УДК 595.421:632.92
Қазақстан территориясында Hyalomma koch туысына жататын Жөлек кенелерді
зерттеу жұмыстары
Арынова Б.С*., Ибадуллаева С.Ж**., Берденкулова А.Ж***.
*Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің биология
магистранты.
**Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры,
биология ғылымдарының докторы.
***Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы,
биология ғылымдарының кандидаты.
Жөлек кенелер
(Acari: Ixodidae) - әлемдік фаунада медицина мен ветеринарияда
маңызы жоғары паразиттік тіршілік ететін
бунақаяқтыларға жататын топ.
Әлемдік фаунада Ixodidae
тұқымдасына жататын кенелердің 1000 тарта түрі
кездеседі, ТМД-да Орта Азия шөл аймағы мен таулы аймағын
қоса есептегенде 100-ге тарта түрі бар. Жөлек
кенелердің көпшілігі Hyalomma koch
туысына жататын түрлер. Hyalomma туысына жататын кенелердің
әлемдік фаунада 22 түрі белгілі. ТМД аймағында олардың
16 түрі мен түр тармақтары сипатталып жазылған. Олар
кең таралуымен, көптүрлілігімен және үй
жануарлары мен дала жануарларында (бауырымен жорғалаушыларда,
құстарда, сүтқоректілерде) паразиттік тіршілік етуімен
ерекшеленеді [8].
Жөлек кенелер
кемірушілермен биоценоздық
байланысып, оба (чума), ауруын
тудырады, кенелер осы инфекцияның қоздырушысы, таратушысы болып
саналады. Олардың табиғи ошақтарына эпизоотологиялық
тексеру жұмыстарын жүргізіп оба ауруын зерттеуде
ыңғайлы объект болып саналады. Сондай-ақ Hyalomma туысына
жататын кенелер «Қырым-конго қанды безгегі» вирусын
тасымалдаушылары болып табылады.
Соңғы
уақытта кенелер тудыратын аурулар жануарлар арасында және адамдар арасында да етек алып
келеді. Кенелер ауруды тек таратушылар ғана болып есептелінеді.
Қазақстан
территориясында кенелердің биологиясын, экологиялық жағдайын
зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың бірінші жартысында
жүргізілген. Бірақ жарияланған мәліметтерде
Қазақстан территориясының барлық аймақтары
қамтылмайды және олар үзінді түрінде берілген [1].
Жөлек
кенелердің қазіргі табиғи ошақтарын анықтау
үшін Қызылорда облысы бойынша Hyalomma туысына жатытын
кенелердің ландшафтық-биотоптық таралуын анықтау,
біздің аймақта қанша түрі кездесетінін, олардың
егелеріне белсенді шабуыл уақытын зерттеу қажеттіліктері туып отыр.
Соған байланысты кенелер жайлы белгілі бір мәліметтерге
қызығушылықтар туды. Бұл біздің зерттеу
жұмысымыздың бағытын анықтауға мүмкіндіктер
туғызды, яғни Қызылорда облысының ландшафтында қазіргі уақытта
Hyalomma туысына жататын кенелерді экологиялық-фауналық зерттеу
болып табылады.
Hyalomma туысына жататын кенелер Ixodidae тұқымдасына жататын
кенелердің ішіндегі ең ірісі болып саналады. Аш кенелердің
ұзындығы
4-10 мм, ал тойынған аналық кенелердің
тұрқы 25 мм дейін жетеді. Кененің түсі
қызыл-қоңыр түстен қошқыл
қызыл-қоңыр түске дейін ауытқып отырады [8].
Бұл топқа жататын кенелер
негізінен дала, шөл, шөлейт зоналарында таралған. Ересек
формалары ірі сүтқоректілерде, ал жас дарақтары жабайы
жануарларда, құстарда, кемірушілерде сондай-ақ ірі қара
малдарда паразиттік жолмен қоректенеді [6].
Көпшілік кенелердің медициналық
және малдәрігерлік салада мәні зор. Олар бірқатар
қауіпті аурулардың қоздырғыштарын денесінде
ұзақ сақтап, жануарлардан адамға тасымалдауға
бейімделгендіктен, адам мен үй хайуанаттарын ауруға
шалдықтырады [2].
