АКТРИСА Р.МАШУРОВАНЫҢ АУДАРМА ПЬЕСАЛАРДЫ СОМДАУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Омаров Әділет Қалиханұлы

Ахметов Әшім Ералыұлы

(Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы. Алматы. Қазақстан)

Adilet-0692@mail.ru

Түйін: Мақалада М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы Р.Машурованың шығармашылық жолы, ізденістері жан-жақты зерттелген. Актрисаның аударма пьесаларда ойнаған рөлдері қазақ кәсіби актерлық өнерінің дамуына үлес қосқандығы сарапталып зерттелген. 


             Резюме: В этой статье автор исследует творческий путь и поиски актрисы казахского академического театра драмы им. М.О.Ауэзова Рахилям Машуровой. Анализируется её роли в переводных пьесах, её вклад в развитие профессионального актерского искусства.

 

Abstract: In this article, the author explores the creative path and search for actress of Kazakh academic drama Theater named after M.O. Auezov – Rahilyam Mashurova. Discusses her role in bills of plays, her contribution to the development of professional acting art. 

 


             Кілт сөздер: Театр, актер, шеберлік, драматургия, рол, мизансцена. 


             Ключевые слова: Театр, актер, мастерство, драматургия, роль, мизансцена. 

 

             Key words: Theatre, actor, skill, drama, role, acting area.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

А.Байтұрсынов. Ақ жол - Алматы: Жазушы, 1991 ж - 500б.

Ә.Сығай. Қазақ әдебиеті №10 , 5 наурыз 1996 ж.

Р.Нұрғалиев. Арқалық батыр. Пьесалар мен мақалалар жинағы – Алматы: Жазушы, 1988 ж -403б.

Б.Құндақбаев. Заман және театр өнері - Алматы: Өнер , 2001 ж -517 б.

 

ТІРКЕЛУ ҮЛГІСІ:

Аты-жөні (толықтай жазылуы керек)

Омаров Әділет Қалиханұлы

Ахметов Әшім Ералыұлы

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Жұмыс орны, қызметі

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы. 1- курс магистрант.

Байланыс телефоны, ұялы телефон

87754186339, 87077186339

Email

Ashim__91@mail.ru

Секция

Театр және хореография өнері

Баяндама тақырыбы

Қазақ актрисасының аударма пьесалардағы бейнелерді сомдаудағы ерекшеліктері.

Тікелей немесе сырттай қатысу

сырттай


ҚАЗАҚ АКТРИСАСЫНЫҢ АУДАРМА ПЬЕСАЛАРДАҒЫ БЕЙНЕЛЕРДІ СОМДАУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Бүгінгі күнде М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы Р. Машурова сахна өнерінің қыр-сырын жан-жақты меңгерген салиқалы өнер иесі. Актрисаның кез келген рөлін тілге тиек етсек шыншыл өнерпаз екені байқалады. Табиғатынан дарынды, алымды актрисаның қазақ театр өнерін дамытуға, рухани мәдениетімізге мол үлес қосып келеді.

Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институты ұлттық театр өнерінің талай саңлақтарын ұшырған құтты оқу орыны екені мәлім. Р.Машурова жас кезінен өнер адамы болуды қалады, әсіресе ән өнерін ерекше бағалайтын. 1965 жылы оқуға түсу мақсатымен Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтына келгенде ректор Қ. Қожамияров драма әртісін дайындайтын курсқа тапсыруына кеңес береді. Болашақ актриса білім алып жүріп М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына қабылданады. Қазақ театрының тарихында есімдері алтын әріптерімен жазылған көптеген өнер иелерімен киелі сахнада шығармашылық жолы басталып кетті. 

Р. Машурованың шығармашылық өмірі сан қилы құбылыстарға толы. Жас жеткіншек кезінен бойынан әртістік өнер қылаң беріп көркемөнерпаздар үйірмесінде көптеген кішкентай спектакльдерден бастаған жас талант ең алғаш Милочка, Олененок сынды рольдерін балаларға арналған қойылымдарда ойнады. Осындай кішкентай рольдерден бастау алған актерлік шеберлігі үлкен өнерге қадам басуға көп септігін тигізді.

