#Джаналиева Н.Б. Агрессиялы?
?асиетті? пайда болуын невропатологиялы?, психиатриялы? зерттеулерде гуманистік
ба?ытыны? ерекшеліктері
УДК 3272.15.С7
Агрессиялық
қасиеттің пайда болуын невропатологиялық,
психиатриялық зерттеулерде гуманистік бағытының ерекшеліктері
Джаналиева Н.Б. ҚР, Шымкент қ.,
ҚИПХДУ
RESUME
In this article,
the problem of childrens character and their theoretical classifications.
XX ғасырдың басында өркендей
бастаған ғылым мен өндіріс- экономиканың талаптарына
орай сана (интроспектік) психологияның дағдарысы болды. Оның
субъектив әдістері қоғамның объектив
қажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді.
Осыдан психология зерттеулерін жаңа объективті әдістер
тұғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады.
Сондай-ақ сол кезде Францияда кең тараған невропатология
және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижесімен
де байланысты болды.
Психологияның қарқынды дамуына Ч.
Дарвиннің эволюциялық тағылымы үлкен ықпал етті.
Бұл ілімге орай барша психологиялық дүние
қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен
ажырасуы мүмкін емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық
теория ықпалында интроспекция әдісін (үңіле тану)
қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.
Осылайша әр түрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда
бірнешежаңа психологиялық
теориялардың туындауына себепші болды. Солардың бірі – гуманитсік
бағытына қықаша сипат берейік.
Гуманистік психологиялық
бағыт - психологияның негізгі пәні жоғары
көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында
қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология
бағыттарының бірі. Гуманистік психология көрнекті
өкілдері — А. Маслоу, К.
Роджерс, Г. Олпорт. Гуманистік психологияның мынадай негізгі
қағидаларын бөліп көрсетуге болады:
-
адам
өзінің біртұтастылығымен зерттелінуі қажет;
- әрбір адам қайталанбас тұлға;
- адам дүниеге ашық болып келеді, адамның дүниені және өзін-өзі дүниеде сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады;
- адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде қарастырылуы қажет;
- адамның бойында оның табиғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға деген күш-қуаты болады;
- өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір тәуелсіздік дәрежесі болады;
- адам — ол интенциялы, белсенді, жігерлі, творчестволық жан.[1]
К.Р. Роджерс
бойынша агрессия индивидтің бостандығын таңдау
мүмкіндігін, шектеуге мәжбүр еткенге, қарсы
әрекеті. Агрессия және зорлық психологиялық
қорғаныстың бір түрі. Агрессия бұл
организмның тәжірибеге жауабы, яғни қауіп төнетін
жағдайда индивидтің өз жайында ойлауына сәйкес келмеуі.
Адам өз құндылықтарын, өзін-өзі
қабылдауды қажет етеді. Ол жақсы өмір мен
бақытқа ұмтылады. Өзі жайында өзгенің ойына
көбірек көңіл бөлуі, ішкі тебіреністермен қаупі
күшейіп, олардың оны бағалауы мазалайды. Адам олардың
талап етуі мен үмітін ақтауға ұмтылады,
сондықтанда ол еркіндікте емес, әрекетті таңдауы шектелген.
К.Р. Роджерстің айтқанындай «агрессия – бұл шектелген
еркіндікке мәжбүр еткен әрекеттің жауабы». Психология
ғылымындағы агрессиялық әрекетті түрлі
әдебиеттік қайнар көздер бойынша теориялық зерттеу
негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады.[2]
Бүгінгі
таңдағы психологиядағы агрессия проблемасында нақты
жинақталған бағыттарының (фрейдизм, бихевиоризм
және т.б.) «агрессия» терминіне ортақ түсініктің
жоқтығы. Мысалы: Кристиан Бютнер түсінігі бойынша «агрессия
сезімінің астында өз серіктестігін балағаттап, жаралап оны
құртуға бағытталған».[3]
А. Басс агрессия
мен қастандықты бөліп қарастырады, олар барлық
уақытта үйлесіп, барлық уақытта кездесіп отырмайды. А.
Басс және А. Дарки агрессияны суреттей келе, шабуыл, күйгелектік,
вербальды және жанама агрессияның көріністеріне
сүйенеді. Авторлардың көзқарасы бойынша
қастандық – бұл күдіктенгіштік пен өкпелегіштік
деп түсіндіреді.[4,5]
Авторлардың
көзқарасындағы мына болжамдарына зейін қоюға
лайықты: «агрессия жан-жақты құбылыс көрінісі
болғандықтан, оны айырып, анықтап алу өте қиын.
