8.
Родной язык и литература
Қожахметов Бектай Қалиұлы
Оңтүстік
Қазақстан инновациялық әдістерді енгізу және
педагогикалық кадрларды үздіксіз дайындау институты, Қазақстан, Шымкент
Естелік –
мемуарлық әдебиеттің үлгісі
Қазақ
халқы өткен ғасырларда маңдайына жұлдыз болып
біткен, бойындағы бар дарын қуатын халқына иіп беріп,
жарық дүниеден өткен аяулы перзенттерінің рухына
бағыштап естелік кітабын құрастырып шығаруды әр
уақыт мақсат тұтпапты. Қазақтың «Ай,
қап!» демейтін қандай ісі бар деп, «Айқап» журналы жазғандай,
халқымыздың бұл да санын соғып өкінер
әтеген-айының бірі [1.29]
Әулеттік
романдар, әр шаңырақтың
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын шежіренамалары,
белгілі адамдары жөнінде қызықты жазбаларды жариялау, естелік
кітабын шығару Европада ежелден орын тепкен дәстүр.
Өзге мәдениет үлгілері секілді естеліктердің орыс
әдебиетінде өркендеуін сала-сала, серия-серия етіп жүйелеген
жарияланымдардан көреміз. Олардың алды әлденеше дүркін
басылым көрді. Э. Золя, Ги де Мопассан, О. Бальзак, Э. Хемингуэй, А. Пушкин, Н. Некрасов, И. Тургенев, Л. Толстой, Ф. Достоевский,
А. Чехов және басқа мәдениет, өнер,
ғылымның атақты тұлғаларының тағдыры
туралы жинақтау формасындағы естеліктерден жеке кісінің
естелік кітабына дейін сан алуан ыңғайдағы кітаптар
оқушыларға молынан жетті. Естелік кітаптары мынадай жүйеде:
бірінші, бір адам хақында оның замандастары жазған
естеліктердің жинағы; екінші, жазушылардың аяулы жарлары
жазған естелік кітаптары; үшішнін, жазушылардың
жәрдемшісі, секретары, дәрігері жазған естелік кітаптары,
ара-тұра Л. Толстой секілді ұлы жазушының баласы (Толстой),
балдызы, (Кузминская) жазған естелік кітаптары да кездесетінін айта
кеткен жөн [2.15]. ХІХ ғасырда күрт өркендеген
мемуарлық әдебиеттегі осы көрініс үзілмес
дәстүрге айналып, жақсы жалғасын тапты.
Орыс
әдебиетіндегі естеліктің жай-жағдайына тәтпіштеп
үңілуіміз тектен-тек емес. ХІХ ғасыр – орыс
әдебиетінің алтын ғасыры. Сол мәдениеттің ептеп
қазақ әдебиетіне, оның естелік жанрының тарих
тағдырына себі тиген жағдайы бар. ХІХ ғасырда өмір
сүрген Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев секілді ұлы
аталармыз жөнінде бірсыпыра естеліктердің жазылып, жарық
көруіне өскен, өркендеген бұл мәдениеттің
көп ықпалы болды. Әсіресе Ш. Уалиханов еңбегінің
жинақталып жарқы көргені, замандастарының
сәтті-сәтті естеліктер жазып қалдырғаны үшін, біз
оның орыс және өзге ұлт өкілдерінен бас
құрған достарына қарыздармыз. 1904 жылы
Санкт-петербургте Ш. Уалихановтың шығармалары кітап болып басылуы
игілікті іс болды. Шоқантанушы академик Ә. Марғұлан
кезінде газет-журналдан жинап-теріп, Шрқанның достарына
естеліктерін оның бес томдық шығармалар жинағының
бесінші томына енгізуі аса зор ыждағаттық белгісі. Атап
айтарлық жай достарының естеліктерінде Ш. Уалихановтың
туған ортасы, Омбыдағы оқушылар ортасы, Омбы, Петербургте
өткен саналы ғұмыры, еңбектерінің ғылыми
мәні жөнінде көп құнды мәліметтер
бар.[3.30]
А. Врангельдің «Уалихановта аса
тәрбиелі, жан-жақты білімді, ақылды адамның
түр-келбеті бар еді. Достоевский де қуана қауышар еді.
Маған қатты ұнаушы еді. Кейін мен Петербургте және
Парижде кездестірдім»[4.31] Л.Н. Плотниковтің «Шоқан
Шыңғысұлы біздің Орынбор даласынан шыққан
қырғыздар арасындағы жалғыз феномен еді» [5.31],
«Ш.Уалиханов қағаздары қайда екен, құрып кетуден
аман ба, екен, ол жағы бізге бей мәлім», «Ғылым дүниесі
оған Орта Азияның осы бөлігі жөніндегі
географиялық мәліметтері
үшін ғана аса қарыздар» деген пікірлер қандай
қызық. Әсіресе оның бала күнгі досы Г. Потанин
естелігі әрі көлемді, әрі аса құнды дер едік.
