ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЕГІСТЕРІНДЕГІ  ЗИЯНДЫ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ТҮР ҚҰРАМЫ,  ЗИЯНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ  ОЛАРҒА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

         Қазақ ұлттық аграрлық университеті, «Агробиология және фитосанитария» факультеті, «Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы, Алматы қаласы.

5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантин»

мамандығының 2016-жылғы түлегі    Мусабекова А.Т.

 

Мақта көбелегі немесе көсек құрты. 120-дан астам  өсімдіктің генеративтері бөліктерін зақымдайды, солардың ішінде көбірек қалайтыны  мақта, жүгері, қызанақ, темекі, ноқат. Көбелегінің ұзындығы 12-18мм, қанаттарының жайғандағы ұзындығы 40мм, қуыршақтары топырақта 8-13см тереңдікте қыстайды.

Ауаның орташа тәуліктік температурасы 15С-дан жоғары болғанда сәуір-мамыр айларында қуыршақтан көбелектер ұшып шығып, гүлдің шырынымен қоректенеді, шағылысады, содан соң жұмыртқа салады. Бір аналық көбелек өсімдік түріне қарап 500-3000 ға дейін жұмыртқа сала алады. Жұмырқаларын  мақтаға шанақтау кезеңінде салады. Сондықтан да көбелектің 1-ші ұрпағы басқа дақылдарда, ал келесі 2-3 ұрпағы мақтада дамиды. Жұмыртқаларынан ауа температурасына байланысты 2-6 күннен кейін жұлдызқұрттар шыға бастайды.

      Ауаның орташа тәуліктік температурасы 15С-дан жоғары болғанда сәуір-мамыр айларында қуыршақтан көбелектер ұшып шығып, гүлдің шырынымен қоректенеді, шағылысады, содан соң жұмыртқа салады. Бір аналық көбелек өсімдік түріне қарап 500-3000 ға дейін жұмыртқа сала алады. Жұмырқаларын  мақтаға шанақтау кезеңінде салады. Сондықтан да көбелектің 1-ші ұрпағы басқа дақылдарда, ал келесі 2-3 ұрпағы мақтада дамиды. Жұмыртқаларынан ауа температурасына байланысты 2-6 күннен кейін жұлдызқұрттар шыға бастайды.           

Описание: Helicoverpa_armigera Описание: Бахытжан2
 

 

 

 

 

 

 

 

 


               

 

 

 

                    1-сурет.   Мақта көбелегі                 2-сурет.Жұлдызқұрттың көсекті зақымдауы

 Жұлдызқұрттар өсе келе өсімдіктің түптерінің ортаңғы және төменгі қабаттарына өтіп, гүл шанақтарды, гүлді көсектерді жеп зақымдайды. Зақымданған жемістері түсіп, көсектері шіриді. Жұлдызқұрттар генеративті мүшелерімен қоректенгенді қалайды және өнімге 40-50% кей жылдары оданда жоғары шығын келтіруі мүмкін. Мақта көбелегі бір жылары 3-4 ұрпақ беріп дамиды.

Жұлдызқұрттар пайда болған бастапқы кезде алқап бүркілді.

Мақтаның барлық зиянкестерінің бірінші ұрпақтары толығымен мақта алқабы айналасындағы, жол шетіндегі, арық-атыз жағасындағы арамшөптерде, жоңышқалықтарда дамиды, ал қалғандары мақта өсімдігіне өтеді. Сондықтан да мақта көктеп шыққанға дейін сорушы зиянкестердің бірінші ұрпақтарымен күресу үшін арамшөптер мен жоңышқалықтарға 3-4 күндік алтынкөз жұмыртқаларын зиянкестердің санына қарап 500-1000 данадан гектарына 1-2 рет шығару керек, ал кеміруші зиянкестердің жұмыртқаларына қарсы 2-3 рет трихограмма жіберіледі. Олардың майда жұлдызқұрттарына қарсы күресу үшін 3-4 күндік алтынкөз жұмыртқаларын зиянкестердің санына қарап  500-1000 данадан гектарына 1-2 рет шығару керек, ал орта және ересек жастағы жұлдызқұрттарына қарсы 2 мәрте 1:20,1:15 арақатынаста бракон энтомофагы жіберіледі. Осы шаралар өз мерзімінде сапалы өткізілсе мақта егістігіне өтетін зиянкестердің сан мөлшерін бірнеше есе төмендетеді.

