Шарипова Г.К., Хасенова Р.С., Мукушева Н.А.
КММ №74 ЖББОМ, Қазақстан
Бастауыш сыныпта
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Ұлт болып бірігіп, ел болып
еңсемізді көтерген кезде
ісіміздің бірі де, бірегей де ұрпақ тәрбиесі.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы
қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын бұрып,
ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық
тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі
қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмысының
сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек
дегенге, ең бастысы сабақ формаларымен оның
құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс
тәсілдерін жетілдіру.
Өмірге еніп жатқан
жаңалықтар келешек ұрпақтың еркін дамуын,
жан-жақты білім алуын, белсенді, шығармашыл болуын талап етеді.
Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрін, әдісін
таңдау білу қажеттілігі туады. Бастауыш сыныптардан бастап
өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға
қойылған. Баланы әсемдік дүниесіне енгізу, оның
бойындағы қабілетін ашу, одан әрі дамыту, оқыту
қажеттігін туып отыр. Мұғалім бағдарлама
көлемінде білім беріп қана қоймай пәндер арқылы
баланың дамуын қамтамасыз ету керек. Дамыта, тереңдете
оқыту оқулық мазмұны мен оны оқыту
әдістерімен жүзеге асады. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін
негізгі жұмыстың бір түрі – оқушылардың тілін
дамыту жұмыстарын тереңдете жүргізу[1].
Төменгі
сынып оқушыларының келешекте алатын білім мен
тәрбиесінің деңгейіндегі көбінесе олардың осы
бастауыш сыныптарындағы тілі мен ойының дамуы дәрежесіне
байланысты болып отырады. Оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын
тереңдете жүргізу сауат ашудың бірінші сабағынан
басталып оқудың кезеңдерінде үзбей жүйелі
жүргізілуі әдістеріне тоқталатын болсақ, оның
ішінде қазақ тілін толық, жүйелі сөйлеуге
қиналып жүрген балалардың ойын дамытудың негізгі
қайнар бұлағы – баланың өзін қоршаған
ортасы, өзінің басынан өтіп жатқан түрлі
оқиғалар өз тәжірибелері. Баланың тілінің
дамуына да байқағыштықтың орны ерекше, өз
ойларын, білімдерін белгілі бір жүйемен мазмұндауға пікірлерін
негіздей білуге дағдыландырудың маңызы зор, сонымен
қатар ой қорытындысын шығара білуге дағдыландыру.
Халық педагогикасы –
ұлттық тәжірибелері мен тағылымдардан туған бай
қазына. Олай болса, тіл дамыту жұмыстарын тереңдете
жүргізудің басты әдісіне айналған ертегілер, жырлар, аңыздар,
жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, дәстүрлі
рәсімдер, әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар,
халықтық құнды мұралар,
тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі
болып есептеледі. Тіл дамыту жұмыстарын тереңдете жүргізу
көбінесе ана тілі сабағында диафильмді не суретті пайдалана отырып
ертегінің мазмұнын таза, түсінікті тілмен айтып беруді талап
ету. Ертегі баланы қызықтырады, сөзді мұқият
тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын дамытып,
адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан дүниесін,
мінез-құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын
өрнектейді [2].
Көбіне
жаңылтпаш баланың ойын, қиялын шарықтатып, пайымдау
қабілетін дамытып оны тапқырлыққа баулиды. Әр
сабақта «Кім көп біледі?» деген жұмбақ жарыстары
ұйымдастырылады. Әрбір сабақта қазақтың тұрмыс-салтымен,
мәдениетімен, тарихымен, ұлы адам өмірімен тығыз
байланыстырып, қанатты сөздерді пайдаланып, балалар алдында белгілі
бір проблема қойып оны көптеп шешуге баули отырып
дүниетанымын арттыру қажет.
Бала тілін дамытудың негізгі
мақсаты – баланы өзі үшін сөйлеуге үйрету.
Сөйлеудің адам үшін қасиеттілігін ұғындыру,
ана тілінің қадір-қасиетін түсініп сүюге
тәрбиелейді. Халқымыз бала тілінің өткір де
тапқыр болуына аса көңіл бөлген, суырып салушылық
қабілетін дамыту элементтерін баланың жас күнінен үйретіп
дағдыға айналдырған.
