Райкулова А.Ө, Колхозбай А., Амангелдиева А.

   М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ ҚҰЛҚЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

 

Тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан ұрпақтарын тәрбиелеу мен оларға сапалы білім берудегі ең негізгі бағыт жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық және педагогикалық жұмыс. Жасөспірімдердің қылмыстық істерінің өршуі, әлеуметтік жетімдік пен жасөспірімдердің назардан тыс қалуы, бала тәрбиесінде жүрген қызметкерлерге үлкен міндеттер жүктейді. Нәтижесі-бақылаусыз қалған және тастанды балалардың санының өсуі,отбасы мен қоғамның мәдени моральдық бастауларын бұрмалау мен елемеу, мінез құлықтың қоғам тәртібіне мүлдем сай болмауы. Мұның барлығы нашақорлыққа, ішімдікке салынушылыққа, жасөспірімдердің жезөкшелікке салынуына, ұрлыққа,  бұзақылыққа және т.с.с. заң бұзушылыққа әкеледі.

Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың теріс іс-әрекеттерінің ізін байқаймыз, бұл іс-әрекеттер қазіргі қоғамдық ғылым тілінде девиантты мінез-құлық деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың айқын мысалы есірткі заттардың қолданылуы. Оның психологиялық мәселесі-есірткіге психологиялық тәуелділік, медициналық-есірткіні теріс пайдалану және физикалық тәуелділік-нашақорлық. В.Д.Менделевичтің бұл күрделі мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыруы өзекті әрі қызықты.

Қазіргі кезде девиантты-мінез құлықты зерттеу екі бағытта қарастырылады біріншісі-псхикалың денсаулық нормасынан ауытқыған мінез құлық ретінде (жүйке аурулары, психосоматикалық бұзылулар, патологиялық күй және т.б.) екіншісі- «әлеуметтендіру дезадаптация оқшаулау» құқықтық, мәдени және әлеуметтікнормаларды бұзуымен байланысты әлеуметтікке қарсы мінез құлық. Девиацияның ең айқын көрінісіне делинквентті (құқыққа қарсы) және криминалды (қылмыстық) мінез құлық жатады.

Ауытқыған мінез-құлық табиғаты әр түрлі.Мінез-құлықтағы бұзылулар тұлғаның ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырылады.А.Г.Абрумова, Л.Я.Жезлова девиантты мінез-құлық түрлерінің, әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделеген, тұжырымын ұсынды.Олар балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың негізгі төрт түрін атап көрсетті:

1.Тәртіпке қарсы мінез құлық.

2. Антиәлеуметтік (қоғамға қарсы).

3. Делинквентті (құқыққа қайшы келетін).

4.Аутоагрессивті мінез құлық.

  Девиантты мінез-құлықтың тәртіпке қарсы түріне оқу тәрбиелеу мекемелерінде қалыптасқан тәртіпті бұзу жатады. «Делинквентті мінез-құлық» ұғымы кәмелетке толмағандар құқықты бұзу әрекеттерін жасаған кезде ғана қолданылады. Бұған біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау сынды заң бұзушы әрекеттер жатады. Девиантты мінез-құлық себептерінің  түсініктемесі, әлеуметтік-психологиялық құбылыстың табиғатын түсінумен тығыз байланысты.Адамның мінез-құлқында әртүрлі деңгейдегі компоненттер, атап айтқанда, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік компоненттер үндесіп жататындығы белгілі.Осыған сәйкес девиантты мінез-құлықты тек әлеуметтік себептермен түсіндіретін әлеуметтік тұжырымдар пайда болады.

Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын психологиялық және педагогикалық тузету жұмыстары, педагогикалық ықпал, әлеуметтік қолдау және психологиялық көмек сипатында болуы мүмкін.Психологиялық көмек негізгі екі бағытта жүзеге асырылады: психологиялық превенция (ескерту, профилактика) және психологиялық интервенция (қиындықты жеңу, түзету, реабилитация).Ереже бойынша, психодиагностика жұмыстың дербес бағыты емес және психологиялық көмектің мақсаты болмауы тиіс.

Ауытқушы мінез-құлық профилактикасы көбінесе кәмелетке толмағандарды мысалға алу арқылы қарастырылады.Әлемдік денсаулық ұйымы профилактиканың үш түрін ұсынады: бастапқы, екінші және үшінші профилактика. Бұл профилактиканы жасөспірімдер арасында кеңінен қолдануға болады. Екінші профилактиканың міндеті жүйке-психикалық ауытқуларды ерте анықтау және оңалту, сонымен қатар «қауіпті топпен» жұмыс.Үшінші профилактика мінез-құлықтың ауытқуларын тудыратын жүйкелік-психикалық бұзылулар секілді арнайы міндеттерді шешеді. Сонымен бірге үшінші профилактика девиантты мінез-құлықты тұлғалардың қылмысты қайталауының алдын алуға бағытталуы мүмкін.Психопрофилактикалық жұмыстың бірнеше формалары бар:

Әлеуметтік ортаны ұйымдастыруға салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әлеуметтік жарнама, жастардың субмәдениетімен жұмыс.

