#Мамадалиев С.  Балаларды? мінез-??л?ында?ы агрессиялы? ?асиетін зерттеу саласында психосоциологиялы? теориялар ерекшеліктері

 

 

УДК 3272.15.С7

 

Балалардың мінез-құлқындағы агрессиялық қасиетін зерттеу саласында психосоциологиялық теориялар ерекшеліктері

 

Мамадалиев С. ҚР, Шымкент қ., ҚИПХДУ

 

RESUME

In this article, the problem of childrens character and their theoretical classifications.

 

Агрессия түсінігі бойынша формасы мен нəтижесі бойынша əр түрлі əрекеттер  біріктіріледі, соның ішінде орынсыз əзіл-қалжың, өсек, нұқсан келтіру ойларынан бастап, кісі өліміне дейін.

Агрессияны анықтауда маңызды мəселе бұл осы терминнің əр түрлі əрекеттер мағынасында болуы. Психологтардың зерттеулер бойынша, баладағы агрессивтілікті жеңілдету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде мынандай нұсқаулар тізімі көрсетіледі:

1. Агрессивтіліктің алдын алу;

- әртүрлі жағдайларда баланы өзін-өзі ұстай білуге үйрету.

- дау-дамай жағдайында қатынастық мүмкіндік болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру.

- адамға деген сенімділік, күйзелуін бөлісе білу қасиеттерін дамыту.

2. Баланы қоршаған, оның тәрбиесімен айналысатын ересектермен көбірек жұмыс жасалынуы қажет, сонда психокоррекцияның нәтижесі тиімдірек.

Агрессивтілікті эмоцияның көріну әрекеті, яғни сырттан немесе іштен келген тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әрекет ретінде көрсетуіне орай бірнеше теориялар бар. Олай болса, соларға тоқталып кетейік.

К. Изард бойынша агрессия – қатыгездікке толы әрекет және мінез- құлық. Бұл кей кездері түрлі эмоцияларда көрінуі мүмкін бұрқ етпе әрекет және қатыгездіктің құрам бөлігі. Ол біреуге нұқсан келтіруге, қорқыныш, үрей тудыруға бағытталған.[1]

А. Басса агрессивті мінез-құлықтың 8 түрін бөліп көрсетуіне мүмкіндік берді. Төменде бұл классификацияны схема түрде көрсеткен.[2]

Тағы бір классификацияны С. Фешбах ұсынған.

Ол өз классификациясына мотивацияланған мінез-құлықпен байланысты ауыспалы енгізді. Осының негізінде агрессияның келесі типтерін анықтайды:

1) Өшпенділік агрессия - басқа субъектіге жағымсыз психологиялық сезімдер қалдырады.

2) Инструментальді агрессия -  басқа субъектіге зиян келтіру емес, белгілі мəселені шешу жатады;

3) Экспрессивті агрессия - өзін үстемдік көрсету арқылы көрсету.[3]

Д. Зильманн классификациясы «стимул-реакция» сызбасы бойынша құрастырады.[4]

Осының негізінде агрессивті  мінез-құлықтың  сегіз  типін анықтады:

1) Төтеп беру агрессиясы;

2) Қорғаныс агрессиясы;

3) Жауап агрессиясы;

4) Қоздырмалы агрессия;

5) Қоздырмаушы агрессия;

6) Тітіркендіру шақыратын агрессия;

7) Оятушы агрессия;

8) Санкционерлі агрессия.

Э. Фромм агрессияның екі түрін бөліп қарастырады:

Агрессия типтері:

-           зиянсыз қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады;

-           зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы болады.[5]

Агрессияның пайда болуына мына факторлар қатысты:

1.Тума тітіркендіргішке жəне  қабілетке;

2. сыртқы стимулдармен жүзеге асырылатын қажеттіліктерге;

3.  өзекті əлеуметтік жағдайларға;

4.  танымдық жəне эмоционалды процестерге.

Психолог А.А. Реан "агрессия" және "агрессиялылық" деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия - бұл бөгде адамға болмаса, адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.[6]

Бала бойында агрессия қасиетінің пайда болу, оны болдырмау мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан агрессиялық жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.[7]

Әлеуметтік бейімделу теория саласында Альберт Бандура агрессивті мінез-құлықты талдаудың үш кезеңін бөліп көрсетті:

1)      әрекеттерді меңгеру  тәсілдері;

2)      олардың көрінуіне себеп болатын факторлар;

3)      солар бекітілетін жағдайлар.

