МУЗЫКА САБАҒЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ
КӨШБАСШЫЛЫҒЫ
Саттибаева
Кулжахан Кайдилдаевна
№ 175 негізгі мектеп, Қызылорда
Мұғалімнің
сабақ барысындағы көшбасшылығының
маңыздылығы қандай? Осы сұраққа жауап беруде
мен "көшбасшы" деген сөзді негізге алдым. Көшбасшы
мұғалім қандай болады? Оның бойында қандай
тұлғалық қасиеттері болу керек? деп өзіме сұрақтар
қойдым. Осы сұрақтарға жауап іздеуде мен
төмендегідей шешімге келдім. Көшбасшы мұғалім ол:
· ұйымдастырушы (сыныпта оқу үдерісін
жоспарлайды, ұйымдастырады);
· зерттеуші (сынып оқушыларын, яғни білім игеру
деңгейлеріне қарай А, В, С оқушыларға бақылау
жүргізе зерттейді);
· коммуникативті (оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен қарым-қатынас жасай білу);
· педагогикалық такт және этиканы
сақтайтын;
· өзіне және өзгеге талапқоюшылық
қасиеті жоғары.
Міне осы
тұлғалық қасиеттер мен талаптарды
басшылыққа ала мен тізбектелген сабақтар топтамасын
жоспарлаудағы сабақтарды музыка пәні, 4 сыныпта « Ұлы
ұстаздар көші» тарауы бойынша өткіздім. Барлық мектеп
тәжірибесінде өткізген сабақтарда менің
көшбасшылық қасиеттерімді дамытуға толық
мүмкіндік туындады. Себебі, әр сабақта
Бағдарламаның 7 модуль идеяларын білу, түсіну және
тәжірибеде қолдану барысында сынып оқушыларының жеке
қажеттіліктерін ескеру арқылы жоспарлауды жүзеге асырдым. Осы
тұста мен ортақ
тапсырманың аясында модуль идеяларының ықпалдасуын
көздедім. Демек, жоспар негізінде әрбір іс әрекетімді
жүйелі ұйымдастырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сай, қабылдау қабілеттерін назарға алып, тиімді стратегиялар
мен әдістердің бірізділігін сақтап, сапалы білім алуға
оқу ортасын құрдым. Өйткені әр оқушы
оқи алады, егер мектеп оқыта алса деген қағида
қашанда әр көшбасшы мұғалімнің назарында
болуы шарт. Ол үшін мен
мақсатқа жету үшін әлеуметтік-жағдаяттық тәсіл
тұрғысынан топта оқушылардың күш-жігерін
біріктіріп, бірлескен іс-әрекет негізінде ЖАДА орнатуда әр
сабақта топтық жұмыс түрлерін қарастырдым. Құзырлы мұғалім ғана көшбасшы бола
алады және мінсіз оқушы тәрбиелей алады. Олай болса,
Шульманның айтуынша сапалы оқытудағы мұғалімнің
Бас, қол, жүрек «Мұғалімнің үш
көмекшілері» деп аталған қасиеттері болған жағдайда ғана мұғалімді
көшбасшы деп санар едім. Себебі,
«Бас» кәсіби түсінік,
яғни теориялық білімге негізделген және оқушылар
туралы жеткілікті білім болуын қажет етеді. «Қол»
оқытудың тәжірибиелік дағдылары, яғни
оқытуды бағалау, демонстрациялау сияқты идеяларды
түсіндіре білудің тәжірибиелік дағдылары және
«жүрек» шыншыл, жанашыр, оқушыларға мейірімділік, аяушылық
таныта білетін адал амалдар (МАН, 8,9-беттер). Демек, әр сабағымды
жаңа тақырыпты меңгеруіне оқушыларға ықпал
жасап, түрлі жұмыс барысында оларға бағыт-бағдар
беру арқылы қолдау көрсетіп, олардың табысқа
жетуіне қауіпсіз орта туғыздым.
Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға
әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе
жоқ мұғалімдер:
· іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына
алуға;
· өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық
шешімдер қабылдауға;
· бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және
қолдануға;
· кәсіби білімді құруға және таратуға
атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін (МАН, 87-бет).
Келесі ретте «Lesson study» тобын құруда әріптестерімді
шақырдым, онда мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары, өзіммен бірге мектептегі тәжірибе кезеңіне келген
әріптесім, және IІІ деңгей сертификатталған
әріптестерім бірлесіп жоспарлауға, зерттеуге қатысты.
Әр сабақтың бірлесіп жоспарын құра,
сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында әдістер тиімді таңдалып,
бақылауға алынған оқушыларға зерттеу жасалды.
Және де сабақ өткізілгеннен кейін әріптестер арасында
талқылау жүргізіліп, сабаққа рефлексия жасауға
мүмкіндік алдым.
Бағдарламаның жеті
модулінің барлығын дерлік сабақ барысында пайдалана отырып,
тізбектелген төрт сабағымда да «Оқытудағы
басқару және көшбасшылық» молулінің қажетті
және тиімді жақтарының барына көзім жетті. Менің
ойымша дәстүрлі сабақ беру барысында бұл модульдер
толық қолданылмайды. Оқыту сияқты
көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға
жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады.
Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің,
ойлау мен талқылаудың нәтижесінде қиындысын алынған
ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және
синтездеуге бағытталады деген пәндік шешім болса (МАН, 49-бет),
мұғалім сабақ барысында оқушылардың сыни ойлауына
- ықпал жасаушы, бағыттаушы болып сұрақтар қойып,
«ой қозғаушы» да болады. Топтық, жұптық, жеке
жұмыстар әр сабақта жүргізіліп отырылды. Демек,
оқытудың жаңа формаларын қолдануда менің
оқу үдерісін сыныптың ішінде сұрақтар қою,
сыныптасы мен өзін бағалауға қатыстыру, кері байланысты
қамтамасыз ету, бағалау өлшемдерімен жұмыс жасау
жүзеге асты. Оның ішінде алғашқы сабағымды
«Оқы, талқыла, бөліс» әдісі бойынша топтарға тақырыптар беріліп, алдымен жеке оқып, одан соң
жұбында, сосын тобымен
талқылағаннан кейін постер қорғауға уақыт
берілді, бірінші сабақ болғандықтан оқушылардың
қиналған тұстарында бақылай отырып, қастарына
барып бағыттау жасап отырдым. Осы
тұста менің көшбасшылығым көрінді. Топтық
бағалауда 2 жұлдыз 1ұсыныс арқылы бағалау
жасалды, менің тарапымнан да мадақтау арқылы формативті
бағаланды. Деседе оқушылар бағалау барысында ұсынысты
көбірек айтқанды, бір бірінің кемшіліктерін көрсетуге
ұмтылғандары болып жатты. Сол кезде мен өзгенің
жұмысынан алдымен жетістікті табу, көру қажеттілігі
арқылы, яғни бағалаудың негізгі идеясын түсіндірдім.
Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар
өздерінің оқудың қандай сатысында
тұрғанын, қандай бағытта даму керек және
қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау
үшін оқушылар және олардың мұғалімдері
қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру
үдерісі (МАН, 58-бет) сол бағытта кейінгі сабақтарда оқушылар бір-бірінің топтық,
жұптық және жеке жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір
ұсыныс», «Бағдаршам» және критерий арқылы бағалау
және «Бақылаушының бағалау парағы» арқылы
түрлерін пайдалана отырып, оқушыны тек мұғалім
ғана емес, өз-өздерін өзара топтық,
жұптық бағалауға
да болатындығын білді. Өзімнің тарапымнан керемет, тамаша,
жарайсың, жақсы деп мадақтау арқылы бағалап
отырдым. Бағалау оқушының сабаққа ынтасының
артуына бірден-бір себеп. Демек, бұл тұста менің
мұғалім ретіндегі көшбасшылығым оқушы
жанының нені, қалайтындығын анықтағаным.
