Мелдебекова Ұ.С., Жанболатова Г. Ж., Жәдігерова А. , Сағындық Т.А.

 

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫН  КЕҢЕС БЕРУ САЛАСЫНДА ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

 

Қазіргі таңда Сенім телефонының қызметі ең тиімді, кеңес беру саласында өте қажетті қызмет түрі болып табылады. Сенім телефоны балалардың құқықтарын қорғау органдарында орналастырылады, жеке және заңды тұлғалардың Сенім телефонға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы фактілері бойынша  хабарласуға мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар кешені болып табылады.

 Сенім телефоны қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Неке және отбасы туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеуді қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздықтың және панасыз қалудың алдын алу туралы» Заңдары, Халықаралық Еңбек Ұйымының «Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы», «Жұмысқа қабылдау бойынша ең төменгі жас туралы» Конвениялары және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, сонымен қатар осы ұсынымдар құрайды.

  Сенім телефоны жұмысының мақсаттары:

  а) қоғамды  балалардың жағдайы туралы ақпараттандыру;

  б) балалар мен ересектерге психологиялық, педагогикалық және құқықтық көмек көрсету және олардың проблемаларын шешу мақсатында құрылған.

         в)  телефон соғып көмек сұраған тұлғаларға дер кезінде кеңес беру, қолдау көрсету.

           Жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау телефон байланысы арқылы (автожауап қайтарғыш аппаратының қызметін пайдалану арқылы) төмендегі мәтін бойынша жүзеге асырылады, мысалы:

  “Саламатсыз ба! Сіз сенім телефонға хабарласып отырсыз. Кешіріңіз, қазір біз сіздерге жауап бере алмаймыз. Өз аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды, байланыс телефоныңызды айтып,  сұрағыңызды  келесі белгіден кейін қалдыруыңызға болады. Сіздің өтінішіңіз  сырт қалмайды. Рахмет!”.

          Сенім телефоны жұмысының қорытындысы жинақталып, талдау жүргізіледі. Талдау қорытындылары ай сайын орган басшылығына ұсынылады. 

Қазіргі нарықтық экономиканың өзгеру үдерісінде ел ішінде психологиялық күйзеліске түсу жайттары күнбе-күн өсуде. Яғни дүние жүзілік экономикалық дағдарыс адам бойында әр түрлі психологиялық қарама-қайшылықтарды туғызуда. Демек осындай жағдайларда адамдарға психологиялық көмек көрсету қажет. Қандай да болмасын күйзеліске түскен адам психологиялық көмекті қажет етеді. Ол психологиялық көмекті көрсету барысында маман психолог кеңес беру психологиясының негізгі техникалары мен кезеңдерін ұйымдастыра алуы керек.

  Сол себептерге байланысты қарастырылып отырған тақырыптың маңыздылығы зор. Осыған байланысты кеңес беру психологиясы- психологияның көмегімен адамның қалыптасуы және олардың жеке дамуы, өмірге деген көзқарасы тұрғысынан дамытуға көмектеседі. Психологиядағы ең негізгі бағыт процестегі шарттардың мүмкіндікке ұласуы. Кеңес беру психологиясы жаңадан пайда болған кәсіби психологияның дамуы яғни өзіндік сфераның дамуы және сонымен қатар форманың дәстүрлі жұмысының біздің елде бөлінуі, мұны психологиялық білімге жатқызуға болады. Ол нағыз кәсіби дайындықты қажет етеді. Психологиялық кеңес берудегі білім нағыз психолог болатын адамдарға ғана емес, сонымен қатар, жұмыскерлермен кәсіби нағыз психологияның аумағына қажет. Қазір мамандарды жоғары білімге даярлау бағдарламалары кеңес беру психологиясынсыз өтпейді, алдағы уақытта психологтардың практикамен айналысуы әсіресе, алғашқы кезде Россияда кең құлаш жайды. Олар мамандарды психологиялық кеңес беруші ретінде жоғары білімге дайындайды.

