Арман Ысқақұлы Жұмаш - Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ
Ұлттық өнер акдемиясының «Сахна тілі»
кафедрасының аға оқытушысы, өнертану кандидаты
Дикция: көкейкесті
мәселері мен оны жетілдіру әдістері
Ұлттық әдеби
тiлiмiздiң мәдениетi сан ғасырлар қалыптасып,
қазiргi уақытта кең байтақ Отанымыздың қай
тұпкiрiне барсақта, жалпыға бiрдей қазақ тiлiнде
сөйлесiп тұсiнiсетiнiмiз ақиқат. Ұлтымыздың
әдеби тiлi бiздерге Бабалардан қалған мол асыл мҰра
екенi даусыз.
Ұлан байтақ
жерiмiзде ұлттық әдеби тiлiмiздiң қалыптасуына,
сонау көнеден аты аңызға айналған: Майқы би,
Қорқыт, Фарабилық Әбу Насыр сынды
халқымыздың мақтаныштары, бертiнде Асан қайғы
бастаған жыраулар, олардан кейiн: ұлы Абай бастаған көш
ұлкен ұлестерiн аямай қосты. Халық арасында осынау
ұлы тұлғалардың мол мұрасын, өз
шығармаларымен қатар уағыздаған: Бiржан сал мен
Ақан серiдей ақиық ақындар тiлiмiздiң сан
тарапқа, әр тiлдiң жетегiнде шашырамай, жинақы, тарихы
мен мұрасы мол тiл болып қалыптасуына, бiздерге мұрты
бұзылмай жетуiне, бағаланбас зор еңбек сiңiрдi. Осындай
ұлылардан қалған мол мұраны ендiгi жерде
халыққа жеткiзетiн және оның жанашыры, жан
айқайшысы болатын-актер.
Қазақ даласына
кәсiби актер тек жиырмасыншы ғасырда ғана аяқ аттады
десек те, сол қысқа мерзiм iшiнде ұлттық сахнамызда
естен кетпес жұлдыздар жарқырап үлгердi. Олардың iшiнде
сөз өнерiне жаңаша алау жаққан, сөз
зергерлерi: Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов, Әнуар
Байжанбаев, Нұрмұхан Жантөрин, Райымбек Сейтметов,
Әнуар Молдабеков, Әнуар Боранбаев, Зәмзәгұл
Шәрiпова сынды сөз ұсталарының мол мұрасын ендiгi
жерде жұйелеп, соның негiзiнде мектеп қалыптастыру, сахна
тiлi мамандары - Қазақстанға еңбегi сiңген
өнер қайраткерi, профессор Р.М.Қаныбаева, профессор
Д.Тұранқұлова, профессор М.Омарбаевалар мен олардың
iзiн басушы жас жеткiншектердiң мiндетi.
Әрине жоғарыда аты
аталған сөз майталмандарының биiгiне самғау кiм болса
соның қолынан келе бермесi анық. Кейде: «Құдай дарын
берсе ғана, ондай арман орындалады» - деушiлер де бар. Бiрақ дарындылық пен
қоса терең бiлiм мен қайтпас еңбекқорлықтың
нәтижесiнде ғана актер - әрi актер, әрi сөз зергерi бола алады.
Қазақ театр өнерiнiң тарихындағы
қайталанбас тұлға, ұлы Мұхтар Әуезов былай
деген екен: «Егер сахнадан айтылған сөздiң барлығы дерлiк көрерменге жетсе, онда спектакль өз
мақсатын 75 %-ға орындады деп есептеуге болады». Мiнеки мұндай биiк баға, сөз қадiрiн қандай биiкке көтередi десеңiзшi. Олай болса, ендi сол сөз зергерлерiн сомдайтын, актер мектебiнiң ұлкен бiр тармағын құрайтын, «Сахна тiлi» пәнiнiң «Мұқам»
тарауына байланысты бiрнеше проблемаларға
тоқталайық. Бұл тарауды меңгерген келешек актер,
өзiнiң кұнделiктi ауыз-екi сөзiн шыңдап, сахнада
көркем дұние тудырушыға айналауы сөзсiз.
Латын
тiлiнде сөз
сөйлеу деген ұғымды бiлдiретiн - Dictio
сөзiнiң негiзiнде,
баршамызға етене таныс Дикция
терминi
қалыптасқан. Сол ұрдiстi бұзып, жаңа термин ұсынып отырмыз. Алдарыңыздағы
еңбекте жалпы сахна тiлiнде қолданылатын «Дикция» терминiн
«Мұқам» деп атауды ұсынамыз.
Ал ендi театр өнерiнiң «пайғамбарлары»
атанған К.С.Станиславский мен Вл.И.Немирович-Данченколардың актердың
сөйлеу техникасы /мұқамы/ жайлы айтқан сөздерiне назар аударалық.