Тіл дамыту жұмыстарын
тереңдетіп жүргізудің екінші бір ұшы ол баланың
бойындағы жағымды қасиетін дамыта отырып, олардың
танымдық қабілетін дамытып жалғастыру. Баланың тілі
дамуы деген оның сөздік қорының молаюы. Сөздік
жұмыстарына ерекше мән беріп шығармашылыққа
баулуды үнемі сабақта жүргізіп отыру керек.
Шығармашылыққа баулуда мынандай қағидаларға
сүйену қажет.
·
Баланың сөздерді саналы түрде
қолдануына көмектесу қажет.
·
Баланың сөздік қорын дұрыстап
толықтырып отыру.
·
Өздігінен ойын, танымын арттырып кітаппен
жұмыс жасай білуге дағдыланыру.
·
Өз ойын, яғни кітаптан оқығанына
белгілі бір қорытынды жасай білуге баулу[3].
Тіл дамыту жұмыстарын
тереңдете жүргізу әдістері ең алдымен орыс тілінде
сөйлеп келген балалардың қабілетін дамыту, тілге деген
қызығушылығын ояту, яғни сұрақтарға жауап
беру, оқығанын мәтінге жуықтап айтып беру, сурет
бойынша ауызша баяндау жұмыстарымен шектеліп қана қоймай,
сөйлеудің дыбыстау мәдениетін жетілдіру. Ауызша
сөйлеудің ерекшеліктерімен таныстыру: интонация (дауыс
ырғағы), сөйлеу қарқыны. Баланың
сөздік қорын молайту. Мәтінге ат қою, мәтіндегі
мағынасы түсініксіз сөздерді табу, мәтіннен басты
мәселені біліп алу, басты кейіпкерді табу, міне, осының бәрі
тіл дамыту жұмыстары болып есептеледі.
Баланың тілін дамыту үшін
ең алдымен сөздік қорын байытуды көздеу керек.
Сөздік қорды байыту үшін айналадағы өмірді
бақылатып, табиғат құбылыстарын байқатып, сол
көрген, білгендерін айтқызып отыру қажет. Сөздік
қорын молайтудың бір жолы диалог түрінде сөйлестіру.
Бұл әдістің балаға тиімділігі: өз
ойын,көрген-түйгенін жүйелі түрде сөйлем
құрып айтуға үйренеді. Сонымен қатар,
шығармашылыққа баулып, тілін дамытудың бір түрі
ол жазбаша тіл дамыту жұмыстары: диктант, мазмұндама, шығарма
жазу. Оқушылар естіген немесе оқыған әңгімелерін
үлгісіне еліктеп, сөздерді ойдан шығарып жазуға
талпынады. Жазылатын шығарма балаларға өте таныс,
түсінікті болуы шарт. Балалардың бәрі шығарма
жазуға қабілетті емес, бірақ та көргенін өзіне
түсінікті түрде өмір тіршілігіне сай шағын болса да
тілдеріне тиек етіп, жазып шыға алады.
Бұл жұмыстарды
жүргізгенде,
халқымыздың тіл байлығын ұрпағымның
бойына сіңіруді мақсат ету әр ұстаздың міндеті.
Егемендігін алған елімізде жаңа
ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі
қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани
жаңарудың іргетасы қалануда.
Оқушылардың ақыл - ойын,
шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің
сапасын көтереді. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын
оқушылардың танымдық, шығармашылық
қабілетін дамыта оқыту
олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып,
өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта
түседі.
Шығармашылық дарындылықтың
белгілері әртүрлі болатындығы қиындық
туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз
байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық
талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында
баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О.
Бальзактың “Ұдайы еңбек ету - өнердің де,
өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың
шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда
мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек
етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы
шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы
ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы
оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына
әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып,
жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық
түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.
Әрине, атқарылған істер аз емес.
Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер
жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру,
оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп
оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру.
Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой
өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты
ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз
жөн.
Әдебиеттер:
1. Қ.Бозжанова. Бастауыш мектеп
оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру. – Алматы,
2005ж.
2.Бастауыш мектеп 2015ж.
3.С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту
методикасы А., 2013ж.