 Клиенттің проблемалары ауыр немесе қиын болатын болса, жоғарыда айтылғандай бір немесе екі сеанспен нәтиже шығаруы мүмкін емес. Клиенттің бір емес, бірнеше проблемаларының болуы мүмкін. Сол кезде психолог әр проблемаға жеке-жеке (проблемаға сай) кеңесті қолданады. Клиент тұрғысынан аталған проблемалардан бірден нәтиже шығаруы мүмкін емес. Оған кеңес беруші жағынан да көмек болуы керек. Егер кеңес беруші клиентке деген яғни, оның проблемаларынан арылуға деген сенімділігі жеткіліксіз болса, онда ол клиенттен болмақ. Себебі, ол өз эмоциясын және мінез-құлқын басқара алмайды деген сөз. Көбінесе, психолог-консультантқа адамдар физиологиялық-психологиялық денсаулығы жағынан да келуі мүмкін. Психологиялық кеңес беру практик-психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі негізгі бағыт: адамға танымдық деңгейі жоғары, өзіндік таңдалған өмірлік стратегиясын жүзеге асыра алатын, өз өміріне жауапты тұлға ретінде қалыптастыру. Психологиялық кеңес беру психотерапиядан шартты түрде бөлініп шыққан ғылым саласы. Себебі, кеңес беру кезінде психотерапиялық әдіс тәсілдер жиі қолданылады. әйтсе де, кеңес беру психологиясы психотерапия саласынан жоғарылау болып есептелінеді.

  Кеңес беру психологиясы практикалық психологияның түрі ретінде алдына мынадай мақсаттар қояды:

1. Клиентте пайда болған проблемаларды оперативтік тұрғыда шешу. Адамдар көмекті қажет ететін,тығырықтан шыға алмайтын жағдайға көп түсіп жатады. Сол жағдайда клиент психолог-консультанттың алдында көп күш жұмсап, уақытын көп алуға болмайды. Жалпы ауыр проблемаларды шұғыл деп атайды. Осындай кезек күттірмес, шұғыл проблемаларға тез арада психологиялық көмек көрсету, яғни ауызша кеңес білу немесе проблемасын шешу ауыстырылмайды. Мысалы, бала мен ата-ана арасында маңызды проблеманың болуы мүмкін, сол кезде олар өзара қарым – қатынас ұйымдастыра алмайды. Бұл балаға физикалық және психологиялық жағынан да зиян болады.

2. Психолог-консультант өзінің жоғары психологиялық біліміне сүйене отырып клиенте туындаған сұрақтарғаа толықтай жауап іздеуі және өзінің проблемасына басқа адамдардың араласуына жол бермей, өзінің шығуын қамтамасыз етуі керек. Психолог тек кеңес, бағыт қана береді.

3. Клиентке көмек беру кезінде психолог-консультант клиентке ішіндегі жағымсыз эмоцияларын сыртқа шығаруға көмектесуі керек және ол тек психолог пен психотерапевт алдында ғана емес, жеке өзара іс-әрекетте де шығара білуі қажеттігін ескертеді.

4. Клиентте өзінің проблемасына деген дұрыс түсінік қалыптасқан кезде, бірақ толықтай дұрыстығына көзі жетпесе, онда психолог-консультант клиентке кәсіби және моральді көмек беріп, өзіне толықтай сенім қалыптастыру керек. 5. Клиентпен жұмыс кезінде психолог тек кеңес берудің ғана қажеттілігімен шектелмей, психокоррекциялық және психотерапиялық көмектің де жеткілікті түрде проблемесын шешуде оңтайлы көмек болатынын түсіндіруі керек.

    Кеңес беру психологиясының әдісі мен түрлері.

1. Теориялық қабылдау қабілеті бойынша (психоаналитикалық, тәртіптік, гуманистік, гештальт кеңес беру аясында).

2.    Клиенттің жасы бойынша (бала, жеткіншек, ересек).

3.  Ұйымдастыру түрі бойынша (іштей бетпе-бет сөйлеу, хат арқылы, интернет, телефон арқылы).

4.   Клиенттердің саны бойынша (жеке, топтық).

5. Психологиялық проблема бойынша (тіл табысу проблемалары, жеке проблемалар, көңіл-күй проблемалары).

6. Қосымша жүйе (мектептік, жұмыстық, жанұялық, ерлі-зайыптылық, бизнестік).

