердегі  құқықтық тәртiпті орнату;

4)  әлемдегі  қоғамдық   татулық  пен саяси тұрақтылықты сақтау;

5) мемлекеттік  патриотизм;

6)  мемлекет  қоғамының материалдық және рухани-имандылық құндылықтарын сақтау мен дамыту;

7) халық  денсаулығын  сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру;

8) қоғамның   деңгейін  жақсарту қажеттіліктеріне лайықты   сатысы  мен сапасына қол жеткізу;

9)  мемлекеттің  білім және ғылым, қоғам мен адамдардың   әлеуметтік-экономикалық, инновациялық және  инновациялық  даму   мүмкіншіліктеріне   сай  деңгейі мен сапасына қол жеткізу, сақтау;       

10)  мемлекеттің  территориялық  құрылысының, оның  iшiнде  мемлекет тәуелсіздігінің, бiртұтастығы мен  басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттiк шекарасына  қол сұғылмаушылығының, аумағының бөлiнбестiгiнiң мызғымастығы;

11) мемлекеттiк институттардың қызметі, олардың қызметiнiң тиімдiлiгiн күшейту;

12)  халық   мүддесі  үшiн экономикалық даму;

13) экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз ететін агроөнеркәсiптiк, отын-энергетика, көлік және өндірістік салалар, қаржы жүйесінің тұрақты  қызметі;

14)  әскери құрылымдардың  дайындығы;

15) әскери қауіпсіздікті  толық көлемде қамтамасыз ету; 

16) мемлекеттің қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандырылуы;

17) бәсекеге қабілетті және  мемлекет  ішіндегі  ақпараттық кеңістікті жасау және дамыту;

18) қоршаған ортаны  сақтау және жақсарту, табиғи ресурстарды   тиімді пайдалану;

19)  мемлекеттердің  халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйін  бақылау;
20) мемлекеттердің жағымды имиджі мен беделін   күшейтуге бағытталған саяси  бастауларды  жүзеге  асыру;

21)  мемлекет  халқы  аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде не болмаса, қақтығыстардың   нәтижелерінен  туындайтын қатерлерден бейбіт уақытта және соғыс уақытында қорғау.

Мемлекетаралық  коалициялар үшін «тұрақтылық» туралы сөз қорғау қажет, себебі ұлттық мүдделердің мүшелерінің қатынасы туындайды.  Әлемдік қауымдастықты күрделі жүйе ретінде де қарасытыруға болады, өйткені мүшелердің, мүдделері кейбір кездерде сәйкес келед, кейбір  кездерде  шектеледі. Шектеу қызметіне қауіпсіздік болады, қиын жағдайларда кез-келген мақсаттың үстінен қызмет атқаратын, сондықтан да әлемнің барлық мүшелері үнемі қауіпсіздік пен әрекет еркіндігі үнемі қауіпсіздік пен әрекет еркіндігі арасындағы балансты іздейді. Әлемдік  мүшелердің өз мүдделерін жүзеге асыруға халықаралық жүйедегі өзгертулер мен немесе саяси  бағытты өзгерту жатады. Нәтижесінде халықаралық жүйенің динамикалық конфигурациясы туындап, қауіпсіздіктің нақты бір дегейін сипаттайды. Күшті мемлекет- әлемдегі ең ықпалды мемлекеттердің бірі болуы және экономика жағынан алдыңғы қатарға шығып, күшті мемлекеттердің қоғамының теңқұқылы мүшесі болуы, сонымен қатар, ұлттардың рухани бірлігі мен біркелілігін қамтамасыз ете алу және демократиялық, кешенді, әділ мемлекет бола алу мүмкіндігімен байланысты.  Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңа эволюциялық тұжырымдамалық көзқарастар пайдаланылады.

            Осыған байланысты қорытындылай  келе,   қауіпсіздік түсінігінің астарында, ғылыми әдеитерде мемлекеттердің тұрақты және толық дамуы үшін қамтамасыз етілетін факторлардың өзектілігінің жүйесі танылады. Ол яғни мемлекеттің өмір сүруіне, ұлттық мақсаттарға жетуіне, әлеуметтік қамсыздануына, хаалықтар мен азаматтардың жағдайларының жақсаруына және отбасыларының дамуына көмек етеді. Сонымен қатар, қауіпсіздік фундаменталды  құндылықтар мен ұлттардың дәстүрлерін сақтауда маңызды рөлді алады. 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі:

 

1)                 Абашидзе А.Х., Урсин Д.А. Неправительственные организации: Международно-правовые аспекты. - М.: Международные отношения, 2002. – 238 с.

2)                 Международные отношения: теории, конфликты, организации / Под. ред. П.А. Цыганкова. – М.: Альфа-М, 2004. – 284 с.

3)                 Кривчикова Э.С. Основы теории права международных органи­заций. - М.; МГИМО, 1979. – 298 с.; Главные органы ООН. - М.: МГИМО, 1989. – 146 с.; Право международных организаций. В кн.: Международное право / Под ред. Ю.М. Колосова и Э.С. Кривчиковой. – М.: Международные отношения, 2005. – С.242-323.

4)                 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедиясы. /Бас редакторы Нысанбаев Ә. Алматы 2001 ж., 719-725 беттер;

5)                 Айманбетова А.С. Региональные организации коллективной бе­зопасности. - М., Астрель. - 2004. – 150 с.

6)                 27.02.1950 ж  .БҰҰ – ң  288 Резолюциясы;

7)                 БҰҰ-ң 1945ж.  Жарғысы;