Х.С. Абдуллаева
А.Ясауи
атындағы ХҚТУ-нің
докторанты
Арнайы
курс – болашақ маман
болудың кепілі
Бүгінгі таңда оқу орындарының барлық сатысында білім
мазмұны, мемлекеттік білім беру стандарттарын қайта қарауда. Себебі өмірге нарықтық қатынастардың енуі,
болашақ мамандардың
тұлғалық, интелектуалдық және
кәсіби сапалық
жағынан әлемдік
бәсекеге сәйкес
мамандар даярлау қажеттігі туындауда. Сондықтан білім беру
шаралары мемлекет
саясатындағы басты
тармақтардың бірі болып отыр.
ҚР 2007жылғы 27
шілдедегі «білім заңы», ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты, жоғары білім
бакалавриат, магистратура, негізгі ережелер, ҚР МЖМС, 5.04. 019-2011,
ҚР білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 20 сәуіріндегі №152
бұйрығымен бекітілген
оқытудың құқықтық технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері
негізінде таңдау
пәндері түзілген. Таңдау
пәндері техниканың дамуына, ғылымдағы жетістіктерге байланысты, уақыт
талабына сай оқу үдерісіне
енгізіледі. Компьютерлік
технологияның
кеңінен қолданылуы көптеген есептерді сандық әдістермен шешу
мүмкіндіктерін арттыруда. Сондықтан ақырлы элементтер әдісін және тағы да басқа
сандық әдістерді арнайы курстарда оқу қажеттігі
туындайды. Зерттеулер
нәтижесінде магистратурада
оқитындарға қолданбалы есептерді шешуде сандық әдістерді қолдана білу дағдыларын
қалыптастыру үшін
серпімділік
теориясының аясында
«Осесимметриялық есептерді
сандық – аналитикалық
әдістермен шешу» атты
арнайы курстың бағдарламасы жасалып, оны магистратурада
оқыту мәселесі қарастырылды. Арнайы курсты
оқытуда ақпараттық – коммуникативтік технологиялар
пайдаланылды. Сондықтан осы
мәселелерге төменде
тоқталдық.
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ
мұғалімдердің даярлығын
жоғары оқу орнының
қабырғасында жетілдіру оқу үдерісін жобалау
арқылы іске асырылады.
Болашақ
мұғалімдердің
кәсіби – педагогикалық
даярлығын қамтамасыз
ететін барлық оқу
пәндері үшін оқу үдерісін жобалаудың бірегей
алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған
сәйкес оқу
пәндерінің жаңа мазмұнын, оқытудың
жаңа технологияларын жасауды
көздейді.
Жаңа
педагогикалық
технологиялар кез – келген пәнді оқыту барысында болашақ мұғалімдердің ой -
өрісін кеңейтіп, кәсіби даярлық деңгейін
көтеріп, шығармашылықпен жұмыс істеуге, жаңашыл
тәжірибелер мен әдістемелерді кеңінен пайдалануға және студенттерге білім
беруді жаңашылдық тұрғысынан жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Сондықтан
студенттердің даярлығын жетілдіруде инновациялық педагогикалық технологиялар ерекше орын алады. Осыған сәйкес зерттеу барысында
біз алдымен жоғары оқу
орнының оқу
үдерісіне сәйкес келетін ж аңа педагогикалық технологияларды тиімді таңдап алу және
жаңа арнайы курстар
ұйымдастыру мен пайдаланудың мынадай принциптерін
жүзеге асыру қажет деп ойлаймыз:
–
технологияның
білім беру мақсатына қол жеткізу үшін атқаратн
қызметін анықтау;
–
студенттерге тән тұлғалық
сапаларға, нақты пәнге, оның мақсаты мен мазмұнына сәйкестігін есепке алу;
–
технологиялардың
ерекшеліктерін, мазмұнын, пайдалану жолдары мен іске асыру шарттарын
жетік мегеру;
–
технологиялардың өзара байланысын игеру.
