Қошкарбай Ж., Шилібек К.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖЕР ҚАЗҒЫШ МАШИНАЛАРЫ НЕГІЗГІ ӨЛШЕМДЕРІНІҢ ЖҰМЫС ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ БҰРЫШТЫҚ ӨЛШЕМДЕРІМЕН БАЙЛАНЫСЫ

 

         Жер қазғыш жұмыс құралдарының өлшемдерін таңдау олардың функционалды міндеттеріне, топырақ жағдайларына, машинаның қуаты мен кинематикалық ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. Сызықтық жұмыстарға арналған машиналардың жұмыс құралдарының уақыт бірлігі бойынша ғимараттардың ұзаққа созылуын қамтамасыз ететін өлшемдері болуы тиіс. Негізгі жер жұмыстарын орындауға арналған машиналардың жұмыс құралдарының энергосиымдылығы мен өзіндік құнын төмендете отырып жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Топырақтардың қазу кедергілеріне ықпал етуші негізгі факторлардың бірі болып бұрыштық өлшемдермен сипатталатын кеңістікте орналасқан жұмыс құралдарының орналасу жағдайы болып табылады.

         Ожаудың геометриялық сыйымдылығы - бірожаулы тиегіштер және экскаваторлардың негізгі параметрлерін таңдауға арналған басты параметрлері болып табылады.

         Ожауды жер қазғыш машиналардың жұмыс құралдарының геометриялық өлшемдері болып ожау сыйымдылығынан туындаған ұзындығы, ені және биіктігі, сондай – ақ тіс пен кесу жиегінің кесу бұрышы, адым және оның ені болып табылады.

         Негізгі геометриялық параметрлерді таңдау негіздеріне мыналар жатады:

а) алмастырушы ожаулары бар машина базасынан тыс орналасқан ожауды жұмыс құралдары үшін (бірожаулы экскаваторлар): ожау сыйымдылығы немесе өлшем тобы; машина салмағы; топырақ жағдайы;

ә) машина базасының ішінде орналасқан (среперлер) ожаулы жұмыс құралдары үшін: топырақ жағдайлары; базалық машиналардың тарту класы;

б) Енді ожаулы (біршөмішті тиегіштер) машина базасынан тыс орналасқан шөмішті жұмыс құралдары үшін: машинаның массасы; топырақ жағдайлары.

         Әрі қарай жұмыс құралдарының өлшемдерін таңдау олардың түрлері бойынша жеке жүйелі түрде қарастырылады.

         Кері қазғыш гидравликалық экскаваторлардың ожауларының конструкциялық пішіндері мен параметрлерінің әртүрлілігі ожаулардың негізгі түрлерін, өлшемдері мен параметрлерін реттеуші құжатты талап етіп отыр, ол стандарттаудың жалпыға мәлім артықшылықтарымен қатар стандартты шөміштердің ені жер жұмыстарын жүргізу технологиялары талаптарына сай келген кезде машиналарды пайдалану барысында жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жұмыс құралдарын стандарттау кейбір топырақ жағдайларына арналған шөміш параметрлері мен әртүрлі машиналардың негізгі параметрлері арасында тиміді байланыс орнатуға мүмкіндік береді, демек жетектің қуатын  пайдалану тиімді деп есептеледі. ОСТ-ті [1] пайдалану барысында қажетті номенклатурадағы кинематикалық ожауларды жобалауды қамтамасыз ететін ожаулардың негізгі өлшемдері мен параметрлерін белгілеу мақсаты қойылды. Ожаулардың негізгі өлшемдерін анықтау барысында оның параметрлерін таңдау тиімділігінің белгісі болып қазу үдерісінің энергосыйымдылығын төмендету және экскаватордың жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады [2]. Ожау пішінінің көлденең және тік өлшемдерін байланыстырушы жүйені қарастыруға арналған бастапқы формула болып ГОСТ 17257-79 бекіткен ожау сыйымдылығын анықтауға аналған формула болып табылады.

         Сапқа байланысты ожауды бұрып қазу барысында тістермен кесу бұрышы 48 – 52о (тіс өткірлігінің бұрышы 25о) шегінде болуы тиіс, ал кесу жиегінің кесу бұрышы 27 – 32о шегінде. Кесу жиегінің өткір бұріші және бүйір қабырғаларының  арасындағы бұрыш 16 – 20о шегінді болуы тиіс. Тістер арасындағы қашықтықтың олардың еніне қатынасы 2 – 3 аралығында болуы тиіс. Тістің ені беріктік шартына байланысты таңдалады.

         Қиғаш кесу принципінің тиімділігі және бұл принциптің жер қазғыш машиналарының ожау және қайырма – ожау (мысалы, бульдозердің және тегістегіштің түпсіз шөміші) конструкцияларының түрліше деңгейде қолданылу жұмыстарында зерттеледі [3-5].

Жаңа машиналардың жер қазатын жұмыс құралдарының бұрыштық параметрлерінің өзгеру диапазоны өте жіңішке, ал олардың үйлесімді және кеңейген шектерде ауытқиды. Жер қазғыш машиналардың жұмыс құралдарының бұрыштық параметрлерінің өзгеруінің білгілі бір диапазонын қамтамасыз ету ету үшін оларға тәуелді факторларды қорытындылаймыз.

         Қайта құрастырылған жер қазатын жұмыс құралдарының бұрыштық параметрлерінің өзгеру диапазонын қамтамасыз ету тиіс (мінсіз жағдайда), оның үстіне олардың өзгеруінің барлық диапазонында кез – келген мәне өзі бекітіледі. Әрине, бұл құрастыру және пайдалану экономикалық тұрғысымен келісілуі тиіс.

 

1 - кесте. Жер қазғыш машиналардың жұмыс құралдарының функционалды параметрлері.

 

Факторлар

Жұмыс құралы

Ожау

1

Міндеті

Топырақты қазу. Материалдарды тиеу.

2

Технологиясы

Тұрғызушы аймақтардың параметрлері

3

Өңделетін орта

Топырақтың және басқа материалдардың жер қазғыш машиналардың жұмыс құралдарымен өзара әрекеті барысында физикалық – механикалық қасиеттері.

4

Механикасы

Тіреуіш бет бойынша лақтырып тастауға, сүйреуге тұрақтылық, қозғалыс бағытын сақтау және басқалар.

 

2 - кесте. Жер қазатын жұмыс құралдарының бұрыштық параметрлерінің диапазоны.

 

Бұрыштық параметрлер

Жұмыс құралы

Ожау

Скрепердің

Экскаватордың

1.

Кесу бұрышы, град.

30-50

30-60

2.

Жобадағы бұрыш, град.

-

-

3.

Кесу жүзінің горизонтальды бұрышы, град.

 

45 дейін

 

45 дейін

 

 

Әдебиет:

1.            Жер жұмыстарына арналған машиналар. Д.П.Волков жалпы ред. М., 1992, 448 б.

2.            Дегтярев А.П., Рейш А.К. және Руденский С.И. Жер жұмыстарының кешенді механикасы. М.,1987, 335 б.

3.            Донской В.М. Шағын көлемді жер жұмыстарының механизациясы. Л.,1976, 160б.

4.            Мелиоративтік жұмыстардың механизациясы бойынша анықтама (в зоне орошаемого земледелия).  М., 1974,  375 б.

5.            Баладинский В.Л. и Лысенко Б.Н. Ауыл құрылысына арналған машиналар мен механизмдер. Киев, 1978,  152 б.