Ғылыми тұрғыдан жақындайтын болсақ, олардың
әр тұстарындағы бір-біріне өзара байланыстарын
көре білу қажет». Агрессияның жан-жақты әр
түрлі қатынасына қарамастан, қазіргі кезде көп
жағдайда мынандай түсінік қолданады: агрессия – бұл
балағаттауға болмаса біреуге, тірі жанға зиян келтіруге
бейімделген әрекеттің қандайда бір формасы.[5]
Н.Д. Левитов
біріншіден, жануар мен адам арасындағы агрессиялы әрекетті айыра
білу қажеттілігі деп көрсетті.[7,6]
Екіншіден
«агрессия» ұғымы – шығуы бойынша баяндау, бейнелеу
түсінігі, себептері, мотиві жайында агрессивті әрекет ештеңе
хабарламайтынына көңіл аудару қажет. Бала агрессиясының
өсу динамикасын ескерген жөн, мұндай әрекеттің
ушығуы тұлғалық даму дағдарыстары кезеңінде
бой көрсететін эмоциялық күйдің
тұрақсыздығы. Г.М. Бреслевтің айтуы бойынша
«баланың өзін тануындағы, дамуындағы кейбір
әрекеттерін, яғни этика критериясының рамкасына жатпайтын
әрекеттерімен бағалауы – бұл методикалық
қателік».[6]
Николай Дмитриевич
Левитов агрессиялы жағдайдың танымдық, эмоциялық
және жігерлілік компоненттерін анықтады:
- танымдық
жағдайды бағдарлай білу (оның түсінігі) және
шабуылдайтын объектіні анықтап, өзін болатын жағдайға
қоя білу.
- эмоциялық
компонент – ашу-ызаның келуі, санасыз жағдайды мінездейді,
жасаған әрекетін қадағалай алмауы.
- жігерлілік
компоненті – агрессиялы әрекет үстінде еріктің формальды
құндылықтарын көрсете білу – ол
мақсаттылығы, табандылығы, шешім
қабылдағыштығы және күштілігі мен инсиотивтілігі.
Агрессиялы жағдай көп жағдайда күрес үстінде
көрінеді, бүкіл күрес жоғарыда айтылған
құндылықтарды қажет етеді. Мектеп жасына дейінгі
балалардың агрессиялы әрекетінде бұл
құндылықтар дамымаған формада бой көрсетеді.
Баланың ерте дамуында агрессияны қажетті деңгейде
түсіне бермейді, оны тек әрекеттерді реттеуге, жағдайды дұрыс
бағалай білуге және өз әрекетінің соңын,
өз көңіл-күйін меңгере алмаған жағдайда.[7]
Лев Семенович
Выготскийдің «Педагогикалық психология» атақты
еңбегінде баланың проблемадағы моральдық
әрекетінің нәтижесін өзіміздің
қөзқарасымызбен қарағанда өте
қызық. Эмоциялық күй жағдайдың сырт
көрінісін меңгеріп, дамыту тәрбиесіне көбірек
көңіл бөлініп, оның қимылын саналы түрде
басқарып дамыту.[8]
Эмоциялық күйін ұстай
білу, қандайда болмасын тәрбиенің міндетін
құрайды, сезімді бағындыра отырып, оны басқа
формаларымен байланыстыру, жан-жақты мақсатты бағыттау.
Яғни «айналадағы стрессорлар» сыртқы себептілік агрессия
үшін соңғы роль ойнамайды деген тұжырымға келдік.
Себептілік агрессия – бұл ортаның болмаса жағдайдың
ерекшеліктері агрессияның ушығуын көтеретін мүмкіндіктер.
Бұл себептіліктің көпшілігі физиологиялық ортаның
күйімен тығыз қауымдасқан. Мәселен: ауаның
жоғары температурасы агрессияның көтерілуіне мүмкіндік
туғызады. Басқа айналадағы стрессорлар, мысалы:
дабыр-дүбір, шу қозуды күшейтіп, агрессияның көтерілуіне
мүмкіндік жасайды. Бақылаудың нәтижесі
көрсеткендей, ауа ластанған (мысалы: темекінің түтіні
т.б.) жағдайда агрессиялы реакция күшейеді. Әртүрлі
жағдайлардағы тұлғааралық
қарым-қатынастағы кейбір жәйттер индивитті агрессиялы
реакцияға итермелеуі мүмкін. Мысалы,
нашақорлыққа. Агрессия күшеюі де мүмкін
және жағдайға байланысты басылуы да мүмкін, ол
тұлғаның мінезі мен өзіндік санасына әсерін
тигізеді.[9]
Гуманистік психология өкілдерінің тұжырымдарының
көбі орынды болғанымен, соңғы тұжырымдарында олар
тұлғаның әлеуметтік ортадан тәуелсіздігі жөнінде
бұрыс пікірде болған. Бұл адам психикасының мәдени-тарихи шарттылығы
идеясына қайшы келді. Гуманистік психология психология
ғылымының саласы, адамды жоғары рухты, алдына өзін
жетілдіру мақсатын қойып, соған жетуге ұмтылыс жасайтын
тірі жан ретінде қарастырады.
Әдебиеттер
1.
Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың
түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 б.
2.
Роджерс К.Р.
Взгляд на психотерапию. Становление человека. М.,1994.
3.
Бютнер К.
Жить с агрессивными детьми: Пер.с нем. М.: Педагогика. 1991. - 144 с.
4.
Buss A. H. The psychology of aggression, NY, Willy,
1961. [Источник: http://psychlib.ru/mgppu/periodica/pp102001/PP011060.HTM].
5.
Семенюк Л.М.
Психологические особенности агрессивного поведения подростка. - М.-Воронеж,
1996.
6.
Бреслев Г.М.
Эмоциональные особенности формирования. - М., 1989. - 175 с.
7.
Левитов Н.Д.
Психическое состояние агрессии // Вопросы психологии, 1972.-№6.-С. 168-171.
8.
Выготский
Л.С. «Педагогическая психология». - М., 1997.
9.
Бейсебаева
С.Б. “Жастардың девиантты мінез-құлқының дамуына
әсер ететін факторлар”. ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы,
№3(28).2003,132-134б.