Кез келген елдің мәдениеті мен рухани байлығы бүгінде театр өнерімен де өлшенеді. Бағзы заманнан бастау алып даму жолында келе жатқан театр өнерінің өзіндік сипаты мен ерекшелігі баршылық. Қазақ театр өнерінің тарихы тереңде жатыр. Осы өнеріміздің дамуына, шарықтауына үлес қосқан шетел драматургиясының ықпалы зор. Аударма шығармаларды сахналауды театр бой көтергеннен бастап қолға алған еді. Отандық драматургтермен қоса шетел пьесларын сахналағанда оң өзгерістер, тың ізденістер, жаңаша көзқарастар пайда бола бастады. Еліміз кеңес өкіметі кезінде аралас құралас заманның ағымына еріп бұл өнері де бағытына орыс классиктерінен М.Әуезов бастап аударған ғажайып туындылар бой көтеріп ол үрдіс әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. 

Жиырмасыншы жылдардан бастау алған қазақ театр өнері қалыптасу мен дамудың бірнеше кезеңдерінен өтіп, дамыған мемлекеттердің театр өнерімен терезесі тең тұратын дәрежеге жетті. Театрымыздың мұндай биікке көтерілуіне аударма пьесалардың да маңызы зор. Ең алғаш аударма пьеслардан туған қойылымдарды қойған режиссерлеріміз бен актерлеріміздің де еңбегі ұшан теңіз екені анық құбылыс. 

Театрда қызмет еткен жылдары көп тәжірибеден, қиындықтан, шығармашылық ізденістен өтетіні белгілі. Актриса ұлттық және шетел драматургиясынан туған қойылымдарды сахналауда кенде қалған жоқ. Мұндағы күрделі сахналық нұсқаларды жасауы актерлік шеберлігін жарқын түрде көруге мүмкіндік берді. Театр сахнасында «Келіндер көтерілісі», «Ана – Жер ана», «Юлий Цезарь», «Ричард III», «Въетнам жұлдызы», «Айыпсыз айыптылар», «Ұлы сиқыршы», «Шығыстағы бір бейбақ» сынды қойылымдарында сан түрлі мінезді, көзқарасы бөлек кейіпкерлерді үлкен жетістікпен орындап шықты. 

«Уақиға көз алдыңда болып адамның тіршілік жүзінде айтысып, тартысып өмір кешкенін көреміз. Тіршілік майданында адамның ақылы жеткенше амалдап, қайратына қарай қару қылып алысқаны арбағаны, қуанғаны, жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйініші, күйініші, жауласқаны өмір жүзіндегідей көрініп көз алдыңнан өтеді» –деген Ахмет Байтұрсынұлының бұл ойы нағыз өмірден алынатын Чеховтың пьесаларына дәл айтылғандай. [1, 467 б] А.П.Чехов суреткер ретінде өзі өмір сүріп отырған қоғам жайында «Леший» деген әңгімесін кейінірек сахнаға лайықтап «Ваня ағай» деген атпен қайта жазып шыққан. Жеке адамдардың тағдырына бойлаған драматург кейіпкерлері арқылы көптеген олқылықтардың бетін ашады. Қай заманның болса да адами құндылықтарға қатысты кейбір пікірлері әлі күнге дейін өзгерілмей келеді. Адамдар өмір сүрген ортада арсыздық, алдау, сынды жағымсыз касиеттер қала қоймағанын баяндайтын бұл пьеса сан түрлі мінездерді ашады. 

Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында «Ваня ағай» қойылымы 1982 жылы Ә.Мәмбетовтың режиссурасымен сахналанды. Театр тарихына елеулі өзгерістер алып келген бұл қойылымда театр өнер институтының бірнеше жас әртістері бой көрсетіп дарынымен таныла алды. Актер мамандығы бойынша білім алып, сонымен қатар, театр сахнасында өнер көрсетіп жүрген жас әртістердің қатарында Р. Машурова да бар болатын. Р.Машурова сомдаған бейнелердің ішінде шоқтығы биік рөлдердің бірі «Сүйікті менің ағатайым» қойылымындағы Соня. Театр тарихына көптеген бейнелерді әкелген драматург Чеховтың бұл туындысы да қазақ сахнасында көптеген актерлердің жұлдызын жақты. Осы орайда сарабдал сыншы Ә.Сығай: «А.П.Чеховтың «Ваня ағай» пьесасы бойынша қойылған сахналық туынды сан-салалы артистік шеберліктердің үлгісіндей боп, көрермендер арасында зор сүйіспеншілік туғызды. С.Майқанова, Х.Бөкеева, Ы.Ноғайбаев, Ф.Шәріпова, А.Молдабеков сынды сахна дүлділдерімен Соня бейнесінде жұрт алдына шыққан Рахилямның шығармашылық табысы да ала бөтен еді.» деп талантты актрисаның театр өнеріндегі зор табысын кәсіби түрде бағалаған болатын. [2, 14 б]

     Чеховтың терең толғанысқа толы пьесаларынының астарына үңіліп кейіпкерлерімен үндесе білген актриса нәзік те көркем, сыпайы, жүрегін махаббат сезімі билеген жас арудың бейнесінде көріне білді. Машурова өзінің табиғи тектілігімен, ақ жүректі адал жан ретінде ел есінде қалды.Чеховтың кейіпкерлері өз заманының қарапайым адамдары, өмір жолдарында белгілі бір қағидаларға сүйеніп өз жан-тәнімен қалаған жетістіктеріне жете алмаған, шырғалаңға толы өмірдің ағысымен өтіп бара жатқан бейбақ жандар. Өмірден өз түйгендерін алдыға тартып әркім өз қателіктеріне мойынсұнғандай болады, қазіргі тіршіліктеріне риза емес, бақытсыздыққа душар болған халдеріне налиды. Әр кейіпкер өзінше бір психологиялық ауруға тоғытылған, шарасыз, күйсіз жүрген жандарды көз алдыңа әкеледі. Еңбек адамдарының тағдырын таразылап, қоғаммен адамның арасындағы байланысты әртүрлі жолдарымен қарастырып бұл жалғанның артықшылығы мен кемшілігін таразылайды. Соняда өз өмірін әкесінің жолына арнаған Серебряковтың қызы. Ғылым жолын қуған әкесінің қамын жасап жүрген Соняның тағы да басқа армандары жетерлік. Соняның екінші жағдайы ол Астровқа деген махаббаты. Бұл сезімі Соняны армандарға, тәтті қиялдарға  жетелейді. Соня Машурова  Астровпен әр кездескен сайын бақытты күй кешетінін, Астровты сүйгендей әлі ешкімді сүймегенін көрермен сезіне алды.  Жас бойжеткеннің жауапсыз махаббаты жанын жаралап, сырын өгей шешесі Елена Андреевнамен бөліседі, Соняның сырынан хабардар болған Астров та, Соняда өзгереді. Барлық қарама-қайшылық сезімдерін ішінде ұстаған Соня Машурова бақытсыз күйін көрсетпеуге тырысады.