Жұптық жұмыс кезеңінде оқушыларға АКТ
мүмкіндігін пайдаланып интерактивті тақтадан берілген жұптық
жұмыстың нәтижесін
сағат тілімен көршісіне ауыстырып, жауап парағымен
тексеріліп, тақтадаға дайын жауап арқылы топтар бағаланды.
Күрделендірілген
тапсырмаларды ұйымдастыруда мұғалім өзін
оқушының орнына қойып, бала ретінде жауап беруі тиіс.
Дұрыс берілген тапсырма жақсы нәтижеге жеткізеді.
Кері байланыста оқушылардың жазғандарын оқи
отырып, келесі сабақты жоспарлауда жіберілген қателіктерді
жөндеуге, сабақтағы тапсырма түрлерін түсінікті
әдістермен беруге, оқушылардың білім алудағы қажеттіліктерін
қанағаттандыруға көптеген мүмкіндік туды.
Себебі
соңғы сабағымдағы оқушылардың ойларын
жеткізудегі сөз саптауларын анықтауда бірден бір себеп болды.
Тізбектелген сабақтарымды өткізу барысында мен
өзімнің аудиторияны билей алатын көшбасшы екенімді анық
көрсеттім деп айта аламын. Оқушыларды топқа бөлуден
бастап топта жұмыс жасай білуге, жұптық және жеке
жұмыстарды орындай алуға үйреттім. Сабақ кезінде
әр оқушыға жеке көңіл бөлуге, барлық
оқушының назарын тек тапсырма орындауға аудара алуға мүмкін жасадым.
Сонымен, көшбасшы - мұғалім кім?
Әрине, ол - тек
өз пәнінің білгірі ғана емес,
педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімді
және ақпараттық сауатты, заман талабына сай білім беруде
жаңашыл, шығармашылықпен жұмыс жасап,
оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген, іздену
мен зерттеуден шаршамайтын жан.
Осы орайда, бағдарлама мазмұнын
терең меңгерген, өз тәжірибесін жаңарта алатын
жаңа тұрпаттағы көшбасшы мұғалімге
қойылатын талаптар қандай болу керек дейтін болсам...
- Өзіне де,
өзгеге де талап қоя білетін;
- Қоғамның
белсенді мүшесі бола алатын;
- Рефлексивтік,
зерттеушілік мәдениетін қалыптастыра алатын;
- Сабақ барысында оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес
қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмыс
жасайтын;
- Педагогикалық
бақылау жасау машықтарын меңгерген;
- Ұйымдастырушылық
қабілеті жоғары;
- Сыни
тұрғыдан ойлайтын, өз білімдерін сындарлы қолдана
алатын;
Өз оқыту ұстанымдарын жаңартып,
көзқарас, шешім үлгісінде стратегиялық іс-әрекеттерін жоспарлай
алады деп түсіндім.
Демек,
бұл талаптар көшбасшы – мұғалім ретінде менің бойымнан және
іс-әрекеттерімнен табылуы керек деп ойлаймын, ал оның бастамасы
тәжірибе кезінде көрініс тапқандай болды. Өзімнің көшбасшы
мұғалім ретінде
жоғары талап қойып, оқушының
дағдысы қалыптасқан жағдайда ғана «Көшбасшы
оқушы» және Чиксентмихайдың «өзіндік мақсатты»
қалыптастыруға арналған
«ағын» пайда болатыны сөзсіз.
"Сабақта мұғалімнің
өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ
оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні
одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен
бағаланады", - деген Цицеронның сөзі осы
түсініктерімді одан әрі тереңдетуге ықпал етуде.
Ендеше, мен осы модульді тізбектелген сабақтар топтамасында қолдану
арқылы баланың не үйренгені туралы сыни тұрғыдан
рефлексия жасауға тырыстым.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге
арналған нұсқаулық, үшінші (негізгі)
деңгей, үшінші басылым, 2012 жыл