Ахметова И.А., Абдрашева Б.Ж., Туткышева Г.Т., Нурланова С.С.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

Ш.А. Амонашвилидің ізгілік педагогикасы

 

Қоғамдық дамудың қазіргі процесі жаңа білім беру жүйесінің алдында өз болашағына сенімді, өзін-өзі билейтін, өз ісіне жауапты, жан-жақты дамыған ізгілікті тұлғаны тәрбиелеу мәселелерін қойып отыр. Бұл мәселелерді шешу білім берудің ұлттық кеңістігінде де, әлемдік кеңістігінде де мәселелердің ең маңыздысы болып отыр.

Шет тілдер сөздігінде гуманизм- латынның “Нumanitas” – адам табиғаты және адамдық қасиеттерге құрметпен қарау деген сөзін білдіреді.

Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі.

Өзінің эксперименттік мектебінде Ш.А.Амонашвили ынтымақтастық педагогика, жеке ықпал, тіл жөне математика пәндерін оқытудың әдістерін жасап, ендірді.

Мақсатты бағыттары:

- Баланың жеке касиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу.

- Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

- Танымдық күшін қалыптастыру жөне дамыту.

- Алған білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағай жасау.

Тұжырымдама ережелері:

- Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады.

- Рухани жетілдіру.

- Бала психологиясын дамытуға, есейтуге және еркіндік құштарлығына қалыптастыру;

- Әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау.

Әдістеме ерекшеліктері:

- адамгершілік;

- жеке ықпал;

- қарым - қатынас шеберлігі;

- ата-ана педагогикасының қайнар көзі;

- оқу қызметі.

Балалар қызметін бағалау:

Сандық бағалаудың орнына сапалық бағалау: мінездеме беру, қорытынды жасау, талдау жасауға уйрету, өз ісін бағалау.

Сабақ - бала өмірінің негізгі түрі. Күн сабағы, қуаныш сабағы, достық сабағы, шығармашылық сабағы, еңбек сабағы, ойын сабағы, кездесу сабағы, өмір сабағы.

«Балалық - адам өмірінің ең маңызды кезеңі, келешекке деген дайындық емес, бұл-қайталанбас, жаңашылыққа толы, біртұтас ашық түсті өмір. Балалық шақтың қалай өткеніне қарамастан, баланы бала күнінде кім қолынан жетектеді, оның жүрегімен ақылына осы қоғамнан не кірді, осыдан келе ақтық сында баланың  қандай, бүгінгі күннің бүлдіршіннің қандай болатыны тәуелді.

Ш.А. Амонашвили «Рухани ізденістің биіктігі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасында ерекше, сенім орын алады, ал білім - адамға жүрекпен ақыл арқылы беріледі, өйткені ол адам жанына сүйіспеншілік арқылы жол табады.…»-дегендей, бала тәрбиесіндегі ең бастысы- рухани біртұтастықта.

Ізгілікті –адамгершілік үрдісіндегі  мұғалімнің негізгі ұстанымдары:

Мұғалімнің заңдары:

       Баланы сүю;

       Баланы түсіну;

Мұғалімнің басқарушылық қағидалары:

       Бала тұлғасын құрметтеу қағидасы;

       Баланың қалыптасуында - ұстамды, сабырлы болуы.

Мұғалімнің өсиеттері:

       Бала қабілетінің шексіздігіне деген сенім;

       Өзінің педагогикалық қабілеттеріне деген сенім;

       Балаға деген ізгілік қадамның күшіне сенім.

«Ондаған, жүздеген жолдардың, оқушы мен оқытушы арасындағы  руханилықтың  байланыстырушысы бұл-жүрекке деген адами жолдың, ең маңыздылары ол мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік. Біз мұғалім мен оқушыны рухани тұтастықтың  қалыптастырылуына  тырысамыз»- дейді Ш.А. Амонашвили өз еңбектерінде.

«Күлкім менің қайдасың?» атты авторлық шығармасында Ш.А. Амонашвили: Ойшылдар айтады дейді:

       — Күлкі қажет, көз жасы рухтың күшін әлсіретеді.

       — Өмірде алынып жатқан сабақтарды күлімдей қабыл алыңдар.

         Күлімдеп қауіпті қарсы аламыз.

       Күлкімен жолдарды ашыңыздар.

         Күлкіні жұлдыздарға жіберу керек.

         Келер сәтке күлімсіреңіздер!

         Бағбаншы,  жапырақтан күлімдеп шаңды ал.

Бұл тұста «бағбаншы» деп автор ұстаздар қауымына айтады. Ал оқушыны өсіп тұрған гүлге теңейді. Оқушыны оқыту мен тәрбиелеуде әрқашан оған күлімдеу қажеттігін өсиет етеді.

Бірде Мен - Ұстаз,

       Сондықтан менің күлкім балалар секілді сан түрлі, олардың көңіл-күйлерінің құбылысы сияқты әр алуан  болуы тиіс. Мен әрбір балаға тек оған ғана  және дәл сол мезетте қажетті күлкіні сыйлауым керек.

       Жүрегім менің, өтінем, балалар  өміріндегі шындық сәттерін жіберіп алмауға көмектесші!

       Санам менің, Шексіздікке дейін ұлғайшы, тереңдеші, сондай-ақ, менің болуымды қажетсінген бала жанының түкпірлерін көруге көмектесші!

       Тек сонда ғана мен әрбір балаға оған ғана арналған күлкіні сыйлай аламын.

       О, Жүрегім мен Санам менің, балалар жайлы жақсы ойларға берік болыңдар! Балалар оны керек етеді, ал мен – Ұстаз, балалар үшін жаратылдым.

       Мен ең мейірімді ұстаздың күлкісін иелену бақытына орануды армандаймын. – деп монологын аяқтайды [1].

Өз шығармасында басты идея:  рухани тұтастықсыз тәрбие орындалмайды- дейді гуманист ұстаз.

Мектеп мұғалімі рухани-адамгершілік білімнің аспектісінде қалыптасуы керек.

        Себебі, мектепке -құзырлы педагогтардың келуі, жоғарға мәдениетті сөйлей алатын педагогтардың, балалардың психологиясын терең білетін педагогтың, мектеп ұжымымен тез келісе алатын, сонымен қатар оқушылар мен олардың ата –аналарымен тіл табыса алатын және де жаңа иновациялық технологияларды игерген педагог болуы керек [2].

     «Мен ұстаз» өлеңінде Ш.А. Амонашвили:

     Мен – Махаббат және Адалдық,

     Сенім және Шыдамдылық. Мен – Қуаныш және Ортақтастық, Мұң мен Ортақтастық.

     Мен – Шындық пен Жүрек,

     Ар мен Намыс. Мен – Іздеуші және Сыйлаушы, Кедей және Бай.

     Мен – Мұғалім және Оқушы,

     Тәрбиеші мен Тәрбиеленуші. Мен – Жол көрсетуші мен Өмір суреткері.

     Мен — Балалықтың қорғаны мен Адамзат бесігі.

     Мен – Келешектің жарқыны мен Осы шақтың алауы, - дейді құрметті ұстаз.

Ш.А. Амонашвилидің өскелең ұрпақты тәрбиелеп отырған жас ұстаздар қауымына маңызы зор. Мектептегі ұстаз – оқушының шамшырағын жағар тұлға болып табылады. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім ғана емес, рухани, ізгі тәрбие беруіміз қажет.

 

                            Әдебиеттер тізімі:

1.     Амонашвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? Мысли в учительской. - М., 2003.

2.     Амонашвили Ш.А. Здравствуйте, дети! – М., 1983.