Бұл естелік жазба-ларда Ш. Уалихановтың бала шағынан
қашан дүниеден қайтқанына дейінгі
ара-лықтағы мінез-құлық, іс-әрекеті, тіпті
ата-анасының жайына дейін қамтып, көп-көп құнды
мәлімет береді. Автор естелік табиғатын ескеріп, Ш.
Уалихановтың жеке басындағы кейбір сұлтандық тәкаппар
мінезіне дейін жасырмай айтқан. Оның естелігіндегі : «Шоқан
өзінің орыс жолдастарын баса озып еркендеді, «...өз
класының серкесі болды», «... біз сол кездегі журналисти-кадағы
ағымдар жөнінде көп таласатын едік...», «Шоқан 14-15
жасқа толған кезде кадет басшылары болашақ зерттеуші, тіпті
оқымысты райында қарай бастаған елі», «Шоқан мінезіне
Пушкин мен Лермонтов мінезін ескере түсірерлік беліглер бар еді», деген
секілді еске алу, бағалаулар өте нақтылығымен , пікір
байлығымен құнды деп білеміз. Кейін бір білдей романға
азық болатын. Черняев отрядымен ілесе келіп, Әулиеата түбінде
«орыс армиясының айуандығын» кеше алмай, кетісетінін де бізге
жеткізген досы Г. Потанин[6.31].
Әрине, оның орыс және
өзге ұлт өкілдерінен тапқан достары естелігінде Ш. Уалиханов
секілді ғажайып тұлғаның жан сырын ашарлық,
әрі қысқа өмірін мәліметтермен
толықтырарлық қымбат дерек, бағалаулар мол.
Солардың ішінен бір материалға тоқтала кетуді жөн
көреміз. Н.И. Наумовтың 1884 (№ 18) жылы «Киргизская степная
газетасында» жарияланған «Чокан Чингизович Валиханов» деп аталатын
мақаласы бір қарағанда қарапайым ғана
мақала. Сөйте тұра құнды. Құнды
болатын екі себебі бар. Алдымен, бұл мақалада Шоқан
мұрасына берілгендік, тұлғасына тағзым ету бар.
Жоғарыда келтірілген пікірінде Н. Ядринцев Ш. Уалихановтың
ғылыми мұралары (қағаздары) жоғалып, жойылып
кетпей сақталды ма екен деп жанашырлық танытты. Ал Наумов болса
одан әрі тереңдей түседі: «Атақты Шыңғысұлы
Уалихановтың туғанына бірнеше айдан соң 60 жыл толады. Егерде
бұл құрметті марқұмды жүзбе-жүз
анық білген таныс адамдар болса, ол жөнінде білгендерін
жәрдем етіп жазып жіберсе, бек жақсы болар еді. Себебі,
дүниеден өткен бұл марқұмның тірі
күндегі болған өмірлерінің тамам баянын осы күнге
шейін анық білмейміз» – деп жазыпты ол. Ғалым Ш. Уалиханов жөнінде естелік жинайық,
өмірбаянын түзейік деген ой білдіреді. Бұл үлкен
жанашырлық. Аталмыш мақаланың содан кейінгі
бағалылығы өткен
ғасырдың өзінде орысша, қазақша – екі тілде
жарияланғаны. Наумовтың мақаласы арқылы естелік
қажеттілігі қазақтардың да құлағына
жетті деген сөз бұл.
Сөйте
тұра Ш. Уалиханов жайында жазылған естеліктер тым аз. ХІХ
ғасырда өмір сүрген орыс жазушылары жөнінде
жинақталып, құрастырылған естеліктерімен
салыстыруға тіпті де келмейді. Олардың әр қайысысы
жөнінде бес жүзге тарта автор естелігі қамтлыған болса,
Ш.Уалиханов жөнінде санаулы автордың, санаулы естелігі ғана
сақталып отыр. Бұл олқылық орнын сәл де болса толтырар бір әрекет
Ә. Марғұлан тарапынан жасалды. Бақсақ, аяулы
ғалым ертеде Ш. Уалихановтың көзін көріп, әңгімесін
естіген кісілердің естелік әңгімелерін жазып алған.
Дүниеден қайтарынан аз бұрын «Қазақ
әдебиеті» газетінде жарияланған. Бұл шоқантануға
еселі үлес қосқан ғалымның соңғы
еңбектері.
Замандастары естелігін жинақтау жөнінен А.
