Тоқтыбаева Г.С.

ҚарМУ дің бейнелеу өнері және дизайн

кафедрасының аға оқытушысы

 

Кескіндерді түрлендіру арқылы оқушылардың іс - әрекеттерін дамыту және онда мультимедиалық көрсетілімдерді пайдалану

 

Заманауи  жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана,біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып,сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады. Жаңа мультимедиалық көрсетіліммен оқыту технологиясы оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең  бастысы  оқушының білім  жетістіктерін жақсартуға  ықпал етеді.

Сызу пәні бойынша оқушылардың кескіндерді түрлендіру іс-әрекетін қалыптастыруда білімдерін деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындау арқылы орындатуға болады. Оқушының сызба жұмыстарын орындауда дайындық деңгейін саралау, оқушының жеке танымдық шығармашылық  мүмкіндігін ескерудің  басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Графикалық тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып,әртүрлі деңгейдегі тапсырмалардың күрделілігіне қарай графикалық тексеру, сызу техникасын дұрыс орындауын тексеру, сызбаларды түрлендіруге карточка-тапсырма беру, сызба жұмысының дұрыстығын талдау тапсырмалары, әртүрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Сызбаларды түрлендіру тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік және логикалық ойлауларын графикалық тапсырмаларды орындауда түсіне, оқып және ойлау арқылы бейімделуіне мүмкіндік береді.

Мектепте сызбаларды оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайынан, өмір талабынан туындап отыр.

 Сызба сабағында кескіндерді түрлендіріп сызбаларын орындауда оқушылардың білімін, дағдысын қалыптастыруда деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Сызба сабағында кескіндерді түрлендіруге арналған тапсырмалар бірінші, екінші, үшінші деңгейде беріледі. Бірінші деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарт деңгей, мұны барлық оқушылар орындауға міндетті. Екінші деңгей күрделенеді, бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылардың барлығы құқылы, ал үшінші деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды.

Осы деңгейлермен оқушылардың білімін кескіндерді түрлендіріп оқытуда мультимедиалық көрсетілімді қолдану мақсаты – оқушылардың графикалық ойлауын дамыту, сызу техникасын қалыптастыру, сызба тілін түсінуге, кеңістіктік елестету арқылы кескіндей білу, ажырата білуге үйрету. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады. Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Олар заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, сызу пәніне қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек ету керек.

Сызу пәні сабағының басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта сызу пәні мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мұғалімдер мультимедиялық көрсетіліммен сабақтарды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отыру керек. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдалану керек.

Сызу сабағында мультимедиялық көрсетілімді қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді. Сызу пәнін мультимедиялық көрсетілімдерді қолдану  технологиясы оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын  арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды.

Техника тілін түсіну - қазіргі заман талабы. Заман талабына сай білімнің сапасын арттыру үшін, алға қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Қазіргі нарықтық экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз, тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Осы тұрғыда біліктілікті заман ағымының жаңа технологияларын белсенді түрде жете меңгерсек, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім алуына айқара жол ашамыз.

Кескіндерді түрлендіріп оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту графикалық көзкарасын қалыптастыру, бүгінгі жоғары және орта мектепте сызуды оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Осы ұстаным ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет ртеінде жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез-келген пәнді мультимедиялық технологияны пайдалана отырып оқыту - тиімді ұғындырудың бірі. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Мультимедиялық оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму ал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда мультимедиялық  құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Мультимедиялық құралдарды қолдану негізінде мектепте сызба-графикалық бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Көрнекі түрде кескіндерді түрлендіре оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Алдыңғы айтқандай сызбаларды түрлендіруде мультимедиялық оқытуда слайд-презентацияны көрнекі түрде  көрсету арқылы білім сапасын арттырамыз, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал жасаймыз. Слайд презентация оларды қалай пайдалану керектігі туралы бірқатар педагогикалық-психологиялық зерттеулерге сүйенуге болады.