Момынова А.Н., Жанболатова Г.Ж., Молдакулова А., Сағындық
Т.А.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕВИАНТТЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ
СИПАТТАМАСЫ
Қазіргі
таңда Қазақстанда
қоғамдық сананың өзгеруіне байланысты
ауытқушы мінез-құлықтың әр түрлі
формаларына деген қызығушылық артуда.Жалпы жүйелік
дағдарыс тәуекел тобының үздіксіз өсуіне алып
келеді,мұның салдарынан девиантты
мінез-құлықтың әртүрлі
түрлерінің көріну мүмкіндігі ұлғаяды
және тұрғындардың әлеуметтік-бейімделмеген
қатары кеңеюде. Девианттылық мәселесі
пәнаралық сипатқа ие және
әлеуметтану,психология,медицина, биология, заңтану түйісінде
орналасқан. О баста ол шет елдік және кеңестік
әлеуметтік және криминологиялық еңбектерде (М. Вебер,
Э. Дюркгейм, Р. Мертон, Н. Спенсер, ЯМ. Гилинский, И.С. Кон, В.Т. Лисовский
және т.б.) көрінді.
Бұл
құбылыстың психологиялық зерттеулері өзінің
бастауларын психоанализден,бихевиоризмнен,гуманистік психологиядан және
басқа бағыттардан алады.Отандық психология ғылымында да
девианттылық мәселесіне,әсіресе, «қиын»
жасөспірімдерге байланысты біршама көңіл
аударылған(А.А. Александрова, Я.Л. Коломинский, А.Е. Личко, В.В. Новиков,
А.А. Реан, С.А. Беличева, Л.И. Божович, Ю.А. Клейберг және
басқалар).
Жоғарыда
аталған және басқа да зерттеушілермен девиантты жеке
адамның психологиялық ерекшеліктері зерттелді.Бұл зерттеулер
талдауы көрініс берген ерекшеліктерді екі негізгі топқа
бөлуге болады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік
береді: әлеуметтік-психологиялық (баланың құрдастарымен, ата-аналарымен,
мұғалімдерімен және т.б. тұлғааралық
қарым-қатынасын, оның оқу және даму
ортасындағы жағдайын,әлеуметтік-психологиялық
әсер ету жағдайларындағы мінез-құлық
ерекшеліктерін және сол сияқтыларды сипаттайды) және
жекелік-тұлғалық (жасөспірімнің өзіне,мотивациялық
сферасының ерекшелігіне,танымдық іс-әрекетіне және
басқа жекелік сипаттамаларына деген қатынасы).
Мұнда
әлеуметтік-психологиялық және
жекелік-тұлғалық факторлардың арасында
айтарлықтай күрделі өзара байланыс бар:олар екі жақты
себептік-салдарлық бірлескен қатынасқа ие. Бір топқа
қатысты факторға жасалған ықпал екіншісінің де
өзгеруіне алып келеді.Сол себептен де девиантты
мінез-құлықтық генезисімен байланысты әлеуметтік-психологиялық
фактор талдауы оның профилактикасының ары қарайғы
әдістемелік міндеттерін шешу мақсатында өзекті болып
табылады.
Ауытқушы
мінез-құлықтың коррекциясы оның алдын алумен
салыстырғанда тиімділігі аз,бұл жерде айтып өтерлігі
әлеуметтік-психологиялық фактор тәуекелін ерте нейтрализациялау негізіндегі
жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
профилактикасы мәселесі психологиялық ғылымдарда аз
зерттелген.
Мінез –
құлықтағы қиындық және ауытқушы
мінез – құлық ұғымы 1920 – 30 жылы пайда бола
бастады. Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді.
Біраз уақыт ұмытылып 1950 – 60 жылдар басында қайтадан
қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми
сөздіктерде нақты орын алып отыр.Сөз етіп отырған
бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер
және педагог мамандарының зейінін аударып оларды алаңдатып отыратын
үлкен мәселе екенін айтып отыру керек.
Ең
алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген 1914–1917
жылы Белский болды. Ол
өзінің мінез – құлық шамасынан
ауытқыған кәмелетке толмаған балаларды
қарастырды. Ол өзінің
30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен
жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та
оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол З.Фрейдтен,
Левиннен, сонымен қатар
басқа да ғалымдардан бірталай мағлұматтар алды,
олардың теориясына сүйенді.