Жаңа
педагогикалық технологияны
іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай әдіснамалық ұстанымдарды міндетті түрде
орындауға баса көңіл аудару аса маңызды:
–
мұғалімнің
педагогикалық кәсіби
қабілетіне сену ұстанымдары;
–
оқытудың
кез-келген уақыты аралығында берілгеннен пәннен
студенттің сенімді
дайындығы болу ұстанымы;
–
оқу
үдерісінің модульдік жобалау ұстанымы;
–
жоғары
оқу орындарындағы кері тартпалық пен шек қойып
тежеушілікті жойып, бұрынғы дәстүрлі оқыту
көздерін дұрыс ара қатынаста үйлесімді пайдалану
ұстанымы;
–
ұйымдастыру
мен оқыту технологияларын
қолдану мен қалыптастырудағы педагогтік
мәліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сәйкестік ұстанымы;
–
жоғары
оқу орнының студенттерінің оқу үдерісіндегі
арақатынасының жарасымды даму бірлігі ұстанымы;
–
студенттердің
жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік
әдісін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру
ұстанымы;
–
жаңа педагогикалық технологияны жобалаудағы
мазмұндық, бірізділік, мотивациялық
жақтарының бірлігі ұстанымы;
–
әр
студенттің жалпы білім бойынша
дайындығының
базалық деңгейге міндетті түрде жету ұстанымы.
Сонымен, жаңа
педагогикалық үдерістің
барлық компоненттеріне,
жалпы құрылымы мен
педагогикалық
қауымдастықтың
қызметіне ғаламат жүйелік әсер ету
нәтижесіне ие. Кез-келген жаңалық элементтерінен бір айырмашылығы –
педагогикалық
жаңалықтар
тұлғалық және шығармашылық
сипатқа ие. Жаңа
педагогикалық
технологиялар: «студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін басқару үдерісі ретінде әрекет етеді. Оның негізін білім беру үдерісі
субъектілерінің сапалық
өзгерісіне алып келетін субъектаралық диалогтық
өзара әрекет ету
құрайды». Осылайша, жаңа
педагогикалық
технологиялардың
мәніне тоқтала келе,
оның болашақ
мұғалімдерді кәсіби даярлаудағы сипаты ерекше екендігі айқын.
Жоғары оқу орындарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануды
жүзеге асыру мынадай
нәтижелерге ие болады:
–
жаңа педагогикалық технологияларға деген
мотивациялық-құндылық қатынасын айқындау;
–
жаңа педагогикалық технологиялар туралы білімдерімен
қарулану деңгейін айқындау;
–
жаңа педагогикалық технологиялары туралы әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу жағдайын айқындау;
–
педагогикалық заңдылықтарды толықтыру –
дербес пәндерді оқыту
әдістемесі бойынша пәндердің мазмұнына толықтыру
енгізу, автоматтандырылған
оқыту бағдарламаларын жасау.
Аталған шарттар педагогикалық технологиялардың келешекте
жоғары оқу орынның болашақ мұғалімдерді даярлайтын мамандықтарында тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Әрине,
бқл жерде педагогикалық технологияның тиімділігі оқу-тәрбие үдерісінде есепке алынатын педагогикалық және
материалдық шарттарға да
байланысты.
Қазіргі кезде
өмірдің барлық
саласында
ақпараттандыру жүріп
жатыр деуге болады. Қоғамды
ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық
прогресс жетістіктерінің
күнделікті тұрмысқа
ауқымды енуінің нәтижесі,
яғни адам өміріне
іс-әрекеттік интелектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен
рөлінің
жоғарылауына байланысты объективті
прогресс.
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты
адамға ақпараттар
кеңістігінде дұрыс
бағытты таңдауға
мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа
ақпараттық технология көмегімен
орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында
тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Республикамыздағы білім
беру саласына және әр түрлі қолдану салаларына байланысты жаңа
ақпараттық технологиялар
бойынша мамандарға деген
сұраныстардың артуы мен оларды даярлаудағы кәсіптік,
әрі ақпараттық
білімділігі мен
қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды
жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ
педагогтардың кәсіби даярлығын білім стандартына,
мазмұнына сай жетілдіру
көкейтесті мәселе болып отыр.
Ғылым мен
техниканың даму қарқыны оқу-ағарту
саласының оқыту үдерісінде
жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат
алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция,
телекоммуникациялық жүйелер
арқылы іске асырылуда.
Дүние жүзінен келетін байланыс
нәрімен, түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен
танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет,
электрондық пошта
құралдарын пайдалануға болатыны белгілі.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу
әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашады.