Ең бірінші, жеке тұлғалық психологиялық кеңес беру. Бұл түрге адамдардың жеке проблемаларына байланысты кеңес алу жатады. Мысалы, адамның арылғысы келетін психологиялық және мінез-құлықтық кемшіліктері немесе адамдармен қарым-қатынас арасындағы жеке басына қатысты проблемалар, әр түрлі қарым-қатынастар, жолы болмаушылық, психогенді аурулар жатады. Бұл жерге соныымен қатар, адамның өз-өзіне көңілі толмауын, интимді проблемаларды да жатқызуға болады. Екінші түріне, психологиялық кеңес беруде көп кездесетін және өте маңызды мәселе отбасының кеңеске жүгінуі. Бұл жерге отбасындағы немесе отбасы мәселесінде туындайтын әр түрлі жағдайдағы кеңес беруді жатқызамыз. Сонымен қатар, болашақ жарды таңдауда да психологиялық кеңес өте маңызды. Үшінші түрі педагогикалық- психологиялық кеңес беру. Бұл жерде кеңес берушінің клиентпен тәрбие, оқу мәселесі жөніндегі әңгімелерін ересек адамдардың педагогикалық біліктілігін жоғарлату педагогикалық басшылық, балалар және ересек адамдардың топтарымен басшылық жасау секілді мәселелер бойынша туындайтын проблемалардың шешімін табуға бағытталады. Арнайы практикалық психологиялық білім деп психолог-кеңес берушінің практикалық қызметіне, оның адамдармен жұмыс жасау барысындағы психологиялық әдістерді меңгеруіне байланысты білімді айтамыз. Бұл жерде арнайы практикалық психологтарды жоғарғы оқу орындарында дайындау барысында берілетін, меңгерілетін білім жайында айтуы керек.

 Практикалық жұмыста психолог-кеңес берушіге өте мол тәжірибе қажет. Себебі, ғылым мен психологияны үйретумен емес, адамдардың шынайы өміріндегі қиын және күрделі проблемаларымен жұмыс жасауы қажет. Жоғарғы оқу орындарында алынған білім практикасыз, тәжірибесіз еш нәтиже бермейді. Психолог консультанттың ұшырасуы мүмкін жағдайларының ешқайсысының алдын-ала қаралынбайды, анықталмайды. Сондықтан кез-келген жағдайда психолог-кеңес берушіге тәжірибе ауадай қажет. Осы айтылғандардың барлығы психолог-кеңес берушінің жақсы-жаман болуы үшін де маңызды. Біліммен қатар психолог-кеңес берушінің жеке басының да жақсы, сапалы қасиеттерінің болуы керек. Мысалы, ол адамдарды жақсы көруі қажет, олардың жағдайын, күйін сөзсіз түсінуі, ұғына білуі да маңызды рол атқарады. Сонымен қатар, психолог-консультант шыдамды, жомарт жан болуы да оңтайлы болып табылады. Ең бастысы, нағыз психолог-кеңес берушінің қасиеті «клиентті түсінуге ұмтылу» оған өзін жақсы жағынан көрсете білуіне, жақсы қасиеттерін игере білуіне, өзін тұлға ретінде қабылдауға көмектесу. Психологиялық кеңес беру психолог пен клиенттің жеке кездесуімен, сұхбаттасуымен басталады.

  Сұхбат кезінде, яғни алғашқы сұхбатта танысу, одан соң кеңес қандай жағдайда берілу туралы нақтылық айқындалады. Консультант психолог клиентімен ауызша ғана танысуы керек, алғашқы кездесуде клиент туралы карточка толтырылмайды. Клиент өзін таныстырған соң консультант клиентке өз проблемаларын ұқыпты, шыдамды түрде баяндап беруін сұрайды. Уақыт өте келе психолог-консультант клиентке сұрақ қоя бастайды, яғни өзіне жағдайларды нақтылау үшін. Психолог-консультанттың сұрағы клиенттің баяндап отырған тақырыбынан ауытқымайтын, әңгімесін тоқтатып қоймайтын және клиентке ауыр тимейтін жағдайда болуы шарт. Консультант-психолог тыңдау кезінде адам есімдерін, уақыттарын, нақты фактілерді өзіне оңай болуы үшін есте сақтауы керек. Бұл, әрине, оның дұрыс түсінуіне және дұрыс кеңес беруіне байланысты болады. Кейбір клиентпен жұмыс кезінде психолог-консультантқа клиентті түсіну, кеңес беру қиынырақ келеді. Ол үшін психолог-консультант клиентпен арнайы бетпе-бет кездесулер ұйымдастырады. Ал кей жағдайларда клиентті нақты және оның проблемаларын жүйелі шешу үшін психологиялық тесттерді қолданады. Тест жалпы психолог үшін маңызды нәтижелерге әкеледі.

