ЖЕМІС-ЖИДЕК ТУРАУ МАШИНАСЫН
ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРАСТЫРУ
Мальтекбасов М.Ж.,
Мукажанов Е.Б., Шаяхметов Н.Н., Тыналиев Б.Т.,
Батырбеков С.Ж., Алимбаев Ч. А., Телебаев Е.Е.,
Бақытұлы Қ., Акжолов Е.К.
«Аймақтық жастардың инновациялық ғылыми
зерттеу орталығы»,
Талдықорған қаласы, Қазақстан Республикасы
Жеміс-жидектер мен көкеністерді турау
машиналарына талдау жасалынып,
әр-түрлі машиналардың артықшылықтары мен
кемшіліктерін ескеріп авторлар өздерінің жұмысын
ұсынады. Жұмыстың негізгі мақсаты ауылшаруашылық
өнімдерін өндірудің көлемі мен сапасын арттыру болып
табылады.
Зерттеу өзектілігі.
Қазіргі уақытта еліміздегі өнеркәсіп саласында
бірқатар өзекті мәселелер болып тұрғаны
анық, яғни оларды шешу
жеміс-көкөніс шикізаттарын өңдеуде отандық
өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда
маңызы зор, бұл Қазақстанның БӘСҰ
енуінде ерекше маңызды болып табылады.
Соңғы
статистика бойынша елімізде өндірілетін жеміс-жидектердің 4 пайызы
ғана өндеуден өтеді. Өнімдердің қалған
бөлігі қажетті оперативті өңдеудің
жеткіліксіздігінен құрып кетеді.
Жемістерді
кептіру үшін, оларды сақтау үшін, сонымен қатар
өнімді таза түрінде консервілеу үшін оларды алдын ала турау
қажет.
Әдеби
сараптамаларға сүйенсек, елімізде қолданылатын турағыштардың
көмегімен жүзеге асырылатын
кесу технологиясы толық аяқталмаған болып есептеліп,
қажетті өңдеуді талап етеді. Осыған орай, жеміс-жидек
турау технологиясын жетілдіруге бағытталған зерттеу жұмысы,
дайын өнімнің сапасын жоғалтпай өзіндік
құнын төмендетуге көмектеседі. Мұндай зерттеу
жұмыстар ғылыми және тәжірибелік
қызығушылық тудырып, жұмыстың осы саладағы
өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің
мақсаты. Жеміс-жидек және
көкөніс шикізаттарын турағыш параметрін негіздеу арқылы
кесу процестерін жүзеге асыру, кесу процесінің тиімділігін арттыру
және бәсекеге қабілетті өнім алыу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
- қолданылатын
технологиямен көкөніс шикізаттары мен жеміс-жидектерді кесу
процесінің энергиялық сыйымдылығына талдау жүргізу;
- құрылғы
әзірлеу мен алғашқы
- шикізатты кесу процесін зерттеу;
- турау технологиялық
процесін зерттеу және жемістер мен жидектерді дайындау, турау
режимдерімен параметрлерді негіздеу.
Жаңашылдығы:
- жемістер мен көкөністер
өнімдерін турау қызметін атқару моделі;
- жемістерді
кесу кезінде пайда болатын күштерді анықтау әдістемесі;
- турағыш
органдарын параметрлерін теориялық негіздеу.
Практикалық құндылығы:
- жемістерді кесу күштерін
анықтауға арналған құрылғы конструкциясы;
- жемістердің
физика-математикалық қасиеттерін анықтауға
арналған жабдықтардың кешені.
Зерттеу
обьектісі. Кесу органдары мен жемістерді
турау. Жемістердің жұмыс орагандарымен және шектемелі
конструкциялармен өзара әсерлесуде
физикалық-механикалық қасиеттері.
Зерттеу әдістемесі. Теориялық зерттеулер математика, физика және механика
заңдары мен әдістеріне негізделген. Эксперименталды зерттеулер
және сынамалар дайын әдістеме мен МЕМСТ сәйкес
жүргізілді.
Зерттеу
бағдарламасы. Жұмыста
қойылған міндеттерді ауысымды, корреляциялық басқа да
факторларды есепке ала отырып эксперименталды және лабораториялық
зерттеулерді қоса шешкен қажет.
Зерттеу бағдарламасы лабораториялық жағдайларда бірнеше
кезеңдерді жүзеге асыратын тәжірибелерді жүргізуді
қарастырады:
1. Эксперименталды зерттеулер әдістемесін әзірлеу.
2. өлшеу аппараттары мен лабораториялық жабдықтарды
дайындау.
3. Тәжірибе жүргізу, өңдеу және
нәтижелерді талдау.
Тәжірибелік зерттеулердің негізгі міндеттері, теориялық
жағдайларды тексеру, эксперименталды шаиаларда алынған формулаларды
анықтау, сонымен қатар жемістерді ұсақтауда
конструктивті параметрлер.
Тәжірибелі зерттеулер процесінде қажетті:
- жемістердің физикалық-механикалық ерекшеліктерін
анықтау;
- кесу режимінің әсерін анықтау (кесу жылдамдығы,
кесу бұрышы), ұсақтаушы органдардың конструктивті
параметрлері (қайрау
бұрышы, пышақ жүзінің қалыңдығы),
технологиялық параметрлер (стружки қалыңдығы, стружки
ені ) кесу күшіне ;
- крестяндық шаруашылық үшін жемістерді ұсақтауды жобалау мен есептеу үшін
алынған зерттеулердің нәтижесінде теориялық
алғышарттарды тексеру;
Қорытынды
Ұсақтау процесінің теориялық негіздеріне
әдеби шолу жасай отырып, төмендегідей қорытынды жасаймыз:
- ұсақтау сапасы ұнтақтағыштың
конструкциясы мен типін таңдау кезінде шешуші мәнге ие болатын
негізгі бағалық көрсеткіштердің бірі;
- ұсақтаудың әр тәсілі жекелей
алғанда материалдардың белгілі топтарын бұзу кезінде тиімді
болады, яғни бұзылатын материалдың
физикалық-механикалық ерекшеліктеріне байланысты;
- ұсақтау үшін қолданылатын машиналардың
алуан түрлілігі қазіргі уақытқа дейін
ұнтақтағыш машиналардың энергияны аз тұтатын,
жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін рационалды типін
іздестіру әлі күнге дейін жалғасуда екендігін көрсетеді;
- кесу принципі бойынша жұмыс атқаратын ұсақтағыштар
практикалық тұрғыда барлық көрсеткіштер бойынша
басқа типтегі ұнтақтағыштарды басып озады;
- кесу принципі бойынша жұмыс атқаратын
ұсақтағыштарда басқа
ұсақтағыштардағы сияқты өнім
қыздырылмайды, бұл энергия сыйымдылығын айрықша
төмендетеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Оспанов А.А., Тлегенов Ш.К., Омаров К.К. Пути
снижения энергоемкости процесса измельчения зерна. –Астана: ДГП
«Акмолинский ЦНТИ», 2007. -57 с.
2. Омаров К.К., Караманов М.А. Возможность применения центробежно-ситовой
измельчающе-сепарирующей машины в потоке мукомольно-крупяного производства.
//Материалы межд. конф. «Научное обеспечение Государственной
агропродовольственной программы Республики Казахстан на 2003-2005 годы».
–Астана: КазАУ им. С.Сейфуллина. 2003. - С. 309-310