ТМД және Қазақстан аумағындағы су ресурстары энергиясының болжамдық көрсеткіштерін бағалау

 

Джолдасов С.К., Сарбасова Г.А., Киргизбеков А.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

 

Кең ауқымды, пайдалануда  болашағы зор болып, өзен энергияларын  пайдалану  саналады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы  (ТМД) мемлекеттері, экономикалық  тиімділігі жоғары гидроэнергетика қорларына өте бай, олардың қоры 1100 млрд. кВт. сағ. деп  бағаланады және әлемде көлемі жағынан екінші орын алады /1/. Соған қарамастан, 2003 жылғы деректер бойынша пайдалы көлемнің 20 % - ы ғана игерілген. Ал, әлемде  экономикалық тиімді гидроэнергетика ресурстарын пайдалану деңгейі 30%  құрайды. ТМД  елдерінде гидроэнергетика ресурстарын пайдалану бүгінгі таңда өте төмен болып отыр (1-кесте ) /2/.

 

Кесте 1 - ТМД  елдеріндегі  суэнергетикасы  потенциалы  және оны  пайдалану

 

ТМД  елдері

Орташа көпжыл-дық өзен ағыны, км

Өзен ағы-нының энер-гетикалық потенциалы,млрд.кВт. сағ. 

Техника-лық потен-циал, млрд. кВт.сағ. 

Экономи-калық по-тенциал, млрд. кВт. сағ. 

ГЭС –де  электр энергия-сын өнді-ру,млрд. кВт.сағ. 

Пайда-лану үлесі, %

Әзірбайжан

Армения

Беларусь

Грузия

Қазақстан

Қырғызстан

Молдова

Ресей

Тәжікстан

Түркменстан

Өзбекстен

Украина

29,0

7,9

0

62,0

121,0

47,2

0

4171,0

81,1

0

117,0

209,0

37,1

18,6

0

135,7

162,9

142,0

0

2395,1

527,0

0

84,1

41,8

21,0

8,6

0

68,5

61,9

72,9

0

1670,0

316,0

0

27,4

21.5

7,6

6,0

0

32,0

27,0

48,0

0

850,0

85,0

0

10,0

17,0

1,7

1,6

0

7,6

7,0

9,0

0,3

164,0

16,9

0,

5,8

10,7

22,4

26,6

0

23,7

25,9

18,7

0

19,2

19,8

0

58,0

62,9

 

Су энергиясының потенциалы  жағынан  Қазақстан және Орта Азия  аумағы ТМД – да, Сібірден кейін екінші орын алады /3/. Жалпы, теориялық  су потенциалы 750 млрд. кВт. сағ.  деп  бағаланады, оның ішінде техникалық потенциалы  305,8 млрд. кВт. сағ. құрайды, ал республикалар бойынша үлес былай: Тәжікстан - 143,6; Қырғызстан - 72,9; Қазақстан - 61,9; Өзбекстан – 27, 4 млрд. кВт. сағ. Техникалық су потенциалы – Қазақстанда – 13 %; Қырғызстанда – 14 %; Тәжікстанда – 11 %; Өзбекстанда – 25 % құрайды.

Қазақстан салыстырмалы түрде су көздеріне кедей /4/. Солтүстік мұзды мұхитқа құятын өзендерден ірілері – Ертіс, Ешім және Тобыл. Каспий теңізіне республика аумағында Жайық пен Ембі құяды. Басқа ірі және шағын өзендер ішкі ағынсыз су қоймаларына түседі, оның ішінде ірісі Арал теңізі, оған республика аумағында Сырдария өзені құяды; Іле, Қаратал, Лепсі өзендерімен толығатын Балқаш көлі; Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай қыраттарынан ағып келетін бірқатар шағын өзендермен толысатын Алакөл және Сасықкөл көлдері. Солтүстік Қазақстанда ағынсыз ірі су қоймаларына – Ырғыз  және Торғай өзендерін қабылдайтын Шалқар – Теңіз көлдер тобы, және Нұра өзені суларымен толысатын Теңіз  көлі жатады.

Су және гидроэнергетика ресурстарының бейқалыпты таралуынан оларды үш өңірге бөлуге болады: Шығыс аймақ – Бұқтырма, Үбе, Үлбе, Құрғым, Қалжыр атты салаларымен Ертіс өзенінің алабы; Оңтүстік Шығыс аймақ – Іле Алатауы тауларынан ағып келетін өзендермен (Қаскелең, Ақсай, Түрген, Шілік, Шарын) толысатын Іле өзені алабы және Жоңғар Алатауынан түсетін өзендермен (Көксу – Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек) қоректенетін шығыс Балқаш алабы мен Алакөл көлдері тобы; Оңтүстік аймақ – Сырдария, Талас, Шу  өзендерінің  алабы.

Қазақстанның су энергетикалық ресурстары төмендегі шамалармен сипатталады: теориялық потенциалы – 170 млрд.кВт.сағ./жылына, техникалық пайдалану мүмкін потенциал - 62 млрд.кВт.сағ./жыл, экономикалық потенциалы -30 млрд.кВт.сағ./жыл. Қазақстан республикасы  бойынша су энергиясы ресурстарының теориялық таралу үлесі 2-кестеде келтірілген.

 

Кесте 2 - Қазақстандағы су энергетика ресурстарының теориялық потенциалы

Энергетикалық аймақ

Су шаруашылық өңірі

Облысы

Теориялық  ресурстар, млрд.квт.сағ. 