Ғашықтық сезімді басынынан кешіріп жүрген жас қыздың махаббаты жауапсыз күйде қалып қояды. Қойылымның қауқарлы ететін осы бір кейіпкердің бейнесінде Р.Машурова дарынының арқасында жарқырай көріне білді. Жас қыздың жүрек түкпіріндегі иірімдерін ашып, жаны жаралы болса да өзін жайсаң ұстайтын ақылды, қамқор Соняны актриса өз кемеліне жеткізе сомдады. Бұл дүниенің жақсылығынан еш күдерін үзбеген жас бойжеткеннің анасының артынан қалған ағасы Ваня ағай қолдаушысы, қамқоршысы да болып қалады. Жалған ұранмен ғұмыр кешкен ғалым Серебряковтың қолжалшысы болып өмір сүрген ағайындылар профессордың Соняның анасынан қалған үйді сатпақ болып қалаға көшкісі келгенін жеткізгенде өмір бойы белгісіз біреуге бой ұрып, қызмет еткендеріне өкініп, туысы деп санауға жарамаған Серебрияковтың бұл қылығына шыдай алмай өзін жазғырады. Мән-мағынасыз өткен ғұмырын қайтара алмай іштей күйінеді. Ваня ағасын жұбатып, ішін тырнап жатқан өкінішті көз жасымен шығарған Соняның  : «Мен сеннен де бақытсыз шығармын, бірақ қайғырмаймын. Мен шададым және шыдаймын, өмірімнің  соңғы күніне дейін ... сенде шыда» - деп психологиялық терең тебренісін жеткізеді де амалы құрыған қалыпта баз баяғы үй тұрмысына кірісе береді. Бұл кейіпкерлердің ең басты қасіреті – рухани жалғыздығында. Көңіліне медеу таба алмай қу тіршіліктің қамытын киіп тағдырына табыну ғана қалғандай. Осы орайда Ж.Шанин: «Өмір шындығын табу сахнада екі түрлі: біріншісі алғыр сезімі, екіншісі, шарықтайтын білім-ой сезімі қанша жақсы, алғыр болса да ғылымға, білімге сүйенеді. Екеуі бірігіп табысқан дәнінің қандай болуын табады. Табылған дәнді сахнаға бірнеше түрмен көрсетуге болады. Бірінші – ешнәрсе қоспай өз қалпында көрсету, (натурализм), екіншісі – дәнді өзгертпей өз қалпында үлкейте көрсету (реализм), үшіншісі: мөлшерден асыра басқа пішін, басқа түр беру (конструктизм) тағы бұлдардан басқа толып жатқан сахнаның түрлі жандары бар. Осы жандардың қайсысын алсақта ішінен салт сахнаның түрлі бояуларын, кестелерін айқын етіп көрсетуге болады» –дегендей актер шеберлігі тағдыр тұлғасын күрделендіру де, ірілендіру де, өз бейнесінің жан әлемін көрерменге артық-кемсіз, әрбір сөзге ерекше мән беріп, өз деңгейіне лайық әуезбен жеткізуімен ерекшеленеді.[3, 317 б]  Бұл қойылымның құндылығы – дәуір тынысын кең танытып, әлеуметтік мәнін аша алуында. Р.Машурова тарихымыздағы әр түрлі тап пен мүдделер қақтығысын, қайшылығын дәл беруді көздеді. 

Актриса театрға аяқ басқаннан бері түрлі пьесалар арқау болған қазақ және шетел қоғамында болып жатқан тарихи-мәдени, әлеуметтік оқиғаларды суреттеудегі сахна шеберлерінің еңбегі ұшан теңіз болды. Қазақ театр тарихында елеулі із қалдырған көпшілік қауымға аса танымал алдыңғы буын сахна қайраткерлері қазіргі жастарға үлкен үлгі қалдырғаны белгілі. Бар болмысын театр өнерінің құдіреттілігене арнаған ұстазы да алып өнердің алтын діңгегі болған Қазақстанның халық артисі Х.Бөкеева болатын. Аңыз актрисадан тәлім көрген Р. Машурова халқының рухани дамуына үлес қосқан ерекше дарын иесі, осы ұлы өнер жолында классикалық аударма, замандас бейнесін көресететін спектакльдерде ойнап, тынбай еңбек еткен актриса болып қалыптасты. 