 Кеңес беру психологиясы мынадай кезеңдерде жүргізіледі:

1. Дайындық кезең – бұл кезеңде психолог-консультанттын клиентпен танысуын, клиенті жайлы тіркеу журналына тіркелуі керек. Оның 20-30 минутқа созылуы шарт.

2. Қалыптастыру кезеңі – бұл кезеңде психолог-консультант жеке кездесіп, өзін клиентпен жұмыс істеуге қалыптастыруы керек және ол клиентке де қатысты. Бұл барлығы дайын болған жағдайда 5-7 минутті қажет етеді.

3. Диагностикалық кезең – бұл кезеңде психолог-консультант клиентті ұқыпты тыңдап, талдауын анықтап, проблемасын нақтылағаны жөн. Бұл кезеңнің жалпы мазмұны клиенттің өз проблемасын баяндауымен шектеледі және осыған байланысты кедергі келтіретін жайттар болмау керек, яғни бөлмеде психолог пен клиенттен өзге адамдардың болмауы, клиентке уақыт та жеткілікті болуы керек. Кейде кеңес беру психологиясының бұл кезеңі 4 сағаттан 6-8 сағатқа дейін созылуы қажет.

4. Кепілдемелік кезең – психолог консультант бұл кезеңде алдыңғы болған кезеңдердегі ақпаратты жүйелеп, тығырықтан шығу жолдарын клиентпен бірлесе отырып жасауы керек. Осы кезеңде ұысыныстар нақтыланады. Бұл кезең 40 минуттан 1 сағатқа дейін созылады.

5. Бақылау кезеңі – бұл кезеңде психолог-консультант клиентпен бірлесе отырып болған жағдайларды талқылайды.

Психолог-консультанттың кеңесі мен ұсыныстары қаншалықты жағдайда бағалы болғанын анықтайды. Осы кезден бастап психолог-консультанттың алдағы еңбектері сараланады, яғни қосымша сұрақтарға жауап бере алатынын көрсете алады.

 Жалпы орта жағдайдағы психологиялық көмек 20-30 минутқа ғана созылмақ. Ал егер клиент жағдайы ауыр болатын болса, психологиялық тесттен бөлек 2-3 сағаттан 10-12 сағатқа созылады. Яғни, бұл барлық 5 кезеңнің қорытындысы бойынша. Ал, «Сенім телефоны» барысында дайындық кезеңі 1минутқа созылып, кепілдемелік кезең барысына бірден көшіп кетеді да,диагностикалық кезеңдіді қатар алып өтеді.

Кеңес беруші психолог психологиялық кеңес беру процедуралары мен өте жақсы хабардар болу қажет. Кеңес берудің жалпы процедураларының көмегімен психологиялық кеңес берудің тапсырмалары, мәселелері шешіледі. Осының бәрі кеңес беру психологиясы процедураларының нәтижесіне байланысты. Процедура негізгі нақты психологиялық кезеңдермен сабақтас. Осы кезеңдер арқылы оны бөліп қарастыруға болады. Кеңес беру псхологиясының бірінші кезеңінде қарастырғандай процедурада да нақты процедуралар қабылданбайды, жиі кезеңде процедура қабылданады. Кеңес беру жүреді, клиенттің эмоционалды қолайлылығы қалыптасады. Клиентпен кездесу процедурасы клиенттің психологпен кездесу алдындағы нақты бір іс-әрекет өзіне қосады. Бұл кезеңде психолог-консультанттың жағдай сұрауы және алғашқы кеңес беруі клиент үшін өте маңызды. Көптеген клиенттерде психолог-консультантқа келгенде психологиялық кедергі мен комплекс пайда болады. Ол психолог-консультантқа және басқа да адамдарға байланысты. Әсіресе, психологиялық кедергі мен комплекс танымайтын адамдарға байланысты пайда болады. Оған мысал ретінде психолог-консультантпен алғашқы кездесуін алуымызға болады. Осы бейтарап мүмкіндікке жағымсыз іс-әрекет комплексі және психологиялық кедергіні алу үшін арнайы процедура «Психологиялық кедергіні алу» қолданылады. Бұл процедураны қолдану барысында психолог-консультант клиентімен нақты бір іс-әрекеттерді қолдану арқылы клиентті тыныштандырып, қауіпсіз психологиялық күйге, өзінің сеніміне кіргізеді. Кеңес беру психологиясының үшінші кезеңінде эмпатикалық тыңдау процедурасы белсенді жұмыс жасайды. Эмпатикалық тыңдау тапсырмасы тереңірек.