Отандық
ғылыми әдебиеттерде девиантты мінез-құлыққа
арналған мәселелер көпшілік жағдайда
қоғамдағы әлеуметтік жағдайының
анықталмауымен, қоғамдық дамуының
тұрақсыздығымен қарсылығымен, өтпелі
кезеңдегі ішкі қиындықтарға байланысты жоғары
әлеуметтік тәуекел тобын көрсететін «қиын»бала және жасөспіріммен байланысты.
20-жүзжылдықтың басында «қиын» бала мәселесін. П.Блонский,
В.П.Кащенко, И.А.Сикорский және басқалар алға
қойды.Олар бір жастағы балалардағы жекелік
айырмашылықтарды ескерді. «Ауытқушы мінез-құлық»
терминінің өзі тұңгыш рет А.В.Петровский мен Г.Ярошевскийдің 1985 жылы, ал содан
соң 1990 жылы басқаруымен шыққан Қысқа
психологиялық сөздікте көрінді.
Ал
жасөспірімдердегі ауытқушы мінез-құлықтың
мәні мен мазмұны А.В.Петровскийдің, М.Г.Ярошевскийдің,
А.Г.Ковалевтің, ГЛ.Потаниннің, М.Б.Розиннің,
И.С.Конның, И.Н.Вознесенскийдің, А.Н.Михайловтың,
Д.И.Фельдштейннің, Б.Н.Алмазов, А.С.Белкин, ЯЛ.Зюбин, А.В.Зосимовский,
Б.Хевит және басқалардың жұмыстары мен
еңбектерінде қарастырылған. «Ауытқушы
мінез-құлықты» зерттеумен ең алғаш
айналысқан психологтардың бірі А. Г.Ковалев болды.
Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез –
құлық мәселесінен бірқатар
Қазақстандық педагог – психолог зерттеушілер жұмыс
істеді. Мысалы, Бажен, Жүкенова, Керимов, Уманов т.б. Бұл зерттеушілер девиантты балалардың
қиқарлық сияқты жағымсыз
қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік –
педагогикалық, психологиялық факторлардың әсер
ететіндігін зерттеді. Кейбір ғалымдардың зерттеулерінде девиантты
бала анықтамасы бұл күнделікті педагогикалық
әсерге көне бермейтін өзіне үнемі көңіл
бөліп қарауды қажетсінетін оқушы. Бұл шексіз
ұғым. Ол жеке адамның өзгеру құбылысын
жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық
және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттерін
әлеуметтік және биологиялық факторлардың
ықпалымен қамтамасыз
етіледі. Біраз зерттеулер девиантты балалардың басым көпшілігі
бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтын,
сондықтан оқушылыр ұжымынан тысқары шығып
қалатын балалар деп көрсетті.
Девиантты(ауытқушы)
мінез-құлық психологиясының зерттеу пәні әр түрлі қалыптан
ауытқыған ситуациялық реакциялар, психикалық
жағдайлар,қоғамдағы адамның дезадаптациясына
әкелген тұлғаның дамуы және өзіндік
актуализацияның бұзылуы.Девиантты
мінез-құлықтың негізгі параметрлері әр түрлі себептердің
күшіне байланысты түрлі қарқындылықпен қалыпты және
психопатологиялық бұзылыстары бар немесе жоқ болуына
тәуелсіз ауытқымаған мінез-құлықтан бір
жаққа қарай ауытқуы.Қалыпты (нормативті)
және үйлесімді мінез-құлық сипатына
жататындар:психикалық процестердің теңдестірілімі
(темперамент қасиеттерінің деңгейінде),бейімділік және
өзіндік актуализация(мінездемелік ерекшеліктер деңгейінде)
және руханилығы,жауапкершілігі және адалдығы (жеке
тұлғалық деңгейде).
Мінез-құлықтық нормаларды,патологияны және
девиацияны бағалауда бірнеше қатынастар айқындалған:
әлеуметтік, психологиялық, психиатриялық, этномәдени,
жас ерекшелік, гендерлік кәсіби және феноменологиялық.
Әлеуметтік қатынас адамның
мінез-құлқының қоғамға кауіптілігіне
немесе кауіпсіздігінен көрінуімен негізделеді. Осыған сәйкес
девианттыға қоршаған адамдарға,
қоғамға ашық немесе жасырын кауіп төндіретін кез-келген мінез-құлық
жатады. Бұл жерде әлеуметтік қолдау табатын
стандартталған мінез-құлықтарға талпыныс
жасалады:кикілжіңсіздік, конформизм, жеке
қызығушылықтарын қоғамға бағындыру.