Ж.Аймауытовтың: «Театр өмірді, ақиқатты, жақсылық пен жамандықты көзбен көргізіп, қолмен ұстатын орын. Ол аз көрушіні қуандыратын, қайғыртатын, жылататын, жүйкесін босататын орын.» [4, 19 б] деп айтып кеткен болатын. Осындай дара жолға театр өнерінің өрісін дамытуға салиқалы ғұмырын арнап, адал еңбегімен келген рөлдерін театр сахнасында ерекше сүйкімділігімен, табиғи шынайы дарынымен талайдың таңдайын қақтырған аяулы актрисаларымыздың бірігейі болып қалды. Театр өнерінің тарихында жүргеніне жарты ғасыр өтіпті. Бұл актрисаның өнер тарихында қайталанбас бейнелер сомдап, қомақты қойылымдар әкелген жылдары. 

Өнер жолын бастаған Рахилям Машурова қазір мінекей толысқан, тәжірбиесі молыққан, қандай ролге салсаңызда жалынан ұстап шығатын кезге келді. Қазіргі сахнада жасап жүрген бейнелерінің бәрі бір-біріне ұқсамайтын керемет сондай бояуы қанық ойнаған ролдерінің көрерменді бейжай қалдырамайды, өзінің керемет әдемілігімен сахнадағы жұғымдылығымен, кейіпкержандылығымен көрерменін баурап алатын актрисаның тағы да М.Булгаковтың «Жендеттеріндегі» Арманда, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешіндегі» Дениза, Ж. Файзидің «Башмағымындағы» Саруар, т.б. рольдері актрисаның кез келген қойылымда тәжірбиесін жүзеге асыру, ой тұжырымдарына сүйену ендігі сахналадық тұлғасына барар жолына анықтама іспеттес. Оның кейіпкерлерінің қимыл-әрекеті, көңіл-күйінің психологиялық толғаныстары аталмыш театрда жүрді. 

Аударма драматургияның өзіндік бояуын түрлендіріп жіберетін актриса кез келген қойылымның негізгі мақсатын түсініп, оны бүгінгі көрерменнің талғамы мен ой-өрісіне жеткізу жолында өнерін сарп етеді. Актрисаның шығармашылыған зер салсақ дәуірі мен заманы бөлек, өмір сүрген ортасы, мақсат мүддесі бір-бірінен алшақ әр қилы мінездегі қыз-келіншектердің тағдырын кездестіруге болады. Ол ролдермен байланысып кеткен актриса сахнада кесек бейнелер галериясын жасапты. 

Р.Машурованың кейіпкерлерінің өзгешелігі әйелдерінің затының даналығы сынды көрінеді. Ол шығарған әрбір бейне өмірдің өзекті өрісінен өзінен өзі өріліп жатқандай. Демек, тұлға өз тұғырынан құламай, мақсаты тек биіктен жарқырай түскенін аңғартады. Сахнаға әкелеген өмір өзінің салмақты да салиқалы бейнесін көрсету үшін қуат пен қажырлылық қажет сияқты. Қазақ театр өнерінің тарихи дәстүрін дамытуға өзіндік үлесін қосып келген сарабдал суреткер қазақ мәдениеті мен өнерінде өз қолтаңбасын қалдырған табиғи да таза өнер перзенті сомдаған кейіпкерлер галереясы көрермен қауымға терең тыныс беретін секілді көрінеді. 

Сан мыңдаған көрермендермен қойылым арқылы сахна төрінде тұрып сырласты, бүгінде актриса шеберлігі шыңдалып, талай асуларды бағындырды. Уақыт өтіп, заман өзгерсе көрерменнің көңілінде қалған Рахилям Машурова сомдаған қайталанбас бейнелері театр өнеріне қосқан үлесі, қырақты қойылымдары өзгермесі анық. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

А.Байтұрсынов. Ақ жол - Алматы: Жазушы, 1991 ж - 500б.

Ә.Сығай. Қазақ әдебиеті №10 , 5 наурыз 1996 ж.

Р.Нұрғалиев. Арқалық батыр. Пьесалар мен мақалалар жинағы – Алматы: Жазушы, 1988 ж -403 б.

Б.Құндақбаев. Заман және театр өнері - Алматы: Өнер , 2001 ж -517 б.