«Нашар мұқам бiр тұсiнбеушiлiктен, бiр тұсiнбеушiлiктi туғызады. Олар жинақталып, мағынаны
тұмандандырып көлегейлегенi былай тұрсын, тiптi пьесаның бар
мазмұн-сипатына тосқауыл болады» - деп есептеген К.С. Станиславский
[1]. «Сiздерге кеңесiм қазiр, бастапқы екi курста,
тұбегейлi дауыс пен мұқамның қарапайым
талаптарынан құтылу. Ал сезiм мен ойдың қайталанбас
нақышын әдемi, дәл әрi көркем етiп ашуға
көмектесетiн сөз зергерлiгiне келсек, оны сiздерге өмiр бойы өз
бойларыңызда жетiлдiруге тура келедi» -
К.С.Станиславский [1]. «Дауыссыздарды
дәл ұштап көркемдейтiн тiлдiң, барлық /дауыс аппаратына қатысты/
(жақшаның iшiндегi сөздердi ұсынған А.Ы.Ж) мұшелердiң және
ерiн аппаратының
артикуляциясымен айналысып дамыту қажет» [1].
«Жақсы
дауыстар сирек кездеседi. Ал кездессе де кұшi мен мөлшерi жеткiлiксiз болып
шығады. Табиғатынан керемет дауысты тек әнге ғана емес,
сонымен қатар сөз сөйлеу өнерiне де /тәрбиелеп/ дамыту
қажет»… «Сөз сөйлеу өнерiнiң ең басты сапасы –
«өмiршең
дұрыс ұн» мен «асыл мұқам» [1].
«Мұқамның
кемшiлiктерi тiлде емес, санада
тұзеледi». «Сөз актер ұшiн жай дыбыс емес,
бейнелердi қоздырушы /құрал/».
«Сахнадан сөйлеу-ән айтудан да
кұрделi, шеберлiлiкке жеткiзетiн кұрделi дайындық пен
тәсiлдi қажет етедi».
«Қарапайым, сұлу сөйлей бiлу-өз
заңдылығы бар ғылым».
«Сөзбен әсер ету, сахнадан
сөйлеудiң барлық бабын-оның ұндiлiгiн,
артикуляциясын, тiлдiк маңызы мен мазмұн мағынасын
анықтайды» [1].
«Бәрiде-жiгерлi әсерленушiлiкте, мәнерлiлiкте,
бәрi дерлiк бөлiнбестен тек сөзге ұласқанда
ғана өзiнiң тұбегейлi қалыпын қабылдайды»
Вл.И.Немирович-Данченко [2].
«Актерға ең қажеттiсi/ өте
нәзiк қиялды және ең маңыздысы
жұйкенiң қозған шағындағы жiгердiң
елiтiп әкеткiш кұшiн жеткiзуге қабiлеттi дауыс пен
мұқам» Вл.И.Немирович-Данченко [3].
К.С.Станиславскийдiң «жұйесiнде» ұлкен
орын алатын «Сахна тiлi» пәнiнiң iрi тармағы
«Мұқам» – келешек актерларға дыбысты айту мен сөз
сөйлеудiң анықтылығына аса назар аудартады.
«Егер кұнделiктi өмiрде мұқам сөзiнiң
астарында таза анық сөз ғана жатса, сахна тiлiнде
мұқам-көркемдiк құбылыс»... «өте
нәзiк қиялды және ең маңыздысы
жұйкенiң қозған шағындағы жiгердiң
елiтiп әкеткiш кұшiн жеткiзуге қабiлеттi дауыс пен
мұқам» театр актерына өте қажеттi өнер деп есеп-теген
Вл.И.Немирович-Данченко. Мұндай биiк баға
мұқамның iшкi мазмұнының мағынасын
кеңейтiп, оны сахна тiлiнiң көркемдi-эстетикалық
жағымен байланыстырады» [4].
Мұқамға тоқталмас бұрын, сахна тiлi пәнiнiң
мақсаты мен бағдары жайлы бiзге дейiнгi осы ғылымды зерттеген
ғалымдардың сөзiне жұгiнейiк...» Сахна
тiлi өз бойында ұш тұрлi бағытта ақпарат
қалыптастырады:
а)
қисынды,
ә)
сезiмдi-айқынды,
б)
әсемдi.
Бұл ақпараттардың басым
көпшiлiгi мұқамның техникалық шеберлiгi мен
айқындылығы арқылы iске асады. Ал өз тарапынан
мұқам:
а)
айқындылықтың,
ә)
қалыптылықтың,
б)
тiлдiң әсерлi ұн нақыштылығының синтезi.
Тiлдiң дыбысталуы, дауыс
ырғағының мазмұны мен психологиялық
толықтылығы мұқам айқындылығына
едәуiр ықпал етедi. Жоғарыда тiзiлген элементтер
мҰқамды айқындайтын, әрi сахна тiлiнiң
көркемдi-эстетикалық сапасына әсер ететiн комплекстi
әдiстердi құрайды» [4].
Адамның аса кұрделi әрi өте
нәзiк дауыс аппараты iстен шықса, қайта орны толмас
табиғаттың ұлы сыйы. Оның ұзақ әрi
сапалы қызмет етуi-дауысты саналы пайдалануға байланысты.
