Асет Алия

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің

1 курс магистранты

Құрылыс  терминдерін аудару барысында кездесетін транскрипция, транслитерация әдістері

           Жалпы «термин» ұғымына тіл білімінде берілген анықтамаларға тоқталар болсақ  «Термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы (техникалық т.б.) сөздер мен сөз тіркестері» .  «Термин – нақты анықталған ұғымның атауы болып табылатын сөз. Әлдебір ортада әлденені, мамандықты белгілеу үшін қабылданған арнайы сөз немесе сөз тіркесі».

         Терминдер – өзіндік құрылымдық, семантикалық, деривациялық, функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы болып табылады. Аталған ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу, калькалау, терминдерді ұтымды қолдану мүмкін емес. 

Аударма үдерісін сипаттау барысында ғалымдар аудару «тәсілдері, амалдары, әдістері» деген сияқты әрқайсысы жеке мағынаға ие ұғымдарды қолданады. Бұл ұғымдарды жіктеп, анықтап алған жөн. Аударма теориясында бір тілдік бірліктен екінші тілдік бірлікке ауысудың түрлі жолдары, тәсілдері қарастырылады. 

Төменде құрылыс терминдерін аудару барысында кездесетін транскрипция, транслитерация әдістері қарастырып кеткенді жөн көрдім. Сондықтан алдымен осы аталған әдістерге мағлұмат беріп кетсем, транскрипция дегеніміз ол - аудармашылық транскрипциялау (сөз дыбыстарының айтылуын дұрыс беру үшін арнаулы белгілермен көрсету) және  транслитерация (белгілі бір тілге ғана тән дыбысты екінші бір тілдің орфографиялық заңдылығына лайық белгілеу);

Транскрипциялау мен транслитерация – аудармада АТ көмегімен түпнұсқаның лексикалық бірліктерінің тұлғаларынқайта жасау тәсілі. Транскрипциялауда басқа тілдегі сөздің дыбыстық түрі  қайта жаңғыртылады, алтранслитерацияда оның графикалық түрі (әріптік құрамы) қайта жаңғыртылады. Қазіргі заманғы аудармашылық тәжірибеде транслитерацияның  кейбір элементтерін сақтап транскрипциялау жетекші тәсіл болып табылады. Тілдің фонетикалық және графикалық жүйелері  бір-бірінен едәуір айырмашылығы болғандықтан, сөз тұлғасын  ТТ аударма тілінде әрдайым шарттылау түрде,  жуықтап жеткізеді. Мысалы: designer – дизайнер, tender - тендер, element – элемент, adhesive - адгезив (байланыстыратын материал) . Тілдің әрбір сыңары үшін  сөздің  дыбыстық құрамының ережесін жеткізу ТТ жасалады, транслитерациялау элементтерін сақтау жағдайлары мен қазіргі кезге сәйкес дәстүрлі ережеден ауытқу жолдары көрсетіледі. Ағылшын-орыс аудармаларында транскрипциялауда транслитерациялау элементтері анағұрлым жиі кездеседі, негізінен, транслитерациялауда кейбір айтылмайтын дауыссыздар мен қысқарған дауыстылар: Dorset – Дорсет;

Ағылшын тілінен енген құрылыс терминологиясын аудару үшін  жоғарыда аталған тәсілдерді қолданамыз. Бүгінгі таңда аударма ісінің тәжірибесінде ең көп қолданыстағысы – транскрипция әдісі арқылы аударма жасау, яғни, сөздің орфографиялық қалпын емес, оның фонетикалық қалпын беру. Ағылшын және қазақ тілдерінің фонетикалық жүйелерінің айырмашылығы салдарынан, сөзді аударудың мұндай тәсілі тек шартты түрде ағылшын дыбысына жуық дыбысты береді.

Қолданылған әдебиеттер

         Денисенко Ю.А., Коммисаров В.Н., Черняковская Л.А. «Пособие по научно–техническому переводу». - М.: 1981

         Скороходько Э.Ф. Вопросы перевода английской технической литературы. – Киев: 1969