А.
Насыпханқызы
ҚКМК №134«Гауһар» балабақшасының
тәрбиешісі, Қарағанды
Ата- ана мен балабақша ынтымақтастығы
Тәуелсіз
еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі
бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл
мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі
айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру
жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі
талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің
бүкіл әлемдік білім беру
кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын
жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы
бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім
берудің алғашқы
сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген
құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән
қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Балабақша — бүлдіршіндерді болашақта ата
дәстүрін
сақтайтын инабатты да,
ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге
үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша
тәрбиешілерінің
қасиетті борышы.
Ата-ана
балабақша
ынтымақтастығы, баланы
оқыту мен тәрбиелеудегі баршаның ісі. Отбасында балабақшада да мақсат – мүдесі
біреу–ол болашақ ұрпақ тәрбиесі .
Болашақ адамзат тәрбиеленетін алғашқы ұя-отбасы, ата-ана
құшағы.
Мұндай тәрбие жұмысын әдетте
мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни
балалбақшадан
бастаған дұрыс. Бала басты
байлығымыз. Ал
ең
асылымыз-оның
тәрбиесі
болашақта ел тізгінің ұстар
азаматтар -бүгінгі болашақ ұрпақтар. Сол
себепті олардың
білімді, бәсекеге қабілетті, жан
-жақты
әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор
болып табылатыны анық.
Бала тәрбиесі игілікті
іс. Берері де,
сұрауы да, жемісі де
мол тәрбие саласының ең
өзектісі.
Халықта « Ағаш
түзу өсу үшін оған көшет кезінде
көмектесуге болады, ал
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер
айтылмаған.
Сондықтан
баланың бойына жастайынан
ізгілік, мейрімділік, яғни
адамгершілік
құнды
қасиеттерді
сіңіріп,
өз-өзіне
сенімділікке
тәрбиелеуде отбасы мен
тәрбиешілердің
шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі -ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.
Бүгінгі қыз -ертеңгі
ана, ол шешеге қарап
өсіп бой түзейді . Балаға білім,
тәрбие беруді басты
тұлға ұстаз болса ,
оны жалғастырушы, демеуші-ата-ана және
қоғам.
Балабақша
өмірі, бала тұлғасын әлеуметтендіру
проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және балабақша мен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ынтымақ
бар жерде тәрбие де
бар . Ынтымақ бар
жерде береке, бірлік
те бар. Баланың
бойында адамгершілік қасиеттердің негізі
отбасында қалыптасады. Отбасындағы адамдар мен қарым –қатынаста бала
мәдениетті
үйренеді, жеке адамға тән
ар-ұят, ақыл
–ой адамгершілік қасиеттерде қалыптасады.
Осыған орай кез
келген бүлдіршін үшін
балабақша
тәрбиесі ата –анадан тәлім -тәрбиені одан әрі
жалғастырып, жандандырары
сөзсізБала әкеден
ақыл, анадан мейірім
алады.Сонымен қатар мектепке
дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен
бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі
басты мақсаты дені сау,
рухы таза, ана
тілін толық меңгерген ұрпақ
өсіру қазіргі кездегі
ең негізгі мәселе.
Сондықтан да біз рухы мықты адами дені сау
ұрпақ
өсіргіміз келсе, «бар
әлеммен»
ұраның
ұстап, балабақша, отбасы
қоршаған орта бірлесіп атсалысуымыз керек. Ата-анамен жұмыс
мазмұны әрқилы әдістермен қолданыс тәсілдермен шындалады.
Жас ұрпақты саналы, сергекетіп тәрбиелеу
отбасы мен
ұстаздардың бірден бір
парызы. Барлық
ата-ана ізгілікке, жақсылыққа, елін, туған
жерді, тілді сүюге
тарихын білуге , мәдениетін тануға,
дәстүрін
құрметтеуге,
қысқасы
барлық
адамзаттық тәрбиеге тірек
болатын ең құнды адамгершілік
қасиеттерді
ұрпақ бойына сіңіру.Тәрбие жұмысын дұрыс
жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың
орны орасан.
Ата-аналарды педагогикалық үдеріске
тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат,
міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске
асыруына ықпал етеміз. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру,
сонымен қатар кідіріс те болдырмау керектігін түсінеді. Ата-аналардың
педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын
жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет.
Олар отбасының тұрмыстық жағдайы, құрылысы
және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық
жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі.
Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру
мақсатында «Бәрін үйренгім келеді» оқу іс-әрекетін
өткіздім. «Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы топ газетін
шығарып балалардың қызықты сәттері мен өз
қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп
қойдым. «Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар
өз пікірлерін жазып, кеңестермен танысты. «Балам өсіп
келеді...» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын
өткізіп пікір сайыста талқыладық . Іс - әрекеттің
түрлі формалары Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі
ата-аналар өз балаларының оларға тән емес
ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай
араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған
деген қарым-қатынасын зерттей алды. Өз баласының дамуы
басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол
үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз
салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде
тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан,
неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет «іске қосылады».
Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып
жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті
мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады..