Мақта егісіне сорушы зиянкестер көктің шығуына қарай сәуірдің соңымен мамырдың басында қоныстанады. Мақтада темекі трипсіне қарсы, сәуірдің II және  III декадасында мақта биттеріне қарсы алтынкөз жұмыртқаларына 1:1 арақатынаста шығару керек. Өрмекші кененің ошақтарына қарсы мамыр айының бірінші декадасынан бастап,өсімдік биттеріне мамыр айының үшінші декадасынан бастап 1:100 арақатынасында алтынкөз имогасы жіберіледі.

Егер 10м жерде 1-2 мақта көбелегінің жұмыртқасы немесе майда жұлдызқұрттары болса,онда алтынкөз жұмыртқалары зиянкес жұмыртқасына қарсы 1:5 немесе жұлдызқұрттарына қарсы 1:1 арақатынасында шығарылады.

Мақтадағы кеміруші зиякестерге немесе мақтаның зиянкес көбелектеріне қарсы күресу үшін әдетте биоагенттіктерді шығаруда  көптеген қателіктер жіберіледі,ол биологиялық қорғау тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Соның үшін мақта алқаптарында зиянкес көбелекетердің әрбір ұрпағының  өне бастағанын, зиянкестердің тарқалуы ықтимал делінген танаптарды және олар тигізетін зиянды анықтауға,оның сан мөлшерін мерзімінде анықтап, оған қарсы тиімді күрес жолдарын анық белгілеу үшін феромондық тұтқыштарды пайдаланған жөн.

 

 

 


                                              Кесте-1   Мақта көбелегінің декадалар бойынша даму кестесі

 

Айлар

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Декада

   I

  II

 III

  I

 II

 III

   I

 II

 III

  I

 II

 III

   I

 II

 III

 

 

 

Қыстап шыққан қуыршақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           I

    Ұрпағы

 

-   

-

-

-

-

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақтадағы

 1-ші ұрпағы

 

 

 

 

 

 

-

-

-

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақтадағы

 2-ші ұрпағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-

-

-

-

 

 

 

 

 

 

 

Мақтадағы   

  3-ші ұрпағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-

 

-

 

-

-

 

 

 

 

 

 

 

Шартты белгілері:     Жұмыртқа,    Қуыршақ,  ▬ Жұлдызқұрт, - Көбелек


Сәуір-мамыр айларында мақта көбелегінің бірінші ұрпағының көбелектерінің ұшуын анықтау үшін әрбір 10 гектарға 1 данадан феромондық тұтқыш орнатылады. Мақтада мақта шанақтану кезеңінен бастап назарат үшін 10 гектарға 1 данадан,көбелек ұша бастағанда, әр 2 гектарға 1 данадан феромондық тұтқыш орнатылады. Оларды мақта алқабының шетінен 50-60 метр ішінен кіргізіп орналастырса жақсы нәтиже береді. Бірінші кезде әр 3 күнде бір, көбелектер көптеп ұша бастағанда, әр күні назарат қылынып феромондық тұтқыштарға түскен көбелектер саны есепке алынып журналға жазып барылады, желімі ескіріп кеуіп қалғанда орнына жаңасы ауыстыралады. Көсек құртының көбелектері негізінен кешке және түнде ұшады. Сондықтан феромонды тұтқыштарды кешкі салқында орнатып, таң азанда тексеру керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.       Назаров Р. Беречь землю. Хлопководство - М., 1995 - с 17-19.

2.       Духовный В.А. Отчет по мелиорации земель Джетысайской зоны – Ташкент, 1996  (рукопись).

3.       Аширбаев Н.Ж., Рябинина Г.Н.,  Бочарников А.П. Болезни и вредители хлопчатника на юге, юге-востоке Казахстана. Казахской проект по улучшению ирригации и дренажа. Фермерская информационная служба–Алматы  1999 -с.6-28.

4.   Назаров Р. Технология получения высокого урожая. Сельское хозяйство Узбекистана - Ташкент, 1999-№6-с 15.

5.   Ділдабеков Ш. Ақ мақталы алқапта - Алматы, Қайнар, 1982–165 б.

6.  Исмухамбетов Ж.Д., Саметов А.О.,  Айтбаев Ж.А. Оңтүстік Қазақстанда мақтаны зиянкестерден, аурулар мен арамшөптерден қорғау жөніндегі ұсыныстар - Алматы , Бастау,  2002–32 б.  

7.  Майлыбаева А. Мақта монополистері шаруаларды шаршатып тұр // Оңтүстік Қазақстан-№63-64-2005-14 мамыр-1 бет.