Психологиялық
қатынас әлеуметтік қатынаспен салыстырғанда девиантты
мінез-құлықты тұлғаішілік
кикілжіңдермен,деструкциямен және тұлғаның
өзіндік жойылуымен байланысты қарастырады. Девиантты
мінез-құлықтың бұл жерде мәні ,кейде
мақсаты десек те болады, ол-тұлғалық өсуді тежеу,
тіпті тұлғаны деградациялау. Девиант аталған
қатынасқа сәйкес саналы түрде немесе санасыз
түрде өзінің өзін-өзі
бағалауын,бірегейлігін жоюға талпыныс үстінде болады.
Психиатриялық
қатынас девиантты
мінез-құлық формаларын барлық психикалық
бұзылыстар мен аурулардың пайда болуына ықпал ететін
тұлғаның преморбидті (ауруалды) ерекшеліктері ретінде
қарастырады. Девиация астында жасырын түрде патологиялық
көрініске толық жетпеген әр түрлі
мінез-құлық ауытқуларының себептері жатады.
Бұл ауытқулар психопатологиялық қасиеттерге толық
жетпесе де, олар бұзылыс терминімен
аталады.
Этномәдени қатынаста девиацияны белгілі бір
адамдар қоғамының дәстүрлері
тұрғысынан қарастырады.Мысалы, бір мәдени топта немесе
әлеуметтік-мәдени ортада қабылданған
мінез-құлық нормалары басқа адамдар тобының
нормаларынан(дәстүрлерінен)
өзінше ерекшеленеді.
Осының
әсерінен адамның этникалық,ұлттық,
нәсілдік,конфессиялық ерекшеліктер танылады. Адамның мінез-құлқының
ауытқуы диагностикасы егер оның мінез-құлқы
микросоциумде қабылданған нормалармен сәйкес келмесе немесе
ол жаңа этномәдени жағдайға бейімделуге
қабілетсіз болуымен анықталады.(мысалы, миграция жағдайында).
Жас ерекшелік қатынас девиацияны жасқа сай ерекшеліктер мен
норма позициясы тұрғысындағы мінез-құлықта
қарастырады.Жасқа сай шаблондармен және
дәстүрлермен сәйкес келмейтін
мінез-құлықтар ауытқушы деп танылуы мүмкін.
Бұл жасқа сай мінез-құлықтық
нормалардың сандық (гротескные) ауытқулар, қалып кету
(ретардация) немесе алға шығуы (жеделдету), сонымен қатар
олардың сапалық инверсиялары болуы мүмкін.
Гендерлік
қатынас дәстүрлі жыныстық рөлдік
мінез-құлық стереотиптерінен, ер және әйел
стилінің көрінуінен шығады.Бұл қатынас
шеңберіндегі девиантты мінез-құлық деп гендерлік
стильдің гиперрөлдік мінез-құлқы шаблон
инверсиясы танылады. Гендерлік девиацияға сонымен қатар
сексуальдық қалауы және бағдары өзгерген
психосексуальды девиация да жатады.
Кәсіптік қатынас девиацияны және
мінез-құлық нормаларын бағалауда кәсіби
және корпоративтік мінез-құлық стилдері мен
дәстүрлеріне негізделеді. Бұл талаптарға сәйкес
келмейтін адамдарға девиант ретінде қарай алады.
Мінез-құлық
көп деңгейлі процесс, ол түрлі механизмдерді жүзеге
асыру мен қамамасыз етуде айқындалады, оның басты
көрінулері:
Бейнелеу
механизмі, адам белгіні нақты жағдайға немесе ортаға
байланысты қоюы; Субъектінің қимыл механизмі, нақты
және тепе-теңдікті бейнелеу шарты; Мінез-құлықты
эмоционалды реттеу механизмі, барлық кезеңде бөлініп
қарастырылуы. Осы айтылған механизмдер қызметі жанама
түрдегі сөйлеу мен есте сақтауда көрінеді. Бейнелеу
механизмі процесс түрінде – қабылдау, түйсік, ойлау т.б.
Қимыл механизмі - әрекет түрінде, іскерлік, дағды,
бағдарлама немесе стратегия; эмоционалды реттеу механизміне тікелей сезім
және уайым жатады.
Әдебиет
1.
Реан А. А. Агрессия и агрессивность личности. Психологический журнал – 1996 - №5
2.
Керімов Л. К.
Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу
мәс А:. 1991
3.
Девиантное поведение
детей и подростков: проблемы и пути их решения / Под ред. В. А. Никитина. М.:
Союз 1996