Интернетті пайдалану арқылы
керекті мәліметтер алып, білімдерін жетілдіре түсетіні
сөзсіз.
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді
ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу
үрдісінде электронды оқулықтарды енгізу. Өйткені,
бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек
мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман
талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды
пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Кез-келген сабақта
электрондық оқулықты пайдалану студенттердің
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,
логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Дәстүрлі
оқулықты оның электрондық
нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл
нұсқаның жетістігі – оны компьютер жадында сақтау
мүмкіндігі, оны компьютерлік
желілер арқылы тарату болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру мәселесі
бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана
біздің еліміз дүние
жүзілік бәсекеге төтеп бере алатын,
өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке
айналады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте
қажет» деп, Ел басы айтқандай
білім беру жолында
ақпараттық
технологияны оқу
үрдісінде тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Бүгінгі күні әлемдік
ақпараттық білім
кеңістігінің дегейіне жоғарғы оқу орындарын көтерудің
тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы » заңында
білім беру жүйесіне
ақпараттандыру осы
саладағы мемлекеттік саясат
негізінде анықталып, осы
жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. Ел
басымыздың
Қазақстан
халқына жолдауында компьютерлік сауаттану
жөніндегі
ауқымды іскер азаматтарды
тарту қажеттілігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қыззметкерлерді
қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және
электрондық поштаны
қолдана білу дағдысы міндетті
талап болуға тиіс екендігі
атап көрсетілген.
Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған
қоғам қажеттігін
қанағаттандыру үшін білім
сапасын көтеру міндеті
қойылады.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен жұмыс істей білу емес, кез-келген
ақпарат көзін –
анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедиаларды, теледидар
бағдарламаларын, т.б дұрыс
пайдалана білу деген сөз.
Еліміздегі саяси,
әлеуметтік-экономикалық
өзгерістерге сай білім
беруді ақпараттандыру бағытында біздің
университетте
жүргізіліп
жатқан жұмыстар
ақпараттандырудың
Мемлекеттік
бағдарламасына
сәйкес жүзеге
асырылуда. Осы сала
төңірегінде «Қолданбалы есептерді шешуде сандық – аналитикалық әдістерді қолдану» тақырыбында арнайы курстың мақсаты бітіруші мамандардың
техникалық – қолданбалы
есептердің математикалық қойылымын тұжырымдай алатын,
есепті сандық немесе аналитикалық әдіспен шеше
алатындай дағды мен біліктілікті қалыптастыру.
Университетіміз мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған және материалдық-техникалық базасы
үнемі жаңа технологиялармен
толықтырылып, оқу әдістемелік жұмыстары, оқу бағдарламалары жаңаша сипатта өзгертіліп отырады.
ХХІ ғасыр ақпарат
ғасыры
болғандықтан
адамзат компьютермен жұмыс жасай білуі тиіс. Теориялық
біліммен қатар практикалық білімнің алғышарттары
меңгерілуі тиіс. Ал
теориялық білімді практикамен
ұштастыру үшін
компьютердің қажет екендігі даусыз.
Соңында, қорыта айтатын болсақ үшінші мыңжылдық адымын қалыптастыру –
дүниежүзілік, соның
ішінде қазақстандық білім
беру жүйесі алдындағы жауапты міндет.
Оытудың жаңа технологиясын, ең алдымен, білім
сапасын жақсартатын, жалпы бұқараға беруді қамтитын
жаңа бағыттарды дұрыс
анықтасақ және
оны жүзеге асыру
барысында көрегендік
танытсақ
отандық білім беру жүйесі өз алдына қойылған тарихи тапсырысты абыроймен орындаймыз
деуге болады.
Әдебиеттер
1.
Зюзгин А.В.
Информационно – коммуникационные
технологии в преподовании и
изучении естественно – научных
дисциплин. – Пермь: ПГУ, 2007, 289с
2.
Семенова
А.Г., Вакулюк В.М. Информационные
технологии в профессиональном
образовании. – Современные
проблемы науки и образования,
2006, №6, с.97-99.
3.
Чернилевский
Д.В. Дидактические технологии в высшей.
– М.: ЮНИТИ, 2002, 437с.
4.
Селевко Г.К.
Современные образовательные технологии. – М.: Народные образование, 1998, 130с.