Қазақстан территориясында
паразиттік тіршілік ететін омыртқасыз жәндіктердің
тереңірек зерттелу тарихы 1932
жылы Қостанай облысына Ленинград институтында ауылшаруашылығы
мамандығы бойынша оқитын бір топ студенттерді басқарып келген
Е.Н. Павловский экспедициясы жұмысынан басталады. Бұл экспедицияның
мақсаты Қазақстанда ауылшаруашылығына зиян келтіретін
паразиттермен күрес шараларын ұйымдастыру болатын, экспедиция
барысында осы аймақтың паразитологиясына ғылыми зерттеу
жұмыстары жүргізіліп ол оң нәтижелер берді.
Жұмыстың қорытындысы 1935 жылы СССР Ғылым Академиясы
жанындағы табиғи ресурстарды анықтау Кеңесінің
баспасынан жарық көрді.
1934 жылы СССР Ғылым
Академиясының Зоология институтының СССР Ғылым
Академиясының Қазақ филиалының келісімімен екінші рет
паразитологиялық экспедиция ұйымдастырылды.
Әрине
Қазақстандағы зерттеу жұмыстарын жүргізуде 1935
жылы Шу өзені аймағы бойынша Қырғыз экспедициясы
жүргізген медициналық паразитология жұмыстары көп
көмектесті. Себебі Шу өзені Қазақстан (сол
жағалауында), Қырғызстан (оң жағалауында) территориясында орналасқан [1].
И.Г.Галузо
Қазақстанда туляремия ауруының таратушы көздерін
анықтады. Д.Н. Засухин (1935) O.
verrucosus кенесін – Қазақстанда кездеспейді деген. Ал Е.Д.
Мельчаков басқарған авторлар ұжымы (1967), - Л.М. Целищевой
(1953) O. verrucosus қайта анықтап оны V. tartakovskyi деп атаған.
Павловский (1939),
Галузо (1957), Кусов (1961, 1969), Поспелова-Штром, Кусов (1971) барлык
ландшафты аймақтарды атап айтсақ Манғышлақ, Арал
аймағы, Қарақұм, Арысқұм, Сырдариянын
оң жақ жағалауын, Дарьялықтақыр, Оңтүстік
және солтүстік Қызылқұм, Батыс және
Шығыс Қызылқұм, «Пахта-Арал» совхозы аймақтарына
зерттулер жүргізген.
Тұяқты
жануарларда жабайы шошқада, елікте, қарақұйрықта,
арқарда және сібірлік тау ешкілерінде паразиттік тіршілік ететін
жөлек кенелердің 11 түрін (Ixodes persulcatus, Haemaphysalis
warburtoni, Haem. рunctata, Haem. сoncinna, Dermacentor pictus, D. рavlovskyi,
D. marginatus, D. daghestanicus, Rhipicephalus pumilio, Hyalomma asiaticum, H.
plumbeum) И.Г. Галузо (1947-1949) алғашқы болып анықтап,
зерттеген. Бұл мәліметтер жабайы жануарлар мен үй
жануарларының арасындағы қарым-қатынасы мен
аурудың табиғи ошақтарын анықтауға
мүмкіндіктер туғызды Галузо (1954а), Слудский (1954), Ременцова
(1962). Кейіннен бірқатар ғалымдар, Бетпақ далада тіршілік
ететін қарақұйрықтан Hyalomma asiaticum кенесін Ушакова
(1965); ақбөкеннен H. scupense кенесін және Батыс
Қазақстанда жабайы шошқадан D. marginatus кенесін Кондрашкина
және басқалары (1965); Левит (1957) анықтады, ал Іле өзенінің төменгі
сағасындағы жабайы шошқадан D. daghestanicus, R. pumilio
кенесін Слудский (1956), Үстіртте үстірт арқарынан Haem.
sulcata, Haem. numidiana, H. asiaticum
кенелерін Мельчакова және басқалары (1969) және Барса
келмес аралындағы ақбөкеннен R. schulzei кенесін Мамбетжумаев
(1969) тауып, анықтады [4, 5].
Үлкен
құмтышқандарда паразиттік тіршілік ететін жөлек кенелер
жайлы мәліметтер әдебиеттерде салыстырмалы түрде аз берілген.
Түркмениядағы жөлек кенелерінің экологиясын зерттеген ғалымдар
А.Ф. Дудникова және А.Д. Лукьянова (1960), Э.Б. Кербабаева (1962), сондай-ақ
Қарақалпақстандағы кенелерді зерттеген О.С. Сержанова
(1963).