Мерекелер, күні
қарсаңында «Сүйікті ойыншықтарым», «Ғажайып
балалар әлемі» атты акциялар өткізіп ата-аналарымыз өз
қалаулары бойынша демеушілік жасап балаларға сыйлықтар
Ата-аналар
конференциясы. Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық
тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар алдын-ала
мәлімдеме дайындайды, немесе оларды бірлесіп те
дайындаймыз.Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала
денсаулығына қамқорлық» атты конференцияға
балабақша дәрігері
О.Жұмашевтың қатысуымен балабақша ішкілік конференция
өткіздік. Бұған барлық ата-аналар, тәрбиешілер,
балабақша қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ мұндай
конференцияларға балалар педагогтар
қатысуымен өткізіп, ата-аналармен пікірлер бөлісіп,
өз қызметтерінің бала тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы
тәжірибелерімен бөлістім.Мектеп жасына дейінгі балалардың
жеке даралығын дамытуға отбасы мен балабақша жасына дейінгі мекеменің
дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің
педагогикалық принципі негізінде жүзеге асыруда
байқауға болады.Тәрбиешілердің,
қоғамдық ұйымдардың және отбасының
ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық
жұмыс істеуін талап етеміз. Егер де тәрбиелеу күштері
қалыптаспаса және
бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық
жүктемелерге тап болады. Дамытушы ортаға • Демалыс аймағы; •
Интеллектуальдық - танымдық аймақ; • Өз бетінше
бейнелеу әрекетін жасау аймағы; • Ойын аймағы. 1.Балалардың
педагогикалық-психологиялық даму картасы Балалардың негізгі
құзыреттіліктерінің қалыптасуындағы жетістіктерін
бағалау индикаторлары Тәрбие мен білім берудегі дамытушы
ортаның деңгейін анықтаушы индикатор жасаймын
2.Отбасындағы баланың дамуын зерттеу (отбасына бару
сауалнама,тест,интерпритация - суреттері, т.б) жазып қоямын 3.Тренинг
жұмыстарын ұйымдастыру «Бала тәрбиесіндегі ата-ана
жауапкершілігі» 4.Топтық,жеке кеңес беру Кеңестер.
Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке
дара немесе ата-аналар топтарымен жүргізіледі.
Топтық
кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары
бар әр түрлі топтың ата-аналарын
шақырамыз.Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді
меңгеруі, проблемалық мәселелерді шешуге көмек
көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады.Кейбір
жас ата-аналарға семинар - практикумдардың маңызы зор.
Сонымен қатар дәстүрден тыс
әдісінде ата-
аналардың арасында ең
маңызды «Дөңгелек үстел», «Ашық есік есік
күні» , бұнда сұрақ- жауаптық
диалогтық
сөздіктермен
қатынас түрі шындалады. Пікірталас клубы.
Бұнда бала тәрбиесіне байланысты
өзекті
тақырыптарды
қамтиды.Әр
түрлі
көзқарастағы
пікірлерін талдайды, дәлеледейді . Ата-аналар
клубы: Бұнда балабақшадағы ,отбасындағы
, топта кездесетін
қайшылықты жағдаяттарды шешуге
арналады. «Отбасы алтын үям»,Ата-аналар « Менің отбасым» атты ашық оқу іс-әрекетке қатысты.
Бұл оқу іс-әрекетінде Дамирдың ата-анасы
қонаққа келді,
отбасы туралы шағын
әңгіме
өткізді. «Тәрбие
мәселесіне назар аударайық», Ата-аналар жиналысында
балалардың тәрбиесі
, туралы баяндама оқылды. «Отбасы -алтын ұям»
Балалар бала- бақшада отбасымен
әр түрлі іс-шараларға қатысады. Мысалы: Дене-тәрбиесінде мен
және менің отбасым
атты сайысқа спорттық жарыстар өткізілді,
және ата-аналар, ертеңгіліктерге балаларға өз балалары үшін
көп көмектерін тигізді., т.б. тақырыптарда
әңгіме,
кеңестер,
жүргізіліп, ата
-аналарға сауалнамалар, мерекелік
сайыстарға қатысып,
ертеңгілік
қойылымдарға
бірлесе жұмыс жасаймыз.
Ата-анамен балабақша
арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік,
ынтымақ жарасым тапқан
жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да
нәтижелі болмақ. Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр
талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты
сауатты жеке тұлға тәрбилеп шығару.
Қорыта айтқанда, осы алған тақырыбым ,заманға сай
болғандықтан
қазіргі
уакыттағы
балабақшадағы
педагогтар мен ата-аналар
арасындағы жұмыс ,
әрқилы және қызықтылығы мен
менің
көңілімдегі
назарды аударды. Әр ата-ана
өз баласын пайдалы
және пайдасыз көптеген заттарға
үйретеді .Бірақ
ақылды ата-ана
осыған қосымша біріккен үлесін өз
баласынан ала алады.
Оларды неге үйретіп, баулысаң жас шыбық тәрізді
соған қарай бой
ұсынып, иліпкетеді,
тез сіңіреді. Сондықтан да
балалардың бойында тек
жақсы
қасиеттерді
тәрбиелеп,
жақсы істерге баулуда,
әдепті де, иманды
етіп өсіруде «ата-анамен , педагогтың атқаратын орны ерекше. Бала тәрбиесіне тең
дәрежеде жауппен қарап, балабақша мен
ата –ананың
тәрбиелік
көзқарасы
бірдеңгейде
тәрбиелеу
әдіс-тәсілдерді бір арнаға құйып жатса
бәсекеге қабілетті шығармашыл, білімді тұлғаны дайындап
шығарар едік.