Солтүстік

Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстан

72

Оңтүстік

Оңтүстік – Шығыс Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Алматы, Жамбыл,

Оңтүстік Қазақстан

Қызылорда

72

 

20

Солтүстік, Батыс

Солтүстік,

Орталық,

Батыс Қазақстан

Қалғандары

6

 

Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған 24 ГЭС – тің  жалпы бекітілген қуаты 2244 мВт құрайды: орташа жылдық электр энергиясын өндіру 7,1 – 7,3 млрд.кВт.сағ., оның 95 % -н  бес ірі электр станциялары – Ертіс өзеніндегі Бұқтырма, Өскемен, Шүлбе; Іле өзеніндегі Қапшағай және Сырдария өзеніндегі Шардара ГЭС – тері береді.

Бұл ірі ГЭС – тер Қазақстан гидроэнергетикасындағы алар орны үлкен, дегенмен республиканың шағын өзендеріндегі су ресурстарын айта кеткен жөн. Шағын өзендердің энергиясын  Ұлы Отан соғысы алдында және соғыстан кейінгі жылдары, шағын  ГЭС – тер салу жолымен кеңінен пайдаланды. 1952 жылы олардың саны ТМД – да 7 – мыңға жеткен. Бірақ, қалай ірі ГЭС салу басталысымен, шағын ГЭС – тер туралы ұмытыла бастады. Ал, қазір қалыптасқан және қайта жаңғырылатын энергия көздерін игеруде шағын  гидроэнергетика мәселесі алдыңғы позицияларға шығып отыр.

Су энергия ресурстарының басым бөлігі орта және шағын өзендердің үлесіне тиеді. Тек Оңтүстік, Оңтүстік – Шығыс, Шығыс өңірлерде, су энергиясының орташа жылдық ресурстары 0,01 – ден 0,1 млрд.кВт.сағ. 1,5 мың шағын және орта өзен бар. Ауыл шаруашылығындағы электр энергиясын тұтынатын нысандардың басым бөлігі 100 кВт – тан  аспайтын қуат тұтынатынын ескерсек, электр энергиясына қажеттіліктің 50 % - ға дейін үлесін немесе 5-6 млрд.кВт. сағ. энергия, шағын ГЭС есебінен жабуға болады.

Қазақстанның шағын өзендері, әсіресе Тянь – Шань және Алтай биік таулы  аудандарында өте тығыз орналасқан. Бұл өзендер тұрақты мұзды және аралас (қар-мұз) су қорларымен үнемі толысып отырады, салыстырмалы сулылығымен және еңістілігімен ерекшеленеді. Қазақстанның таулы өзендерінде, республиканың ауқымды су энергетика ресурстары шоғырланған.

Қазақстанның өзендерінің энергетикалық ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері 1960 – 80 жылдардағы материалдар және шағын ГЭС – терді орналастырудың аяқталмаған өңірлік схемалары (1990 жылдар) негізінде «Казгидропроект» институтымен бағаланған. Ол  тізімге 564 жаңа ГЭС және бұрын пайдалануда болып, қайта қалпына келтірілетін 14 ГЭС  кіреді. 3 – кестеде, қабылданған қуаты негізінде, облыстар бойынша, осы  ГЭС – дің  орналасуы  келтірілген.

 

Кесте 3 - Су  энергетика  ресурстарын  өнеркәсіптік  пайдалану  мүмкіндігі

 

Өңір

 

ГЭС  түрлері

Топта-ғы  ГЭС саны

ГЭС – дің  энергетикалық  параметрлері

Қуаты, мВт

Электр энергия-cын өндіру, млрд. кВт.сағ 

Шығыс-Қазақcтан облысы

шағын <30мВт)

ірі (>30 мВт)

89

23

 

594

2137

2566

7804

 

Алматы облысы

шағын <30мВт)

ірі (>30 мВт)

227

14

1147

1119

5336

4371

Жамбыл облысы

шағын <30мВт)

ірі (>30 мВт)

98

-

234

-

1150

-

Оңтүстік Қазақстан облысы

шағын <30мВт)

ірі (>30 мВт)

118

1

437

40

1926

160

Солтүстік және Орталық

шағын <30мВт)

ірі (>30 мВт)

8

-

13

-

63

-

Қазақстан

Бойынша

шағын <30мВт)

ірі (>30 мВт)

540

38

2425

3236

11041

12335

Барлығы

 

578

5821

23376

 

Кестеден көріп отырғанымыздай, ірі ГЭС – дің қуаты, шағын ГЭС – ден  басым. Соған  қарамастан, шағын ГЭС – дің көрсеткіштері айтарлықтай және Қазақстанның энергетикасында маңызды роль атқаруы мүмкін. Бірақ, ұсынылған «Электр энергетикасын  2030 жылға дейін дамыту бағдарламасына» байланысты, жобалық ГЭС – терді салу  құрылысы, Қазақстан Республикасын - 2030 жылға дейін даму бағдарламасын іске асыратын стратегияның бір бөлігі ретінде жасалған. Сонымен, Қазақстанда шағын өзендердің су ресурстарын энергетикалық мақсатта игеру және қолдану үшін барлық жағдайлар бар.

 

Қолданылған  әдебиеттер тізімі:

 

1. Безруких  П.П., Сребков  Д.С.  Нетрадиционная  возобновляемая  энергетика в мире  и России. Состояние, проблемы, перспективы // Энергетическая  политика. 2001 - № 3,  с. 3 – 13.

2. Джангиров  В.А.  Роль  инженерных  изысканий  в  освоении  гидро- энергетических  ресурсов  государств  Содружества // Гидротехническое строительство, 2002 - № 3, с. 3 – 5.

3. Мирзаев Ф.Т., Турецкий  Н.Б.  Гидротехническое  строительство  в Средней  Азии  и перспектива  освоения  гидротехнических  ресурсов // Гидротехническое строительство, 2002 - 2, с. 26 – 27.

4. Чокин  Ш.Ч.  и др.  Основы  развития  энергетики Казахстана. Алма – Ата: Казахстан, 1971.