Гурьевск облысы,
Жилокосинск ауданы Гурьев
базасындағы обаға қарсы станцияда Ю.С. Балашов 1953 жылы
көктемде (мамыр-маусым) және күзде
(қыркүйек-қараша) және көктем-жаз мезгілінде
(мамыр-тамыз) 1954 жылы кенелерге зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ол
кенелерді 2898 үлкен құмтышқандарынан және 48762
інгешектерден жинаған. Олардың
зерттеу жүргізген уақыты осы аймақтағы
үлкен құм тышқандарында қарқынды
дамыған оба (чума) ауруымен сәйкес келді.
Құмтышқанның
үстінен алынған кенелер санын және олардың
індерінің біріншілік ауыз бөлігіндегі санын қосып, 1
гетарға шаққандағы кенелер туралы мәліметтер алған
Павловский (1931) болды.
Үлкен
құмтышқанның үстінен және олардың індерінен
Haemaphysalis numidiana (барлық
жиналған кенелердің 64% құрады), Hyalomma asiaticum (барлық
жиналған кенелердің 31% құрады) және
Rhipicephalus schulzei (барлық жиналған кенелердің 5%
құрады) тапқан. Алғашқы екі түр үлкен
құм тышқанның қарапайым паразиті болып
есептеледі, ал Rhipicephalus schulzei
әдетте кіші саршұнақта (малый суслик) паразиттік
тіршілік ететіндігін көрсеткен Кондрашкина (1951).
Поспелова–Штром
(1949) көрсеткендей Hyalomma asiaticum – үлкен
құмтышқандарының індерінде тек тіршілігінің
белгілі бір кезеңін ғана өткізеді. Оның
құмтышқандарда личинкалары мен нимфалары паразиттік жолмен
тіршілік етеді, ал олардың ересектерінің негізгі иесі ірі
сүтқоректі жануарлар болып табылады [1,7,3].
Hyalomma numidiana
саны Батыс Туркменияға қарағанда Эмб жазығында
көп болды (Бахаева, 1960; Дудникова және Лукьянова, 1960). Оңтүстік ареалда кездесетін
үлкен құмтышқанның үстіндегі Н. аsiaticum саны
Эмб жазығына қарағанда көптеп кездеседі және жыл
сайын көбейіп отыратындығын Дудникова және Лукьянова (1960
ж), Кербабаев (1962 ж) дәлелдеді. Олар мұны Н. аsiaticum -ның жылы
сүйгіштігіне байланысты, деп түсіндіреді. Бұл
түрдің ұрғашысы 12-150 температурада
жұмыртқалайтынын Афанасьева (1956 ж) өз зерттеулерінде
анықтаған болатын.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Балашов Ю.С. Кровососущие клещи.
Переносчики болезней человека и животных. Академия наук СССР. Зоологический
институт. Изд. «Наука», Ленинградское отделение, Ленинград – 1967 г.
2.
Оленев Н.О. Паразитические клещи
Ixodоideа Фауны СССР. Ленинград, изд. Академии Наук СССР, 1931 г.
3. Под редакцией профессора Б.К.
Фенюка. Грызуны и их эктопаразиты. Изд. Саратовского университета, 1968 г.
4. Ушакова Г.В., Фадеев В.А., Савинов
Е.Ф. Роль диких копытных в циркуляции Иксодовых клещей (Parasitiformes, Ixodidae)
в природе. Академия наук Казахской ССР. Труды института Зоологии. nом 36. 1976 г.
5. Труды института Зоологии. Академия
наук Казахской ССР. Паразитические насекомые и клещи Казахстана. том 36. 1976
г.
6. Кусов В.Н. Клещи орнитодорины
Казахстана и республика Средней Азии. Изд. «Наука» Казахской ССР. Алма-ата, 1973 г.
7. ГалузоИ.Г. Кровососущие клещи
Казахстана. Изд. «Академии Наук
КазССР». Алма-ата, 1947 г.
8. www.ixodes.ru
Ividi.html.
Резюме
В статье приведены научные работы ученых иследовавших кровососущие клещи
обитающих на территории Казахстана. В природе клещи широко распространены.
Средой их обитания являются шерсти домашних и диких животных, так как они ведут
паразитарный образ жизни и являются носителями, а также распространителями
опасных заболеваний. В последние время в Южной Казахстане участились случаи
заболеванй людей, распространяющихся от укусов клещей.
Resume
This article deals with the scientific works of scholars investigated
bloodsuck tick inhabited on the tevritory of
Kazakhstan. In nature the tick
are widely spread. They inhabit
in the fur of domestic and wild animals and they spread dangerous disease.
Nowadays there are many disease in the
South of Kazakhstan owing to the bite
of tick.