Әлеуметтік бейімделудің когнитивті-бихевиористтік концепциясы тұрғысынан әлеуметтену процесі индивид өмір сүретін қоғам мен сонда қабылданған әдеттегі жауап реакцияларының дамуымен байланысты. Когнитивті-бихевиористтік концепция шеңберінде жеткіншектердегі агрессияны әлеуметтік үйренудің нәтижесі деп қарастыруға болады. Агрессиялы мінез-құлықты бекіту мен даму негізін ата-аналар баланы алғашқы жылдарда қалай тәрбиелегеніне және кейінгі кеш кезеңдерде , атап айтқанда, жеткіншек кезеңіне байланысты іздестіру керек.[8]

Көптеген шет елдік зерттеулер көрсеткендей агрессивті балалардың ата-налары физикалық жазаларды қолдануға бейім болған және бір-бірімен келісушілік болмаған, балаларға жек көрушілік қатынаспен және эмоциялық суықтықпен қараған. Бұл мағынада, балалардағы агрессивтілікті зерттей келе үш вариант анықтауға болады:

1.             Ата-анасының біреуі агрессивті болғандықтан және агрессивтілік және қылмыстық тенденцияны туындататын күрделі конфликттер себебінен бала агрессивті болады.

2.             Ата-анасының ешқайсысы агрессивті болмайды. Ата-аналары агрессивті емес, балаларын қатал жазалаушы және жанұялық конфликт аз болған, бірақ балалар физикалық жазалауға ұшырайды.

3.             Баланың агрессивті мінез-құлқына шектен тыс қамқоршылық жанұяның ішінде бекітіледі. Тек осының салдарынан бала нақты сол агрессивті мінез-құлықтың жағымсыз жақтарының басымдылығын таразылауға үйренеді. Сонымен қатар ата-ана жағынан агресситвті мінез-құлықтың шектен тыс болуы да зиян болады. Бала міндетті түрде өзінің ашу ызасын ішіне жинауға мәжбүр болған жағдайда оның агрессивті сезімдері соғұрлым күшейе түседі. Қатал жазалау жаңа фрустрацияларға әкеледі.[9]

Балалардың агрессиясын түсіну үшін тек өзіндік бағалауды ғана емес, сондай-ақ өзіндік бағалау мен сыртқы бағалаудың (референтті тұлғалар, мысалы мұғалімдері, құрбылары) ара қатынасын талдау керек. Егер де өзіндік бағалау сыртқы әлеуметтік кеңістікте қажетті сүйеніш таппаса, егерде баланы қоршағандардың бағалауы оның өзіндік бағалауынан төмен болса, онда агрессияны фрустрация деп қарастырылуы керек. Алайда агрессияның фрустрациялық теориясын жақтаушылар бұл  жағдайға мүлдем қарсы болып, агрессия міндетті түрде туындайды деп көрсетеді. Шынында да жасөспірімдердегі өзіндік бағалау социумның сыртқы бағалауымен конфликтіде болады, оларға агрессияның жоғарғы деңгейлері тән болады (ашуланшақтық, физикалық агрессия және реніш).

 

Әдебиеттер

 

1.        Изард К.Е. «Эмоции человека.» - М., 1980. - 290 с.

2.        Психологические аспекты исследования агрессивности в школе (Опросник Басса-Дарки) //Психология в казахстанской школе. -№1(25). 2011. -36-39 ст.

3.        Психология. Словарь./ Под ред. А.В. Петровского, М.Г. Ярошевского. – М.:Просвещение., 1990. –С.7

4.        Zillmann, D. The interplay of cognition and excitation in aggravated conflict among intimates. In D.D. Cahn (ed.), Intimates of conflict: A communication perspective. 1990. P. 187-208. Hillsdale, NJ: Erlbaum.

5.        Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности. М.,1994.354 с.

6.        Реан, А.А. Психология подростка. Полное руководство / А.А. Реан - СПб.: Прайм - Еврознак, 2008.

7.        Реан А.А. Агрессия и агрессивность личности. //Психологический журнал. Том 14. -1996. -№5. -3-17 ст.

8.        Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности. М.,1994.354 с.

9.        Абілханова Ә. “Девиантты мінез-құлық адиктивті мінез-құлықтың спецификасы ретінде”. Педагогика журналы. 2005