Мәлімет беру (әңгімелесулер, дәрістер, арнацы әдебиеттерді, бейнефильмдерді тарату).

Әлеуметтік тұрғыдан маңызды дағдыларды белсенді әлеуметтік үйрету.

Девиантты мінез-құлықтың ерекшелігіне сәйкес психопрофилактикалық жұмыстың мынандай принциптерін ажыратуға болады:

- Кешенділік

- Ақпараттың жағымдылығы

- Жағымсыз салдарды азайту

- Бағыттылық

-Көпшілікке арнаушылық

-Болашаққа ұмтылыс

Арнайы профилактика девиантты жасөспірімдерге,кәмелетке толмаған заң бұзушыларға бағытталған түзету реабилитациялық шараларды қамтиды.Ол психологиялық педагогикалық қолдау мен жасөспірімдерге әлеуметтік құқықтық көмектің әртүрлі іс-шаралары, оларды ата-ананың көңіл қоймауынан, қатыгездіктен және асоциалды ортаның теріс әсерінен қорғау болып табылады.

Осылайша профилактикалық және түзету педагогикалық әрекет девиантты мінез- құлқы бар жасөспірімдерді анықтау, даму мен мінез құлықтағы ауытқулардың себептері мен жағдайларына, диагностикаға баытталған әлеуметтік-педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі болып табылады.

Ауруды жою және алдын-алу үшін оның бастау көздері мен түп тамырын жою қажет. Ауытқыған мінез-құлықты жеңу немесе алдын-алу үшін, ең алдымен, әлеуметтік ортаның теріс ықпалын зарарсыздандыру, әлеуметтік факторлардың теріс әсерін шектеу (жағдайы нашар отбасы, асоциалды топ, құқыққа қарсы тұлғааралық қарым-қатынас). Девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдерді тәрбиелеуде және олармен жұмыс жасауда жасөспірімдерді интернат типті мекемелерге немесе девиантты жасөспірімдерге арналған арнайы оқу тәрбиелік мекемелерге жіберу сияқты батыл шаралар қолдану үнемі тиімді емес.Олар үнемі қажетті нәтиже бермейді, мәселені жоймайды, керісінше, оны тереңдете түседі немесе қандай да бір уақытқа тоқтатады, оның дамуын бәсеңдетеді.Сондықтан девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен түзету педагогикалық жұмыс ұйымдастыру және олардың ауытқушы мінез-құлықтарының себептерін ескерту барысында тұлғаның дамуына орта факторларының ықпал күшін, топтағы құрдастары мен тұлғааралық қарым қатынасының маңызын ескеру қажет.

Сондықтан да міне-зқұлық пен дамудағы ауытқушылықтармен жүргізілетін түзету психологиялық және педагогикалық жұмыстардың болмысы мен табиғатын анықтау үшін арнайы білім беру мекемелрінің ғылыми жаңалықтарына, алдын алу психологиясы мен арнайы педагогика салаларындағы ғылыми зерттеулерге баса назар аудару қажет.Мінез- құлықты түзету ауытқушы мінез-құлықты тұлғаға психологиялық ықпал етудің ең адекватті және тиімді формаларының бірі болып табылады.Ол тікелей мінез құлықты өзгертуіне бағытталған және айқын тәжірибелік сипатта болады.

Сонымен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың алдын алудың бірден-бір себебі, жасөспірімдер мен ата-аналардың қарым-қатынастарын және отбасылық қарым- қатынастарын жақсарту. Девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандардың отбасындағы қарым-қатынасты түзету нәтижесі бүкіл отбасына тура және жанама әсер етудің үндесуіне байланысты болады.

 

Әдебиет

1.        Е.В.Змановская «Девиантология». М. 2004

2.        Г.И.Колесникова,  А.Б.Котова, А.И.Петрулевич. «Девиантное поведение». Ростов на Дону, 2007.

3.        А.Т.Акажанова «Девиантология» оқу құралы, Алматы, 2014.

4.        Л.К.Көмекбаева «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру», (мектеп психологтары мен педагогтарға арналған әдістемелік нұсқау).Алматы, Қайнар 2003ж.