Құнанбаев тағдыры Ш. Уалиханов жайынан да әрі.
Ұлы ақын жөніндегі естеліктер тым мардымсыз.
Абырой болғанда қазақ, татар, орыс және шетел
баспасөздерінде мақала сипатындағы деректер сақталыпты.
Оны абайтанушы-ғалым М. Мырзахметов көшіре жинап,
өзінің «Абай жүрген ізбенен» [7.82] деп аталатын
кітабының соңына тіркеп, оқырманға ұсынды. Сол
секілді А. Құнанбаев музейінің қызметкері Б.
Мұздыбай ақынның көзін көрген қариялардың
естелігін жазып алып, мерзімді баспасөзде жариялады. Жазушы-абайтанушы Т.
Әлімқұлов сондай естеліктің бір парасын
«Жұмбақ жан» кітабының соңына қоса жариялады.
Арнайы естелік болмағанымен, осыған поляк А. Янушкевичтің
«Күнделіктері мен хаттарын» қосуға болады [8.10].
Естелік
одан әрі желі тартып әдебиет дәстүріне ене
қойған жоқ. Қазақ совет әдебиетінде
көп уақыт бойы естелік жеке жанр райында да түзілім
құрмайды. Жекелеген естеліктер мерзімді баспасөзде жазылуымен
шектелді. Әдебиет пен өнердің, ғылым мен спорттың
қайталанбас қайраткерлеріне арнапестелік жинақтарын
құрастырып дәстүрге берік бастады. «Жазушы» баспасы
ілгеріде «Қызыл сұңқар», «Біздің Мұхтар»,
«Кәдімгі Сәбит Мұханов» аталатын естелік кітаптарын
шығарған еді. Соңғы кезде баспа естелік кітабын
«Жайсаң жандар» [9.70] деген арнаулы сериямен шығара бастады.
«Дастан ата» мен «Қаныш аға» осының айғағы.
Қайталанбас
қайраткерін, ия қалаулы қаламгерін есте сақтаудың
жолын іздеу басталды. Мәдениетті еде қыруар міндетке ұласар
ұлан асыр істіқысылшаң сәтте қимас адамға көп
болып, коллективтік түрде рухани ескерткіш жасаудан бастайды. Ол рухани
ескерткіштің ныспы-замандастар естелігі.
Естелік
– әдебиет жанры. Одан да мемуарлық әдебиеттің бір
үлгісі. Естелік, көзбен
көрген шынайы шындыққа құрылса игі. Жанрдың
қалыпты формасы жоқ. Ықтимал формаларды
қайталаудың өзі қателікке ұрындыруы бек
мүмкін. Естелік – еске алып отырған адамның шын
табиғатынан тууға, еске алып отырған адамның шын
болмысына ғана ұқсау керек. Көрнекті мемуарист К. Чуковскийдің өз естеліктерін
«Ойдан шығарылмаған әңгімелер» [10.20] деп
атауының сыры да осында.
Ж.
Жабаев, М. Әуезов, С. Мұқанов замандастарының
естеліктерінде аяулы дарындардың балалық, жастық шағы
терең толғатып айтулы шығармаларын жаартуы, жарық
дүниеден көшуі еркін қамтылып. Бұл – творчество
адамының ең жауапты үш сәті. Олай болса, ұлы
замандастары хақында жадындағы қимас суреттерді
сағынышқа орап, сезімге бөлеп, сыр бөліскен естелік
авторлары мақсатқа жетті деген сөз. Олай болса, дүйім
дүниені күңірентіп өмірден көшкен дарындар
жөнінде естелік кітабын құрастыру оңтайын тапқан
орайлы іс.
Әдебиеттер:
1. Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз. –
Алматы, Жазушы. 1976.
2. Тәжібаев Ә. Есімдегілер-естеліктер. Эсселер. – Алматы, Жазушы,
1983.
3. Әуезов М. О, Ә.Тәжібаев. – Алматы, Жазушы,
1969.
4. Тәжібаев Ә. Естеліктер - 5 т.шығ.жин. – Алматы,Жазушы,
1981.- 248 б.
5. Тәжібаев Ә. Есімдегілер – естеліктер, эсселер. – Алматы, 1993.
6. Тәжібаев Ә. Жылдар,
ойлар. – Алматы, Жазушы.
7. Тәжібаев Ә. Хаттар
сөйлегенде. – Алматы,
Жалын, 1980.
8. Тәжібаев Ә. Жаданов
әңгімелері. – Алматы, Жалын, 1982.
9. Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. – Алматы,
Қазығұрт, 2003.
10. Әлімқұлов Т. Әдеби сын зерттеу. – Алматы, Жазушы,
1993.