Табиғат ана адам дауысының кұшi мен биiктiгiн бiр-бiрiне
тең сәйкес мөлшерлеп берген. Осы тепе-теңдiктi
бұзатын кезкелген ауытқулар, дауыс аппаратының
бұлшық еттерiн керi қызмет етуге және дауыстың
тұрлi ауруларға шалдығуына соқтырады. Сондықтан
келешек актер әркез өзiнiң сөйлеу аппаратын
кұтiп, мәпелеуi қажет.
Кұнделiктi жұйелi жаттығу дауыс
аппаратын: кұшейтуге, шынықтыруға, олқылықтан
сақтауға, шығармашылық процеске дайындауға,
айтылған сөз айқындылығына әсер етуге, келешек
актер тiлiнiң кәсiптiк сапалығының деңгейiн
ұзақ мерзiмге созуға көмектеседi. Сөз
ұндiлiгiнiң кәсiптiк шеберлiгiн меңгеру, келешек актердан
мұқаммен техникалық дайындыққа шындап кiрiсудi
талап етедi. Келешек драма актеры өз дауыс аппараты (ерiн, тiл,
жақ, жұмсақ таңдай) бұлшық еттерiнiң икемдi әрi
жылдам дамуына ықпал ететiн, сол арқылы мұқамның
айқындылығы ұшталатын жаттығуларды ұздiксiз
кұнделiктi жасауы тиiс.
Келешек актер болар
студенттiң қандай тiл кемшiлiктерi, мұқамның таза
әрi анық шығуына кедергi етедi? Бұл жөнiнде сахна
тiлi пәнiн зерттеген ғалымдардың сөзiне назар
аударайық. «Мұқамның
ең бiрiншi жауы-енжар тұсiнiксiз артикуляция. Егер жақ
ашылмай, айтылған сөз тiс арасынан тез шықса-сахнада
орындалған шығарманың мағынасы тұсiнiксiз болады.
Мұндай кемшiлiктен өз бойын аулақ ұстағысы келген
актер, жағын аша бiлуге өзiн
дағдыландыруы қажет. Бiрақ ескертетiн жайт, жақ ашылғанда екi езуiне қарай емес, тiк ашылуы қажет (әрине
табиғи шектен аспай),
бұлай ашылған ауыздан дыбыс жинақы шашырамай шығады. Ал
екi езуi арқылы ашылған ауыздан шыққан
сөз-жұгенсiз тұрпайы болып естiледi. Егер сөйлеп
тұрған актердың ұстiңгi ерiндерi
қозғалмаса, онда да айтылған сөз тұсiнiксiз болады.
Актерға бар болғаны ернiн, ұстiңгi тiстерiнiң
ұштары көрiнердей етiп көтерiп сөйлесе болғаны,
барлық айтқан сөзi анағұрлым тұсiнiктi
болар едi. Бiрақ өкiнiшке орай кұнделiктi дауыс аппаратына
жаттығу жасамай жұрген актер, өз сөзiн көрерменге
анық жеткiземiн деп, дауыс
шымылдығына салмақ тұсiрiп, дауысын зорықтыруы
мұмкiн. Дәл осылай астыңғы ерiн де қимылдамайтын,
салғырт болса дауыссыз (с,з,ц,ш,ж,щ,ч,в,ф) дыбыстардың анық, таза шығуына
кедергi болады. Тәжiрибеде өте жылдам сөйлейтiн
актердың сөздерi бiр-бiрiнiң ұстiне мiңгесiп кететiн, не болмаса
арасындағы буындарды «жұтып» қоятын, ал көбiнесе
соңғы дауысты дыбыстарды «жейтiн» кемшiлiктерi жасырын емес» [5].
Мұқаммен жұмыс барысында бiздер
әр дыбыстың өзiне тән ерекшелiгiн айқындайтын
артикуляциясымен танысамыз. Сонымен
қатар шектен тыс артикуляция да солғын артикуляциядай зиян екенiн есте сақтау
керек. Ал бұл орайда: дыбысты, буынды,
сөздi
айту кезiндегi
анықтылық дәрежесi,
мұқамды бағалаудың басты айқындаушысы және
сапасының негiзгi көрсеткiшiне айналады. Себебi драматургтың пьесасы мен
режиссер қойған спектаклдiң айтар ойы актердың
таза мұқамынан туған тұсiнiктi және анық шыққан сөзi арқылы
ғана көрерменге жете алады. Мiнеки - бұл қағиданы
келешек актер өз жадында мәңгi сақтауы тиiс.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Станиславский К.С. Собрание сочинений в 9 томах. М., Искусство, 1996
2.
Немирович-Данченко Вл.И. Рецензии. Очерки. Статьи. Интервью. Заметки (1877-1942). М., 1955
3.
Немирович-Данченко Вл.И. О творчестве актера.
М., 1984
4.
Васильев Ю.А. О дикции. Ленинград, 1985
5.
Козлянинова И.П.Произношение и дикция. М., 1977
РЕЗЮМЕ
В статье поднимаются проблемы дикции в актерской речи.
Рассматривается вопросы значимости культуры речи и дикции. Особое место
отводится анализу методов и приемов работы над дикцией, ее совершенствования
как основного средства сценической выразительности актера.