 Психолог-консультант клиентті эмоционалды жағынан түсініп әңгімелерін басынан-аяғына дейін қабылдауы тиіс. Клиенттің сөздеріне яғни жағдайына ойланып, қобалжып кетуге болмайды. Клиентті тыңдай отырып, психолог-консультант клиенттің бейнесіне, роліне еніп, ойланып, өзін психологиялық қалыпқа келтіреді, яғни психологиялық жағынан көмек беруге дайындалады. Кеңес беру психологиясының төртінші кезеңінде мынадай процедуралар қолданылады: анықтау, көзін жеткізу, детальдарды айқындау, нақтылау. Осы прцедураның барлығы практикалық ұсыныстар мен кеңестердің клиентке саналы әсер етуімен байланысты. Бұл процедуралардың мақсаты клиентке терең және толық түрде шешімдерін түсіну, яғни бұл жерде психолог-консультанттың тікелей қатысуымен байланысты. Ал кеңес беру психологиясының бесінші кезеңінде төртінші кезеңдегі процедуралар қолданылады. Бұл жерде нақты қолданылатын жағдай клиентке өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көмектесу. Кеңес беру психологиясына жалпы мысал ретінде студенттер арасындағы кеңес беру мәселесіне тоқтала кетейік. Бұл, әрине, студенттер үшін маңызды рол атқарады.

  Сонымен, қорыта келгенде психологиялық кеңес беру практикалық психологияның маңызды негізгі саласының бірі. Оның ролі қазіргі кезеңдегі аса ерекше. Психологиялық кеңес беру адамның танымдық деңгейі жоғары өзіндік өмірлік стратегиясын жүзеге асыра алатын, өз өміріне жауапты тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі.

Қорыта келе өмірде тұлғасы жаңада қалыптасып келе жатқан жастардың психологиясын түсіну қиын дейді мамандар. Қазіргі таңда психологиялық қолдау корсету кімге болсада өте үлкен тажеттілікті талап етіп отыр. әсіресе ата-аналардың бала арасындағы және ерлі зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың жағымсыз жағдайда орналасуы актуаьлды тақырыптардың бірі болып отыр. Жеке тұлғалардың стресстік жағдайға жиі түсуі, агрессивті мінез құлыққа жиі түсушілік, депрессивті көңіл күйге жиі түсушілік психологиялық сауаттылықтың жоқтығын байқатады. Сондықтан болар кей жағдайларда ата-аналар да өз балаларымен тіл табыса алмай жатады. Ата-ананың балаға дер кезінде көңіл бөліп мән бермегендігінің нәтижесінде жеткіншектер мен  жасөспірімдер аса еліктегіш белгілерінің басымдылығынан қылмыс, нашақорлық, ішімдікке салыну сынды жат қылықтарға да әуестік осы шақтан басталса керек. Сол себепті әрбір адам өміріндегі нақ осы «өтпелі кезеңінде», бойын жастық жалыны билеп, тәуекелдікке әуес шағында дұрыс жолға бағыттап, жөн сілтеу аса маңызды. Бұл жерде қиын сәттерде қажетті кеңесін беріп, кәсіби көмек көрсете алатын жандардың болғаны жақсы. Әсіресе психолог мамандардың орны бөлек.алайда алайда кейбір бала және ата-ана мектеп психологтарына жолығуды қажет тұтпайды. Сол себептенде «Сенім телефонының» жеке тұлғаның өз ойындағы мәселелерін ашық айта алуына көмекке береді.

 

 Әдебиет

1.       Ежова Н.Н. Рабочая книга практического психолога. Феникс 2008.

2.       АуталиповаУ.И.,БапаеваС.Т. Теориялықжәнепрактикалықпсихологияныңәдіснамалықнегіздері.Алматы 2006.

3.       Абеуова И.А., Дусманбетов Ғ.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. Алматы, 2004.